Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 12:02, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде бала тәрбиелеу ісі-ата-аналардың негізгі міндеті.Сондықтан олар ең алдымен тұтас, тату отбасын құруды, оған тікелей басшылық жасауды негізгі міндетіміз деп санауы тиіс. Мұндай тұтас отбасының басты функциясы-әке мен ананың, бала мен ата-ананың арасындағы мейірімді қатынас, өзара сүйіспеншілік, бір-бірін сыйлаушылық. Егер жұбайлар арасында алауыздық, үстемдік жасау және өрескел мінез, ұнамсыз қылық сезілсе, мұндай жағымсыз істер бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Ал әке мен ананың, басқа отбасы мүшелерінің көздеген мақсаты бір болса, балалардың отбасындағы және мектептегі түрлі іс-әрекеттері жақсы нәтиже береді. Осындай бірліктің негізінде ата-аналар баланы еңбексүйгіштікке, ізгілікке, әдептілікке, адалдыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді.
26. Баскалар көзінше
берілген ескертуді бала
27. Талаптар әркашан әділ де анык койылып, накты орындалуы тиіс. Өз педагогикалық талаптырыңызды орынсыз, кажетсіз түсіндірме, кұрғак сөзді, екі ұшты насихаттармен күрделендірмеңіз.
28.Тіл алмайтын балаларды күтілмеген, "тосын жағдайға" салып тәрбиелеңіз.
29.Балаға болған кадағалау неғұрлым жакын болса, оның арқасында орындалатын бағындыру кызметі тиімділеу келеді. Өз калауыңызға орайластыра қадағалау дәрежесін бслгілеп алыңыз.
30. Өзіңіз таңдаған тәрбие ықпалы нәтиже бермей жатса, әрекетіңіздің бағдарын шұғыл өзгерткеніңіз жөн.
31. Балалар саналы парасаттылықтан гөpi турақтылықты сезінгіш. Өте дұрыс, 6ipaқ "6ip мезеттік" ықпалға қарағанда, оншама ойланылмаған, 6ipaқ ұзаққа созылған әсер пайдалылау келеді.
32.Тар шенбердегі адамдармен
болған қатынас өзара,
33.Әр адамның өз келеңсіз тәжірибесінің күші әсерлілеу келеді яғни "балық басын жарға ұрмай кайтпайды". Сөзбен қайталай үйрете бергенше, кейде балаға ыстық үтікке колын басып куйдіруге, мұрнын канатуға, тізесін жаракаттап алуға "рұқсат" бергеніңіз қажетті шарттары.
Айтылғандардың 6әpi — отбасылык тәжірибеде кажет болар тәуелділіктердің шет-шеңбері ғана. Өз тәжірибе, қорытуларыңызбен бұларды толықтырып бағу ата-аналар мен педагогтар тәрбиесінің ықпалын көтерудің міндеттері , кажеттті шарттары.
Қазіргі кезеңде отбасы әлеуметтік өмірдегі қатынастарды артқа салып, ең әділетті, ең адамгершілік отбасылық қатынастарды нығайтты. Қоғамдық отбасы мақсаты, тілегі, сенімі, талабы бір әлеуметтік қоғамның бөлігіне айналды. Отбасының негізгі әлеуметтік функциясы ерлер мен әйелдердің қоғамда отбасылық ортақ өмірде, балаларды тәрбиелеу ісінде саяси моральдық және экономикалық бірлігі болып отыр. Отбасындағы тәрбие жүйесі балалардың ішкі сезіміне мінез құлқына ықпал жасайды. Ал ықпал жасау бүкіл отбасы тәрбиесінің жүйесіне, ата-ананың мінез құлқына, беделіне байланысты. Бұл жөнінде А.С.Макаренко «Ата-аналар үшін кітап» атты еңбегінде отбасы ұжымындағы ерік, тәртіп және беделге байланысты мәселелерді қалай болса солай лажын тауып жасанды тәсілдермен немесе әдістермен шешуге болмайтындығын ескертті. Егер сіздің жалпы мінезіңіз нашар болса, онда ең жақсы дұрыс ойланған педагогикалық әдістердің тәрбиеге ешқандай әсері болмайды. Керісінше, ең алдымен тәртіптің, еңбектің, еріктің, ойынның, беделдің дұрыс формаларын пайдалануға тек қана ұнамды жалпы мінезі игі әсер етеді»-деп жазды А.С.Макаренко.
