Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 18:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасының “Білім мазмұны” тұжырымдамасында және “Білім туралы” заңында осы негізінде әр халықтың тарихы, мәдени дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептердегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады.
Материал таңдау | |||||
Сызбаны түсіру |
Технологиясын сараптау | ||||
Құрал-жабдық |
Экономикалық негіздеу | ||||
Жобаны нақтылау | |||||
Өңдеу |
Құрастыру | ||||
Әрлеу |
Сынау | ||||
Дайын бұйым |
Жобаны орындау жүйесі
І. Проблема: мектепте технология сабағынан перде тігу керек болды. Жұмысты неден бастау керек? Терезе пердесін дайындар алдында түр-түсін таңдап, сызбасын сызып, ең бастысы бөлмеге байланысты матасын таңдап алып, осы тақырып бойынша шығармашылық жобаны дайындауға кірісеміз.
ІІ. Таңдап алынған үлгі, матаға байланысты әшекей (таспа, желбіршек, шашақ) заттарды алады. Ең әдемі деген перде еденге дейін жай ілініп тұрса, ол көзге көрінбейді, пердеге желбіршек жасап безендірсе, бөлменің сәні кіреді. Өңдеу, сәндеу мақсатында төменгі жағынан сәнді шашақ жүгізіледі, ілу үшін бау тағуға, немесе матаның өзін қайырып таспаны тігу арқылы ұстауға да болады. Жоба сарамандық жұмысқа жоба ретінде технология сабақтарына ұсынылады.
ІІІ. Керекті құрал-жабдықтар мен материалдар:
1. тігін машинасы
2. қайшы
3. ине
4. керекті тігілетін
бұйымның суреті салынған
5.сызғыш
6. қарындаш
Шикізат өнімдері: мата, түсті тігетін жіп
Қосымша материалы: сурет салынған қағаз, нұсқау карталары
IV. Үлгілеу, өзгерістер енгізу, нұсқау карталар жасау.
1. Перденің эскизін алдын ала қағазға түсіру.
2. Матаны пішуге дайындау.
3. Өлшемдерін қойып,қию.
4. Қиылған матаны тігін машинада тіге білу.
Кесте 3 Перде тігудің технологиялық картасы
V. Тігу технологиясы.
1. Жұмыс орнын дайындау.
2. Керекті материалдар мен құрал-жабдығын дайындау.
3. Матаны дайындау (үтіктеу)
4. Матаға сызбасын сызу, өлшеу.
VI. Тігу кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережелері:
Қайшымен жұмыс:
Инемен жұмыс:
Машинамен жұмыс:
VII. Дайын бұйымды бағалап, өзін-өзі тексеру.
VIІI. Жобаны қорғау.
Кесте 4 Календарлық-тақырыптық жоспар «Перде тігу»
Р/с |
Тақырыбы |
Теориялық |
Практикалық |
1-3
4 5 6 |
Шығармашылық жоба. Перде тігу. Перде туралы түсінік. Перде түрлері. Ас бөлмесінің пердесін тігу. |
3 |
3 |
Барлығы |
6 |
Сабақ жоспары – 1
Сабақтың тақырыбы: “Перде туралы түсінік”
Сабақтың мақсаты: Перде туралы жалпы танысу.
Білімділігі: оқушылармен альбомдар мен плакат бойынша жұмыс жасап білім сапасын көтеру.
Тәрбиелігі: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, жұмысты өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батыл-дыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой-қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: түсіндірмелік, теориялық.
Пәнаралық байланысы: тарих, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, альбом.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Перде – терезелер мен есіктерді, қуыстарды перделеуге бөлменің бір жағын екіншісімен бөлуге пайдаланылады. Перделердің есік-терезелерге арналғанын, бөлмені екіге бөліп тұратын сырғымалы шымылдық сияқты түрлері болады.
Шымылдық – бұл ата-бабаларымыз қолданған киіз үйдің отау бөлігі бөлініп тұруы үшін шымылдық құрып пайдаланған. Қазіргі кезде шымылдық атауы перде түрінде қолданылады. Олардың мақта-матадан, жібек, жүн мата, мақпал, сондай-ақ синтетикалық жұмсақ пленкалардан, арнаулы өңдеуден өткен сабан, ағаш металл немесе пластмасса шыбықтардан жасалған түрлері болады.
Перделік материалды таңдағанда оның түсі мен өрнегі бөлмелердің атқаратын қызметіне, көлеміне, пропорциясына, мебельдер мен жиһаздарға сәйкес келуімен қатар, терезенің қай жаққа қарап тұрғаны табиғи жабдықтың түсуі де ескерілуі қажет.
Бөлме ішін сәндендіріп
тұратын заттардың бірі-
Перделер тек қана үй бөлмелерінде ғана тұтылмайды. Жұмыс орында-рында, мәдениет үйлерінде, мәдениет сарайларында, ғимараттарда да тұтылады.
Көрнекіліктер бойынша жұмыс: перде түрлерінен жасалған сурет –альбомдарымен танысу.
4. Бекіту сұрақтары:
5.Үй тапсырмасы: бүктеме қағаз жасап келу.
Сабақ жоспары – 2
Сабақтың тақырыбы: ”Перде түрлері”
Сабақтың мақсаты: Перде түрлерімен танысу, олардың әр бөлмеге тұтылу түрлерінен ажырата алу.
Білімділігі: Оқушыларға оның күнделікті өмірдегі қажеттілігін түсіндіру туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау байқағыштық қабілет-терін арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Еңбекті сүюге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, теория сабағы.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: бүктеме қағаз, плакат, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Перде түрлері, гардиндер – жылтырауық немесе айшықты жұқа маталардан, тюльден, шілтерден жасалып, терезеге тұтылады. Олар көбінесе ақ немесе ашық түсті біртегіс яки суретті, кестелі, аппликациялы маталар болып келуі мүмкін. Әдетте гардиндер сол тұтылған күйі ашылмайды, бөлмені шаңнан, тікелей түскен күн сәулесінен қорғайды.
Үйдің төменгі қабаттарында немесе көрші үйлер тым жақын орналасқан жағдайда терезелерге сондай-ақ “бриз-биз” деп аталатын қысқа перделер ұстауға болады. Мұндай перделер үшін жұқа мата, тюль, шілтер пайдаланады.
Шторлар – жарық өткізбейтін маталардан жасалған қалың перделер. Оның түрмелі және сырмалы түрлері болады. Сырмалы шторлар біркелкі тігінен жиырылып тұрады. Бөлме биік болса, штордың жоғарғы жағына желбірмен (ламберкенмен) сәндеуге болады. Пішіміне қарай желбір бір тегіс немесе бүрмелі болып келеді. Оның ұзындығы терезенің немесе есіктің биіктігінің 1/5-не тең болуы қажет. Шторлар – кешкілік сыртқы жарықтан, күн сәулесінен және көшенің шуынан қорғауға арналған. Портьерлер – жарық өткізбейтін қалың матадан есікке (бөлменің іш жағынан) ұстайтын перде. Олар жалғас бөлмелерден түсетін жарықтан және шудан қалқалайды, сондай-ақ есіктің жақтауларын жасырып, бөлмеге сән беріп, үлкейтіп көрсетеді. Пәтердегі көлемі жағынан ең үлкен қонақ бөлмеге тік селкеулі, төбеден еденге дейін түсіп тұратын жеңіл перделер тұтылады. Мұндай перделерді тұту үшін сәнді тіректерге орнатылған арқалықтары ақ немесе мебель түстес ағаш яки темір перде ілгіштерді пайдаланған дұрыс [20].
Жатын бөлменің терезелеріне төсек жамылғыларының түсі мен өрнегіне сәйкес келетін бір түсті немесе суретті перделер лайық оған арналған маталар неғұрлым қалың, жарық өткізбейтін болуы тиіс. Балалар бөлмесінің перделері үшін жиегі ауыстырып тұруға қолайлы, жууы оңай мақта-маталарды пайдаланған жөн. Маталары қызғылтым жылы реңкті торкөз, жолақ, геометриялық яки көгеріс өрнекті болып келгені жақсы.Бұл бөлмедегі перденің сақиналы арқалыққа ілініп, ұзындығы перденің төменгі ернеуінен сәл жоғары немесе одан 10-15 м төмен түсіп тұрғаны қолайлы [21].
Ал ендігі бөлме ол- ас үй.Ол туралы келесі сабақта жалғастырамыз.
4. Жаңа тақырыпты бекіту
-Перде түрлерін ата ?
-Бөлмелерге
тұтылатын перделерде
5.Үй тапсырмасы: пәтер бөлмелерінің терезеге тұтылатын перделер суретін салып келу.
|
1. Тігін құралы (қайшы) Ш 2. Мата түрі (зығыр) Ы 3. Тігін құралы (оймақ) М 4. Қол тігіс түрі (қайып) Ы 5. Тігін машинасының түрі (қол ) Л 6. Мата түрі (драп) Д 7. Кесте түрі (шым) Ы 8. Мата түрі ( мақта ) Қ |
2. Мына сөзжұмбаққа
мата атауларын жазып,
|
1. (Капрон ) П 2. (Сәтен ) Е 3. (Барқыт) Р 4. (Драп) Д 5. (Жібек) Е |
Сабақ жоспары – 3
Сабақтың тақырыбы: “Ас бөлмесінің пердесін тігу”
Сабақтың мақсаты: Оқушылар бөлме перделері түрлерімен танысу, орындалу тәртібін үйрету.
Білімділігі: Оқушылармен технологиялық нұсқау картасы және плакат бойынша жұмыс жасап білім сапасын көтеру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, жұмысты өз бетінше орындауға ұқыптылыққа, батылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қиялын ояту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, сурет.
Информация о работе Мектептегі оқу процесінде тәрбиенің маңызы