Мінез бітістерін тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:38, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................................... 3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұны ......................... 5
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерінің ерекшеліктері ................................. 8
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері ............................................................................. 19
2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері ......................................................................................................... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................................................... 36
ҚОСЫМША ............................................................................................................................... 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мінез СНС.DOC

— 382.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ  .........................................................................................................................................  3

 

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұны  .........................  5

 

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының  мінез бітістерінің ерекшеліктері  .................................  8

 

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ

 

2.1. Бастауыш сынып оқушыларының  мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері  .............................................................................  19

 

2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері  .........................................................................................................  27

 

ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................................................  34

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................................  36

 

ҚОСЫМША  ...............................................................................................................................  38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. XXI ғасырда адамзат қоғамының бәсекелестік, ақпараттандыру заманына лайықты биік белестерден көрінуі – Мемлекет Президентінің жолдауында атап көрсетілгендей, тәрбиенің сапалы болуына, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты [1].

Бүгінгі таңдағы  отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген [2].

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні – отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Отбасы – бастауыш сынып оқушысы үшін өніп-өсетін, мінез бітістерін тәрбиелей алатын, ал оқу орны – екінші алтын ұясы, отбасы мен мектепте әрбір оқушының бойындағы жеке қасиеттерді, тәрбие мен білімінің негіздері қаланады. Ынтымағы жарасқан отбасында әрбір бала өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, кішіпейілділікке, ізгілікке және т.б. жағымды қасиеттерді бойына сіңіреді [3,4,5].

Ата-ананың отбасы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруы – балалардың тәртіптілігі, ұқыптылығы, ұйымшылдығы әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, үлкендерді құрметтеу сияқты мінез бітістерінің дамуына және қалыптасуына зор мүмкіндік туғызады.

Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі – негізінен тәрбиелеу жанұяда, яғни «жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада және ұяда» дамып, қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдері қалыптасады. Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі. Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген баланың тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде дамыту.

Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу  туралы былай деп жазады. Адамның  жеке қара басы біреудің жеке басының  қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінез бітістерін тәрбиелеу үшін де мінезбен әсер ету керек.

Педагогикадағы  жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін фактор ретінде отбасы тәрбиесінің  ролі туралы ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.

Қазақ ағартушыларынан  С.Көбеев отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келеді. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық теориялардың пайда болуына алып келді.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығы мәселелерінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Бұл кезең оқушылардың жеке тұлға болып дамуының және қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылатындықтан отбасы тарапынан берілетін тәрбиенің мәні аса маңызды. Алайда отбасы тәрбиесінің маңыздылығы мектеппен бірлесе отырып жұмыс атқарса, онда жемісті болар еді. Сөйтіп, бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде отбасы тәрбиесінің ғылыми теориялық негізінің аз дәрежеде зерттелгендігі мен практикалық мұқтаждығының арасындағы қайшылық айқын байқалады. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің жолдары» - деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты:

Оқушылардың мінез  бітістерін тәрбиелеудің жолдарын айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

- Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұнын айқындау;

- Отбасы жүйесі – оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің факторы екендігін ғылыми тұрғыда негіздеу;

- Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктерін анықтау;

- Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің практикалық  мәнділігі:

«Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің жолдары» зерттеу материалдарын барлық білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында, сондай-ақ, ата-аналармен жүргізілетін  жұмыстарда да пайдалануға болады.

 

 

 

 

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұны

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде бастауыш мектеп кезеңі бала өмірінің алты, жеті жастан – он, он бір жасқа дейінгі аралықтағы кезеңді қамтиды [6,7].

Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін қарастыру үшін, жеке адамның тұлғалық қасиеттерінің жиынтын білдіретін мінез ерекшеліктеріне тоқталу қажет.

Әрбір адам қоғамда басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Психологияда бұл дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым [11]. «Мінез» ұғымына психологиялық әдебиеттерде әр ғалымдар түрліше анықтама берді:

Ә.Алдамұратов: «Мінез – әрбір адамның  жеке басына тән өзіндік психологиялық  қасиеттер мен ерекшеліктердің  жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен  ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға  қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері» [12].

Қ.Жарықбаев: «Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы және адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез – даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі. Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күшті мен айқындығы, салмақтылығы – оның негізгі сапалары .

С.Бабаев: «Мінез – жеке адамның  өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл  қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-нақты  адамның шыншыл, адал, ақ көңілдігіне  орай сипатталмайды, аталған сапалар-әр түрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Мінез көрсеткіші-адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері» [13].

Психологиялық сөздікте: «Мінез, сипат (характер; грек Character – ерекше белгі) – адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы  жеке-дара қасиеттері, мінез – жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі». Мінездің екі сипаты бар: Бірінші сипаты – адамның ақиқат дүниеге қатынасы және оны жүзеге асырудың өзіндік амалдары. Екінші сипаты-өз әрекетін тәртіпке келтіре алатын өзіндік еріктері.

Адам мінезінің даралық ерекшелік  екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV-III ғғ.) оның түсінігінше, «мінез – адамның адамгершілік сапасына тән қасиет» деп түсіндірді.

ХVІІІ ғасырда Лабрюйер де «Теофраст  мінездері» деген еңбегінде мінезді  осы мағынада қолданды. Алғашқы кезде  мінез – адамның әлеуметтік адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент – адамда туа болатын генотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай, мінез – адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.

ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді – тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп саналады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагогы П.Ф.Лесгафт мінез – ерік қасиеті деп қарастырған.

ХVІІІ ғасырда И.Кант мінезді  темпераментпен салыстыра отырып, оны  адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Оның еңбектерінде мінездегі  адамның даралық қасиеттеріндегі  туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал малапер, Фурье және т.б. мінездің туа пайда болумен қатар, жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Поланның пікірінше, мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деп қарастырған. Осы ғалым-ойшылардың көзқарастарын топшылайтын болсақ, мінездегі екі түрлі көзқарас психология ғылымында әлі де болса шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді, әр тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстірт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестігінің кемдігі мен тиянақтылығыболмағанынан жеке адам еліктегіш болып келеді. Қызығулар ұқсастығы мінез теңдігін аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңілді не мұңды, кішіпейіл, не өзіншіл тұлғаларды айыруға болады.

Мінез – адамның қолы бос уақытындағы  өзі қалап шұғылданған істерінен  де танылуы мүмкін. Мұндай қызығулар  тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан хабардар етеді. Мысалы, ұлы ғалым-химик Ебней Бекетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерінің көптеген әйгілі көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткізген атақты тіл ғалымы Әбдуәли Хайдари демалыс уақытында қазақи ер-тұрман, қамшы және т.б. заттарды оралап, жолдастарын таң қалдырған; ғұлама-түркітанушы академик Рахманқұл Бердібай қолы босаса, күйшілік өнермен айналысады.

Мақсатқа жетуде бағыт-бағдар бірдейлігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қалай, қайталанбас әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі көрінеді. Белгілі ықпалға ие мінез бітістері әрекет немесе қылық түрін таңдауда айқын жүз береді. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттілігін туындатқан ықылас, ниет көрінісінің деңгейін (табандылық, шешімділік немесе еріксіздік, қорқақтық, күдікшілдік т.б.) мінез бітісі деп тануға болады. Осыған байланысты, кейбір адамдар күмәнсіз табыс қамтамассыз ететін әрекеттерді (ынта білдіру, жарысқа түсу, тәуекелге бел байлау т.б.) таңдап алады, ал екіншілері – сәтсіздіктен қашуды көздейді (жауапкершілік алмайды, жүрексінеді, ықыласы мардымсыз т.б.).

Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби өзінің психология туралы трактаттарында мінез  ұғымына түсініктеме береді. Оның айтуынша «рухани дүниесі бай  қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез сапаларының бірі – оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйытқып тұрмайды, оның қастерлейтіні сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы [14].

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар  адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасын, принципі, өзіндік мінез – құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық – мінезді адамға тән қасиеттер. А.Құнанбаевтың қара сөздерінде мінездің кейбір қасиеттерін бейнелейді. Мысалы, мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Оның түсінігінше мінезді «Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз» деп көрсетеді. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез – адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қорымолаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімінен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ, жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өткені, ол әншейінде батыл, жігерлі болғанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.

Информация о работе Мінез бітістерін тәрбиелеу жолдары