Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 12:02, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде бала тәрбиелеу ісі-ата-аналардың негізгі міндеті.Сондықтан олар ең алдымен тұтас, тату отбасын құруды, оған тікелей басшылық жасауды негізгі міндетіміз деп санауы тиіс. Мұндай тұтас отбасының басты функциясы-әке мен ананың, бала мен ата-ананың арасындағы мейірімді қатынас, өзара сүйіспеншілік, бір-бірін сыйлаушылық. Егер жұбайлар арасында алауыздық, үстемдік жасау және өрескел мінез, ұнамсыз қылық сезілсе, мұндай жағымсыз істер бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Ал әке мен ананың, басқа отбасы мүшелерінің көздеген мақсаты бір болса, балалардың отбасындағы және мектептегі түрлі іс-әрекеттері жақсы нәтиже береді. Осындай бірліктің негізінде ата-аналар баланы еңбексүйгіштікке, ізгілікке, әдептілікке, адалдыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

отбасы курсовой.doc

— 206.00 Кб (Скачать документ)

Отбасы – ең үлкен,мықты  тәрбие ошағы. Себебі  келешек әулет  барыстары сонда тәрбиеленеді, адамның  жеке басының бастапқы басқышы пайда  болады, мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік  қалыптасады. Демек, баланың келешекте  қандай болуы өзі туылған отбасында алған тәлім тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.

           Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар  мен салт-дәстүрлердің де өзіндік  орны бар. Мысалы; бесік тойы. Бала  қырқынан шыққан соң атасы  мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты  алдын ала арнайы жасатып, бесік тойына алып келіп тартатын болған.Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін, үрім-бұтағым, өрісім көп болсын деген ой пікір көзделген. Қызды өріс, жиендерді ұрпақ-жұрағат санаған. Балаға деген ана махаббаты бесік жырлары арқылы берілген. Ана бөбегін бесікке бөлерде ең алддымен бесік жырын айтады. Онда ана өзінің баласына деген сүйіспеншілігін :

Мойындағы тұмарым,

Тарқамайтын құмарым,

Тағдыр берген алсын  деп,

Ақ бесікке салсын деп.

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал-жаным,

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой,- деп  білдіре келеді де,

Балам жатсын бесікте

Пәлесі қалсын есікте,- деп пәле-жаланы өлеңмен аластамақ болады.Семьяның жеміс берер гүлі, алтын тіреу-діңгегі — бала. Сондықтан да халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп түйеді. Бүл — от басы-ошағымның түтіні сөнбесін деген жеке бастың тілегінен туған мақал ғана емес, халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі женінде қам жеу. Баланы өмірдің жалғасы, мәні мен сәні деп бағалаған қазақ халқы ежелден отбасында баланың көп болуын қалаған. Қазақ халқының: «Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар», «Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар», «Бала — адамның бауыр еті» деуі — баланы бақыт санағандық. «Ата өліп, бала қалса, мұратына жеткені. Бала өліп, ата қалса, арманда кеткені», «Артында қызы бардың көзі бар, үлы бардың өзі бар»,— дейтін сөздер де соны аңғартады. Ертегілердегі «Тоқтамыс ханның тоғыз ұлы болыпты» немесе «Ерназардың тоғызы», «Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек» дегендер — ағайынды адамдардың, семьяда баланың көп болуын аңсаған халық тілегінің көрінісі.