Отбасының бала тәрбиесіне ықпал жасау өрісі кең және өзгеше, яғни тәрбиенің идеялық бағыты, жалпы жағдайы, сонымен қатар балаларға әсер етудің әдістері мен тәсілдері әрбір отбасының өзіне тән. Отбасының әлеуметтік идеялық бағытта қалыптасуының негізі жұбайлардың отбасына және қоғам өміріне адамгершілік көзқарастары болады. Демек, отбасында бала тәрбиелеу ата-аналардың адамгершілік позициясына байланысты, ал адамгершілік позиция балалардың мұрат мақсаттарының қалыптасуына жағымды әсер етеді. Адамгершілік мұратты мақсат әрекеттік күшке айналады, соның жәрдемімен бала өзінің мүмкіншілігімен қабілетіне қарап, қоғамға пайда келтіру мақсатымен өмір жолын таңдауға тырысады. Осыған орай А.С.Макаренко қоғамдық істеде отбасылық істі айырып алып, қарауға болмайтынын, адамның жұмыстағы немесе қоғамдағы белсенділігі отбасында да бейнеленуі тиістігін, тіпті отбасы адамның саяси және азаматтық жүзін көруі тиіс екендігін жазған болатын. А. С. Макаренконың бұл ойы бойынша отбасына жат ешқандай тәрбие мәселелері болмайды. Ата-аналар балаларының алдында өздерінің көптеген функцияларын жете түсінісуі қажет, олардың еңбек және қоғамдық саяси іс-әрекеті активтік өмір позициясының мазмұны болады.
Зерттеу материалдары бойынша отбасылардың кейбір типтеріне қоғамдық адамгершілік бағыттағы дәрежесі жоғары отбасы, қоғамдық адамгершілік бағытағы дәрежесі төмен отбасы жатады.
Қоғамдық адамгершілік бағыттағы дәрежесі жоғары отбасы өзінің тұрақтылығына байланысты моральдық және қоғамдық бастауларымен сипатталады. Отбасы мүшелерінің өзара қатынастары моральдық принциптеріне сай құрылады. Өмірде және еңбекте отбасының ересек мүшелері белсенді, балаларды оқыту және тәрбиелеу ісіне ерекше ынталы, олардың отбасы мен қоғам арасындағы байланысы берік. Отбасының бала тәрбиесіне мұндай әсер етуінің себебі балалар ата-аналарының пікірін мақұлдап, олардың мінез құлық үлгісіне еліктейді, отбасы мен Отан алдындағы борышын орындауда жауапкершілігін жете түсінеді. Сенім атмосферасы әрқашанда отбасында үстем болады. Тұрмыс және әлеуметтік өмір мәселелері жайлы балалардың пікірлерін ата-аналары да зейінмен байыпты тыңдап ізгі кеңес береді. Отбасы типінің құрылысында балаларды тәрбиелеудің негізгі шарттары отбасының микроклиматын сипаттайтын ішкі отбасылық қатынастар, жұбайлар махаббатының беріктігі өмір саласына да, әрекетінде отбасы мүшелерінің көзқарас жүйесінің, мүдделерінің және сенімінің бірлігі, осы кездегі отбасының мәдени дәрежесі-мүшелерінің жеткілікті тәжірибелі, білімді болуы, еңбек және демалыс режимі, әдеби, ғылыми кітаптар және спортпен еліктеушілік, жанұялық дәстүрді дамыту, отбасының тәрбиелік потенциалы -отбасы мүшелерінің педагогикалық мәдениет дәрежесінің жоғары болуы, отбасы мүшелеріне және балаларға педагогикалық ықпал жасау әдістерінің жүйесі, отбасы мүшелерінің өндіріс коллективі және қоғам жөнінде позициясы, олардың еңбек қоғамдық іс-әрекетіне және әлеуметтік ортаға қатынастары.
Қоғамдық бағыттағы дәрежесі жоғары отбасының адамгершілік негізін құрушы басты факторы мораль арқылы үй ішіндегі барлық мәселелер реттеліп отырады. Мұндай отбасы бақыттың, немесе халық керегін қанағаттандырудың, балаларды тәрбиелеудің қайнар бұлағына айналады, ал бақыт творчестволық еңбектен қоғамның жайдары өмірінен бөлінбейді. Әсіресе, отбасы мүшелерінің рухани өзара ықпалы. Яғни өмір тәжірибесімен көмектесуі, көңілдерінің көтеріңкі болуы, өз күштеріне сенуі өте қажет.
