Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2015 в 20:13, курсовая работа
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Жалпы білім беретін мектептерде эстетикалық білім берудің деңгейін жетілдіру.
2. Мектеп оқушыларының ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғатқа, өнерге көзқарастарын қалыптастыру
3. Жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға көркемдік білім беру және эстетикалық талғам мен эстетикалық тәлім –тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
4. Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.
Кіріспе.................................................................................................
Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері..............................................................................................
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызын талдау..................................................................................................
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті мен білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі................................................
Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие берудегі маңызы ...............................................................................................
Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы..............................................................................
Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу............................................................................................
Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру............................................................................
Қорытынды.........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................
"Бұлақ көрсең көзін аш", "Жол үстінде тас жатса алып таста", "Гүлді жүлма", иАғашты жастай қырықпа", "Құмырсқаның илеуін бұзба", "Судың да сұрауы бар, "От шығарып ойна,ма", "Аққуды атпа", "Құс ұясын бұзба", "Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық" т.б. тыйымдар мен мәтелдер табиғатқа байланысты әдет-ғұрыптармен салт дәстүрлердің ертеден келе жатқандығын көрсетеді.
Табиғатты аялап, оның қызығын көре білген халқымыз табиғат заңдылықтары мен оның сиқырлы сырларын да жақсы білген.
"Ай құбылса, аяғыңды сайла, күн құбылса, күрегіңді сайла". деп, көктемнің келуіне байланысты ауа райының құбылыстарын айыра біліп, күн райының құбылуын ай бетіне, күн жүзіне, жұлдыздарға қарап болжаған.
"Жатқанға дейін үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі қалды" деп, көктемнің келуіне байланысты ауа райының құбылыстарын айыра білген, күн райын күні бұрын болжап, жыл мезгілдерінің кезеңдерін кемеңгерлікпен айқындап, жақсылыққа жадырап, әсем табиғатты әдеппен қорғаған. Халық арасындағы туған жер туралы әндер мен күйлер өнер адамдарының, өнерпаз халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай сүйетінін дәлелдейді. Құрманғазы атамыздың "Сарыарқа", "Алатау", Тәтімбет атамыздың "Саржайлау" күйлері туған жеріміздің тамаша табиғатын көз алдымыздан өткізіп әдемі әсерлендіріп, жанымызды жадыратады.
Сыныпта гүл өсіру, табиғат мүйісін ұйымдастыру, мал, құс өсіріп, еңбектеніп, қызығын көру, әрбір жастың ықыласты іс-әрекеті болып қалыптасуға тиіс. Мектептегі табиғатты қорғаушылар клубтары мен үйірмелері Жер-ана жүзіндегі жеткілікті қызықтардың рақатын көруге әрбір оқушыны бейімдей білетіндей болуы қажет. Ата-бабамыздың аялап келген, кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету, жалпы табиғатын қорғау - әрбір адамның қастерлі борышы.
Адамгершіліктің алғашқы қасиеттеріне біз мыналарды жатқызамыз: әртүрлі халықтардың дәстүрлері психологиялық сенім ілімдерде баяндалған қағидалар мен заңдар; философияда және әдеби шығармаларда өнердің түрлері, сондай-ақ, олардың негізінде туған жалпы адамзаттық адамгершілік ұғымдар мен құндылықтарды қалыптастыратын және кәсіби адамның өз жұмысында адамгершілік пен моральдық әртүрлі бастапқы түрлерін пайдаланатын туынды көздеріде бар.
Мектептерде сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде, оларға эстетикалық тәрбие беруде әдеби шығармаларды пайдалану педагогикалық жұмыстың қайнар көзі болып табылады.
Мектептің сынып оқушыларына адамгершілік туралы түсінік беру оқу мен тіл дамыту сабақтарында жүзеге асады. К.Д.Ушинский баланың адамгершілік жағынан қалыптасуы үшін оқу мен тіл дамытудың қаншалықты маңызды екендігін атап көрсетті. Ол былай деп жазды: "Адамгершілік сезімге әдеби шығарманың өзі тікелей әсер етуі тиіс. Онда бұл шығармада білдірілген адамгершілік қылықты, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге мәжбүр ететін әдеби шығарманың адамгершілік себеп болғаны".
