Мектептегі оқу процесінде тәрбиенің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 18:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Білім мазмұны” тұжырымдамасында және “Білім туралы” заңында осы негізінде әр халықтың тарихы, мәдени дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептердегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

для кр.doc

— 437.50 Кб (Скачать документ)

Сабақтың  көрнекілігі: нұсқау карталар, альбом-суреттер.

Сабақтың  барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

-    Перде  түрлерін ата ?

  • Бөлме перделерін қалай таңдайды ?
  • Мата түрлерін ата ?

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

Ас үй бөлмесі  – арнайы ас әзірлейтін, тамақтанатын орын. Асхананың құрылысы, бөлмелер саны мен ретіне қарай бір бөлме  екі қызметті, асханада жаңұя мүшелері жиі бас қосып, ауқаттанады, демалады, әңгімелеседі. Бөлмені жабдықтауға ерекше көңіл бөлген дұрыс, көбінесе ашық түсті оңтайлы орналастырған жөн [20].

Ас үйді жиһаздауда перде ерекше роль атқарады. Перденің түрін, оны тұту тәсілін таңдағанда, ең алдымен бөлменің негізгі ерекшеліктерін ескеру қажет. Ас үйдің пердесін оңай жуылатын матадан тіккен дұрыс. Оны терезе қорбына орнатылған алмалы-салмалы темір шыбыққа ілуге болады. Перде ұзындығы жағынан терезенің биіктігіндей болуы немесе оның бір бөлігін жауып тұруы мүмкін. Перденің келесі бір түрін терезенің төменгі бөлігіне орнатылған шыбыққа іліп орта тұсынан тоқыма баумен, болмаса лентамен бүрмелеп қоюға болады. Мұндай перделер бөлмеге түсетін жарықты реттеп, әрі үйді желдеткенде терезені пердемен қоса оңай ашуға мүмкіндік береді. Перде тұтудың түрлі әдістерін дұрыс пайдалана отырып, терезенің орналасуындағы, формасымен көлеміндегі кемшіліктерді жасыруға болады. Осы заманғы үйлерге тұтас үлкен терезелер тән. Сондықтан бөлмеде бір ғана шағын немесе жіңішке екі терезе болса,оларды бөлменің биіктігі мен енін  тұтас жауып тұратын жалпы пердемен қосып жіберуге болады [21].

4. Сарамандық жұмыс (нұсқау карта №3 көрнекілігі)

-   ас бөлмесінің  пердесінің матасын таңдау.

  • сызбасын құру.
  • технологиялық  нұсқау картасымен танысу.
  • перденің орындалу реттілігімен танысып, шығармашылық жоба бойынша пішіп-тігу.

 

Өрт қауіпсіздігін сақтау

А) Ғимаратты  салғанда өрт сөндірушілердің талаптары  мен нормативтері  мұқият сақталуы керек.

Ә) Өрт жағдайында  ғимараттардан шығатын қосымша  есіктер болуы міндетті шарт.

Б) Өрт қаупі  жөніндегі арнайы нұсқаулармен жеке плакаттармен танысу қажет.

В) Жабдықтарды  сүртетін шүберектер арнайы қораптарға салынып, уақтылы әкетілуі тиіс.

Г) Электр қозғалтқыштарына шамадан тыс күш түсудің және олар ұзақ уақыт үздіксіз жұмыс істеп қызудың әсерінен өрт шығатынын білген жөн.

Д) Өртті сумен  сөндіргеннен арнайы көпіршікті өрт  сөндіргішпен сөндіру керек.

Е) Өрт шыға бастағанда дер кезінде өрт сөндірушілерге хабарлау керек [17].

Оқу шеберханаларында көптеген жұмыстар үлгі ретінде істеледі. Мысалы, арнаулы плитада желім  дайындау, электр муфельді пешпен жұмыс  істеу, электр қайрағымен бұйымдардың  шетін өңдеу немесе пышақ қайрау, фреза станогымен жұмыс істеу, жалпы  шеберханалар, әсіресе ағаш шеберханасы аса жоғары өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін талап етеді.