Сонымен, балалардың адамгершілік сезімін және танымын дағдыландыруда, олардың белсенділігін, еңбеккерлігін, адалдығын, бір-бірімен түсінушілігін тәрбиелеуде отбасындағы жоғары адамгершілік атмосфера қажетті азаматтық күйде борышты туғызады. Мұндай отбасында әке мен ана және отбасының ересек мүшелерінің бүкіл тәрбие процесі көрінетін айнаға айналады.
Біздің елімізде миллиондаған отбасылары бала тәрбиелеу ісінде халыққа тамаша өнеге көрсетуде. Әрбір отбасы балалардың бейімділігін, қабілетін еске алып, қоғам талаптарына сай оларды өмірге, еңбекке мамандықты шамалы түрде таңдауға дайындайды. Сондыктан отбасының маңызы өте зор, өйткені, ол әлеуметтік институттарының бірі, әлеуметтік қоғамның ажыратылмайтын бөлігі.
Негізінен еңбеккерлік, адамгершілік нормасы, оны орындау барлық отбасы мүшелері үшін мызғымас заң, ішкі сенім. Ал ұжымдық, үлкендерді сыйлау ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрге айналған. Еңбек отбасының ерекшеліктері неде? Отбасы қоғаммен тығыз байланысты. Оның барлық мүшелері қоғамдық еңбектің белсенді қатысушылары. Олардың ниеті сана сезімі өндірістік, ұжымдық, оқу-тәрбие мекемелерінің және қоғамдық мүдделерімен ұштасып жатады. Мұндай байланыс отбасында жаңа атмосфера тудырады, онда бүкіл өмір, еңбек т. б .үшін күресу бейнеленеді. Еліміздегі ішкі мәселелер және халықаралық жағдай отбасында зор байыптылықпен талқыланып баға беріліп отырады. Осындай игілі істердің нәтижесінде отбасы тәрбиесі әлеуметтік тәрбиенің ажыратылмайтын бөлігіне айналды.
Адамгершілік тәрбиесінің басты бір құралы- өнеге. Ата-ана өнегесі баланы тәрбиелеудің, дамытудың, қалыптастырудың қажетті құралы. Тұрмыстағы еңбектегі, және қоғамдық өмірдегі ата-ана өнегесі отбасы тәрбиесінде елеулі роль атқаруда. Егер отбасында ат-ана беделі шүбәсіз болса, онда балалар әкесінің анасының бойындағы жоғары моральдық қасиеттерін бағалайды, мамандық таңдауда, еңбекте және халық үшін өмір сүруде отбасылық дәстүрді жалғастырады. Сондықтан ата-аналар балаларының алдында өздерінің тіршілік әркетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білуі қажет. Баланың өмірлік белсенді позициясын қалыптастыруда ата-ана өнегесі өте зор әсер етеді, оны ешкім өзгерте алмайды. Сонымен қоғамдық адамгершілік бағыттағы отбасы жеке адамның болымды ерекшелік қасиеттерін тәрбиелейтін, адам өмірін сүйкімділікпен жүзеге асыратын қоғамның табиғи құрамды бөлігі.
