Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 12:02, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде бала тәрбиелеу ісі-ата-аналардың негізгі міндеті.Сондықтан олар ең алдымен тұтас, тату отбасын құруды, оған тікелей басшылық жасауды негізгі міндетіміз деп санауы тиіс. Мұндай тұтас отбасының басты функциясы-әке мен ананың, бала мен ата-ананың арасындағы мейірімді қатынас, өзара сүйіспеншілік, бір-бірін сыйлаушылық. Егер жұбайлар арасында алауыздық, үстемдік жасау және өрескел мінез, ұнамсыз қылық сезілсе, мұндай жағымсыз істер бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Ал әке мен ананың, басқа отбасы мүшелерінің көздеген мақсаты бір болса, балалардың отбасындағы және мектептегі түрлі іс-әрекеттері жақсы нәтиже береді. Осындай бірліктің негізінде ата-аналар баланы еңбексүйгіштікке, ізгілікке, әдептілікке, адалдыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

отбасы курсовой.doc

— 206.00 Кб (Скачать документ)

Неке мен  отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптернен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық,ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар -бэрі де отбасындағы бала тәрбиесіне болатын тepic ықпалдар көзі.

Еліміздегі саясат пен  экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздың барлық саласының, оның ішіндегі білім беру жүйесі және оның алғашқы  баспалдағы-мектепке дейінгі тәрбиені қамтып отыр. Бұл кездейсоқ нәрсе емес.  Ұзақ уақыттары бойы біз мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесінде отбасының алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе қоғамдық тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші роліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер жүйесін толық қанды және материалдық жағынан қамтамасыз ете алмауы себепті балабақшалар көптеп қысқара бастады Соған орай керісінше тенденция -отбасындағы тәрбиенің ролі күшейту талабы қойылып отыр.

Көптеген елдерде балалардың отбасы –және мектепке дейінгі мекемелерге  қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды жоғары дәрежеде дамыған елдердің бірқатарында мектеп жасына дейінгі  балалардың басым көпшілігі қоғамдық балалар мекемелеріне барады. Мысалы Францияда -95 %; Швецияда, Финляндияда-65-75% және т.б. Отбасы -бала жанына жақын, жеке туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі емен жарқын сөйлесу, аялау, еркелету қалыптасқан отбасылық дәстүрлер әдет және т.б. тағылымды тәрбие негізін қалайды.

Әрбір отбасының өзіне  ғана тән ерекшеліктері бар: олардың  ішінде жас ерекшелігі және туысқандық катынастар бойынша құрамының әртүрлі  болуы, отбасы өмірінің стилі, материалдық  пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі т.б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды. Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы өмірінің тұрмыс тіршілігін ұйымдастыру көңіл күй адамгершілік тынысы қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты барлық саламен тығыз байланысты. Міне, сондықтанда баланы тәрбиелеу, оның өмірін ұйымдастыру ата-ананың өзін өзі тәрбиелеу, отбасы өмірін дұрыс ұйымдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке құрылған үй ішілік қарым қатынасты орнықтырудан басталады. Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық, сенім атмосферасында өскен бала жетекке оңай жүріп, тәрбиелік әсерге көнгіш келеді.

Сонымен, отбасының тәрбиелеу  ықпалы деңгейін былайша анықтауға  болады:

1. Отбасының әлеуметтік  құндылығы. Бұл отбасының беріктігімен, оның мүшелерінің адами, рухани  жан саулығымен, ортақ іске қызығушылықтың  болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толы күнделікті ортақ тірлік, отбасылық және қоғамдық мерекелер мәдени және спорттық демалыстар отбасының бірлігін нығайта түседі, өсіп келе жатқан кішкентай азаматқа үлкен қуаныш сыйлайды.

2. Балаға оны тәрбиелеуші  ересек адамдардың тарапынан қойылатын бірлігі. Бұл жерде атақты педагог А.С. Макаренконың педагогтарға арналған тәрбиенің педагогикалық мақсат міндеттерге жұмылған барлық тәрбиешілердің ортақ ісі екендігі, егер педагогтардың тәрбиеге ортақ көзқарасы ортақ қатынасы болмаса, мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісін қамтамасыз ету мүмкін еместігі жөніндегі сөзін еске алуға болады. Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан болатын талаптың бірлігі өте маңызды.

3. Отбасылық өзара  қарым-қатынастың дұрыс болуы. Бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. Ана өз баласының тәрбиешісі ғана емес, отбасының ұйтқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің, бір-біріне кіші пейіл қамқор қатынасы мен үйде жылы атмосфераның орнығуына бірден бір себепкер болатын әйел-ана сондай-ақ әке-азамат, от ағасы, тәрбиеші. Парасатқа құрылған әке-шеше қатынасы баланың адамгершілік сапаларына жетудегі тендесі жоқ үлгі өнеге .

