Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 12:02, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде бала тәрбиелеу ісі-ата-аналардың негізгі міндеті.Сондықтан олар ең алдымен тұтас, тату отбасын құруды, оған тікелей басшылық жасауды негізгі міндетіміз деп санауы тиіс. Мұндай тұтас отбасының басты функциясы-әке мен ананың, бала мен ата-ананың арасындағы мейірімді қатынас, өзара сүйіспеншілік, бір-бірін сыйлаушылық. Егер жұбайлар арасында алауыздық, үстемдік жасау және өрескел мінез, ұнамсыз қылық сезілсе, мұндай жағымсыз істер бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Ал әке мен ананың, басқа отбасы мүшелерінің көздеген мақсаты бір болса, балалардың отбасындағы және мектептегі түрлі іс-әрекеттері жақсы нәтиже береді. Осындай бірліктің негізінде ата-аналар баланы еңбексүйгіштікке, ізгілікке, әдептілікке, адалдыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

отбасы курсовой.doc

— 206.00 Кб (Скачать документ)

Балалардың өмірі мен  іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру проблемасына арналып ғылыми-педагогикалық еңбектер жазылған. Ол еңбектердің авторлары Р.И.Черная, А.О.Пинт, В.Т.Воликова, Н.В.Таранникова, т.б. ата-аналардың назарын мына мәселелерге аударды: режим, үй жағдайы, балалардың оқу жұмысына ата-аналардың көмегі, оны бақылау, балалардан үй шаруалығына қатысуы, олардың күнін дұрыс ұйымдастыру, әдеби және көпшілік -ғылыми кітаптар оқу, еңбекке, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу т.б.

Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбие мақсатына сай, оны  ата-аналар түрлі еңбек-әрекеттеріне үйретуі қажет. Бала отбасы ұжымының мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы отбасы үшін зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей парасатты ұйымдастырғаны жөн. Отбасында барлық тәрбие жүйесі баланың еңбекке қатынасын қалыптастыруға әсер етуі тиіс. Адамның отбасы, өндіріс ұжымы, қоғам алдында еңбекке қатынасы, оның істеген қызметіне, моральдық қасиеттерімен материалдық тұрмыс халіне байланысты. Еңбек процесінде адам дамиды, қалыптасады оның өмір тәжірибесі байиды.

Еңбекке қатынас-жеке адамды дамыту мен тәрбиелеудің мақсаты. Тек  қана адал еңбек адамды бақытты өмірге бөлейді «еңбек қоғамның материалдық  және рухани байлығының негізгі қайнар көзі, адамның әлеуметтік абырой-атағының басты өлшемі, оның қасиеті міндеті, жеке адамға тәрбие берудің ірге тасы» -деп программада жазылган.

Отбасы жағдайында өте  маңызды құралдың бірі-еңбек тәрбиесі. Ол баланы ұйымшылдыққа, ұдайы еңбек  ету дағдысына, еңбек сүйгіштікке  тәрбиелейді.

Әртүрлі еңбек тапсырмалары -еңбек тәрбиесі балаларды өзімен отбасына ғана емес, Отан игілігі үшін қызмет істеуге даярлайды. Отбасы балалардың жас және дербес ерекшеліктерін еске ала отырып, олардың бірте -бірте еңбек іс-әрекетіне тарту- еңбек етуге машықтандырады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек тәрбиесінің процесінде баланың денесі шынығады, адамгершілік қасиеті дамиды. Отбасы шаруашылығы келешек азаматтың мінезіндегі көптеген маңызды ерекшеліктерді тәрбиелеу үшін аса қолайлы өріс болып саналады... Отбасылық шаруашылық саласына дұрыс басшылық ету жәрдемі нәтижесінде ұжымдық, адалдық, қамқорлық, ұқыптылық, жауапкершілік бейімделу қабілеті, оперативтік қабілеті тәрбиеленеді-деп жазды А..С. Макаренко.

Отбасы жағдайында ата-ана, баланың үйде орындайтын оқу тапсырмасын  шебер басқаруы тиіс. Бақылау немесе балаға үйде жәрдем беру әңгіме түрінде өтеді. Онда ұру, балағаттау, жекіру сияқты теріс қылықтарды қолдануға болмайды. Өйткені бала абыржиды, оны үрей билейді, пайымдылығы нашарлайды. Сондықтан ата-ана тарапынан ұстамдылық, баламен қарым-қатынас жасай білу, жауапкершілік сияқты қасиеттердің басым болуы баланың іскерлігін дамытады, оның ынтасы көтеріңкі және ширақ болады. Ең бастысы -баланың өз бетімен, жүйелі еңбек етуге үйрету. Ата-анасы қоятын талаптар бала үшін әдетке айналу керек. Сонымен бірге ата-ана алдында тұрған нақтылы педагогикалық міндеттерді жете түсіне білсе, ол бірте бірте оқу, үй және қоғамдық еңбекті үйлесімді етіп топтастыра біледі, балаларына басшылық етіп жол көрсетеді. Отбасы-бұл негізінен ата-аналардан, олардың балаларынан тұратын кіші әлеуметтік топ, бұл әлеуметтік топта балалардың саяси-идеялық сенушілігін қалыптастыруға әсер етуші құралдың бірі-отбасылық дәстүрді жасау және оны нығайту, сонымен қатар балаларды халықтың осы кездегі дәстүрлеріне сай тәрбиелеу. Әрбір халықтың өзіне сай дәстүрі бар. Ол жас өспірімдерді тәрбиелеуде елеулі роль атқарды, белгілі адамгершілік қасиеттерінің, іскерлік пен дағдының қалыптасуына ықпал жасайды. Отбасы үшін ежелден тән қасиеті балажандық, балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, денесін шынықтыру, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілерімен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі көшпелі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ отбасында әрбір ана өз баласын кірлі көйлек кигізбей, дәмсіз тамақ ішкізбей, ыстыққа күйгізбей, суыққа тоңғызбай, қатты жерге жатқызбай өсіріп, баласын өнегелі жігіт, 10 саусағынан өнер таматын шебер етіп тәрбиелеуді арман етті. Бала туу ата-ана үшін үлкен оқиға, отбасылық салтанат болып, жақсы ниет, шаттық мерекемен аяқталады.

Кең қазақ даласында өсетін балалардың тәрбиесі олардың ата-аналарының күнделікті еңбек іс-әрекеттері көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болады.

Балалар жастайынан тіл  алуға тәртіптілікке, үлкендерді сыйлай білуге үйренеді. Сондықтан олар үшін кеңес, өсиет және басқа да этикалық ұғымдар мінез-құлықтың үлгісімен нормасына, отбасы өмірінде өзгеше талапқа айналды.

Отбасы жағдайында мұндай ізгі өмірлік мәні бар кез келген мәселені шешуде отбасы мүшелерінің  бірлігін, олардың өзара түсінушілігі мен көз қарасын нығайтады. Қолайлы психологиялық климат нәтижесінде ата-аналар мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынас бір қалыпқа түседі, отбасылық белгілі ереже жасалынады, ал олар барлық отбасы жазылмаған заң болып қолданылады. Бала отбасында және қоғамдық балалар мекемелерінде тәрбиеленеді. Олардың алдындағы бірыңғай мақсат -денсаулығы мықты адамгершілік қасиеті жоғары, Отанға шексіз берілген жастарды тәрбиелеу. Балалар уақытының көпшілігі отбасында өтеді. Бұл жағдайда ата-аналар, ересек отбасы мүшелері ескеруі керек, өйткені тәрбие күрделі, жан-жақты диалектикалық процесс. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді ,қалай өмір сүру керек, өзін қалай ұстай білуі керек, яғни ол іс жүзінде жағымды және жағымсыз мінез құлқын өнегелі формаларын, ата-аналардың және басқа мүшелерінің еңбекке, адамға қатынасын, еліміздің ішкі және халық аралық жағдайларын білуге тырысады. Міне сондықтан да ата-ана балаға үңіле қарап үнемі бақылау, зерттеу жағдайында, оның мұқтажын, тілегін, талабын еске алуы қажет.

Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіш т.б. адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында әлеуметтік қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, бала білімінен адамгершілік сенімге, сенімнен -әрекет етуге ұзақ, өзгеше күрделі жолдан өтеді. Демек, отбасы жеке адамның адамгері яғни негізін қалайтын микро ұжым.

Біздің елімізде тұтас, мызғымас, тату бақытты отбасы ұжымы  көптеп саналады. Осындай біріккен, берік микро ұжымда әрбір жас  түлек өзінің

тамаша балалық шағын  өткізеді, еңбектік және қоғамдық өмірге үйренеді, өнегелі тәрбие алады.

Алайда, ата-аналар отбасындағы  бірқалыпты өмірдің бұзылуына себепші  болады. Отбасына біріктіру және ұйымдастыру, балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері жөнінде ата-аналардың өз міндеттерін дұрыс орындамайтындығы байқалады. Осының нәтижесінде қиыншылықтар, керек десе түзелмейтін қателіктер туады. Ал, мұндай жағдайлар балалардың келешегі үшін қатерлі зардапқа айналуы мүмкін.

Көп жылдық бақылау мен  зерттеу деректерінің нәтижесі отбасы тәрбиесінде талап етудегі алалық, бірыңғай көзқарастың болмауы, балаға, оның ішкі дүниесіне жеткілікті назар аудармаудың тапшылығы, отбасында балалардың бақылаусыздығы, ата-ананың ересек балалар мен ата-ананың арасындағы болатын конфликт сияқты әртүрлі қиыншылықтар мен қателіктердің кездесетіндігін көрсетеді. Осының бәрі балалардың психикасына және мінезіне әсер етіп, оларда түршігу, үрейлену, шеттеу және ата-аналарына өшпенділік сезімі пайда болады.

Отбасы тәрбиесінде  ата-аналар мен басқа отбасы мүшелері тарапынан қойылатын бірыңғай талаптың, біріңғай көзқарастың маңызы өте зор. Бірақ, кейбір отбасыларында, әсіресе әке мен ананың арасында бала тәрбиесі жөнінде бірыңғай көзқарастың бір біріне қарсылық туғызады. Әрбір отбасы мүшесінде балаға ықпал жасап, беделді болуда бақталастықта болады. Осындай өзара күрес нәтижесінде тәрбиенің мақсаты анықталмайды. Кейбір ата-ана баласының сүйсіну сезіміне бөленуде, көңіл көтеруді ойламай іске аспайтын оның тілектерін орындауды өзінің азаматтық борышы деп есептейді. Егер ересек пен жеткіншек арасындағы қарым қатынас ересектер қарым қатынасының белгілі бір типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған тән өзара сыйластық, сенім көмек нормаларына сәйкес құрылса онда ересек пен бала қарым қатынасында оған тән қиыншылықтар болмауы мүмкін.

Сонымен отбасылық тәрбиесінің  барысында бірыңғай талаптың жоқтығы  балалардың жағымды қасиетттерінің қалыптасуына зиянды әсер етеді, ал кейбір жағдайда балаларды дұрыс жолдан тайғызып, оларды «екіжүзділікке» итермелейді. Балалар әртүрлі айла іздеу арқылы кез келген «бөгеттерден» жеңіл құтылу, ата-аналарының әлсіз жақтарын пайдалану, жағымпаздану, алдау сияқты зиянды қылықтарға үйір бола бастайды. Мұндай фактілер отбасында балаларға ықпал жасаудың сөзсіз тәрбиелік жүйесін бұзуға әкеп соқтырады, тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолдануда үлгіден аумаушылық яғни шаблондық байқалады. Сондықтан ата-аналар тәрбие ісінде бірыңғай көз қарасты болуы тиіс. Еш уақытта педагогикалық талаптарды әкенің немесе ананың тарапынан бәсеңдетуге болмайды, өйткені бала мұның бәрі кешіріледі, жазасыз қаламын деген сенімге келуі мүмкін. «Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата -аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді»-деді А.С. Макаренко. Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің бірі-бұл кейбір ата-аналар балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды. Ал тату-тәтті өмір сүріп отырған отбасы әрдайым балалардың тәрбиесіне зер салады, олардың күнделікті өмірі мен іс әрекеттеріне басшылық жасайды. Балаларына өздерінің қуаныш қайғыларын, яғни ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа филімдерді мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Мұндай отбасы тар шеңбер аумағында қалып қоймай, балаларын халықтың тамаша рухани және еңбек өмірімен таныстырып тәрбиелейді.

 

 

 

 

 

       2.1     Баланы отбасында  дұрыс тәрбиелеудің шарттары 

 

  Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі-ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында.

Қазіргі кездегі аса  бай отбасылардың пайда болуы  оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары баланың кез келген сұранысын  сол мезетте қанағаттандыру,  аламын деген нәрсесінің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек кана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді. Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінігі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.

Ондай ата-аналар өз балаларын  аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп  әр түрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сол нәрсеге бола қатаң  жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер  жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдайда, әрине, балалар ата-анасын әрине сыйламайды, олардың баласына айтқан ақылы кері әсер етеді. Осындай отбасында тәрбие алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.

Келесі топқа жататын  ата-аналар өз балаларының не істеп  немен айналысып жүргендерімен  ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп  санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл-ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.

Көшедегі кездейсоқ  топтардың оқушының теріс мінезін  қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып , сол жерлерде билік жүргізетіні ешкімге де құпия емес, олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектепте көрмеген қамқорлық пен құрметке бөленеді. Олардың өз адамгершілік қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зорлықшылық пен тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделіктегі қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан көше тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерге айналады.

Отбасындағы тәрбие мақсатына  субъективті рең беретін нәрсе  ол әрбір ата-ананың өз баласын қандай етіп өсіргісі келетіндігі жөніндегі түсінігінің болуы. Мұнда баланың жеке ерекшеліктері және бейім қабілеттері назарға алынады  Көбінесе, ата-аналар өз өміріндегі жалпы алған білімдері барысындағы кездескен кедергілері мен жіберген кемшіліктерін есепке ала отырып, балаларын басқаша тәрбиелеуге күш салады. Тәрбие мақсатында сондай-ақ сол отбасының ұстанатын этикалық,  діни, мәдени дәстүрлеріде есепке алынады.

