Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 18:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасының “Білім мазмұны” тұжырымдамасында және “Білім туралы” заңында осы негізінде әр халықтың тарихы, мәдени дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептердегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады.
-республиканың
әлеуметтік–экономикалық дамуын
-ұлттық мемлекеттік
және ұлтаралық тілдерге
1 Тамыры терең тәрбие берудің үлкен мәні
1.1 Мектептегі
оқу процесінде тәрбиенің
Педагогика дегеніміз – ғылым, әрі қандайда болсын басқа ғылым сияқты, оныңда өз пәні, яғни ғылыми танымның белгілі бір саласы болады.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным- мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегімен өткен мәләметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады [6].
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәнімен ролін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбеке даярлау, оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді.Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттық мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді.
Педагогиканың ғылыми танымының саласы да тәрбие беру болып табылады, сондықтан да педагогика адамды тәрбиелеу таралы ғылым. Педагогикада “тәрбие” ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Педагогикада, кең мағынада алғанда, тәрбие деп, оқыту және тәрбие жұмысы процесіндегі оқу-тәрбие мекемелерінің жүйесінде мақсат көздеген тәрбиешілердің ықпал етуінің әсерімен адамды қалыптастыруды түсінеді [4].
Тар мағынадағы тәрбие деп, оқудан тыс уақытта көбіне тәрбие берушілер жүзеге асыратын арнайы тәрбие беру жұмысын түсінуге болады.
Педагогикада тәрбие ұғымын оқу-тәрбие мекемелері жүйесінде тәрбие берушілердің мақсат көздеген қызметінің ықпалымен адамның жеке басын қалыптастыру процесі ұғымына дейін тарылта түсу қабылданған.
Тәрбие дегеніміз оларды қоғамдық өмірге және өндіргіш еңбеке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені ауыстыру процесі болып табылады.
Тәрбие дегеніміз – баланың дамуына ықпал ететін үшінші фактор. Орта сияқты, бұл да дамып келе жатқан адамға сырттай ықпал етудің формасы болып саналады.
Тәрбие дамумен күрделі өзара қатынастарда болады. Тәрбие мен баланы қоршаған ортаның арасында күрделі байланыстар бар. Мәселен, тәрбие, ең алдымен әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестікке түседі.
Тәрбие жайында К.Д Ушинский “… мектеп, тәрбиеші және ұстаздар адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиелері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлде қайда күшті тәрбиешілері табиғат үйелмен, қоғам, халық…және оның тілі болады”, - деді.
Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми – материалистік көз қарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыпта-сады. Ол еңбек етуге ынталы қоғамдық белсенді мүшесіне айналады [6].
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері- білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Госталоций.
Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
Оқыту – білім
берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушымен
оқушылардың бірінен іс-
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары біріңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Оқытудың беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық біліммен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі [8].
Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне- бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралдары.
Мектептегі тәрбие жаппай ықпал етудің, мемлекет қолындағы барлық басқа құралдардың оқушыларға тәрбие берерлік ықпалымен нығайтылады. Мектеп оқушылардың үлгермеушілігі мен тәртіпсіздіктерінің жекелеген жағдайларын өте көп ретте нақ осы ықпалдармен түсіндіруге болады.
Тәрбиенің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі мақсатты нақты етіп қою, оны тәрбиелеушілердің тереңінен түсініп, шебер ұғуы болып табылады [9].
Тәрбиенің мақсатын ойдан шығаруға немесе өз еркімен алға қоюға болмайды. Тәрбиенің мақсаты билеуші таптардың саясатымен аса тығыз байланыста екендігіне қарамастан, бұл олардың жайдан-жай еркін білдіру бола алмайды. Тәрбиенің мақсаты сол қоғамның талаптарын әрқашанда объективті түрде білдіреді. Сондықтан да тәрбиенің мақсаты, сайып келгенде әрқашанда тәсіліне сай келеді, сол арқылы анықталады да, өндіріс күштерімен өндірістік қатынастардың өзгеруімен өзгеріп отырады.
Тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері өз еркінше таңдалып алынбайтындығын, қоғамдық дамудың объективті қажеттерінен туатын-дығын растайды [6].
Мектептегі тәрбие берудің барлық міндеттері тәрбиелеп оқыту және оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін арнаулы тәрбие жұмысы процесінде шешіледі.
Адамзат дамуының
қай кезеңінде болмасын тәрбиенің
тиімділігін жетілдіру ісі
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым–қатынас иесі.Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды.Осыған орай, балаларға біліммен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттерінің мазмұны анықталады, білім бері мен тәрбиені ұйымдас-тырудың нақтылы мәселелері мен әрекеттері қарастырылады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес [4].
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын және адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеуде қарастырады [8].
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді, мектептегі тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірімен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық біліммен кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Тәрбие-ауқымы өте кең ұғым. Тәрбиелеу мен білім беруді бөліп қарауға болмайды. Жеке пәндерді оқыту барысында да тәрбие міндеттерінің тиімді жүзеге асыруға болады.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. “Білімсіз берілген білім, адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі”, - деп ұлы философ Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парыз [9].
Тәрбие-даму ретінде
қарастырылуда, яғни педагогикалық
қарым-қатынасты адамдық
Тәрбие берудің мақсаты еңбекке сүйіспеншілік пен қарау, еңбек адамдарын құрметтеу, адамдардың еңбек нәтижелеріне сыйластықпен қарау, эстетикалық көпшілік ортасындағы мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу [3].
1.2 Тәрбиенің түрлері мен міндеттері
Тәрбиенің жалпы
мақсатын жүзеге асыру ең алдымен
тәрбие бөліктерінің міндеттерін және
оларды байланыстырып шешуді талап
етеді.Тәрбиенің құрамды
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігімен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты.
Ақыл–ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін дүниеге ғылыми көз қарасын жетілдіру және қалыптастыру. Ақыл-ой тәірбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру, осының негізінде олардың ғылыми – материалистік көз қарасын қалыптастыру; оқушылардың ойлау қабілетін (абстрактілі ойлау, ойлау операциясы – талдау, синтез, салыстыру, жинақтау,классифакциялау тағы басқа) таным іс-әрекетін іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, дамыту.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғым, принцптер, мінез-құлық нормалары жайында біліммен қаруландырады.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:
Біздің елімізде еңбек адамгершілік тәрбие берудің қайнар бұлағы. Еңбек - өмір кілті адамның бақыты.
Еңбек
тәрбиесінің негізгі
Дене тәрбиесі дегеніміз жас ұрпақтың денсаулығын, дене қабілетін нығайтуға, күш-қуатын жетілдіруге бағытталған педагогикалық порцесі. Оқушылардың ақыл-ой, еңбек және дене іс-әрекеттері, олардың денсаулығына, денесінің өсіп жетілуіне байланысты.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі (ауқымдағы) негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту.
Экономикалық тәрбиенің міндеттері:
- қоғамның рыноктык
экономикалық заңдары мен
- мемлекеттің экономикалық
теориясы мен саясатын , өндірісті
жедел қарқынмен дамыту
- ақыл-ойға сыйымды қажеттіктерді қалыптастыру;
- өндірістегі
экономикалық қатынастарға
Экологиялық тәрбие барлық жұмыстарға экологиялық білім және тәрбие беру мақсаты, мазмұны ашық және нақты көрсетіле керек.
Экологиялық тәрбиенің негізгі міндеттері:
- экологиялық
нормалардың ережелердің
- қоршаған ортаға жауапсыздық пен қараушыларға жол бермеу;
- жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
- тұлғаның мінез-құлқында;
- қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
- экологиялық білімді насихаттауда;
- ең алғашқы кәсіби еңбекте;
Эстетикалық тәрбие – жеке адамның өміріндегі өнердегі, табиғаттағы әсемдікті, асқан сұлулықты сүйсіне сезіп ұнатуы, дұрыс ұғынып ләззәт алуы [4] (кесте – 1).
1.3. Эстетикалық тәрбие
“Эстетика” термині гректің-сезім, түйсік деген мағына беретін “aisthetes” сөзінен шыққан. Бұл термин ғылымға XVIII ғасырда келген болатын. Бұған дейін эстетика жеке ғылым болып танылмаған. Тіпті, грецияның ұлы ойшылдары Демокрит, Аристотель, Сократ, Платондардың өзі, өнер поэтика, әсемдік, көркемдік туралы талай ой қозғағанымен де эстетиканы өз алдына дербес, сан қырлы ерекшеліктері бар ғылым деп танылмаған. Міне, сол XVIII ғасырдан бері эстетика туралы көптеген еңбектер жазылып, көптеген ой- тұжырымдап айтылды [9].
Информация о работе Мектептегі оқу процесінде тәрбиенің маңызы