            Халықтың өмірлік тәжірибесінде ананың көп бала табуын әйел денсаулығының күштілігінің қуәсы деп үққан. Өмірден баласыз өту ана үшін үлкен қайғы, қасірет болып саналған. Ертегілер мен батырлар жырьнда баласыз ата-аналардың құдайға жалынып, әулие, әмбиелердің басына түнеп, ақсарбас айтып, мал сойып тілеуі, ал сол үлкен үміт, тілектен кейін дүниеге келген баланың ерекше батыр болып есуі: біріншіден, осы халық арманының ауыз одебиетіндегі көрінісі болса, екіншіден, діни соқыр сенімнің әсері екені байқалады.Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін «Ұл туғанга күн туған» деп ерекше бақыт санаған, оның себебі семьяның жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Ал әйел қауымына кемсіте қарайтын діннің әсеріне қарамастан қазақ әйелге, қызға үлкен кеңшілік, еркіндік те бсрген. «Гүл өссе, жердің көркі, қыз өссе, елдің көркі», «Теңі келсе, тегін бер»1,— деген мақал-мәтелдер осы пікірдің айғағы. Қамбар батыр жырында Әзімбай байдың Назымға қалың малсыз ер  таңдауға рұқсат беруі де осы пікірді дәлелдейді.Қазақ әйелдерінің өткендегі өміріне байланысты бір қызықты мысалға тоқтала кетуге тура келеді. Атақты орыс ғалымы Семенов-Тян-Шанский, Ламанскийлердің басқаруымен 1903 жылы Петербургта «Киргизский край» деген кітап шыққан. Сол кітапта: «Қазақ әйелдері үйдегі бірінші адам»,— деп бағалаған. Қазақ әйелдерінің ерлермен салыстырғанда өз үнінде басты түлға болғанын, үйде бала-шағасын тәрбиеленетінін, кәште ат үстінде, ал соғыста ерлермен бірге соғысқанын баяндап тамашалайды. Академик жазушымыз Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі Ұлпанның бейнесі қазақ әйелдерінің өткен коғамда ғы ролінің онша төмен болмағанын дәлелдейді.Қазақта «Жақсы әйел жаман еркекті ер етеді», «Жақсы әйел — ырыс» деген нақылдар бар.Әйелдің отбасындағы бакыты баламен байланысты болған.Халық ұғымында баласыз өмірді қараңғы түнмен тең көрген.

          Жас әулетті Отанды сүюге тәрбиелеуде адамдық және ұлттық құндылықтарымызды кеңінен пайдалану бүгінгі заман талабына сай келуі тиіс. Сол себепті әрбір жасты өз жер-анасының табиғатын, халқын, мәдениетін, салт-дәстүрін сүйіп, қастерлейтін етіп тәрбиелеу қажет.

Әрине мұндай қасиеттер  мен түсініктердің алғашқы іргетасы, сөз жоқ, отбасында қаланатыны сөзсіз. Кейіннен мектеп, лицей мен колледждерде, әскери қызметте, ЖОО мен еңбек  ұжымдарында, яғни өзін қоршаған ортада қалыптасады. Жастардың бойына отансүйгіштік рухын қалыптастыруда, әсіресе, мемлекеттік рәміздердің  - жалауы, елтаңбасы, әнұраны және тарихи ескерткіштердің атқаратын ролі зор. Бұл – отансүйгіштікке баулуда таптыра бермейтін тәрбие құралы және ежелден келе жатқан халқымыздың құнды дәстүрінің бірі.

              Сондықтан бүгінгі күнде отбасында перзенттерімізді халқымыздың дініне, тіліне негіздеп,баулып, Отанды сүйгендей етіп тәрбиелеу – педагогикалық аса маңызды мәселе. Әрбір отбасы тәрбиесінің маңызы мен міндеттері ата-ана өз перзентінің әдепті де саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.Отанды сүюге, ұлтаралық достықты, экологияны, құқықты, экономикалық тәрбиеге тән дәстүрлерді отбасындағы тәрбие барысында да бала бойына сіңіріп отырудың үлкен мәні бар. «Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз. Сол айтпақшы, жастар ата-бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін өзі өскен отбасынан алады. Демек, ата-бабаларымыздың өмір тәжірибелері  негізінде топталған дана пікірлерін аңыз, ертегі, немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңірілуі де тәрбиеде көзделген мақсатқа сай келеді. Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді, адал болуға, Отанын сүюге шақырады. Мұнда халықтық педагогиканың көрінісінде терең ойлар айтылады. Мысалы, «Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол», «Елге қосылғанның көңілі тоқ, елден ажырағанның беті жоқ» деген сияқты мақалдар жас әулеттің, Отанның, туған жердің қадір-қасиетін түсінуге үлкен септігін тигізеді. Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса, перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Ендеше, ата-аналар перзенттерін еңбекші, отанын қастерлейтін рухта тәрбиелеп, оған өздері үлгі бола білсе, баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады да, бүкіл өміріне азық болатыны сөзсіз.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері