Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2015 в 20:13, курсовая работа
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Жалпы білім беретін мектептерде эстетикалық білім берудің деңгейін жетілдіру.
2. Мектеп оқушыларының ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғатқа, өнерге көзқарастарын қалыптастыру
3. Жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға көркемдік білім беру және эстетикалық талғам мен эстетикалық тәлім –тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
4. Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.
Кіріспе.................................................................................................
Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері..............................................................................................
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызын талдау..................................................................................................
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті мен білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі................................................
Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие берудегі маңызы ...............................................................................................
Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы..............................................................................
Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу............................................................................................
Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру............................................................................
Қорытынды.........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................
Қазақтың салт-дәстүрін, өмір сүру көрінісін, тіршілік мәнін, талап-талғамын сипаттайтын дәстүрлі мәдениеттің бір элементі ұлттық киім-кешектер болып табылады. Қазақ дәстүрлі қоғамында басымдық танытқан әсемдік пен сұлулықты бейнелейтін ұлттық киім эстетикалық мұраттар ұлттық көркемдік стилдің негізгі даму заңдылықтарына бағына отырып дамыды.
Киімнің жоғары сапада, биік талғамда тігілуі халықтың эстетикалық талғамының ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі қазақ қоғамында эстетикалық мұраттың басымдылығын танытады. Қазақтың ежелгі сән үлгілерінің синтезі ретінде ұлттық киім мәдениетінің екі түрін: ұлттық психология мен мәдениеттің өзіндік қалпын баяндайтын дәстүрлі мәдениетті және ұлттық киімді жасауда әдемілікті талап ететін эстетикалық мәдениетті жинақтаған. - Ұлттық киімнің көптеген элементтерінің сақталуы мен сабақтастығы және қазақтардың қазіргі киімдерінде олардың шеберлікпен өңделіп пайдаланылуы халықтың өзі қалыптастырған эстетикалық үрдістер мен талғамның, шығармашылық әдістер мен қағидалардың жүйе ретінде ұлттық көркемдік дәстүрдің тұрақты екенін дәлелдейді.
Ұлттық мәдениеттің құрамдас бөліктері болып табылатын ұлттық мерекелер, ойындар мен киімдерде кездесетін эстетикалық өлшемдер қазақ халқының көркем туындыларының жемісі. Ұлттық мәдениетіміздің осындай көркемдік жақтарын бала тәрбиесіне таңдап, талғап, эстетикалық тұрғыдан айқындап сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі жаңа технологияны халықтық тәрбиемен ұштастыра іске асыруды жүзеге асыру көзделеді.
Өйткені, ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетімізді өркендетудің қайнар көзі болып табылады.
Қортынды
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа отандық және әлемдік көркем әдебиет пен өнердің озық үлгілері негізінде эстетикалық тәрбие беру міндетін жүзеге асыруда мектеп пен мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Талапқа сәйкес қазіргі уақытта мұғалімдердің білім даярлығын арттырып, оларға эстетикалық тәрбие беру мен методикасынан терең білім беруге айрықша назар аударылып отыр.
Бастауыш және жоғары сыньш мұғалімдерінің эстетикалық тәрбие әдістемесін жоғары деңгейде меңгерген болуы лазым. Олар мектеп табалдырған бірінші рет аттаған бүлдіршіндердің бойына әсемдік сезімін дарытып, өнер туындыларын, туған табиғатымыздың сұлулығы мен байлығын қадірлей білуге үйретуге тиісті.Сондықтан, республика мектептерінің мұғалімдеріне эстетикадан терең білім беріп, жас жеткіншіктердің әсемдік сезімдерін тәрбиелеу әдіс-тәсілдерімен қаруландыру педагогика ғылымының саласы тәрбие теориясы мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Қорыта келе айтарымыз, бүгінгі таңдағы жалпы білім беретін мектептің мақсаты белгілі білім мен дағдылар жиынтығын ғана меңгерген азаматтар ғана емес, ұлттық дүниетаным непзінде өз көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды тәрбиелеп өсіру.
Мақсатымыз-өз ұлтымыздың тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ел жанды тұлға тәрбиелеу.
Оқушылардың эстетиканы меңгеруі тек өнер сабақтарын оқытумен шектелмейді, ол барлық педагогикалық процестер әрекеттерінде кездеседі. Басқа сөзбен айтқанда, адам тікелей өнер туындылармен: суретпен, музыкамен, поззиямен айналысқанда ғана суреткер болып қоймайды. Эстетиканың бастамасы оқу мәдениет еңбегінде, оқушының өзін және өзін қоршаған ортаны өзгертуіне бағыталған әрекеттеріне негізделуі тиіс.
Адамның болмысқа деген эстетккалық қатынасы өзінің пайда болуында еңбек әрекеттеріне міндетті еңбекті дене ойыны мен рухани күш тұрғысында әдемілік, сәулеттілік құбылыстары тұрғысында түсініп, әсерлену, эстетикалық тәрбиеиің негізі мен адамның дамуын калыптастырады.
Бала еңбегі масылдыққа айналмай, эстетикалық ләззат әкелуі үшін, ол қоғамның қажетінен шығуы керек, қимылдың нақтылығымен, уақыт үнемділігімен, берілгендігімен байқалып, қанағаттанарлық және табыс сезімін әкелуі керек. Ден қимылының ептілікте, дәлдікте, ырғақтылықта, қуанышта байқалатын үйлесімділігі ішкі рухани әсемділікті тудырады. Оны балалар үлкен эстетикалық байлық ретінде бағалап қабылдайды. Эстетикалық әсер көбіне оқыту әрекеттері арқылы беріледі.
Мәселен, математикада: шешімі немесе дәлелдеуі әсем, нақышты екен деген сөздер жиі айтылады. Бұл жай айтыла салған сөз емес, шын мәнінде оның негізінде ең жоғары үйлесімділік пен мақсатқа сәйкестілік жатыр. Егер бүгінгі бірінші кластың математикасын алатын болсақ, ол бұрынғысынан өте күрделенген, жоғары математикаға жақын. Шығармашылық ізденіс кезінде оқушы тақырып, шешімінің айқындылығын, бірлігі мен қисындылығын аңғара отырып, танымның қуанышы мен әсемділігін сезінеді.
Демек, эстетика тек заттардың өзіне және шындық құбылыстарына тән, ол біздің түсінігімізде де, қоршаған ортаға деген қатынасымызға да байланысты емес. Тек адамның тарихи даму процесінде «адамның сезімділігінің субьективті байлығы: музыкалық құлағы, сұлулықты сезінетін көзі» болады.
Ортаны эстетикалық тұрғыда меңгерудің субъективті жағы болып эстетикалық сезім, талғам, баға, әсерленушілік, ой – сана, армандар, яғни адамның эстетикалық санасы алға шығады.
Пайдаланылған әдебиеттер