Мінез бітістерін тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:38, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................................... 3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мінез – адамның жеке психикалық қасиеті ретіндегі мәні мен мазмұны ......................... 5
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерінің ерекшеліктері ................................. 8
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері ............................................................................. 19
2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері ......................................................................................................... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................................................... 36
ҚОСЫМША ............................................................................................................................... 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мінез СНС.DOC

— 382.50 Кб (Скачать документ)

И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері  мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «адам» ... адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады.

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс  ұжымы, қоғамдық ұйымдар т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез – өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала тумысынан «еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз» болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасын отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары бойынша, «Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады» – деп көрсетеді. Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекетінде мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарып отырады:

Соңғы кездері психологиялық әдебиеттерде мінез – жеке адамның психикалық қасиеті ретінде жан-жақты қарастырылып, талдануда. Атап айтсақ, неміс ғалым-ойшылы И.В.Гете: «Мінез-құлық әркімнің кейпін көрсететін – айна» десе, Француз  ағартушысы Н.С.Шандор: «Берік тәртіп ұстанбаған адам-әрқандай да мінезден құралақан адам»-деп қарастырса, ағылшын әдебиетшісі У.Гәзлит «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы», қазақтың педагог-психологы М.Жұмабаев: «...адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт»-деп түсіндіреді [15,16].

 

1.2. Бастауыш сынып  оқушыларының мінез бітістерінің ерекшеліктері

Бастауыш сынып кезеңіне тән  негізгі белгілері мынадай: бұл  жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Мұнда баланың өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтық белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең болып саналады. Бұл белгілер оның мінез-құлқында санасында күрделі, ол кейде қиыншылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез-келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері нақ осы бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады  және әдетке айналады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген ғалым-психологтарының ерекше назары, бастауыш сынып оқушыларының дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды ары қарай оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен мінез бітістері туралы мәселелерді Ресей-Кеңес ғалым психологтары: А.В.Петровский, Р.С.Немов, В.С.Мухина, С.Ф.Жустков, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков және тағы басқалар. Ал Қазақстандық ғалым-психологтар: Қ.Жарықбаев, М.Мұханов, С.Жақыпов және тағы басқа еңбектерінен кездестіруімізге болады [6,7,8,9610,11].

Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық  жағынан расталған мынадай қағида бар. Баланың сыныпқа келген алғашқы күннен-ақ оған оқушының сабақтағы, отбасындағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да, нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасын, міндеттерін және құқығын бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығы дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету – бастауыш сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес, олардың тіршілігін ұйымдастыруа қажетті шарт болып табылады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиетінің дамуында «Мен» деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

Бастауыш сынып  оқушысының жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай екендігін қарастыратын болсақ, бастауыш сынып оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды. Балада мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын не болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін, бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы, сабаққа кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы орындамаса, сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл «нормаларды» бұзуға жатады. Әуелгі кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ, бірте-бірте мөлшерлерді орындауға үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау дәлелденген және дәстүр болып кеткен.

Жалпы алғанда, осылардың бәріне бірдей тән қасиеттері мынада: әуесқой, ақкөңіл, өзгелерге жәрдем бергісі келіп, дәрменсіздерді не қарт адамдарды аяп, соларға қамқорлық көрсеткісі келетінінде. 7-8 жастағылардың әуесқойлылығын алсақ, өзгелерге сұрақ қойғанды, мектепке дейінгілер сияқты «Бұл не ?» деп сұрамайды, «Бұл неліктен ?» - дейді. Сұрақтарды осылай құруда үлкен мән бар, өйткені бастауыш сынып оқушылары нәрсенің не екенін ғана білгісі келмейді, соның бәлендей сырын, себебін білгісі келеді.

Бастауыш сынып  оқушысында кейде ашуланғыштық қасиеті  де болып тұрады. Баланы үйінде көп  еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге  тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда, «Жақсы», «Өте жақсы», деген баға алса, жұрттың көзінше, соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Бастауыш сынып  оқушысының ерік-жігерін недәуір қалыптасып қалса да, кейде өзін-өзі меңгере алмайды, импульстік іс жасап қалатыны кездеседі. Импульстік іс – деп ойланбай, не болса соған қызып, бірдеңені бүлдіріп алуды айтады. Осындай жайт, баланың тәртіпсіздігінен емес, импульстік іске өзінің икем келуіне, яғни өзін-өзі меңгере алмауынан кездеседі.

Бастауыш сынып  оқушысының өз құрбыларымен қарым-қатынасы әртүрлі және осының өзі бұрын бала-бақшада өстіме, соған орай келеді. Бұлардың ұжымшылдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі І-сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны. Бірақ 2-3 сыныптарда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлығы өзара достасып, бірі өзгесіне мейірімді келе бастайды.

Бастауыш сынып  оқушыларындағы басты қажеттілік –  оқушы болу. Ол сыртқы пішіні мен, оқуда  озат болу ниетімен, оқушының мінез – құлқымен, «мектеп оқушысын» алдымен мұғалімнің, содан соң құрбыларының тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен айқындалады.

Оқушының мінез бітістері – осы міндеттерді орындауда көрініс береді. Бұл жаста баланың бойында өзін оқушы сезіну, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін «екінші» немесе «үшінші» оқушысымын деген мақтаныш сезімі билейді. Оқушының мінез бітістері дамуының мүмкіндіктері: Оқудағы таңдаулар – бұл сапалы білімді, оқу қызметін түсінуді дамыту, қарым-қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне саналы түрде бірінші кезең ретінде қарау, қол жеткен табысты нығайту .

«Мінез бітістері» ұғымы адамдар арасында қалыптасатын қарым-қатынас, олардың іс-қимылдары мен қылықтарын сипаттауда қолданылады. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы тікелей «мораль» ұғымымен байланысты жүреді. «Мораль» ұғымы ең алдымен, қоғамның адам мінез-құлқына қоятын талаптарымен, яғни адамдардың бір-біріне болған, қоғамға деген қатынасы мен борыштарын анықтайтын мінез-құлық нормалары мен ережелерімен бейнеленеді. Бұл ұғым кейбір педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде «ізгілік» деп қарастырылып жүр [23,24].

Жалпы алғанда, мінез бітістері қоғамға, табиғатқа, өзіне және т.б. деген қатынастары бойынша міндеттемелері етіп жіктеледі. Оны төмендегі 1-кестеде берілген.

1-кесте

Мінез бітістерінің сипаттамасы

Қатынастар       

 Қатынастар  белгілері

Адамның   қоғамға 

1. Адамзаттық       

2. Адамның ұғымдағы  маңыздылығын ұғыну 

3. Қоғамдық борыш 

4. Адамның қоғамдық  белсенділігі 

5. Өмірді жақсартуға  ұмтылыс 

6. Өз қалауларын қоғамдық жұмыстарға ендіру

7. Азаматтық борыштарды  орындау 

8.Өз мінез - құлқын  қоғамдық нормаларға сай басқару 

Адамның   адамға 

1. Гумандық 

2. Құрметтеу 

3. Мейірімділік 

4. Өзара түсінушілік 

Адамның өзіне - өзі 

1. Өзінің жеке қасиеттерін бағалау (принципшілдік, өз бетінше жұмыс істеу, жинақтылық, сенімділік, жауапкершілік, қойылған мақсатқа жетуде өжеттілік)

2. Мінез - құлқын талдау  және түзету (қажет болса) 

3. Қызығушылығын, қажеттілігін  бағалау

4. Өзін - өзі тәрбиелеуге  ұмтылу 

Адамның  еңбекке   

1. Еңбексүйгіштік

2. Жауапкершілік 

3. Ұйымдасқандық 

4. Жұмыскерлік 

5. Тапқырлық 

6. Еңбектің өмірлік  маңызын түсіну 

7. Ақыл - ой еңбегі мен  денелік еңбек мәдениетінің болуы 

Адамның  табиғатқа  

1. Жауапкершілік 

2. Гумандылық 

3. Табиғаттың адам үшін қажеттілігін түсіну

4.Қоғам мен табиғаттың  өзара байланысы заңдылығын түсіну 

5. Табиғи байлықтарды  саналы түрде пайдалану 

6. Келер ұрпақ үшін  қолайлы биосфераны сақтау қажеттілігін  ұғыну


 

Жоғарыда қарастырылған бастауыш сынып оқушыларының жеке басының дамуы мен психологиялық ерекшеліктерін жалпылай келе, бұл жас кезеңнің мінез бітістерінің құрылымын №2 кесте түрінде көрсетуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттері – мейірімділік, кішіпейілділік, тәртіптілік, ақкөңілділік, сүйкімділік және т.б. жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттердің жиынтығы болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының болашақта  жақсы азамат болып өсуіне құрбыларымен, мұғаліммен, ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуы үшін және ізгілік қасиеттерінің дамуы үшін ізгілік қасиеттің алатын орны зор. Осыған орай, олардың бойында жағымды мінез бітістерін тәрбиелеуде тікелей отбасы тәрбиесінің ролі зор екендігін айтуға болады.

Кесте -2 - Бастауыш сынып  оқушыларының мінез бітістерінің құрылымы

Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерінің құрылымы

1

2

3

Жағымды қасиеттері

Жағымсыз  қасиеттері

1

Адамгершілік

Пасықтық

2

Тәртіптілік

Тәртіпсіздік

3

Ақкөңілділік

Іштарлық

4

Сүйкімділік

Сүйкімсіздік

5

Ұқыптылық

Ұқыпсыздық

6

Тиянақтылық

Салақтық

7

Мейірімділік

Қатыгездік

8

Ептілігі

Ебедейсіздік

9

Зеректік

Есерсоқтық

10

Еңбексүйгіштік.

Жалқаулық

11

Кішіпейілділік

Менмендік

12

Ашық мінезділік

Ұялшақтық

13

Әдептілік

Әдепсіздік

14

Көпшіл

Тұйықтық

15

Сабырлылық

Ашуланшақтық

16

Кеңпейіл

Мақтаншақтық

17

Салмақтылық

Ұшқалақтық

18

Бауырмалдық

Тасбауырлық

19

Шыдамдылық 

Шыдамсыздық

20

Тұрақтылық 

Әуесқойлық

Информация о работе Мінез бітістерін тәрбиелеу жолдары