4. Отбасылық дәстүрлер.  Отбасының рухани байлығы мен  потенциалды -тәрбиелік мүмкіндіктерін, онда қалыптасқан дәстүрлерге қарап анықтаймыз. Уақыт сыныннан, өмір елегінен өткізілген отбасылық дәстүрлер бала тәрбиесіне аса зор ықпал етеді. Бұл отбасын ұжым ретінде нығайта түседі. Қалыптасқан өзара жауапкершілікпен теңдік атмосферасы баланың өзімшілдік, жалқаулық, дәрменсіздік, қанағатсыздық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуға баулиды.

5. Отбасындағы еңбекке  қатынас.Үйдегі барлық отбасы  мүшелеріне ортақ жұмыстарға  үлкендермен бірге араласа отырып  бала әркімнің өзіндік міндеті  бар екенін, оны орындау қажеттілігінің маңызын байқайды. Үлкендер де балалар да не істегісі келсе соны істеп қана қоймайды, сонымен бірге оны тек өзі үшін ғана емес басқалар үшін жасайтынын, яғни, отбасы ұжымының барлық іс-әрекеті ортақ қажеттілікке бағынатындығын саналы түсінеді.

6. Отбасындағы өсіп  келе жатқан жеке тұлғаның  қалыптасуына - отбасындағы көңіл-күйге қатысты адамгершілік микроклиматтың әсері де зор. Кейбір отбасында барлық жағдай байыппен ақылмен шешіледі, ал кейбір отбасыларда жай әңгіменің өзі ұрыс-керіс пен, балаларға дауыс көтерумен шешіледі. Осыны атап көрсетілген тәрбиелік ықпалдың дұрыс жүзеге асуы отбасындағы балаға берілетін өнегенің нәтижелі болуының айғағы деуге болады. Неге десеңіз, отбасы-баланың сезім мектебі ондағы ересектердің әрбір іс әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала еліктей отырып бойына жұқтырады. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі татулық, достық, жанашырлық, адалдық өзара көмекті байқайтын болса, бұл бала жүрегінде адамгершілік-ізгілік сезімдерін құяды. Ал керісінше дау-жанжал, өсек, өтірік бас пайдасын ойлау, қатыгездік сияқты қасиеттер байқаса, бала санасын улайды. Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін еш уақытта да ұмытпауы тиіс. Егер әр ата-ана өзінің баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекке бейім, қолынан әртүрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе, онда біз егеменді еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік. Кейбір ата-аналарымыз өз балаларын қиыншылықтан қорғап, барлық жағдайлар жасап, не киемін, не ішемін деп ойландырмай, өсіргеннің арқасында көптеген жағдайларда мансапқор, өзімшіл қолынан еш нәрсе келмейтін, соның салдарынан әртүрлі қылмысқа баратын балалар тәрбиеленеді. Сол ата-аналар баласының сондай жағдайға қалай жеткенін білмейді, өздерінің тәрбие барысында жіберген қателіктерін кеш түсінеді. Балалардың бойында еңбекке деген саналы, шығармашылық катынасты тәрбиелеуде және сол қатынасты қоғамдық парыз ретінде түсіндірудің ролі зор. Ата-аналар мен балалардың бірігіп атқарар ісі неғұрлым көп болса соғұрлым әке шешесінің ұлы мен қызына ықпалы, үлгісінің күші де зор болмақ. Ата-ананың жеке басының ықпалы балалар үшін ешқандай салыстыруға келмейтін ұлағатты өнеге. Балалар жақсы жаманды бірге көріп өседі, ең абзалы жақсы жаманды айыра білуі, оны ұғындыратын әкемен шеше, үлкендер балаларына адамдарға сый құрмет

көрсетудің, еңбекке шын  ниетімен, бар ынтасы мен күресетін  өнегесін көрсетеді. Соның негізінде  балалар еңбекті сыйлап , ешқандай қиыншылықтан бас тартпауды, өз еңбегінің нәтижесін көріп,  қуануды үйретеді.

       Бүгінгі  күн жастарын жетілген азамат  етіп тәрбиелеу отбасылардың  жауапкершілігін тағы да арттыра  түсуде. Себебі, балаға саналылықтың  сипаты ол өмірге келген күннен  бастап сол отбасында бойына  сіңеді.

Кейіннен мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әртүрлі жағдайлардың әсерімен қалыптасады.

Біздің халқымыз үшін бала тәрбиесі бір ғана отбасының, не балабақшасының немесе мектептің жеке ісінен ол бүкіл зиялы қауымның, бүкіл қоғам шұғылданатын ұлағатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру үшін өзім жетекшілік ететін сыныпта ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының ролін басты назарда ұстадым.

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен  қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы.Көздеген мақсатқа жету отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

- Отбасында баланың  өсуіне, денсаулығына қамқорлық  жасау, тазалықты қалыптастыру.

- Еңбексүйгіштікке баулу,  тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы  еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне -өзі қызмет етуге үйрету.

- Отбасы мүшелерімен  тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас  жасауға, жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.

- Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, тәрбиелеу.

-  Ұқыптылыққа, адамгершілікке,ойшылдыққа тәрбиелеу.

Бұл мақсаттардың барлығы  жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім тәрбие беріледі.

    Отбасы -адамзат  бесігін тербеткен ұл болса,  «Баланың бас ұстазы-ата-ана», «Балапан  ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі», «Әкеден ақыл, анадан мейір» алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтанда баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.

Бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, діңімізді, ата бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата -ананың басты міндеті дегіміз келеді. Сондықтанда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, ата-ана-сол насихаттарды жүргізуші. Бұны ата- аналардың қоғам алдындағы үлкен міндеті десек те болады.

        Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді»,  олай болса, егеменді еліміздің  болашағы отбасында бесіктен  басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің  мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты  тәрбиелеу.

Отбасы-тұлга  қалыптастырушы бeciк.Осыдан,"Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы гұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық, қатынастар негізгі каланады, бүкіл өмipгe жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар,есейген,ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен   келесідей қорытындылар жасауға болады:

  • отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек.Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мумкін де,бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
  • қандай да біp басқа жағдайларда калыптасуы мумкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
  • отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді,оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іcкe қосады.Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, коғам келбеті отбасыдан көрінеді;
  • салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
  • отбасының аса маңызды әлеуметтікк қызметтері-азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру,болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
  • отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

Атам қазақ басынан  талай "ақтабан шұбырынды,Алқа көл  сұламаның" кешкен,солай болса  да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің,ғулама ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян.Дуние ауыспалы ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса,дамып бару.Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік,бірақ олардың нақты кезеңдердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешімдерді ата-аналар еске салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтын міндеті.

Отбасы - қоғамның ең маңызды  тобы, бірлестігі. Жас баланы отбасында  тәрбиелеуде халқымыздың сан  ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық, және т.б жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Отбасында жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдықпен батырлыққа, сөзбен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенің біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Отбасында негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін.  Халық отбасындағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» , «Балақан өсіру-балапан ұшыру емес» деген мақал – мәтелдерден көруге болады. Ал, «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлың өссе-ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе -қызы жақсымен ауылдас бол», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім алады. 

Дұрыс тәрбие- бұл біздің бақытты қарттығымыз, нашар тәрбие- бұл біздің келешек қайғымыз, бұл  біздің көз жасымыз бұл біздің басқа адамдар алдындағы, барлық елдер алдындағы айыбымыз».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Отбасында балаларды тәрбиелеудегі отбасы жағдайы, материалдық деңгейі

 

Отбасы ұжымы мектептегі сияқты баланы тәрбиелеу, оның қабілетін, еңбеккерлігін дамытуға, ұжымдық  және дербес қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан ата-аналардың күнделікті өмірде өз балаларының   

мінез құлқын түзетуі, қажетті  қасиеттерін дамытуы, оларды тәрбиелеуде  қиыншылықтарды жеңуі қажет. Олай болса  баланы тәрбиелеу және қалыптастыруда басқару процесінің жолын табу үшін, әрбір ата-ана оған жанасудың нәзік құралын меңгеріп алуға ыждағатты болу тиіс. Бұл жағдайда отбасы тәрбиесін шебер басқару балалардың адамгершілік мінезін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, ал жағымды және сол сияқты жағымсыз қылықтары да оларды өзін өзі тексеруге талаптандырады.

Тәрбиені шебер басқару  ата-аналардан мол тәжірибені, жоғарғы  адамгершілік сезімді, теориялық білімді  және ұстамдылықты талап етеді. Осының негізінде олар отбасында баланың  өмірі мен қызметін ұйымдастыруы қажет.

А.С. Макаренко өзінің ата-аналарға жазған үндеуінде: «Тәрбие

жұмысының дәл мәні... сіздің баламен тіпті көзбе көз  әңгімелесуіңізде емес, сіздің балаға тікелей әсер етуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды ұйымдастыруыңыз, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін ұйымдастыра білуіңізде»-деп жазды.

Баланы отбасы ұжымы  тәрбиелейді. Оған барлық отбасы мүшелері қолайлы жағдай жасайды. Баланы білім  алуға, өмірге еңбекте, қоғамдық іс-әрекетке даярлауға отбасы жауапты.

Информация о работе Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері