Мінез бітістерін тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:38, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................................... 3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұны ......................... 5
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерінің ерекшеліктері ................................. 8
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері ............................................................................. 19
2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері ......................................................................................................... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................................................... 36
ҚОСЫМША ............................................................................................................................... 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мінез СНС.DOC

— 382.50 Кб (Скачать документ)

6. Мектеп ұжымы – өте үлкен ұжым, ұйымшыл және өз істеріне шебер ұстаздар өте көп.

7. Мұғалім – онда ата-ана, сондықтан ол қатып қалған тәртіптің адамы емес деп ойлаймын.

8. Қызымның бойындағы жағымсыз қасиеттерінен жағымда қасиеттері басымдау, оның себебі, апайынан алған тәртібі мен білімінің арқасы деп ойлаймын.

Осындай жағдайларға  байланысты ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, лекторийлер және ата-аналарға арналған университеттер, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Сыныптаға оқушылардың  ата-аналармен келісіп тәрбие беру, балалардың оқуларын ұйымдастырулары, күн тәртіптері, олардың орындалулары, нәтижелері айтылып, тәжірибе алмасулар жүргізілсе, сөзсіз ұтымды болады.

Отбасы тәрбиесі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде белгілі бір білімділік пен әрекет дағдыларының қалыптасуымен анықталады.

Балалар бойында  мінез бітістерін тәрбиелеу ата-аналарға психологиялық, физиологиялық, гигиеналық, педагогикалық, медициналық білімдер және байқағыштық, педагогикалық такт, қарым-қатынастың, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттері, сонымен бірге мейірімділік, сөзі мен ісінің бірлігі, адалдық секілді ізгілік қасиеттер бойынан табылуы тиіс.

Бүгінгі күні мектеп пен отбасының  байланысы және мектептің отбасыға ықпал етуінің негізгі формалары – ата-аналар жиналысы, мектептегі ата- аналар күндері, әкелер мен аналар конференциялары және т.б. болып отыр. Жұмыс түрлерінің өзгешелігімен оның мазмұнының жаңаша бағыт алуы қажеттілікке айналып отыр. Отбасындағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым-қатынас жүйесін зерттеуде  әрбір ата-анамен жеке-дара  жұмыс жүргізілуі қажет. Ата-аналар жиналысында баланың мінез бітістерін тәрбиелеуге қатысты барлық ғалымдар саласы (психология, физиология, педагогика т.б.) интеграциялық бірлікте қарастырылып отырылуы керек.

Т.Ахметов, Қ.Атемова зерттеу еңбектерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі сынып  жетекшілерінің ата-аналармен жұмыс жүргізуде қажет болатын білімдері мен қабілеттерін төмендегіше етіп көрсетуге болады [14, 115.].

Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде сынып жетекшілерінің ата-аналарымен жұмыс жүргізуде методологиялық, психологиялық, физиологиялық, гуманитарлық, технологиялық, жаңа көпшілік хабар, пәнаралық байланыс, гигиеналық білімдермен қаруланып, байқағыштық қабілет, қарым-қатынастық, ұйымдастырушылық, практикалық, педагогтық такт және техника, гностикалық, шығармашылық, конструкциялық, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттеріне ие болуы тиіс. Сонымен бірге баланың ізгілік қасиеттерінің қалыптасуында білімділік, қарапайымдылық, мейірімділік, жоғары талап қоюшылық пен кешірімділік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, кішіпейімділік, сабырлылық секілді қасиеттердің болуы қажет.

Бүгінгі күннің талабына сай отбасы өмірін ұйымдастырып, балалардың ізгілік қасиеттерін дамытуда ата-аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің ата-аналарға арналған іс-шараларының мазмұнына ендірілумен жүзеге асырылмақ.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы негізінде ата-аналардың педагогикалық білімін көтеру мәселелері көптеген ғалымдар-педагогтар Г.К.Байгельдинова, И.В.Гребенников, Б.Мұқанов, М.С.Сангинова, Р.М.Капралова, Ж.Қоянбаев, Қ.Атемова т.б. тарапынан зерттеліп, қарастырылып жүр [14,15,16,17]. Жанұя тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналардың білім қоры мен қабілеттіліктері әртүрлі болып кездеседі. Жоғарыдағы ғалым-педагогтар олардың сауатын көтеруде мектеп басшылығын негізге алса, ал А.Е.Мосин: «Бүгінде ата-аналар өте сауатты. Сондықтан олардың жанұя тәрбиесіндегі білім мен тәжірибесін сабақтан, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды басқаруға тарту арқылы пайдалану керек» - деген идеяны ұсынады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен  оның өзі жанұя тәрбиесі мәселелері саласына жан-жақты білімді болуы тиіс.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі отбасы жүйесінің  тәрбиесі мәселелері саласынан жан-жақты  білімді болуы тиіс.