Отбасылық тәрбие, отбасының  тұрмысы қазіргі кезде тек  қана ата-аналар ісі емес, жалпы мемлекеттік іс екені анық. Ең кең мағынада отбасы некеге, туысқандық қатынастарға негізделген және мүшелері жалпы тұрмыс ерекшеліктері мен, өзара моральдық және материалдық жауапкершіліктері мен байланысқан ең кіші әлеуметтік топ.

Педагогика ғылымының даму үрдісінде отбасының тәрбие мәселелелері нақты теориалық мазмұндармен толықтырылып отырған К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.Ф.Лесгафт, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Н.Құлжанова т.б балалардың отбасылық тәрбиесін ұйымдастыруда олардын жас және дербес ерекшеліктерін, анатомиалық-физиологиалық нышандарын, психикалық даму деңгейлерін ескере отырып, тәрбиелеу қажеттіліктерін зерттеген Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский отбасындағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруды, ондағы қарым-қатынастарды қалыптастыру мәселелерін, мектеппен отбасының өзара әркеттестігіне жағымды әсер жасайтын жалпы жағдайларды қарастырған .

Отбасы мынадай міндеттер  атқаратыны баршамызға белгілі:

- балаларға тәрбиелік  ықпал әдістерін салт дәстүрлерді  анықтайтын конструктивті міндеті;

- балалардың сабақтарын, еңбек іс-әрекеттерін және демалыс  тәртіптерін ұйымдастыратын ұйымдастырушылық  міндеті;

- ата-аналар арасындағы, ата-аналар мен балалар, балалар  арасындағы, жақын туысқандар арасындағы  тағы сондай ара-қатынастар нормаларын  құрастыратын комуникативтік міндеті

Қарым-қатынас міндеті  дағдыларын қалыптастыру үрдісі адамгершілік және гуманизм қағидаларына негізделген. Отбасының педагогикалық үрдісіне дұрыс ұйымдастырылған арақатынастар  балалардың көз қарастарының дамуына, мінез құлықтарын, балаларын басқа адамдармен араласуына әсері зор, себебі кіші жастағы балалар сенгіш, еліктегіш, ықыласты болып келеді.

Бастауыш сынып жасындағы  балалар қарым-қатынас тәсілдерін, мінез құлықтарды өз бақылауларына, эмперикалық тұжырымдарға сүйене отырып үлкендерге еліктей отырып отбасындағы барлық қасиеттерді саналарына сіңіре береді.Бұл жастағы балалар өз бетінше қарым-қатынастың жағымды және жағымсыз жақтарын ажырата алмайды. Қателіктер мен тәжірибелер арқылы бала адамзат қоғамындағы өмір сүрудің қарапайым нормаларын меңгереді. Сонымен қатар отбасы ұл балалар мен қыз балалар арсындағы қарым-қатынас мәдениеті дағдыларын қалыптастыруда, олардың саналарында болашақ ер адам мен әйел адамдары арасындағы қарым-қатынастары жайлы түсініктерді қалыптастыруда үлкен роль атқарды. Көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне уақыттарының жетіспеушілігін қазіргі әлеуметтік-экономикалық нарықтық жағдайларға байланыстырып, өз балаларын адамгершілік мінез құлықтары үшін жауапкершілікті мектепте ғана жүктегенді қалайды. Осыған орай А.С.Макаренконың ата-аналарға қатысты айтылған нұсқа сөздерін келтіру орынды: балалармен сөйлесу кезінде, оларды бір нәрсеге үйрету немесе оған бір нәрсені бұйыру кезінде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар. Сіздер балаларыңызды өз өмірлеріңіздің әрбір сәтінде, тіпті үйде болмасаңызда тәрбиелеп тұрасыздар. Сіздер қалай киінесіздер, басқа адамдармен қалай сөйлесесіздер, басқа адамдар туралы не айтасыздар, қалайша қуанасыздар, қалайша қайғырасыздар, достарыңызбен дұшпандарыңызбен қалай араласасыздар, осының барлығы балаға үлкен әсер береді. Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне уақыт жеткіліксіз деп жұмыстың қиындап кетулерінен шаршағандары себеп етіп тұрса да, адамзат тарихында олардан да көбірек қоғам үшін қызмет ете отырып өз балаларының тәрбиесіне аса көп көңіл бөле алмаған белгілі қайраткерлер қаншама. Отбасындағы үлкендердің өз іс -әрекеттеріндегі бірізділік, моральдық тұрақтылық, адамгершілік нормалары  мен талаптарына сай болулары - баланың мінез құлқының дұрыс бағытта болуының және оның жағымсыз әсерлерден сақтаудың ең нақты кепілі.

Информация о работе Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері