Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 18:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасының “Білім мазмұны” тұжырымдамасында және “Білім туралы” заңында осы негізінде әр халықтың тарихы, мәдени дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептердегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының “Білім мазмұны” тұжырымдамасында және “Білім туралы” заңында осы негізінде әр халықтың тарихы, мәдени дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептердегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады. Қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты. Қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан-жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайды, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Онымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынталы, әр қилы кезендерде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім-тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастырған абзал.
Халық педагогикасы ата-бабамыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы.
Халық педагогикасы
– ол қазақ поэзиясының бөлінбес
бөлшегі іспетті қанатты
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында “жоғарғы білім берудің мақсаты - …жеке тұлғаның саналы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұны, …таңдауға кеңінен мүмкіндік беру” делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы ролін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі – қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі [2].
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық танудың “заттанған” көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі –қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады. Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.
Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа “ата-жұрт”, “атамекен”, “елім-жерім”, “туған өлке” ұғымдарын қалыптастырады.
Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана–сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады [2].
Халыққа білім беру жүйесін қайта құру бүкіл қоғамның дағдарысты жағдайына туындайтын бірқатар теріс факторлар мен құбылыстарға байланысты. Өйткені мектептегі жұмыстың мазмұны, түрлері мен әдістері ұлттық тамырдан қол үзген бір ғана идеологияға бағындырылып келгені белгілі. Мұның өзі мемлекеттің, ұлттық сананың қалыптасуының негізі болып табылатын дәстүрлердің, мәдениет пен тілдің ұмыт бола бастауына алып келеді.
Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастық өзінің бағыты және мазмұны жағынан тәрбие барлық халықтар үшін біртұтас деп есептеуге себеп бола алмайды. Әрбір халықтың тәрбиелік идеялары ұлттық рухқа қаныққаны соншалық, халықтың өзі жасаған және халықтың бастау көздерге сүйенген тәрбие дерексіз идеяларға негізделген немесе басқа халықтан алған ең таңдаулы жүйелерде жоқ тәрбиелік күшке ие болады.
Қазақстандағы
эстетикалық тәрбиенің
Қазақ ағартушылары – Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсарин-ның, Абай Құнанбаевтың эстетикалық тәрбие саласында, өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысында аса көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық көзқарасын көрсете білді, эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлері халықтың дүнитанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиені жан-жақты жүйелі талдап зерттеуінде еніс мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.
Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің аз ғұмырында көптеген баға жетпес құнды еңбектер қалдырды. Ағартушы ретінде айтқан ой-пікірлері, кейбір ескертпелері мен болжамдары қазақ халық шығармашылығына байланысты. Мысалы, халықтың поэтикалық өнерінің адамгершілік тәрбиесіне ықпалы туралы пікірін өлең, мақал-мәтелдер, эпостар жинағынан кездестірсек, өнердің эстетикалық тәрбиедегі ролі жайлы пікірін ән-күйлер мен архитектуралық құрылыстар суреттемелерінен көреміз.
Қазақ халқының
ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың
поэтикалық шығармалары мен ”ғақлия”
Абай эстетикалық
тәрбиенің құралы ретінде халық
музыкасының маңызына да тоқталған.
Қазақтардың жарық дүниеге
Ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдерінің бірі Шәкәрім Құдайбердиев, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариндер салған ағартушылық арна – дәстүрді әрі қарай жалғастырды. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге өз мінін өзі көріп, түзете білуге шақырады.
Қазақ халқының ертеден келе жатқан жақсы қасиеті - өз балаларын жас кезінен еңбекке баулу.
Еңбек-белгілі мақсатты істі орындаудан адамның ақыл-ойы дамуының маңызды факторы болып табылады. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады [4].
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
Эстетикалық тәрбие беру – қазіргі заманғы мектептердің мақсаттары мен міндеттерінің құрамдас бір бөлігі. Эстетикалық тәрбие туралы ғылымның салалары педагогика мен эстетиканы ұштастырған, сондай-ақ мәдениеттану, өнертану және әдебиеттанудың негіздеріне сүйенген ғылыми зерттеушілердің шектескен жері ретінде қаралады.
Жалпы білім беретін мектептерде тәрбиелік міндеттерді шешуде әдебиет, саз (музыка), бейнелеу өнерінің негіздері, әлемдік көркем мәдениет, еңбекке баулу сияқты және басқа да эстетикалық циклдардың үлкен мүмкіндіктері бар.
Бұл пәндер өзінің ішкі мазмұндағы ерекшеліктеріне орай оқушылардың ішкі дүние сезімін қалыптастыруға қаблетті. Бұл циклдың оқу, факультативтік және үйірмелік қызметі өзара қатынаста болып, мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің негізгі базасын құрайды және оқу-тәрбие үрдістерін эстетикаландырудың табиғи бөлігі болып табылады.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметі екі негізгі қағидамен: жеке мүдделік пен оның адамгершілік маңыздылығымен қамтамасыз етіледі. Педагогикалық тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар оқыту мен тәрбие берудің бірлігіне бағдарланады [5].
Эстетикалық тәрбие берудің ең қажетті шарты мектеп тұрмысын әсемдендіру болып табылады. Педагогтың сыртқы қабілеті, қоршаған заттың орта эстетика талаптарына сәйкес болуы шарт. Оқушыларды өнер құралдарымен тәрбиелеуді ұйымдастыру педагогтен теориялық білім мен әдістемелік машықты ғана емес көркемдік сезімталдықты, зейінділікті, өнерді өзінің бар жан-дүниесімен сезінуін талап етеді [6].
Еңбек сабағындағы білім берумен тәрбие саласында жаңа міндеттерді қойғанда жеке адамды қалыптастыруда ерекше маңызы бар қоғамдық орта, отбасы, мектеп, жоғары оқу орнын байланыстыра қарастыру керек. Жалпы білім берудегі технология пәні жоғарғы оқу орындарына нақты педагогтік жаңа жобаларды, еңбек тәрбиесінде белгілі бір салаға бағыттаудағы және шешудегі негізгі тірек болып табылады. Өнер тарихы арқылы жастарды тәрбиелеуде де, оқушыларға тарихи шындықты жеткізу де өте маңызды мәселе. Аса маңызды міндеттің бірі – білім берудің әлемдік стандарты мен жастарды тәрбиелеу ісінде ғылыми, мәдени, құқықтың өмірдің салауатты көрінісін қамтыған және игерген бағдар деп атауға болады. Еңбек тәрбиесінің жалпы негізі қандайда нақты идеология емес, жалпы адамгершілік құндылықтар болуы керек. Осыған байланысты білім беру мен еңбек тәрбие ісіндегі қоғамтану, оның гуманитарлық пәндер мен байланысын ролін арттыру өте қажет. Бұл пәндер байланысы оқушылардың жеке тұлға ретіндегі азаматтық қалыптасудағы тәрбие өзегі болуға тиіс. Тек қана білім беру ісімен шектелмейтін, оның мектептен тыс сабақтарда жүзеге асырылатынын ұмытпағанымыз абзал. Біздің жалпы мектептегі еңбек пәні, сабақтан тыс уақыттағы еңбек етудегі ұмтылу ісіміздің міндеті баланың, адамның тұлғалық басымдығы танылатын гуманистік жүйеге тоғысуы тиіс. Еңбек тәрбиесі қоғамдық өмірмен индивидті қамтамасыз етудегі әдіс ретінде қарастырылу қажет [7].
Тіл біліміндегі еңбек тәрбиесі қоғамдық тәжірибенің, ақпараттың және осы ақпаратты бір ұрпақтан келесісіне жеткізудің сақтаушысы санатына қызмет атқарады. Еңбек тәрбиесіне қатысты білім беру, оның рухани өзегі, ажырамас бөлігі жүрек тамыры болып табылады. Жаңа технологиялық біліммен қарулану функциясы арқылы оқушылардың бойындағы еңбекке деген алуан түрлі қабілеті практикалық қызмет пен білімді игеру бойынша ерік-жігердің дамуына әкеледі.
Еңбек тәрбиесіндегі балалардағы шығармашылық сұраныстың техника, өнер ұйымдастырушылық қызметі саласындағы өзіне танымдық көңіл күйге әсер ететін, еңбек сұранысы пайда болып оны одан әрі қарай дамуына ұйытқы болады [7].
Қазіргі ой қоғамның ұлттық өнердің дамуындағы үдемелі еңбек күшімен байланысса, ойдың жаңарту қабілеттері арта түсер еді. Көбінесе қоғамдық еңбек негізгі мәдени қазыналы еңбек пен байланысса иеленушілерге де тартымды, әрі қызықты болады. Қазіргі заманда шығармашылық еңбекке, еңбек қазыналарына философтар, педагогтар, психологтар ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақтың өз заманындағы ғұлама перзенті Шоқан Шыңғысұлы айтқандай: “Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек”, - деген арманы орындалды. Сондықтан қазіргі кезде республикамыз экономикалық саяси егемендікке қол жеткізуі әр қоғам мүшесінің ұлттық сана-сезімінің жоғрылауын талап етеді. Соның ішінде күн тәртібінде қойылатын мәселелердің бірі жалпы білім беретін мектептердегі технология сабағында мәдени саладағы ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау жолдарындағы ерекшеліктерді оқушыларға жете таныту қажет. Олардың ішінде халық қазынасындағы қолданбалы қолөнер негізін игеруге тәрбиелеу [3].
Нарықтық экономикаға көшу деп аталатын өтпелі кезең қатаң бәсекелестікке негізделген іскерлер, кәсіпкерлердің заманы.
Ендеше оқушыларға білім жеткіліксіз, яғни, сол алған білімін тіршілік көзіне айналдыруға тәрбиелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық тәрбие беру, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету-бүгінгі күннің қажеттігі. Бұл жағдайда өз тіршілігін ұйымдастыра алатын адам ғана аман қалады. Әр отбасының, мектеп ұжымдарының нағыз ойланар тұрпы да, білек сыбанып қолға алар ісі де осы.
Екіншіден, ұлттық
тәрбиенің негіздері оқыту
Еліміздің тәуелсіздігі, экономикалық, саяси-әлуметтік жағдайының өзгеруі, оны ары қарай дамытып көркейтетін болашақ азаматтарын тәрбиелейтін ұлт мектебі мақсатының туындауына әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып барлық бағытта тәрбиелеу, оқыту және әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарастырып, оның дамуына мүмкіндік жасау [5].
Рухани сұраныс пен әлеуметтік және экономикалық өмірдің тауаптарына сәйкес жалпы білім беретін ұлт мектебінің қоғамдық мемлекеттік қызметін айқындау барысында жас ұрпақты алдағы қоғамдық өмірге еркін араластыру үшін оларды өз салт-дәстүрді жаңартудың ұйтқысы болуға баулу көзделеді. Осыған байланысты Республикада “Білім туралы”заң бекітіліп, оған сәйкес тұжырымдары, мемлекеттік базистік оқу жоспары, жалпы білім беретін мектепдегі білімінің мемлекеттік стандарты туралы жалпы ережелер дайындалып, бірнеше рет әр түрлі деңгейде талқыланып бекітілуі әбден орынды.
Ұлт мектебінің мақсаты, оның міндеттері мен қызметінің өзгеруіне байланысты оқытудың мазмұны да өзгеретіні сөзсіз. Жаңа оқу мазмұнының қай бағытта, қандай деңгейде қалыптастырылатыны, оның құрамы мен құрылымы тұжырымдамада айтылғандай, ең алдымен теориялық деңгейде анықталып, нәтижесі базистік оқу жоспарына түсіріледі [7].
Осы деңгейде
бұрынғымен салыстырғанда
-жалпы адамзаттың мәдени мұрасын әрбір ұлттың, халықтың тарихи, мәдени байлығымен ұштастырудағы сабақтастық;
Информация о работе Мектептегі оқу процесінде тәрбиенің маңызы