Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:38, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген
КІРІСПЕ ......................................................................................................................................... 3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұны ......................... 5
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерінің ерекшеліктері ................................. 8
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері ............................................................................. 19
2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері ......................................................................................................... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................................................... 36
ҚОСЫМША ............................................................................................................................... 38
Бастауыш сынып оқушылары кезеңі мінез бітістерінің оң сапаларын тәрбиелеу үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Үшінші сыныпта оқыту басталарда өскелең талаптардың ықпалымен, дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының ықпалымен кіші жастағы оқушыда еңбек сүйгіштік, үлгілік, тәртіптілік, ұқыптылық қалыптасады. Психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, мінез бітістерінің құрылымдық моделін ұсынуға мүмкіндік берді. Оны №1 сызба арқылы көрсетуге болады.
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, т.б. жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу – психология ғылымының алдындағы басты міндет. [26,27].
№1 сызба
Отбасы – қоғамдық-әлеуметтік құрылымдық орта бола отырып, бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиеленуіне жүйе ретінде жан-жақты ықпал етеді. Оны мына №2 сызба арқылы көрсетуге болады.
№2 сызба
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір-бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Оқушылардың ата-ана және құрбыларымен
қарым-қатынаста болуы
Мектептің отбасымен бірлесе отырып
жұмыс жүргізуде педагогикалық-
Отбасы психотерапиясында
Отбасы дамуы процесс
1. Кері құрылымдық, бұл отбасы
қатынасының бұзылуы және оның
қалыптасуына кедергі
2. Құрылымдық, отбасының жаңа деңгей
қызметіне көтерілуіне
Отбасында оқушының мінез бітістерін тәрбиелеу ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көзқарасында қосуда. Э.Эриксон да өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізді. Оқушының мінез бітістерінің тәрбиеленуі өмір сүрген ортасының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты «әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады. Оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге эволюцияланған болып табылады».
1. Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда аз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса, бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді.
2. Екінші кезең бір жастан үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «мен өзім» дағдарысын туындатады.
3. Үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды.
4. Төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады [35].
Көптеген ғалым-педагогтардың еңбектеріндегі педагогикалық-психологиялық көзқарастарды қорытындылай келе, қазақ отбасыларында баланы тәрбиелеу мынадай төрт бағытта жүзеге асырылады деп тұжырымдауға болады.
1. Балаларды отбасында ерте кезден үлкенді сыйлауға үйретеді. Олар әртүрлі жолмен жүзеге асырылады. Ең бірінші жолы – ата-аналардың өз өнегелері. Сондай-ақ, жанұялық салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрыптар, әртүрлі нанымдар және т.б.
2. Отбасындағы балаларға жүйелі түрде өз бауырларына қамқоршы да, көмекші болу керектігін олардың болашағына жауапкершілікпен қарауды түсіндіріп, сендіріп отырады.
3. Балаларды өз бетінше
еңбектенуге, қоршаған ортаға, адамдарға
үнемі көмектесуге дайын
4. Жастайынан өнерге баулып, шығармашылық қабілеттілігін (сөз шешендігі, күй, ән т.б.) қалыптастырады.
Жоғарыда келтірілген әдебиеттерге талдау – отбасы – бастауыш сынып оқушыларының бойында мінез бітістерін тәрбиелеудің негізгі фактор болатынын дәлелдейді.
Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде ықпал ететін фактор – отбасы, мектеп, орта, көпшілік ақпараттық құралдар және т.б. ішінен жанұяны – ең негізгі фактор деп бөліп алғанымызбен, ол қоғамнан, әлеуметтік ортадан өмір сүруі мүмкін емес.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеудің сәттілігі көбінесе мектеп пен отбасындағы тәрбие жұмысының ынтымақтасып жүргізілуіне байланысты болады. Мектепте бала қоғамдық мінез-құлықтар мен қоғам алдындағы өз міндетін орындау, үйдегі міндетін орындау т.б. үйреніп, оның орындалу деңгейінде жауап берудің алғашқы тәжірибелерін жинақтайды. Осы міндеттерге байланысты мәселелерді шешуде ең бірінші орында көмекші, әрі сүйеніш болатын адам бұл ата-ана және отбасындағы ересек адамдар. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде және қалыптасуында олардың әсері өте үлкен.
Отбасында балалар кішкентай кезінен ұнамды әрекеттер мен ұнамсыз әрекеттерді айыра біледі, үлкенді алдау, кішілерді ренжіту – бұл жаман, үлкенді сыйлау, кішіге қамқоршы болу – бұл жақсы деп болжайды. Барлық әрекеттердің түрлері жақсы әдеттерді бекітуге бағытталуы керек. Отбасында бала тәрбиелеуде көбіне ата-аналар өздері кемшіліктер жіберіп отырадыОл баланың мінез бітістерін тәрбиелеуге жауапкершілікті ата-аналар мектепке немесе бала-бақшаға аудара салуынан, үй жұмыстарына қатыстырып отырмауынан, мадақтау мен жазалау әдістерін әділ де орынды қолданбаушылықтан, күш көрсетушіліктен, баламен қарым-қатынас жасау тактісінің болмауынан баланың көзінше ата-аналардың ұрсуынан, балаға немқұрайлықпен қараудан шектен тыс еркелетіп жіберуден пайда болады. Бұл кемшіліктер баланың сабақ үлгеріміне ғана емес, сонымен қатар, оның еңбексүйгіштік, көпшіл болу ынтасына, талабына жауапкершілігі мен өзіне деген талап қоюшылығына да кері әсер тигізеді. Отбасындағы баланың ұнамсыз қасиеттерін тәрбиелеудегі кемшіліктерін жоюдың нақты жолын көрсету мүмкін емес. Ол әрбір баланың ерекшелігі мен тәрбие әдістерін дұрыс таңдап қолдануымен анықталады. Баланың жақсы оқуына көмектесу үшін оған қосымша тапсырмалар беру арқылы оқу үлгерімін жақсартуға болады деп есептейтіндер үлкен қателікке жол береді. Сондықтан азамат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол секілді балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері
Соңғы жылдары қоғамдағы тәрбиенің мақсаты «Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді етіп қалыптастыру» деп көрсетілген. Демек, бүгінде әрбір адамның жеке басын материалдық және рухани адамзаттық құндылықтармен молайту көзделіп отыр. Бұл мақсат міндеттер жанұя тәрбиесін жақсатудан бастау алып, ондағы тәрбиелер мен ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдірумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата-аналардың отбасы тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйытқы болатын мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болып отыр.
Бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер ең алдымен отбасына үлкен әсерін тигізуде. Соның негізінде бүгінгі әлеуметтік өмірдегі қиыншылықтарды бастан кешіріп отырған отбасы жүйесінің мынадай белгілерін көрсетуге болады.
- Бүгінгі отбасының әл-аухатының төмендігі;
- Демографиялық жағдайдың нашарлауы, яғни отбасындағы бала санын шектеу қиыншылықтан шығу бірден-бір жолы деп саналады;
- Рухани байлықтан гөрі материалдық байлықты дұрыс көріп, әке-шешесімен қоса оқушы балаларына дейін саудамен айналысуы, яғни тәрбиеге көңілдің аз бөлінуі;
Ата-аналардың аз оқитындығында, яғни бала тәрбиесіне қатысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен газет-журналдар оқымайтындығында.
Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін үнемі ашып, балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектептің ата-аналары мен жүргізілетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады.
Біріншіден, ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап өздеріде мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету.
Екіншіден, ата-аналарды жанұяда баламен өзара қарым-қатынаста болуға үйрету. Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестіктері отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата-аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты дамытудың маңыздылығын ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімінің, мейірімділікпен сыйластықтың қажеттілігіне біледі. Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысы баланың мектепте және отбасында, тұтас білім берушілік ортада тәрбие алуына жағдай жасауға бағытталған. Отбасы – саналылық пен ынтымақтастықтың және болашақтың бастаулар негізі. Мұғалімдер отбасының тәрбиелік мүмкіндігін толығымен аша отырып, ата-аналардың да ізгілік педагогикалық мынандай идеясын мойындауына атсалысуда.
Бала туылғанда пәк болып, тек
адамдық пен ізгілік
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың бүгінгі күні ерекшеліктерін зерттеу, айқындау мақсатында Шымкент қаласындағы №46 орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларының отбасының өмірін мектепте оқумен байланыстардың және олардың ата-аналарына мынадай анкеталық сұрақтар тарату арқылы педагогикалық дайындығының жай күйін білуімізге болады.
1. Мектепке деген көзқарасыңыз қандай?
2. Мектеп – ойын ордасы деп ойлайсыз ба?
3. Балаңызды немесе қызыңызды мектепке қандай үмітпен жібересіз?
4. Балаға қарайтын уақыттың жоқтығынан мектепке жіберемін деп ойлайсыз ба?
5. Мектеп ұжымы жайлы не айтасыз?
6. Балаңыздың жақсы ұстазын жақсы танисыз ба?
7. Ұстазының білімін жақсы деп бағалайсыз ба?
8. Баланың ұстазымен дос бола алады деген сезімін расқа шығара аласыз ба?
9. Сіз ұстазды тек қатып қалған «тәртіп адамы» деп ойлайсыз ба?
10.Балаңыздың бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттері ұстазынан алынған тәрбиенің жемісі деп ойлайсыз ба?
Осы сұрақтарға ата-аналардың көпшілігі 68% толық дұрыс жауап бере алмады, ал 20% дұрыс толық жауап берді, ал қалған 12% мүлдем дұрыс жауап бере алмады. Бұдан байқайтынымыз, ата-аналардың уақыттарының жоқтығынан, жиналысқа келмейтіндігінен, мектептің, мұғалімнің жағдайын білмейтіндігінен болар. Бұл анкетаның сұрақтарға кейбір ата-ана берген жауаптары:
1. Мектеп білім ордасы, мектеп білім нәрінен сусындайтын орын;
2. Мектеп деген – үлкен бір мешіт деп ойлаймын. Ол жерден мына өмірге
қалай қадам басу керек екендігіне тәрбиелейді. Сондықтан ол жерді – мен ойын ордасы деп айтамаймын.
3. Ұл-қыздарымды мектепке үлкен үмітпен жіберіп отырамын. Оның
болашағы үшін.
4. Баламды мектепке қарайтын уақытым жоқтығынан жіберіп отырған
жоқпын. Балам білім алсын, тәрбиелі болсын деймін.
5 .Қызымның ұстазын жақсы танимын. Ол осы мектептің түлегі болған екен және өз ісінің шебері екендігін дәлелдей алатын мұғалім екендігін жақсы білемін.