Сондықтан мәдени дәрежесі немесе сана сезімі төмен болғандықтан, олар отбасылық ескілікті сақтаушысы болды. Кейбір жұмысшылар мемлекеттік мекемелер қызметкерлер отбасында қоғамдық еңбекті жеккөрушілік фактіларының бар екендігі байқалады. Әрине олардың саны онша көп емес, бірақ ересек отбасы мүшелері өздерінің қоғамға қарсы қылығымен еңбек тәртібін бұзады, өндірістік ұжымдардың іс-әрекетіне зиян келтіреді, балалардың және басқа да отбасы мүшелерінің мінез құлқының қоғамдық нормадан ауытқуына әсерін тигізеді. Адамдардың осы сияқты қоғамға жат теріс мінез-құлықтары ұжымның өндірістік тәртібін бұзып қана қоймайды, отбасы өмірінде аздырады, әсіресе орта және жоғары мектеп жасындағы балалар тәрбиесіне зиянды әсер етеді. Сондықтан балалар өздерінің ата-аналарының және ересек отбасы мүшелерінің теріс қылықтарына еліктеп дене еңбегін жаны сүймейді, оны ұлт көреді, халық шаруашылығы үшін құнды материалдарды өндіретін адал азаматтардың және өздерінің құрдастары еңбектері есебінен өмір сүруге тырысады. Мұндай балалар еңбек етуден қашып бос сандалушылыққа биморальдық жат қылықтарға бейімді келеді. Себебі кейбір ата-аналардың санасында әлі де ескіліктің қалдықтары басым, олар өз балаларына қамқорлық жасамайды, демек, балаларын оқыту, тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау мәселелеріне қалай болса солай қарайды. Мұндай ата-аналардың санасында мешандық-идеология қалыптаса бастаған. Балалардың сана сезімін улайтын биморальды қылықты адамдардың ақыл парасатын сүзгіден өткізу үшін идеологиялық және саяси тәрбие жұмысының барлық құралдарын, формалары мен әдістерін қоғамның психологиялық және моральдық мұрасымен қарсы күресте тиімді етіп пайдаланғаны жөн. Қазіргі кезеңде идеологтар кейбір өз еркіне өзі ие бола алмайтын адамдардың әсіресе жастарды, әр алуан психологиялық құралдармен әдістерге сүйеніп, санасын улау үшін түрлі әрекеттер жасауда. Сондықтан біздің елімізге әртүрлі каналдар арқылы жететін жат идеологияға қырағылық көрсету және онымен күресу әрбір адамның азаматтық борышы.
1.2 Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі
Баланың ар ұжданын тұрақты түрде қалыптасып, бірте-бірте дами түсіп жетілуіне отбасының берер ықпалы зор. Сондықтан ата - аналарға да көңіл аударып көмектесіп отыру, халық ағартушылығына ат салысып жүрген адамдардың мойнындағы парыз дер едік. Әсіресе мұндай көмек жас шаңырақ көтеріп отбасы құрушыларға ауадай қажет. Қашанда жас балалардың көңіл -күйлерінен отбасындағы қарым- қатынастардың жай- жапсарлары аңғарылып тұрады. Отбасындағы үлкендердің арасында дұрыс түсінісу болмаса, оның әсері бірте -бірте жас баланың бүтіндей мінез құлықтарына жағымсыз ықпалдарын тигізе береді. Содан келіп, мүлдем ыңғайға көнбейтін балалардың жағдайлары қалыптасады. Бала тәрбиесінде бұдан ауыр мәселе болуы мүмкін емес. Осы жағдайларды ескере отырып, бүкіл ұстаздар қауымы ата- аналардың арасындағы жұмыстарды, олардың өздерімен келісе отырып бірыңғай жолға қоюды қамтамасыз етулері керек.
Ата-аналарының балаға тәлім етер өздерінің жеке бастарының үлгісі, олардың қарым-қатынастарындағы сүйіспеншіліктері, айналасындағы жандармен сыйластықтары... тіпті шаңырақ астындағы үлкендердің төңіректегі табиғатқа деген көз қарастары да әсерсіз қалмайды.
Отбасындағы үлкендер жағы анда-санда балалардың мінез-құлықтары мен тәртіптерін өзара сөз етіп, ашық пікірлер алмасуының еш артықшылығы жоқ. Осы арқылы бірі байқамаған өзгерістерді екіншісі аңғарып, баланың жөнсіз қылықтарын тежеп жақсы мінездері тәртіптерін дәріптеп отырудың да маңызы зор. Сонымен қоса, ата-аналар да балабақшасының тәрбиешілері де, балалардың өзара достық қатынастарына мән беріп, мезгіл-мезгіл сол балалардың ата-аналарын жеке шақырып әңгімелесіп отырудың да маңызы зор. Бұл баланы жан-жақты түсінуге де, оның іс-әрекеттерін жақсы біліп отыруға да өз көмектерін тигізеді. Әрине, адам болған соң, оның үлкеніне де кішісіне де өмір сүріп отырған қоғамымыздың әсері мол.
Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету максатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ыкпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесімен ажырамас бірлікте орындалатын icтepi ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы
онда тәрбиеленіп жатқан адамның
тән-дене және рухани дамуына әсер етуші
ықпалдар мәні мен мағынасының терендігіне тә
Жеке адамның калыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен куатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Информация о работе Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері