Мінез бітістерін тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:38, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................................... 3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұны ......................... 5
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерінің ерекшеліктері ................................. 8
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері ............................................................................. 19
2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері ......................................................................................................... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................................................... 36
ҚОСЫМША ............................................................................................................................... 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мінез СНС.DOC

— 382.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Өнегелі отбасында ғана тәрбиелі ұрпақ өсіп жетілетіндіктен, бүгінгі қоғамның біршама қиындық туғызып отырған өтпелі кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде ең алдымен, отбасы жағдайының ықпалы үлкен екендігі белгілі. Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесін жақсарту, ондағы бала мен ата-аналар қарым-қатынасын гуманитарландыру мәселесі мемлекеттік тұрғыда маңызды орынға көтеріліп отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы» - деп көрсетіледі. Ал, әлемдік деңгейде “Баланың құқығы туралы конвенция” қабылданып, бала дүниеге келмей жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылуда. Бұның өзі бүгінгі бастауыш сынып оқушылар тәрбиесінің өте күрделі екендігін дәлелдейді.

Әрбір ұлттың басқа ұлттан айырмашылығы оның тілі мен ұлттық тәрбиесі арқылы ерекшеленбек. Сондықтан  бүгінгі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру және оларды бүгінгі заман талаптарына сай етіп тәрбиелеу – қоғам алдында тұрған үлкен міндет. Қоғамның бір бөлігі болып табылатын отбасының бұл тұстағы мүмкіндігі ерекше. Отбасындағы бастауыш сынып оқушыларының бүгінгі заман талабына сай жан-жақты қасиеттерін және тәрбие алуын қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдіру қажет. Ол мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайтпайынша жүзеге асуы мүмкін емес.

Оқушылардың мінез бітістерін жан-жақты тәрбиелеу мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайта отырып, тәрбиелік іс-шаралар мазмұнын гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мектеп тәжірибелерінде мұғалімдердің ата-аналар мен отбасы тәрбиесі бойынша жұмыс жүргізуінде арнайы бағдарламаның жоқтығынан өз бетінше әрекет етуі байқалса, бұл жас педагог-мамандары үшін аса бір қиыншылық туғызып отыр.

Соның салдарынан мұғалімдер отбасымен тек ата-аналар жиналысы арқылы ғана байланысып келді. Осыдан кейін бізге мектеп пен отбасының, дәлірек айтқанда, сынып жетекшілерінің ата-аналармен ынтымақтастықта әрекет етуінің нақты міндеттерін анықтау, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеу мақсатында ата-аналардың отбасы тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдірудің мазмұнын анықтау қажеттілігі туды. Зерттеу жұмысы барысында оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеу ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар, бүгінгі отбасы тәрбиесінің дамуына әсер етіп отырған нарық талаптары да назардан тыс қалған жоқ.

«Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеудің теориялық негіздері» атты тарауда бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеудің ерекшеліктері, отбасында бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеудің теориялық негіздері, отбасы – бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелеудің негізгі факторы туралы мәселелер жан-жақты қарастырылған. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен ізгілік қасиеттерінің мәнін ашуда Ресейдің Кеңес-ғалым психологтары: А.В.Петровский, Р.С.Немов, Д.С.Мухина, С.Ф.Жустков, Д.Б.Эльконин және т.б. ал Қазақстандық ғалым-психологтар Қ.Жарықбаев, М.Мұханов және т.б. еңбектерін пайдалана отырып, осы жас кезеңнің көрініс беретін мінез бітістерін жағымды және жағымсыз деп топтастырған. Олардың бойында кездесетін мейірімділік, кішіпейілділік, тәртіптілік, ақкөңілділік, сүйкімділік және т.б. жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттердің жиынтығы екендігін айқындаған.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке басының дамуы үшін ізгілік қасиеттің алатын орны ерекше. Олай болса, олардың жағымды ізгі қасиеттерін қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің ролінің мәнін жан-жақты ашу үшін «отбасы» және «тәрбие» ұғымдарына педагогикалық анықтамалар келтірілген. Сондай-ақ, отбасы – әлеуметтік орта ретінде оқушылардың жеке басының дамуына екі жақты әсер етеді және ол – баланың мінез бітістерін тәрбиелеудің негізгі факторы деп көрсеткен.

Жалпы, бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеудің үшін мектеп пен отбасы бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана оң нәтижелі мәнге ие болары анық. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері, эксперименталдық нәтижелік жұмыстар, мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері мен факторлары жан-жақты қарастырылған.

Сонымен зерттеу жұмысының нәтижелері бізге мынадай тұжырымдар жасауға  мүмкіндік берді:

1. Бүгінгі күні отбасындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігіне байланысты тәрбиені жетілдірудің негізгі көзі – мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болуға тиіс;

2. Ата-аналардың педагогикалық  білімін жетілдірудің бірден-бір жолы – жиналыстарда бала тәрбиесіне сай лекциялар ұйымдастыру керек; 

3. Ата-аналар жиналысында оқылатын  тақырыптары бастауыш сынып оқушыларының  бойындағы мінез бітістеріне сәйкес алынуы аса мәнді болуы керек; 

4. Отбасылық салт-дәстүрлердің оқушылар бойында мінез бітістерді тәрбиелеудің тәрбиелік мәнін ашу;

5. Әлеуметтік орта мен отбасының материалдық жағдайының тәрбиедегі алатын орны және т.б. мәселелер арнайы зерттеуді қажет етеді.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. // Егемен Қазақстан. – Астана, 2007, 27-шілде. - Б.5-7.

2. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени  білім беру тұжырымдамасы.  // Егемен Қазақстан. – Алматы, 1996, 7-тамыз.

3. Қазақстан Республикасының жалпы  білім беретін мектептерінің  тұжырымдамасы.               // Қазақстан мұғалімі. 1993, 9-сәуір.

4. Қазақстан Республикасының азаматтарының  мінез-құлқын дамыту тұжырымдамасы.           // Егемен Қазақстан. 1995, 7-тамыз.

5. Қазақстан Республикасының гуманитарлық  білім беру тұжырымдамасы.  // Егемен Қазақстан. 1994, 20-тамыз.

6. Жарықбаев Қ.Б. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. – Алматы, 1994. І-том.

7. Қазақ педагогикалық энциклопедия  сөздігі. Айтмамбетова Б. және т.б. – А., 1993.

8. Қоянбаев Ж.Б. Семья және  балалар мен жетекшілер тәрбиесі. – А., 1990.

9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика. – А., 1998.

10. Қазақстан Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы». // Қазақстан мұғалімі. – Алматы, 1993, 23-ақпан.

11. Бап-Баба С. Жантану негіздері. – Алматы, 2003. -350б.

12. Алдамұратов Ә. , Рахымбеков Қ. Жалпы психология. – Алматы, 1996. -215б.

13. Жарықбаев Қ. Жантану. – Алматы, 2008. -630б.

14. Әтемова Қ.Т. Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді дамытудағы отбасының рөлі.- Алматы, 2002. -118 б.

15. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. – Алматы: Дарын, 2004.

16. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі. – Алматы: Дарын, 2004.

17. Әбдіразақов Е. Ізгілік, имандылық  тәрбиесі. – Шымкент, 1994.

18. Афанасьева Т.М. Семья. (Жоғарғы класс оқушыларына арналған оқулық). – Алматы, 1985.

19. Сейталиев К.Б. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986.

20. Рувинский Л.И. Тәрбие гуманизациясы. (Мамандыққа кіріспе кітабынан). -Алматы, 1991.

21. Өтешева Х.А. Оқушыларды халық  педагогикасы негізінде тәрбиелеу. –Алматы, 1994. – 135 б.

22. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі  халықтық педагогика. – Алматы, 1994. -135б.

23. Төлеубекова Р. Ізгілік тәрбиесінің  негіздері. – Алматы, 1991. -220б.

24. Мұқанов М. Жас және педагогикалық  психология. – Алматы, 1982. 315б.

25. Гребенников И.В. Основы семейной  жизни. – М., 1991.

26. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ  тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995.

27. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы, 2004.

28. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992.

29. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы: Мектеп, 1998.

30. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. – Алматы: Рауан, 1996.

31. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для  педвузов:  В 2 кн. -Кн. 2: Процесс воспитания, – М.: Владос, 1999. -256 б.

32. Поляков С.Д. Психологии воспитания. – М.: Владос, 2000. -143 с.

33. Рожков М.И, Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе. – М., 2000. -169.

34. Фридман Л.М. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. –М., 1998.

35. Қалиев С., Майғаранова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. – Алматы: Білім, 2001.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

Бастауыш сыныптағы  ата-аналары үшін отбасы тәрбиесі бойынша  лекциялар бағдарламасының мазмұны

№1 дәріс. Тақырып: Отбасындағы өзара түсінбеушіліктің тұрмыстық ізгілік негізі. (2 сағат, практикалық)

Отбасы өмірі, ондағы психологиялық ахуал, отбасы мүшелерінің  көзқарасы мен қарым-қатынасы туралы ғылыми-теориялық хабар. Отбасы мүшелерінің  өзара түсінбеушілігінің педагогикалық-психологиялық  тұрғыдан түсіндірілуі. Ата-аналардың пікірлері мен жеке тәжірибелерін тыңдау. Олардың отбасы өмірін ұйымдастыруының әр түрлі қырын анықтауға арналған тестін немесе анкеталық сұрақтарға жауап алу. Солардан қорытынды шығару.

№2 дәріс. Бүгінгі  отбасы тәрбиесінің ерекшелігі мен  мүмкіндіктері (2 сағат)

Мұнда қарастырылатын мәселелер: бүгінгі жеке бастың қалыптасуындағы  қоғамның талабын қанағаттандыруда отбасы мүмкіндіктері мен ерекшеліктері. Ғылыми және халықтық, сондай-ақ әлемдік  педагогика жетістіктерін тәрбиелеуде  қолдану жоспарын қарастыру. Осы мәселені зерттеген ғалым педагогтар еңбектерімен танысу. Ата-аналаларды өз еліміздегі, қаламыздағы әр түрлі деңгейдегі тәрбие институттарының мүмкіншіліктерімен таныстыру. Ата-аналар тәжірибесінен пікірлерін тыңдап, ой бөлісу. Оларға отбасы өмірін ұйымдастыруды дұрыс әрекет етуге бағыт беру. Ұл балалар үшін әкелер жиналысы, қыз балалар үшін аналар жиналысы өте қолайлы. Осы жиналысқа байланысты отбасы тәрбиесі бойынша ата-аналардың білімін жетілдіру іс жүзінде мынадай сайыс өткізуімізге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

4 сынып 

Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:  Жеке тұлғаны қалыптастыру

Міндеті:  Ұлттық және адамзаттық құндылық

Мақсаты: Ғылым мен практика жетістіктері негізінде  жеке адамды дамыту ға жағдай жасау.

- Білім беру бағдарламаларын меңгерту, жеке адамның шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамыту.

- Ізгілік пен салауатты өмір  салтының берік негіздерін дамыту .

- Балалардың жеке басының дамуына  шығармашылық еңбегіне, рухани жеке  тұлға болып қалыптасуына, олардың  қабілеттерін іске асыруына, қоғам өміріне бейімделуіне, азаматтық сана-сезімінің, жалпы мәдениетінің, салауатты өмір салтының қалыптасуына жағдай жасау. Балалардың ішкі жан дүниесінің рухани баюын қамтамасыз ету, тәрбиелеу. Жаман, жиіркенішті нәрседен өзін тежей білу – табандылық, төзімділік белгісі. Өз ішкі сезімін қажетсіз нәрседен шектей білу баланың ой түйсігінің жақсы жақтарын дамытып, жақсылыққа ынталандырады. Осындай рухани мәдениетті азаматты тәрбиелеу үшін мынандай оқыту әдістерін ұсынар едім:

- ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ – жаңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер, рәсімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы – тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.

Бастауыш сыныптарда ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, ал көбінесе қаншама қиыншылықты көрсе де, оны  қалай жеңіп шығатын ақыл-айлалы, алпауыт батырларды, халық ерлігін қызықты баяндайды. Баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, ізгілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады. Дарын нышандарын өрнектейді. Мысалы, екінші сыныптағы Ана тілінен “Күй құдіреті” деген тақырыптағы аңыз-әңгіме сабағына тоқталайын:

Аңыз әңгіменің мазмұнын түсіндіру арқылы шәкірттердің ой-өрісін кеңейтіп, мәнерлеп, сауатты оқуға жаттықтыру.

Баланы сұлулықты, әсемдікті көре, түсіне білуге, армандай білуге, ойлана білуге, басқа адамның ой-арманын  түсіне білуге дағдыландыру.

Ұлы ғалым Әл-Фарабидің кім екенін таныстыру. Аңыз - әңгімеден ғалымның тапқырлығы мен кішіпейілдігін, күй құдіретін түсіндіру. Ол күйдің құдіретін жеткізген аспап, күй – саз аспабы домбыра екенін ашып түсіндіру. Домбыраның сурет салу арқылы балалардың өз халқының өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, аспаптың ерекшелігін түсіндіру, тыңдау және сезіне білу қабілетін дамыту.

 


Информация о работе Мінез бітістерін тәрбиелеу жолдары