Өскелең ұрпақтың Қазақстандық қоғамның адамгершілік нормаларын игеруді басқалармен бірге әдеби бейнелерді ойластырудың арқасында жүзеге асады. Осыған байланысты баланы әдебиет дүниесіне жақындастырудың оның қалай өтетіндегін және мұндай жақындастырудың сәйкес моральдық қағидаларды қандай жағдайларда игеруге мүмкіндік беретіндігін қадағалау маңызды.
Бұл әрекетте әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы маңызды роль атқарады. Кейіпкердің немесе қандай да бір оқиғаның эстетикалық тартымдылығы - әдеби бейнені оң, бағалаудың непзп шарттарының бірі. Мұның әсері мектептің сынып оқушылары үшін маңызы ерекше.
Көркем шығармада келтірілген оқиғалар, құбылыстар, кейіпкерлер оқырманнан тиісті баға беруді талап етеді. Осы көзқарас тұрғысынан кітаппен жасалатын қарым-қатынасты оқырман мен жазушы арасындағы ішкі диалог ретінде қарастыруға болады. Егер оқырман көркемдігі жоғары шығарманы оқыса, онда оның адамгершілік ұстанымы қалыптасады. Бұл оның тұлғасының орнығуына ықпал етеді. Әдеби бейненің есте сақталғыштығы кіші жастағы оқушының моральдық әрекетін туғызатын күшпен анықталатындығы дәлелденген.
Әдебиетпен алғашқы есте сақталған таныстықтың мектеп оқушылары арасында жасына қарай бөліну мынандай болды: 1-8 жас (1-2 сынып) - 1,8 пайыз; 8 - 9 жас (2 – 3 сынып) - 4,5 пайыз; 9 – 10 жас (3 – 4 сынып) - 5,4 пайыз; 11 – 17 жас (5 – 11 сынып) - 61,8 пайыз. Бұл мәліметке қарағанда әдебиеттен алғашқы әсердің ерте жастан-ақ пайда болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл жастағы балалық эстетикалық толқудың тұрпайы тұрпатын алғашқы моральдық бағалаудан ажырату қиын. Бұл жаста баланың моральдық бағдарлануларында айқын жіктелу байқалмайды. Ол әдеби образды терістеуі де, олармен өзін тейестіруі де мүмкін.
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармалар арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге қатысты қағидаларды былайша нақтылауға болады:
1) оқыған көркем шығарма бойынша өтілетін әңгімелесу мазмұны жағынан бастауыш сынып жасындағы оқушыға ұғынықты болуы тиіс;
2) әңгімелесуді әдеби шығармалардан алынған кейіпкердің адамгершілік бейнелерін талдаудан бастау керек;
3) жазушы шығармасындағы
4) көркем шығармадағы кейіпкердің жан дүниесін, адамгершілік ізденістерін суреттеу;
5) имандылық, қайырымдылық, әділдік, шыншылдық сияқты қажет сапаларының ара қатысын, оларды заман рухына, ұлттық мінезге сай көркем бейнелеп көрсету.
6) әдеби шығарманың
эмоциялы, ашық және
әсер берерлік бейнелеріне
Адамдардың өзара қарым-қатынасының адамгершілік жағын бейнелейтін деректерді жинақтау және қорытындылау жөніндегі жұмыс нәтижесінде мектептерде оқушыларының түсініктері сапалы, мазмұнды бола бастайды, құбылыстардың мәнді жақтарын анықтауда және қорытындылауда ілгерілеушілік байқалды.
Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болса, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу - мектептің, мұғалімнің, ата -ананың қоғам алдындағы борышы.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде бұрыннан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып, үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.
Себебі: Л.Толстой айтқандай, өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүру соқпақ іздеп адасумен пара-пар» - деген. Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық, экономикаық, құқықтық тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән ерекшелгі бар.
М.Калинин: "Тәрбие дегеніміз - тәрбиеші қалаған жақсы қасиеттерді тәрбиеленушінің бойына егу үшін оның психологиясына мақсатты да жүйелі түрде ықпал жасау деп көрсеткен болатын. Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді.
Біздің қоғамның тәлім - тәрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келеді, жалпы адамзаттық қүнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігі өз халқының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты.
Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту - сынып жетекшілерінің, тәрбиеші мұғалімдердің, ата - аналардың ең үлкен парызы болмақ.Балалық шақта айнала қоршаған дүниені ақылмен, жүрекпен тану - адамгершіліктің ең басты негізі болып есептелініп, баланың бойында елжандылық, Отансүйгіштік қасиеттердің қалыптасуының ұзақ үрдісі басталады. Бұл үрдістер мұғалімдер, ата-аналар тарапынан мақсаттылық пен педагогикалық - психологиялық тұрғыдан басқаруды қажет етеді.
Мұнда әлемдік педагогика, психолгия ғылымында айқындалған бала тәрбиесінде жинақталған ғылыми қағида бойынша бір мұғалім баланың рухани дүниесіне кіре білуі және баланың рухани дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді, баламен жұмыс істеуді басшылыққа алуы керек. Мұны білмейінше, бұған мән бермеген жағдайда нағыз Мұғалім бола алмайтынын өмір көрсетіп келеді.
Баланың рухани дүниесіне көтерілу дегеніміз баланың дүниеге келген күнінен бастап, оның дүниетанымын ақыл-оймен, жүрекпен тану, ең нәзік, ең шынайы ұғыну, қабылдау, сезіну деп түсіну қажет.
Мектеп жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етіп, ол белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргенне кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеберлі болуы, адамгершіліктің барлық салаларын қамтуы тиіс. Мектептегі адамгершілік тәрбиесі, біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс.
Адамгершілік тәрбиенің тәрбиеленушінің дамуына қандай игі әсер ететіндігін, тәрбие әсерімен оқушы өзгеретіндігін, тәрбиенің әсерімен адамгершілік кемелдің жаңа сатысына қалай көтерілетіндігін педагог жақсы білуі тиіс. Ол үшін адамгершілік тәрбиесінің көптеген үрдісін жеке буындарға бөліп, әрқайсысын жекелей қарастыру керек. Бұл үрдістің аса маңызды буыны - адамгершілік сананы қалыптастыру.
Баланың сезіміне әсер ету шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы болып табылады. Сондықтан көптеген мұғалімдер баланың санасына әсер етуді жөн көреді, ал тәрбие жұмысында оның сезіміне қалай әсер етуі керектігін кейде біле бермейді.Оқушының сезіміне әсер етудің тәсілдерін анықтағанда, сезімді тәрбиелеу негізіне баланың бұрынғы өз сезімдерін өзгерту және одан әрі жетілдіру жолымен асырылатындығын ескерген жөн. Мысалы, мектеп қабырғасында туған табиғат туралы қанша айтқанмен, оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға әсер етпеуі мүмкін.
Ал енді табиғатқй саяхат жасаса, суретке түсіру, әңгіме құрастыру жайлы тапсырма берілсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзік сүйіспеншілік сезімін туғызар еді. Бұл жағдайда мұғалім ізгі сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекінуіне де жағдай жасайды. Баладағы жаңа сезімдер қатты әсерленудің ықпалымен жетілуі, өзгеруі мүмкін.
Әсерлену, әсіресе өзгелердің істегенін қабылдау және санадан өткізу үрдісінде пайда болады. Мәселен, тарихымыздағы ұлы бабаларымыздың, хандар мен билеріміздің халқы үшін көрсеткен теңдесі жоқ ерліктері туралы әсерлеп, көркемдеп әңгімелеу бала сезіміне өте қатты әсер етіп, оның адамгершілік, елжандылық, Отансүйгіштік сияқты ізгі сезімдерін оятады. Мұғалім ұжым өмірін жарқын да сезімге бай етіп ұйымдастыра алса, мұның өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы болып табылады. Ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне, өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиеті сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады.
Тәрбие үрдісі балаларға мінез бен қарым-қатынастардың адамгершілік жағын ұғындыруды қамтамасыз етуі тиіс. Балалардың өз әрекеттері мен өзгелерді түсінуі адамгершілікті бағалауына және өзін-өзі бағалауға үйренуге мүмкіндік береді. Тәрбие жүйесінің тиімділігін аса маңызды көрсеткіш баланың адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. Жетілгендік балалардың дағдылы және күрделі жағдайлардағы адамгершілік тұрғыдан қалай болатынын алдын ала болжап білуден, өзінің адамгершілік қасиет иесі екенін түсіне білушіліктен көрінеді. Адамгершіліктің дамуы -тәрбие жұмысының жемісі. Бұл жүйенің өлшемі тәрбие жұмысының пәрменділігі.
Баланың эстетикалық көқарасын тәрбиелеу әсемдік қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалдағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және түрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің неғізі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру, көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсеніс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.