Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:38, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген
КІРІСПЕ ......................................................................................................................................... 3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұны ......................... 5
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерінің ерекшеліктері ................................. 8
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері ............................................................................. 19
2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері ......................................................................................................... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................................................... 36
ҚОСЫМША ............................................................................................................................... 38
Сурет салу кезінде баланың айтқан әрбір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.
Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу қажет:
- Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр?
- Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді?
- Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады?
- Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек:
- Отбасы суретінің құрылымын талдау;
- Отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;
- Сурет салу процесін талдау.
Отбасы суретінің
1. Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.
Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейді. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.
Кейбір суреттерде адамдар немесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұл да баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.
2. Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді. Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.
Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бейнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең. Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне-өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.
ЖКС үшін сандық бағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады: 1) Қолайлы отбасылық жағдай; 2) Үрейлік; 3) Жанжалдық; 4) Өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) Отбасы жағдайындағы дұшпандық.
Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін бағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады. Алынған нәтижелерді өңдеу орташа бал – «2» ұпайды көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды: Мектеп психологының, сынып жетекшесінің ары қарай мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына диагностикалық жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін көрсетеді. Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді.
№ 6 кесте
Отбасы кинетикалық суретінің белгі кешені
Белгі кешені |
Белгі |
Ұпай |
1.Қолайлы отбасылық жағдай |
1. Отбасы мүшелерінің жалпы іс-әрекеттері 2. Суретте балалардың көптігі 3. Отбасы мүшелерінің барлығының бейнеленуі 4. Бөлектенген отбасы мүшесінің болмауы 5. Штрихтардың болмауы 6. Сызықтың жақсы сапасы 7. Дұшпандылық көрсеткіштерінің болмауы 8. Парақта адамдардың теңбе-тең қойылуы 9. Басқа да мүмкін болатын белгілер |
0,2 0,1 0,2 0,2 0,1 0,1 0,2 0,1 - |
2. Үрей |
1. Штрихтау 2. Негізгі сызық – еден 3. Сурет үстінде сызық болуы 4. Сызықтың қатты сызылуы 5. Өшірілуі 6. Бөлшектерге назардың көп бөлінуі 7. Заттардың көп болуы 8. Екеулік және үзілмелі сызықтар 9. Бөлек заттардың астын сызу 10. Басқа да мүмкін болатын белгілер |
0,1; 2,3 0,1 0,1 0,1 0,1; 2 0,1 0,1 0,1 0,1 |
3. Жанжалдық |
1. Тұлғалар арасындағы тосқауыл 2. Жеке тұлғаларды өшіру 3. Кейбір денелерде негізгі мүшелерінің болмауы 4. Жеке тұлғаларды бөлу 5. Жеке тұлғаларды оқшалау 6. Жеке тұлғалардың қолайсыз үлкендігі 7. Суреттік вербалды сәйкессіз бейнесі 8. Заттардың көптігі 9. Отбасы мүшелерінің кейбіреулерінің жоқтығы 10. Арқасымен тұрған отбасы мүшесі 11. Басқа да мүмкін болатын белгілер |
0,2 0,1; 2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,1 0,2 0,1 - |
4.Өзін толықтырмаған сезіну |
1. Сурет авторы басқаларға қарағанда өте кішкентай 2. Денелердің парақтың төменгі жағында орналасуы 3. Сызық әлсіз, үзілмелі 4. Өзін басқалардан бөлек салу 5. Тұлғалардың кіші болғаны 6. Басқа тұлғаларға қарағанда өзін әрекетсіз етіп салу 7. Өзінің жоқтығы 8. Өзі артқа қарап отырғанын салу 9. Басқа да мүмкін болатын белгілер |
0,2 0,2 0,1 0,1 0,1 0,1 0,2 0,1 - |
5.Отбасылық жағдайда дұшпандылығы |
1. Бір тұлға басқа
парақта немесе парақтың 2. Тұлғаның агрессиялық қалыпы 3. Сызылып тасталынған тұлға |
0,2 0,1 0,2 |
Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде отбасы жүйесіндегі ата-аналарға мынадай сауалнама жүргізілді. Оның мазмұны төмендегідей:
Нәтижелерді өңдеу Баланы тәрбиелеу типінің төрт түрлі бағытына сәйкес анықтадық:
І-Отбасы үлгісі; ІІ–Асыра қамқорлық; ІІІ–Аз қамқорлық;ІV– Қараусыздық;
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі: І, ІІІ, ІV – тәрбиелеу типтері-45% көрсетті.
