Мектептегі оқу процесінде тәрбиенің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 18:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Білім мазмұны” тұжырымдамасында және “Білім туралы” заңында осы негізінде әр халықтың тарихы, мәдени дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептердегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

для кр.doc

— 437.50 Кб (Скачать документ)

Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке  зерттеу және шығармашылық қатынасын  қалыптастырады.

Осындай шығармашылық жұмыстың барысында өндіріс негіздері  пәндері бойынша оқушылардың  білімі байымды, тереңдейді, ғылыми зерттеу ісіне  машықтанады, ауыл шаруашылық  және өнеркәсіп  еңбек дағдыларына ие болады.

Еңбекке баулу да эстетикалық  тәрбиемен өте тығыз байланысты. Еңбектің өзі мен еңбек өкілдерінің эстетикасының да, сондай-ақ еңбек проце-сінде үйренетін іркерлік пен дағдының да тәрбиелеушілік маңызы бар [7].

 

2 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ІС-ӘРЕКЕТ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ  ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Оқушыларға сабақта эстетикалық тәрбие берудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Барлық жалпы білім  беру жүйесі қоғамдық дамудың қисынына байланысты еңбек сабағы «ТЕХНОЛОГИЯ» пәні болып өзгертіліп, еңбек саласындағы білім беру мен оған жастарды тәрбиелеу міндеттері оны түбегейлі жақсартудың қажеттілігін туғызады. Әсіресе дәстүрлі қолтанбалы қолөнерін технология пәніне ендіру мәселесі кең өріс алды, бұл процесс оқушыларды тек еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар эстети-калық және патриоттық тәрбие жүйесін кең көлемді қамтуға жол ашты. Осыған орай, технология сабағында жаңа білім жүйесі оқушыларға жаңа білім әлемін ашуға мүмкіндік береді.

Жалпы білім берудегі технология пәні жоғарғы оқу орындарында  нақты педагогтік жаңа жобаларды, еңбек  тәрбиесінде белгілі бір салаға  бағыттаудағы және шешудегі  тірек  болып табылады.

Еңбек тәрбиесі мен білім  берудің барлық аспектілері, адамдардың тұрақтылығы бейбітшілік пен тәртіпті сақтауға деген ұмтылысын қалыптастыру [16].

Еңбек тәрбиесіне қатысты  білім беру, оның рухани өзегі, ажырамас бөлігі, жүрек тамыры болып табылады. Еңбек саласындағы білім алудың нәтижесінде балалар ғылыми деректерді түйіндеу, заңдар жүйесін қамтуды алып шығады. Осы арқылы олар өздерінің қоғамдағы орнын табу үшін көптеген жалпы дағдыларды игереді. Әлемді, қоршаған ортаны, дүниені танып білумен практикалық қызметтің құралымен тереңірек танысады. Жаңа технологиялық біліммен қарулану функциясы арқылы оқушылар бойындағы еңбекке деген алуан түрлі қабілеті ерік-жігердің дамуына әкеледі [7].

“Технология“ – герк сөзі “Техно” - өнер, шеберлік, іскерлік және “логия“ – дайын бұйымдар алу үшін өндіріс процесінде пайдаланатын шикізаттың, материалдық немесе жартылай дайын өнімнің пішінін, қасиетін, күйін өзгерту, оларды дайындау және өңдеу тәсілдерінің жиынтығы.

Еңбектену барысындағы  заттар мен материалдардың қасиеттерін  аша отырып, өндірілетін бұйым  туралы түсініктерін кеңейте, байыта түседі.

Еңбек әрекеті  балалық  қоршаған дүниені, нақтылы заттарды  тануына – оны тұрмыста, тіршілікте  пайдалана білуге  үйретеді, санасын  байытады.

Педагогика ғылымының  оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі  міндеттері мыналар:

  1. Ең алдымен еңбек – адам игілігінің қайнар көзі.

Балаларды өзінің жеке басының  пайдасы үшін ғана емес, жалпыға  ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге  үйрету, өз қолымен жасаған еңбектерін сыйлауға, басқалар жасаған заттарды ұқыптылықпен ұстауға, күтуге, дағдыландыру – еңбекке тәрбиелеудің  маңызды міндеттерінің бірі.

  1. Оқушының жас ерекшелігіне қарай, еңбек етуге қажеттілікті сезіну санасының қалыптасуы еңбекке деген әтеттің пайда болуымен толығып, жетіліп отырады. Егер, оларда бұл әдет болмаса, онда олар бірінші қиыншылыққа кездескенде-ақ бастаған істі аяқтамай тастап кетеді.
  2. Еңбекке қызықтыру еңбекте шынығу сияқты мәселелердің маңызы зор. Оқушылардың осындай қасиеттерді дамыту еңбек тәрбиесіне ерекше назарда болуы керек.
  3. Еңбекке тәрбиелеу процесінде балаларды ұжымшылдыққа дағдыларында аса маңызды. Оқушылардың еңбекке қабілетін дамыту, оған деген сүйіспеншілік, дамушылық көзқарасқа тәрбиелеу мектептің негізгі міндеті [7].

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдылық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай үш топқа бөлеміз. Бірінші топ – танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттер мен мақсаттарды біледі; Ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді. Екінші топ – ізденіәске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді, тапсырманы орындауда мұғалім көмегін қажет етеді. Үшінші топ – шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен, репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады, жұмысты орындауда үлгіні қажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.

Сонымен шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектептерде  ұйымдастыру мәселелерін зерттеу  мәселені дамытып, жетілдіру механизмін анықтауға, сондай-ақ мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

- оқушылардың шығармашылық  дербестігін дамыту арқылы оның  жеке тұлғасын қалыптастыруға  болады;

- танымдық іс-әрекет  түрлері төменнен жоғары қарай,  кезекті түрде белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

- танымдық іс-әрекетті  дұрыс ұйымдастыру біліктері  мен ізденімпаз-дықтың қалыптасуы  оқушыларды шығармашылыққа баулиды; 

- оқушыларды танымдық  тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне  қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

- танымдық іс-әрекетте  дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану  интеллектуалдық қабілеттерін дамытып  – оқу танымдық және ғылыми  ізденістер жасауға талаптандырады.

Қазіргі таңда білім  саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешу – бүгінгі күннің ең басты талабы. Орта білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыраотырып, оқу материалдарын өздері игере алуға мүмкіндік туғызудың шешуші факторы оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін құру болып табылады.

Технология саласындағы  білім беру мен оған оқушыларды тәрбиелеу міндеттері оны түбегейлі жақсартудың қажеттілігін туғызды. Әсіресе дәсиүрлі қолданбалы қол өнерін технология пәніне ендіру мәселесі кең өріс алды. Бұл процесс оқушыларды тек еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар эстетикалық және патриоттық тәрбие жүйесін кең көлемді қамтуға жол ашты. Осыған орай  технология сабағындағы жаңа білім жүйесі оқушыларға жаңа білім әлемін ашуға мүмкіндік береді.

Технология сабағындағы  білім беру мен тәрбие саласында  жаңа міндеттерді қойғанда жеке адамды қалыптастыруда ерекше маңызы бар қоғамдық орта, отбасы, мектеп байланыстырады.

 

2.2 Сабақта  практикалық іс-әрекет барысында  оқушылардың шығармашылық жобасын  дамыту

Қазіргі таңдағы  басты міндет - өз елін, өз жерін сүйетін  өз халқының тарихын тілін, дәстүрін, әдет-ғұрпын білетін адамзатты тәрбиелеу, мектептегі балалардың дүниетанымы мен ұлттық санасын осыған сәйкес дамыту. Эстетикалық циклдегі пәндерге қазіргі заман талабына сай Қазақстанның көркем мәдениетінің материалдарын жан-жақты енгізу қажет.

Мектептегі  эстетикалық тәрбие мәселесі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Халықтық педагогиканың қалыптасуы және дамуы қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен, мектептегі тәрбие жұмысының жалпы бағытымен, өзіміздің өнерге, мәдениетке қатынасымызбен анықталады.

Мұнда әр сабақ бір-бірінің заңды жалғасы және бірін-бірі толық-тырып отырғаны жөн. Халықтық педагогиканың мектептегі тиімділігі – мұнда адамгершілік тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие қатар жүретінінде [5].

Халықтық педагогика - өмір салты мен ата дәстүрінің негізі.

Біздің еліміздегі эстетикалық білім берудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының өз мәдениетін жасаушы және оның мұрагері бола алатын жан-жақты білімді, иманжүзді, рухани дүниесі жетік азаматты тәрбиелеу бағытында жүргізілуі тиіс. Ол қоршаған ортаға деген оның эстетикалық иманды ізгілік қатынасын қалыптастырып, шығармашылық белсенділігімен суреткерлік қасиеттерін жетілдіру, өнер әлеміне, халықтық дәстүрге деген қызығушылықтарын ояту [12].

 Еңбекті  орындау деген сөз –оның жеке  қабілетін бірге ол жұмысты  орындау үшін белгілі мөлшерде күш және қуат жұмсауды талап етеді. Бала үнемі даму, жетілу үстінде болады. Бұлшық еті мен жүйке әлі толық дамып жетілмеген, тез шаршауға бейім болады. Әлі келмейтін тапсырма алса, қаншалықты көп күш жұмсаса да, оны орындауға шамасы келмейді. Еңбектен жеңіл-желпі жұмыс істегенде шаршау зиянды емес, қайта пайдалы. Ол балаларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бала жұмысты орындау кезінде өз еңбегінің немен тынатынын білуге тырысады. Алда істегелі тұрған жұмыстың мақсатын білу көбінесе балалар еңбегін ұйымдастыру кезінде қажет. Балаларға мақсатты түсінікті, әлі жететін және тілегіне сай жұмысты тапсыру қажет.

Балаларды еңбекке  тәрбиелеу мен оқытуды еңбектің адам өмірінде алатын орны, қоғамдағы  еңбектің сипаты, еңбек адамдарының өнегелі бейнесі, олардың еңбекті орындау шеберлігі, сондай-ақ орындалған еңбек сапасында түсіндіру қажет. Еңбекті орындауды ұйымдастыру мен орындай білуге үйретудің өзі балалардың еңбек ете білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың қайнар көзі деп қарау дұрыс нәтиже береді.

Технология  сабағын ұйымдастырғандағы тағы бір ерекшелік, олардың жеке жұмыс  орындауы мен ұжымдық жұмыс. Егер ұжым болып жұмыс орындаса, ортақ мүдде, ортақ іс. Оны орындау әдісін көп болып талқылап келісіп алады да, орындауға бірлесіп кіріседі. Ал жеке тапсырмада әрбір оқушының қабілетін дамыту, орындау шеберлігін байқау. Бұл кезде оқушылар ұжымдық бірлік емес, жеке істі орындау мақсаты қалыптасады. Жеке жұмыста жеке қабілет дамиды. Басқа пәндер сияқты еңбек сабағында мәдениеттілікке, адамгершілік қарым-қатынасқа жолдастық өзара көмекке тәрбиелеуді де ұмытпау керек.

Оқушыларды  еңбекке тәрбиелеу мен оған қызықтыратын тағы бір жолы, өмірде, тұрмыста пайдаланып жүрген, әсемделген, өрнектелген заттарды өздеріндей адамның, үлкен ағалары  мен әпкелерінің қолдарынан жасалғанын айтып, дәлелдеп оған қызықтыра білуі керек [7].

Технология  туралы білімді жетілдіру мен  жинақтауда, оны тереңірек меңгеруде, белгілі бір кәсіпке бағыттауда сыныптан тыс тақырыптық оқу, кітап  оқушылардың конференцияларының да маңызы зор. Егер осындай игі шаралар оларға ұнаса , олар өздерінің шығармашылықтарын арттырады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін “Технология” өрісі бойынша әрбір оқушы негізгі мектепте орындауы тиіс.

Жоба деп  оқушылардың жас шамасына сәйкес келетін шығарма-шылық аяқталған жұмыс түсініледі.

Шығармашылық  жоба – оқушыларға дербес, шығармашылық пен жұмыс істеуге, өзінің күш жігерін байқауға, алдына міндеттер қойып оның шешуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, шеберлігін, бейнелеушілігін дамыту және өз бетінше орындайтын жұмыстарының деңгейін көтеру үшін жобалау әдістерін қолдануды ұсынады. Бұл әдістің негізгі міндеттер қойып, оны орындай білетін адамды тәрбиелеу болып табылады. Ең алдымен жоба және шығармашылық ұғымдарының мағынасын түсіндіру қажет [13].

Шығарма - мән-маңызы бойынша мәдени материалдық жағынан жаңа құндылықтар, өз бетінше соны, бірегей туындылап жасау. Демек, шығармашылық жоба дегеніміз – оқушылардың жаңа ізденушілік ой желісі бойынша айырықша бұйымдар, өнімдер, модельдер, конструкциялар жасауы, құрауы.

Шығармашылық  жобадағы еңбек ету әрекеті жаңа ақпараттар алудың дерек көзі, танымдық қызығушылыққа ынталандырушы күш, шеберлікпен дағдыны дамыту тәсілі болуға тиіс.

Шығармашылық  жобаның орындалуы жобалық іс-әрекетті ұйымдас-тыруға сәйкес шешіледі. Ойға алған, мақсат етіп қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін жоспардың дәл, мықты құрылуы талап етіледі [17].

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттеріне арналған білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру, сол бағыттармен  ақпараттандыру. Оқушылар өз қолымен тігу жұмыстарында өздерінің идеялары мен ойларын жүзеге асырады. Сонымен оқушыларды нақты бір бұйымды тігуге ғана емес, кез- келген модельдерді орындауға оның орындалуы жөнінде технологиялық жоспар құрастыру үшін модельдеу жұмыстарын өз бетінше орындауға үйретіледі. Жобалау жұмыстары ғылыми, арнайы, анықтамалық әдебиет-термен, конструциялық альбомдармен және технологиялық процестермен, бұйым үлгілерімен қамтамасыз етілуге тиіс [18].

Шығармашылық  жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көме-гімен орындайтын өзіндік жұмысы, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы.

Шығармашылық  жоба – бұл оқушының мұғалімнің басқаруымен орындалған өзіндік шығармашылық жұмысы [19].

Шығармашылық  жоба

Мақсаты:1 Шығармашылық жобалауда  өз мүмкіндігін бағалау

                2 Жобаны құрастыру және дайындау

                3 Жоба бойынша перде тігу

Кесте 2 Технология сабағында шығармашылық жобаны модельдеу

Информация о работе Мектептегі оқу процесінде тәрбиенің маңызы