Отбасы жүйесінде оқушылардың  мінез бітістерінің тәрбиеленуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі – оқушының мінез бітістерінің тәрбиеленуі отбасы мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара-қатынас отбасы жүйесінің педагогикалық күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады. Отбасының педагогикалық процесі күйіне диагностикалау жұмыстарын жүргіздік және оны мына №3 кесте арқылы көрсетуге болады.

Педагогикалық процестің сипаттамалары  отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты отбасы жүйесіндегі педагогикалық процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады (жоғары, орташа, төмен).

Кесте 3

Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде отбасының педагогикалық процесі күйінің диагностикалық жүйесі

Негізгі критерийлер

Көрсеткіштер

Диагностикалық әдістер

Отбасының жалпы сипаттамасы

1.Отбасы құрылысы

2.Ауқаттылығы, тұрмыстық  жағдайы

3.Ата-ана туралы мәліметтер (білім деңгейі, кәсібі, әлеуметтік-мәдени  құндылық бағыттары, мақсат-мүдделері) 

1. Жеке іс-құжаттарын зерттеу

2. Отбасына бару (байқау, бақылау, әңгіме-сұхбат жүргізу)

3. Құжаттарды зерттеу, сұрақ-жауап

Өнегелік- психологиялық  атмосфера

1.Өнегелілік мақсат  нұсқаулары

2.Отбасындағы өзара  қатынас стилі

3.Ата-ананың оқушының  өмір әрекетінің мазмұнына көңіл бөлуі

1. Сұрақ-жауап

2. Әңгіме-сұхбат

3. Оқушылардың шығарма-лары

4. Тесттер

5. «Мен және менің отбасым» суреті

6. Ранжирлеу

Ата-ананың педагогикалық  мәдениеті

1.Ата-ананың тәрбиенің  мақсатын, міндеттерін түсінуі

2.Тәрбиенің құралдарын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін білу

1.Сұрақ-жауап

2.Әңгіме-сұхбат

3.Байқау-бақылау

Оқушының сипаттамасы

1.Отбасы өміріне белсенді  араласу

2.Адамгершілік, интеллектуалдық,  өмірлік мақсаттар

3.Іс-әрекеттің мақсаты,  себеп-салдары

4.Іс-әрекет түрлерінің  алуан түрлілігі

5.Іс-әрекеттің білігі  мен әдіс-тәсілдерін игеру

1.Байқау-бақылау

2.Педагогикалық ситуациялар


 

Жоғары деңгей – барлық негізгі  көрсеткіштер толығымен көрініс  тапқан отбасылар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық  мәдениеті дамыған олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Балалар белсенді дамыған, ұйымдасқан, алдында белгілі бір мақсаттары бар. Отбасында оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Отбасындағы арақатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Мұндай отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым оқушылардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары бұл жетістіктерін де біледі. Оқушының мектептегі жағдайы да отбасында еркін талқыланады; Ата-ана оқушыны жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді.

Орташа деңгейде отбасының педагогикалық процесі, жалпы алғанда қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері түзетуді қажет етеді. Ата-ана баланың мінез бітістерін тәрбиелеуде жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Отбасы сипатындағы ортақ нәрсе – педагогикалық процесті ұйымдастыруда әртүрлі қиыншылықтардың болуы.

Төмен деңгейі отбасының іс-әрекетінде ала ауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениеті, оқушының мінез бітістерін тәрбиелеуге деген жауапкершіліксіздік, педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Оқушылардың үлгерімі төмен, олар үшін отбасылық өмірдің қызығы жоқ, балалардың әуестіктері кездейсоқтық сипатқа ие, жасөспірімдер ортасының оларға кері әсері өте үлкен.

Сонымен, отбасы жүйесіндегі ата-аналардың  педагогикалық білімі мен мәдениеті  туралы көрсеткіштер үш деңгейлік жолмен анықталып, тексерілді. Оны №4 кесте арқылы көрсетуге болады.

Кесте 4

Отбасы жүйесіндегі  ата-аналардың педагогикалық білім  мен мәдениеті туралы көрсеткіштер мен деңгейлері

Көрсеткіштер

Деңгейлер

Жоғары

Орташа

Төмен

1

Ата-ананың мақсат-мүдделері, әлеуметтік-құндылық бағыттары

 

+

+

2

Ата-ананың оқушының өмір әрекетіне қатынасы

 

+

+

3

Ата-ананың өнегелілік мақсат бағыттары

+

+

4

Отбасындағы өзара қарым-қатынас  мәдениеті

+

5

Ата-ананың тәрбиенің  мақсаттары мен міндеттерін түсінуі

+

+

6

Тәрбиенің амалдарын, әдістерін, тәсілдерін педагогикалық сауатты пайдалану

+

7

Ата-ананың баланың қызмет әреке-тін ұйымдастырудағы білік  пен дағдыларының болуы

+

8

Оқушының отбасы өміріне  араласуы

+

9

Баланың іс-әрекетінің мақсаты  мен себеп-салдарының адамгершілік негіздері

+

10

Оқушының іс-әрекетінің алуан түрлілігі

+

11

Оқушының іс-әрекетінің біліктері мен тәсілдерін игеруі

+


 

Ата-ана баланың оқу іс-әрекетіне  көңіл бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшін қиындық туғызады. Олар сондай-ақ, оқушының сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда да қиналады. Бос уақытты бірге өткізу кездейсоқ болады. Онда жүйелілік пен педагогикалық бағыттылық жоқ.

Ғылыми-тәжірибе жүргізген мектептерімізде бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеу мақсатында оқу жылына жоспарланатын ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін  айқындадық:

- Тәрбиеге кешенді көзқарасты жүзеге асырудағы мектеп пен жанұяның

өзара толық түсінушілігі мен келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету;

- Жанұя мен мектепте ата-аналардың тәрбиелеу белсенділігін барынша

дамыту ;

- Әрбір отбасында балаларды жан-жақты қалыптастырып, тәрбиелеу үшін

жағдайлар жасауға жәрдемдесу;

- Балаларды еңбекке тәрбиелеп, денесін шынықтыруда ата-аналардың белсенділігін күшейтуге үнемі жәрдемдесіп отыру;

Бастауыш сынып оқушылары –  тек өз ата-анасының, мұғалімдердің ғана емес, ұлыс пен ұлттық ертеңгісі, келер ұрпаққа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың бала тәрбиелеу ісіндегі ең өзекті мәселесі. Сондықтан да ата-ана, мұғалімдер болып жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді басты назарға алдық.

Ата-аналар жұмысты ұйымдастырудағы  негізгі міндеттерін айқындай отырып, іс-тәжірибеде мынадай жұмыстарды атқардық:

- Оқу жылының басында және  оқу тоқсанының қорытындасында  сыныпта Ата-аналар жиналысын тұрақты өткізіп отырдық. Жалпы ата-аналар жиналысында мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, ондағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата-аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру.

- Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушылар үйлеріне барып тұрдық, баланың ізгілік қасиеттерінің дамуына жанұяның ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтадық.

- Ата-аналарға бала тәрбиесі  туралы дәрістер оқып, баланың  ізгілік қасиеттерінің қалыптасу  және даму жолдары мен заңдылықтары туралы білім беру.

 

 

 

Сынып ұжымы дәстүрлерінің одан әрі дамып, белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу.

Кесте 5

Мерзімі

Ата-аналарымен педагогикалық ағарту тақырыптары

Жанұялармен жүргізілетін жеке-дара жұмыс

Ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыс

Қыркүйек

Оқушылары дамытудың  әлеуметтік – психологиялық жағдайы  және оның баланың жеке басына әсері

1. Сынып оқушыларының  жанұяларымен танысу

2. Әрбір баланы тәрбиелеудің  нақты міндеттерін сақтау 

Ата-аналар жиналысын өткізуге дайындық; ата- аналар комитетінің мүшелері мен белсенді топтарына қатысушыларды іріктеу; жұмыс.

Қазан

Сіз өз балаңызды мектепте қандай ұжымда көргіңіз келер еді? Бұл  үшін тәрбиешілердің не істеуі керек?

Жанұяларға бару; ақыл – кеңес айту, пікірлесу.

Сыныптан тыс жұмыс  үшін материалдық негіз жасау. Қосымша сабақтарға жазу.

Қараша

Тәрбиешілердің қамқорлықтары  мен тәрбиеленушілердің ішкі дүниесі

1. Ата-аналарға оқушылардың мінездемелерін тапсыру

2. Ата-аналардан мінездемелер жөнінде пікірлер мен толықтырулар алу.

3. Жанұяларға бару

Сыныптан тыс жұмыс  үшін материалдық негіз жасау

Желтоқсан

Сіз өз балаңыздың достарының қандай болуын тілейсіз? Сынып оқушыларының немесе таныс балалардың ішінен оларды атаңыз 

1. Ата-аналарға берілетін практикалық ұсыныстарды талдап жасау.

2. Жанұяларға бару

«Өздеріңнің әкелерін мен  шешелеріңнің өмірі мен еңбегі» - ауызша журнал дайындау

Қаңтар

Мектептің міндеттері (Конституция  мен Білім туралы заң бойынша)

Ата-аналарға арналған күнделікті ұсыныстар әзірлеу

Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы бойынша конференцияға дайындау

Ақпан

«Күн реттелімі» өте  маңызды да керек.

Жанұяларға бару

Оқушылардың шығармаларын талдау: «Біздің жанұяның демалыс  күні» және «Менің демалыс күнім»

Наурыз

Жанұя мен баланың  бос уақыты (бір жылда баланың 135 бос күні бар)

Жанұяларға бару

«Сендердің әкелерің мен шешелеріңнің өмірі мен еңбегі» - ауызша журнал

Сәуір

Туған күн. Ана және әке  болу қуанышы

Жанұяларға бару

Сенбілік өткізуге даярлық

Мамыр

Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабын талқылау

1. Тәрбие міндеттерін анықтау.

2. Балалардың жазғы  демалысын ұйымдастыру жөнінде  ата-аналарға ұсыныстар жасау

Балалардың жазғы демалу жоспары


 

 

 

2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері

Бүгінгі таңда ата-аналардың отбасы тәрбиесі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуге дайындығын арттырудың бір жолы оларға жүйелі түрде білім беру болып отыр. Ол ата-аналар жиналысы, ата-аналар университеті, сұхбаттар мен әңгімелер және басқа да іс-шаралар мазмұнына ендірілу арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуге отбасы жүйесінің қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік-психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, сауалнама, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест және т.б.

Сонымен қатар, отбасы жүйесі арқылы оқушылардың типтік мінез бітістерін тәрбиелеуде әлеуметтік-психологиялық  әдіс-тәсілдер мыналар: «Отбасылық социограмма  тесті», «Отбасының кинетикалық суреті», «Көркем сурет әдістемесі», «Тұлғалық қасиеттерді анықтауға арналған балалар сауалнамасы», «Айзенк сауалнамасы», «Адам суреті» тесті, «Э.Г.Эйдемилердің ОТТ (отбасы тәрбиесін талдау) сауалнамасы», «ОТТ ата-аналарға арналған сауалнама» А.Я.Варга, В.В.Сталиндердің «Ата-ананың балаға қатынасына сауалнама тесті және т.б».

Бұл аталған әдіс-тәсілдер отбасы жүйесіндегі қарым-қатынасты, отбасы мүшелерінің бір-біріне эмоциялық  байланысы мен сезімдік жағдайлары, отбасындағы балалардың типтік мінез  бітістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысына Шымкент қаласындағы №46 жалпы орта мектебінің 2-4 сынып оқушылары, яғни 60 оқушы және 30 ата-ана қатысты. Тәжірибелі экспериментке қатысқан сынып оқушыларына анықтау мақсатында «Отбасының кинетикалық суреті» тесті жүргізіледі.

Телімелі тест зерттеленетін  баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды. Бұл телімелі тесті қолданған кезде мынадай жағдайлар ескерілді: Әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді. Телімелі тест 2 бөліктен тұрады: Отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тесті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш таратылуы қажет.

Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».

Информация о работе Мінез бітістерін тәрбиелеу жолдары