Өрттің шығу себептері:

-  ток күшіндегі  жалғамдардың осал болуы;

  • станоктарды бақылау қосқыштары контактілерінің әлсіздігі;
  • қайрақ станогында ағаш ұнтақтарының шоғырлануы;
  • ашық және арнаулы жабық плиталардың талапқа сай қолданылмауы;
  • үтікпен, ағаш майыстыру пешімен жұмыс істеу кезінде талаптардың орындалмауы;
  • оқшылардың білім дәрежесінің төмендігі;

Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы  құралдар міндетті түрде болуға тиіс.

Электр қауіпсіздігі: әрбір шеберханадағы станоктардың ток өткізгіш сымы арнаулы кабельге жалғанып,темір түтікшенің ішімен жүргізілуге  тиіс, әсіресе кабель еден үстімен  өтетін жерлерде аса үлкен жауапкершілікті  талап етеді. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ ток күшін қосуға және ажыратуға арналған жалпы қалқан міндетті түрде болады. Ол қалқан негізгі оқу шеберханасынан тыс арнаулы жерде орналасуы тиіс. Мұғалімнің құрал-саймандар сақтайтын бөлмесінде немесе арнаулы қауіпсіз, оқушылар келмейтін орнында болуы тиіс. Жұмыс істеп тұрған электр қондырғының ток өткізгіш бөлшектеріне адамның жанасуынан токта жарақаттану қаупі туады. Күші 0,5 А болатын ток адам өміріне өте қауіпті, ал күші екі есе артық, яғни 1,0 А ток адамды өлтіріп жібереді. Сондықтан әрбір оқушы ток қуатының қаншалықты күшті екендігін білуге міндетті. Әрбір электр станогындағы ток күшінің аспабы жермен жалғануға тиіс, бұл талап орындалмаса, оқушылардың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынуы керек.

Өртті өшіргеннен гөрі, оны болдырмаған абзал, сондықтан өрттен сақ болған жөн [29].

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бекматова Б.Е. Сынып жетекшісі. 2002, №4. 25-26 б.
  2. Сәдібеков Қ. Сынып жетекшісі. 2002, №3, 37-38 б.
  3. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. –Алматы, 2004. 418 б.
  4. Ильина Г.А. Педагогика. –Алматы, 1977. 840 б.
  5. Оралова Г. «Қазіргі кезеңдегі эстетикалық тәрбие». Қазақстан мектебі.  2001, №4, 30-31 б.
  6. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. –Алматы, 1995.  330 б.
  7. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие (көмекші құралы). –Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академ.-ң республикалық баспа кабинеті. 2001. 94 б.
  8. Биржанов Қ. Педагогика тарихы. –Алматы, 1971. 380 б.
  9. Савин И.В. Педагогика. –Алматы, 1983. 840 б.
  10. Әбенбаев С. «Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру». Қазақстан мектебі.  2001, №11, 18-19 б.
  11. Самұратова Т. «Эстетикалық тәрбие берудің мәні үлкен». Қазақстан мектебі, 2004, №8, 9-10 б.
  12. Ақбаева Ш. «Дәстүрлі өнердің эстетикалық тәрбие мәселелері». Ұлт тағылымы, №4, 5-6 б.
  13. Болдыров Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. –Алматы, 1987. 320 б.
  14. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. –Алматы, 1977. 220 б.
  15. Нұрғалиева Г., Құсайынов А., Мусин Қ. Салыстырмалы педагогика. –Алматы, 1999. 280 б.
  16. Құмаров А.М., Ибраимов К. «Еңбек сабақтарында оқушыларға эстетика-лық тәрбие бері». Мектептегі технология, 2004, №11, 40-41 б.
  17. Өстеміров К., Сыздықов О., Адамқұлов Н., Велижанина М., Ниязова Н., Ы<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" st

Информация о работе Мектептегі оқу процесінде тәрбиенің маңызы