Жүргізілген зерттеулер отбасындағы ата-аналардың әлі де педагогикалық мәдениеті мен психологиялық білімдерінің жеткілікті дәрежеде дамымағандығын байқауға болады. Осыған байланысты отбасы тәрбие жағдайында оқушылардың ізгілік қасиеттерін қалыптастыру үшін ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдерін жетілдіру жұмыстарын жүргізу өте тиімді. Ол ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнына отбасы тәрбиесі мәселелері және оқушының ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері туралы білімдерді ендіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан ең алдымен, сынып жетекшілерінің мектеп психологымен бірлескен жұмыстарының білімдерін көтеру жолдарын іздеу ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдерін көтеруде пайдаланылатын білімдер қорын ең алдымен сынып жетекшілері мен мектеп психологтарының жетік меңгерулері тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуге ата-аналарды мектеп жұмысына тарту арқылы нәтижелі еңбек етіп жүрген ғалым-педагогтар тәжірибесіне сүйенсек, Ш.Амонашвили ол мектепті балалардың үлкен өмірге даярлығын қалыптастыратын «Өмір мектебіне» берген ата-аналар мектептің алдағы оқу-тәрбие үрдісіндегі мақсатымен хабардар етілуі керектігін айтады. Кейбір жаңадан ендірілген білімдермен, әрекеттермен (оқу құралдарының, сабақ өту дәстүрлерінің өзгеруі) ата-аналарға оқу бағдарламаларының мазмұны шектен тыс көп сияқты болып көрінуі мүмкін дейді. Сондықтан, әсіресе, бірінші оқу жылдарында ата-аналармен шыдамдылықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонда біртіндеп, «Өмір мектебі» ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынаста бола алады. Бұл процестің қарқынын, яғни мектептің жанұя тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін «Өмір мектебі» ата-аналарға есігін айқара ашады. Бұл ата-аналарға балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызады деген сөз.
«Өмір мектебінің» ата-аналармен жүргізетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады:
Біріншіден, ата-аналар мектепті балалардың шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету;
Екіншіден, ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ізгілік – ізгілік қарым-қатынаста болуға үйрету.
Отбасы мен мектептің
Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – ата-аналар жиналысы. Бұл сынып жетекшінің отбасымен байланысының аса маңызды түрі. Ата-аналар әр мектепте, әр түрлі кездерде, әр түрлі жағдайларда болады. Ата-аналар жиналысы біздің мектепте оқу жылының басында және әр тоқсанның аяғында, әр мерекенің, кештердің алдында өткізіледі. Бұл жиналыста ата-ананың көңілін сынып жетекшісі өзіне аудару жөнінде кіріспе баяндамалар оқып кетеді. Сонан соң күн тәртібінде қаралатын мәселелерді ескертеді. Жақсы дайындалып, шебер өткізілген жиналыстар балалар мінез-құлқын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Алғашқы жиналыста мұғалім ата-аналар комитетінің құрамын сайлайды. Бұл мәселені ата-аналардың өздері келісіп шешкен жөн.
«Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» әдістемелік хатта былай делінген: «Ата-аналар жиналыстарында педагогикалық оқу-ағарту жұмыстарымен қатар мектеп пен отбасында бала тәрбиелеудің тәжірибесін алмасу жүзеге асырылады, ата-аналар қолданып жүрген тәрбие әдістерінің сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады».
Сынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді. Олардың мақсаты – ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, отбасында бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Жиналыстардың тақырыбы тәрбие жұмысын бүгінгі күннің талабына сай және ата-аналардың талаптарына байланысты алынады. Мысалы: «Баланың жақсы оқуына қалай көмектесуге болады?”, “Балаларды отанды сүюге тәрбиелеу», «Балаларды шындыққа және адалдыққа тәрбиелеу», «Отбасында баланы ынталандыру», «Ата-ананың беделі және жеке басының үлгісі» т.б. Ата-анамызға арналған жиналыстарға жоғары сынып оқушыларынан қатысып күрделене түседі. Жиналысты үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналарын талқылау органына айналдыруға болмайды, дұрысы тәртіп пен үлгерімді жақсарту айтылғаны мақұл. Жиналыстарға ата-аналар келмеу себептері балаларының үлгерімдерін айтып, көңіл-күйін төментеду сияқты, олар үйде балаларын ұрып-соғады. Бұл жерде ата-аналардың намысына тимеу керек. Қазіргі таңда ата-аналар жиналысына көбіне аналары келеді де, әкелері қалып қояды. Сол үшін жиналысты әкелер жиналысы, әжелер жиналысы деп бөліп шығаруға болады. Біз бастауыш сыныптағы ата-аналар білімін жетілдіру мақсатында лекциялар бағдарламасын жасадық. Оның мазмұны қосымшада қарастырылған.
Отбасы тәрбиесінде ата-аналар мен мектеп Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау жолында өз жанын аямайтын нағыз ұлтжанды, өз халқын, өз отанын шексіз сүйетін еліміздің нағыз қорғаны бола алатын азаматтарды шығару үшін ықпалы ерекше болады. Нағыз еліміздің азаматын тәрбиелеу, біріншіден, отбасымен байланысты. Тәрбиенің бастауы отбасынан басталады. Бала өз отбасында негізгі рөл атқарады. Отбасындағы баланың ең негізгі қасиеттерінің бірі – оның ізгілігін қалыптастыру, оған мектеп пен ата-ананың арасындағы байланыс тұрақты болу керек. Ата-ана мен мектептің бірлігі үлкен мақсат жолындағы тұтастығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ең маңызды шарт екенін білуіміз керек. Оны қазіргі мұғалімдер мен ата-аналар жақсы түсінеді. Бұл ретте ата-аналардың да белгілі мөлшерде педагогикалық білім тәжірибесі болуы керек. Ұрпақ тәрбиесінің түп негізі бастауыш сыныптарда екені анық. Осыны терең түсінген көптеген ата-аналар балаларының даңғыл жол ашатын, негіз болып қалатын сәтте мектеппен, ұстаздармен бірлесе орасан зор жұмыс атқарады. Бұл тұста, әрине, ұстаздардың белсенділігі ерекше.