Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 18:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасының “Білім мазмұны” тұжырымдамасында және “Білім туралы” заңында осы негізінде әр халықтың тарихы, мәдени дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептердегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады.
Эстетиканың өзі бірнеше салаларға бөлінеді: эстетикалық таным, эстетикалық мұрат, эстетикалық ләззат, эстетикалық тәрбие тағы басқа.
Эстетикалық тәрбие
- жан-жақты тәрбиенің бүкіл
Эстетикалық тәрбие – болмыстығы және өнердегі сұлулықпен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгей жетілдіру оқыған кітап, көрген кинолармен музыкалық шығармалар санын көбейту емес, ең бастысы, адамгершілік сезімді жеке бастық рухани деңгейін кеңейту, мінез-құлқын түзету, толықтыру. Егер оқушы (бала) өзін жаман әдетін алшақ ұстап, өз әрекеттерінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп нәтижесінен адамгершілік қасиеттерінен жоғары жетіле бастағанын көрсетеді. Әрине керсінше де болуы мүмкін.
Сонымен, эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған , жүйелі процесс [4].
Эстетикалық тәрбиенің міндеттерін мына түрде салалаймыз:
Эстетика мен этика бір-бірінсіз өмір сүре алмайтыны шындық.
Эстетикалық талғамды тәрбиелеу-адамның көңіл-күйіне мінезіне қатысты мәселе. Айталық, көркем сөзбен картинкаларды адам іштей бағалап, жан дүниесімен сезініп, терең ойға шомылып, ұнағанына қуанып, ұнамағанына реніш білдіріп отырады. Егер адам осындай көңіл-күйіне түспесе, эстетикалық тәрбиеміздің пәрменсіз болатындығы түсінікті. Эстетикалық талғам – адамның түрлі өнер салаларынан алған түсініктерінің жиынтығы. Эстетикалық ұғым оның іргетасы, ол шәкірттердің жас өзгешеліктеріне байланысты өзгеріп отырады [4].
Эстетикалық тәрбие беру балалардың өскен ортасы, жасына және ұлттық еркшелігімен байланысып жатады.
Дала ойшылдары жас өскіннің эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, олардың жыр-толғауларынан жақсы байқалады.
Аса мәнді эстетикалық түйіндерді ұлы Абай мен Сұлтанмахмұтта аз айтпаған. Олар әннің, жырдың көркемдігін көкірегі ояу, жаны сезгіш, ойы қырағы, адам шарықтаған шығармашылық қиялдың негізінде үнемі етене араласып жүрген қазақ халқының ойлау және қиялдау жүйесінің сыр сипатын жақсы аңғарамыз.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззәттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты қуанышпен қайғыны тағы басқалары түсінуіне байланысты оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көз қарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өмірдің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықталады. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құлдылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады [10].
Еңбек әсемдігі қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығына тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің эконоикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндіріл-ген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым –қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады [7].
1.4 Оқушыларға
эстетикалық тәрбие берудің
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу – дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудық мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушының жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап оны оқушының әседікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады [5].
Халқымыздың эстетикалық сауаттылығын арттыру үшін қоғамдық ұйымдарды, барлық күшті (көркем әдебиет, музыка, театр, кино, теледидар, кескіндеме, графика, мүсін т.б.) топтастыруды өмір талап етеді .
Мектепте эстетикалық тәрбие пәндерді оқыту және түрлі кластан тыс тәрбие жұмысының процесінде іске асырылады. Эстетикалық тәрбие мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын жұмыстармен шектеліп қана қоймайды. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру үшін ең алдымен мұғалімнің өзі эстетика негізін меңгеру қажет сонда ғана ол оқушыларға қатысатын талаптарды жүзеге асыра алады. Ол талаптар:
Эстетикалық тәрбие оқушылардың
көркемдік талғамдарын алуан
түрлі творчествалық
А.М.Горький «эстетика дегеніміз – болашақтың этикасы» деген тұжы-рым жасаған. Біздің кезімізде эстетика қоғамдық, ең алдымен, адамгершілік қарым-қатынастарға молырақ еніп келеді.
Эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.
Эстетикалық танымдық дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабыл-даумен, не тегінде шығармашылық қпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді [12].
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі – баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді.
Оқушының эстетикалық
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті-өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабіле-тін барынша ашу кек.
Мектеп оқушыларының
эстетикалық түсініктері,
Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала үшін көп жағдайда бірнәрсе.
Оқушылардың қол еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әркетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтың әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесінде жетуіне көмектесу қажет [13].
Бақылау және балалармен әңгіме олардың әрқайсысы өте әсем зат жасағысы келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қата-рына жатпаса да қуанады. Мұндай жағдайды мұғалім оқушылар жұмыс-тарына көрме ұйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.
Оқушыларды бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл отырғызып, металл сынықтары мен қағаз қалдықтарын жинау, кітап жөндеу, сынып бөлмесін тазартып, безендіру т.б. ұнайды. Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау, жарыста озып шығып әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғыдан қарағанда еңбек және эстетикалық тәрбие өзара қабысып бірін-бірі толықтырады.
Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп құрайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі [14].
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі, оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтың әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үзінсіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе-оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден , белсенді іс-әрекеттен мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан , еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінде көрінуді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді [15].
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі –эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады. Ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық негізі болады.
Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру –эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Осыған байланысты ол өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға болады.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.
Мектептегі оқу пәндеріндегі оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ролі орасан зор.
Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінде пайдаланылады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер –оқушы-лардың шығармашылық жұмыстарының бірі – көрмелер, сайыстар [13].
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге үйренеді. Білім еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Информация о работе Мектептегі оқу процесінде тәрбиенің маңызы