Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 12:02, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде бала тәрбиелеу ісі-ата-аналардың негізгі міндеті.Сондықтан олар ең алдымен тұтас, тату отбасын құруды, оған тікелей басшылық жасауды негізгі міндетіміз деп санауы тиіс. Мұндай тұтас отбасының басты функциясы-әке мен ананың, бала мен ата-ананың арасындағы мейірімді қатынас, өзара сүйіспеншілік, бір-бірін сыйлаушылық. Егер жұбайлар арасында алауыздық, үстемдік жасау және өрескел мінез, ұнамсыз қылық сезілсе, мұндай жағымсыз істер бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Ал әке мен ананың, басқа отбасы мүшелерінің көздеген мақсаты бір болса, балалардың отбасындағы және мектептегі түрлі іс-әрекеттері жақсы нәтиже береді. Осындай бірліктің негізінде ата-аналар баланы еңбексүйгіштікке, ізгілікке, әдептілікке, адалдыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді.
Отбасындағы қарым-қатынастар
шын ниетпен, кең пейілмен құрылған
болса, онда балалар басқа адамдармен
араласу барысында осындай
Ата-аналар балаларды белсенділікке ынталандырулары, оларды тек бағынышты субъектке айналдырмай, оның тұлғалық қасиеттерін ескеріп, еркін дамуына, ішкі қабілеттерін ашуға жағдай жасаулары қажет. Педагогикада ата-аналардан балаға тек бала деп қарамай, оны өздерімен тең құқылы қарым-қатынасқа қатысушы деп бағалап оның идеяларымен көзқарастарымен, қызуғушылықтарымен санасулары талап етіледі. Ата-аналар үшін қарым-қатынас өнерін меңгерулері балаларды ашық әңгімеге шақыруларына, олардың сырларын, құпияларын сақтай алуларына байланысты болады. Осындай сенімді қарым-қатынастар ата-аналардың өз балаларының ерекшеліктерін дұрыс білуге оған артқан сеніммен негізделеді. Егер де ата-аналар өз сөздерінде тұрмаса, берген уәделерін орындамаса бала жүрегінде сенімсіздік пайда болады, бала сырын көп ашып айта беретін болмайды, ал ата-аналар өз абыройларын төмендетеді.
Әлеуметтік қоғамның объективтік даму қозғалысына сәйкес мектепке дейінгі мекеменің, отбасының және жұртшылықтың ынтымақтастығы -балалар және жастардың тәрбие процесін интенсивтендірудің негізгі жолдарының бірі болды. Тәрбие жүйесінде жаңа адамды өмір, еңбек, білім беру процесінде қалыптастыруда қоғамдық тәрбие институттарының ролі өте зор. Оларға мектепке дейінгі мекеме, отбасы, жұртшылық, әртүрлі өңдіріс және еңбек ұжымдары жатады.
Әрбір ата-ана өз баласын «менің қуанышым, бақытым» дейді, өз махабатының нұрына бөлейді. Бала үшін олар өзінің барлық күш жігерін жұмсайды. Сондықтан әке мен ана баласының келешегін ойлап, отбасындағы сабырлы мінез үлгісін еңбектегі қол жеткен табыстар нәтижелерін көрсете отырып, оны адалдыққа, шындыққа, еңбексүйгіштікке, коллектившілдікке тәрбиелейді. Салмақты, ілтипатты, тәртіпті, еңбекқор, білімдар әке мен ананы бала жанындай жақсы көреді, бас иеді, сыйлайды. Ол өзінің әкесімен анасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді қатты бағалайды. Ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктердің барлығын байқауға болады. Қайсыбір ата-аналар «менің міндетім баламды киім және тамақ пен қамтамасыз ету, білім, тәрбие беру мектептің ісі», -деп түсінеді. «Адам болатын бала айтқанымды екі етпейді, өздігінен оқиды, білім алады»,- деушілерде бар.
Ал балаларын шамадан тыс еркелету үшін олардың орынсыз талаптарын бұлжытпай орындаушы, шексіз еркелететін ата-аналар да кездеседі. Кейде баласының орынсыз сөгіп, «Сен топастан ештеңе шықпайды», -деп сағын қайтаратын ата-аналарда болады. Мұндай теріс ұғымдар баланың келешегіне зиян келтіреді, ал орынсыз балағаттап баланың абыройын төгу ата-аналардың беделін түсіреді.
Егер отбасында әкенің, ананың және ересек отбасы мүшелерінің беделі шүбәсі болса, олардың жоғары моральдық қасиеттерін, ұнамды мінездерімен істерін, халық үшін еңбек ете білуін балалар жоғары бағалайды. Кейбір ата-аналар өзінің жауапкершілігін сезе бермейді, балаларын тәрбиелеуден қол үзеді, олардың өсіп келе жатқанын, мектептегі, үйдегі өмірін, көпшілік орындарда байқалатынын теріс қылықтарымен әрекетін зерттемейді. Осының нәтижесінде балалары сабақты үлгірмейді еңбек етуден бас тартады, жеңіл-желпі өмір сүруге бейімделіп, керек адамгершілікке жат қылықтармен де айналысады. Мұның бәрі балаларды өнегелі іске саналы тәртіпке үйретпейді. Білім алуға, еңбек дағдысына бағдарламайды. Сондықтан әрбір әке мен ана балаларына ерекше қамқор болып, тәрбие ісіне аса жауапкершілікпен қараулары тиіс.
Озат тәжірибемен қаруланған ұйымшыл отбасы баланы ұстамды берік мінезге тәрбиелейді, еңбекке төселдіреді, мәдени сауыққа дағдыландырады. Отбасы өзінің барлық өмірімен іс-әрекеті нақты режим бойынша жүзеге асырылады. Мұндай отбасында, оның әрбір мүшесі қуаныш сезіміне, жігерлі жақын жүзді, коллектившіл, қабілетті болып өседі.
Отбасы-бұл белгілі дәстүрлерді, адамшылық бейнені, идеалды, жақсы өнегелерді сақтаушы. Осындай әдет-ғұрыптармен баланың жеке басы және интелектуальдық өмір қадамы және мінезі қалыптаса бастайды, моральдық норманы игеруге тырысады. Сондықтан отбасы өмірі жеке адамның азамат болып қалыптасуының негізі болады.
Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектепке дейінгі мекемемен қарым-қатынас - тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері топ, мектепке дейінгі мекеме ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Ал бұл жағдай оқу тәрбие процесінің мазмұнының сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Біздің елімізде идеологиялық
жұмысты, оның маңызды бөлімі-ата-аналар
мен халық арасында психологиялық
педагогикалық білімді
Бала тәрбиесі өте ұзақ және күрделі процесс, оны іске асыру әрбір тәрбиешінің жалпы және арнайы педагогтың білім дәрежесіне байланысты .
Ата-аналардың педагогикалық жаппай оқу жүйесін тиімді ұйымдастырып, барлық әкелер мен аналарды әлеуметтік қоғамның қаулы-қарарларымен, психологиялық -педагогикалық біліммен, тәрбиенің теорияларымен, озат педагогикалық тәжірибемен, қаруландыру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру жолдарын жетілдірудің ұжымдық, топталған және дербес формалары кең өріс алуда.
Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесін көтеруде еске алатын жайттардың бірі - істелетін жұмыстың көптеген жеке түрлерін іскерлікпен ұйымдастыру, тиісті көмек көрсетіп отыру. Өйткені, ата-аналардың барлығы бірдей мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастырылған педагогикалық білім беру факультеттеріне немесе ата-аналар университеттеріне қатыса алмайды. Сондықтан мұндай ата-аналар үшін педагогикалық білім берудің кейбір дербес формаларын тиімді етіп пайдаланған жөн:
а) тәрбие теориясын өз бетінше оқитын ата-аналар үшін консультациялар, әңгімелер, сұрақтармен жауаптар кештерін, диспуттармен оқырмандар. конференцияларын өткізіп отыру;
ә) бала тәрбиесі жайлы жазылған әдебиеттерді отбасында кеңінен насихаттау, ұсынылатын әдебиеттердің, кино, спектакльдердің тізімін педагогикалық білім беру программа-минимумы бойынша жасау;
б) мектепке дейінгі мекемеде және жұмыс істейтін жері мен тұрғын мекенінде ата-аналар үшін ауық-ауық басты проблемаларын, сонымен бірге олардың өз бетінше жұмыс істеу әдістері жайлы әңгімелер өткізу, лекциялар оқу.Осылардың бәрі ата-аналар мен халық арасында педагогикалық білімді насихаттау үшін мектеп басшыларымен мұғалімдерді және ағарту қызметкерлерін алдында тұрған міндеттерді орындауға жұмылдырады.
Отбасылық тәрбиені жетілдірудің басты шарты- ата-аналарды оқыту жүйесін өрістету, мәдени дәрежесін көтеру, осыған орай ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің негізгі формалары мен мазмұнына үлкен мән берілді.Отбасында балаларды тәрбиелеу мақсатында ата-аналармен әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады. Анкеталық сұрақ-жауаптар, қызықты тақырыптық кездесу кештері мен негізгі міндетке бағытталған баяндамалар тыңдау, сұхбат сағаттары ата-ана мен мектепке дейінгі мекеме ұйымдарының арасындағы алтын көпір десек артық айтпаған болармыз. Әрбір ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауына әсер етуші, педагогикалық бағыт-бағдар беруші тәрбиелік шаралардың көптеп ұйымдастырылуы тәрбие жұмысының алға басуына өз әсерін тигізері сөзсіз.
2.2 Халық педагогикасындағы баланы тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдері
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу ел катарына косылуды мұрат тұткан тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау кажеттігінен оку-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар коюда. Ал мұндай дайындык балада әрқилы ғылыми салаларға тэн біршама білім-біліктер жиынтығын калыптастырумен шектеліп қоймастан, оның бойында шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс делінген. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі мектепке дейінгі оқыту мен бастауыш мектепке тәуелді болатыны айдан анық.
Адамға берілген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оку кезеңінде қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Мектепке дейінгі оқыту мен бастауыш мектепте кіші оқу жасындағы балаларды тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол заңдылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс-кызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нактылап ұсыну. Қай дәрежеде болмасын тэрбие, білім жэне оку - окыту мәселелерімен әрбір адам - мейлі ол ата ана, оқушы, оқытушы, мұғалім, мектеп ұйымдастырушылары мен басшылары болсын, - міндетті түрде айналыспай қала алмайды. Педагогикалык ептіліктер мен дағдыларды меңгеру күнделікті тұрмыста да, кәсіби қызметте де әрбір адам үшін әбден қажет.
Баланың өзіне үздіксіз
кездесіп отыратын жаңа
Бала ең жас кезінен бастап - ақ жаратылыс туралы, адамдардың өзара қарым - катынастары туралы, өзін коршаған дүние туралы түсінік ала бастайды. Ол түсініктердің қаншалыкты кеңеюі, олардың калай тез дамуы -бұлардың бәрі ата - аналарға, олардың мінез - құлкына және балалармен қарым - қатынасына байланысты. Баланың рухани бейнесі ата - аналардың рухани бейнесінің әсерімен қалыптасатыны белгілі.
Баланың алғашқы өмір тануы қадамы үйден, отбасы ортасынан басталатыны баршамызға мәлім. Үш-төрт жасқа толғаннан кейін бала әр нәрсеге әуестеніп қайтсе де бір жұмыспен шұғылдануды қалайды. Үлкендер ісіне араласып, оған көмек көрсеткісі келеді.Бұл жағдайда баланы еш уақытта бетінен қағып, меселін қайтармау керек. Олардың мақсаты мен ниетінің орындаолуына мүмкіндік тудырып, үнемі көңіл бөлуі қажет.
Баланың рухани дүниесін ата - аналар әрқашан жеткілікті дәрежеде кадірлей бермейді. Ата - аналар сөзсіз орындайтын шындықты айтушылар ғана емес, олар - балалардың шындықты, әділеттілікті іздейтін, мейірімділік пен зұлымдықты сезінгіш ақылы мен жүрегінің үлкен жұмысына көмекшілер.
Кейбіреулер "жұмысымды бөгейсің", "істеп жатқан ісімді бүлдіресің" деп зекіп тастайды. Бұл қате ,қайта баланың орынды тілегін қанағаттандырған жөн. Мысалы, анасы кір жуып жатқанда кішкене қыз бала "мен де жуамын" деп келіп, тілек білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда оған ойыншық астау немесе сынбайтын шағын ыдыс беріп, қуыршағының киімдерін, қол орамал, жеңіл-желпі зат беріп, жуғызып қою керек. Оны жуа алмай жатса ,не ретін білмей қалса, анасының көмектесіп жібергені мақұл. Бұл баланы шексіз қуантады және анасына деген ризалық сезімге жетелейді.
Бала тауы шағылмай, коңілдегі ой-арманын орындап отырса, оның жұмысқа ынтасы арта түседі. Сөйтіп, еңбек етуге төселіп жасынан жаттыға береді.
Тағы бір айтар жайт, қыз бала мен үл баланың өз ойына, істейін деп жатқан жұмысына ерекше назар аударып, оның іске асуына қамқорлық жасау парыз. Баланың атқарар ісіне талдау жасап, лайықты баға беріп, оның күнделікті өміріне әрдайым коңіл бөлу керек.
Еғер айтайын деген ойын орта жолдан бөліп, не істеймін десе жұмысын тыйып тастаса, онда бала ата-анасын селқос тыңдай бастайды. Өз ісінің жүзеге аспайтындығын сезіп, келесі жолы құлшыныс танытпайды. Жалқау болатын балалар, міне осындайлардан шығады.
Әрбір ата-ана, тіпті уақыт жоқ дегеннің озінде баласына күніне бірер сағат уақыт бөліп, оның не істегенін, немен шұғылданғанын, не оқитынын, қандай ойы бар екенін сұрап, әңгімелескені жөн. Өйткені, баланың үлкен адаммен "өз ісі" жөнінде пікір алысуы оны қуаныш пен ризалық сезімге бөлейді. Мұндай әдет отбасы өмірінен берік орын алған кезде ата-ана мен баланың арасында үлкен сүйіспеншілік, достық қарым-қатынас орнап, тамырын тереңге жаяды.
Жас бала әр нәрсеге еліктегіш, мейлінше сезімтал келеді. Жақсы-жаманды, әр түрлі мінез-құлықты тез қабылдайды. Мұндайда баланың дұрыс тәрбие алып өсуі үшін оның өскен ортасының, үй-ішінің, ата-анасының күндеолікті әдет-тіршілігінің атқарар қызметі зор.
Баланың көзінше жаман сөз, өсек, өтірік айтуға болмайды. Оларды күншілдік сияқты кесір қылықтан, сондай-ақ отбасы ішінде ұшырасып қалатын ұрыс-жанжалдардан сақтау керек. Өйткені бал мұндай ыңғайсыз қылықтардың бәрін тез қабылдайды.,оған табан астында еліктейді.
«Бала тәрбиесі –бесіктен» деп бекерге айтылмаған.Оларды өмірге, жақсы тәрбиеге, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру – абзал борыш.
«Отан отбасынан басталады» дейді халық отбасының екі тірегі бар, ол-әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке-шеше арқылы өрбіген тұқымның туыстық-адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік, қоғамдық құрылысқа байланысты қалыптасқан.
Әрбір отбасында
әкеге байланысты:баба,кейуана,
Отбасындағы туыстық
қатынастар әкенің жақындығына байланысты
қалыптасқан.Отбасындағы әрбір
Информация о работе Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері