Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2015 в 20:13, курсовая работа
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Жалпы білім беретін мектептерде эстетикалық білім берудің деңгейін жетілдіру.
2. Мектеп оқушыларының ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғатқа, өнерге көзқарастарын қалыптастыру
3. Жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға көркемдік білім беру және эстетикалық талғам мен эстетикалық тәлім –тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
4. Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.
Кіріспе.................................................................................................
Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері..............................................................................................
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызын талдау..................................................................................................
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті мен білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі................................................
Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие берудегі маңызы ...............................................................................................
Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы..............................................................................
Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу............................................................................................
Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру............................................................................
Қорытынды.........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтық бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдары мазмұндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, мәңгілік пен бүгінгілік, тағдыр т.б ұғымдарды қалыптастырып ұғып түсінеді. Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы өнерді тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығушылығын арттырады. Эстетикалық белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, қолданбалы өнері бұйымдарын жасай білуге, олар қоршаған орта табиғат құбылыстарын абстрактілі бейнелей білуге, бабалар мұрасын ұрпақ мұратына айналдыруға өз үлесін косуға талпындырады.
Демек, эстетикалық тәрбие үрдісінде қазақ қолданбалы өнерін кеңістік пен уақыт ұғымдарын пайдалану ақыл-парасаттылық (рационалды) және сезім (эмоционалды) элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады. Педагогикада бұл мәселені шешуде адам ақыл-ойының, адамгершілігінің әсемдікке бой ұруы және эстетикалық сезімдерінің өзара байланыста екендігін негізге алады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді.Әр баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан. Өнердің әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын оқушы болмайды.Тәрбиенің міндеті- балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету.
Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:
1) Оқушыға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Оқушы бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көкті, түрлі-түсті кемпірқосақты, буыны жоқ бүұаңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Оқушы сұлу жаратылыстың құшағында болсын.-Оқушыда сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Мұғалім жаратылыстағы түрлі сұлулыққа оқушының зейінін аудара білу керек.
2) Оқушының маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болуы керек. Оқушының үсті басы, денесі, киімі-бәрі таза ұсталуға тиісті. Өзімен бірге оқитын құрбы – құрдастарын мәдениеттікке ретті, тәртіпті, таза блуға шақыруы тиіс. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген оқушы сұлулықты тез сезінгіш келеді. Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Оқушының бірге жүрген ортасы және адамдардың жүріс-тұрысы да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.
3) Оқушыны эстетикалық тәрбие өнрмен таныстыру керек. Бала неше түрлі әуендерді естісін, сұлу табиғат түрлерін көрсін мәдениетті сөздер, сезімтал өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасыын сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарына ойнауға үйрету керек.
Міне осыларды көріп, естіп, оқушының эстетикалық сезімдері өркендейді.
"Өнер-білім бұлағы" дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да адамдарға, өскелең ұрпаққа рухани күш-жігер берш ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімдерін оятады.Өнер саласының бірі - ән мен күйдің қоғамдық әрі тәрбиелік мәні өте зор.Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру барысында мектепте белгілі бір жүйелі бағытпен музыка сабағы жүргізіледі. Бастауыш сыныптан басталып жетінші сыныпқа дейін музыка сабағы қорған ортаның әсемділін көріп, жырлап оларды оқушылыр естіп, ажыратып, бағалай білуге арналған. Оқушыға музыка жаилы түсініктерді, анықтада отырып, эстетикалық өнердің алғашқы негіздерімен тарихымен таныстыра отырып, таным түсінігін дамытып оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыруға баулу қажет. Музыка туралы мағлұматты жүйелі меңгеру іскерлік пен дағдының қалыптасуы, ең алдымен қайырымдылық, имандылық, адамгершілік сезімнің, өнерге деген қызығушылығының, эстетикалық талғамның дамуына бағыттау керек.
Эстетика дегеніміздің өзі өмірдің бір бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі балаға музыка тілімен жетеді. Осы өнер арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді, музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады.
Эстетика баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады.Мектептегі өнер сабағы тек қана музыкалық мағұлмат беріп қана қоймай сонымен қатар оқушыларға жоғары адамгершілік, имандылық, азаматтық қасиеттерге баулиды.Көркемдік эстетикалық және эмоционалдық тартымдылығына оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеп алынған шығармалар ғана тәрбие жұмысына мол дүние бола алады. Олар өздеріне терең әсер қалдырып толғандыратын шығармаларды қабылдаған жағдайда ғана адамгершілік сезімдерін оята алады.Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.
Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі, ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнердің, оның ішінде музыканың атқарар рөлі ерекше.Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым-қатынас тәжірибесін ашады, қорытындалайды, жүйелейді. Кез келген мәселені шеше отырып, өнер шындықтың эстетикалық деректерін бейнелейді және ойластырады, ал өмірлік құбылыстарды бағалай отырып, басқалармен бірге оларды эстетикалық бағалауға түсіреді. Сонымен бірге ол эстетикалық эмоция туғызады және эстетикалық ләззатқа бөлейді. Мұның бәрі өнерді, демек музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын қүралына айналдырады. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл міндетті қызмет, бірақ жалғыз және дербес қызмет емес. Ол өнер атқаратын және оның табиғатымен, қоғамдық өмірдегі ерекше орнымен анықталып, әлеуметтік қызметтердің күрделі жүйесімен жымдаса байланысқан.
Өнердің, демек, музыканың да мынадай қызметтері бар: гнесеологиялық (шындықты өзіндік тәсілмен тану), аксеологиялық (оны өзіндік тәсілмен бағалау), насихаттаушылық (саяси, философиялық, этикалық және басқа қоғамдық идеяларды тарату), геоденистік (рухани көтеру, ерекше ләззаттану), суггестивтік(эмоция мен ойдың белгілі бір тәртібіне иландыру), сауаттандыру ("өмірдің оқулығы" қызметін атқару), эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендірлендіру), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым - қатынастың ерекше қызметі, өзіндік құралы ретінде әрекет етуі) және т. б.
Музыкалық - эстетикалық тәрбиенің, дәлірек айтқанда, музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.Музыка күші оның жан жақты әсер ететіндігінде (ерік -жігерге, ақыл ойға, ойлауға, "логикалық сезім" деп аталатынға; эстетикалық сана саласында үйымдасқандығын қабылдау қабілетін, оның жетілуін талап ететін арнаны сезіну ретінде әрекет етеді). Осы мағынада алғанда музыкамен қалыптасқан эстетикалық сезім эстетикалық категория ретіндегі үйлесімділік ұғымына енген мазмұнға жақын келеді.
Сонымен бірге жаппай музыкалық педагогикалық практиканы талдау бастауыш және жоғары сынып оқушыларының интонациялық қабылдау, гармония, эстетикалық қабылдау, эстетикалық талғам сияқты маңызды категорияларды тәрбиелеуге бүгінгі күні жеткіліктті көңіл бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Бұған қолайлы жағдай туғызатын мектеп сыныптардағы музыка сабақтары мен сыныптан және мектептен тыс музыканың кең эстетикалық мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмай отыр. Мұғалімдер арасында сынып оқушылары өтетін музыка сабақтарының өзі ақ олардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға өздігінен ықпал етеді деген сенім қалыптасқан.
Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан "өзінен - өзі" дамиды және ол үшін Мұғалім тарапынан арнаулы күш - жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан да, практикалық жағынан да қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне, мысалы, гармония мен, эстетикалық қабылдаумен және талғаммен байланысты мәселелерге мұғалімдер тарапынан арнаулы көңіл бөлуді қажет етеді.
Мектепте сынып оқушылары қабылдаудың өткірлігімен және тазалығымен өзіндік "сезімдік қызығушылықпен ерекшеленеді, музыкаға аса қызығады. Олардың музыкалық іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру бір жағынан, кіші жастағы балалардың эстетикалық сезімдерінің дамуына әсер етеді, ал екінші жағынан, сәйкес қабілеттердің (есту тітіркендіргіштерін нәзік ажырату, музыкалық есту, үнді есту ретінде қоя білу қабілеті және т. б.) дамуына ықпал етеді. Барлық сынып оқушыларының интонациялық және эстетикалық қабылдауына қабылдау кезіндегі талдау тереңдігінің, ұйымдасқандықтың және мақсатқа бағытталғандықтың әлсіздігі тән екендігін анықтаған. Бұл әсіресе 1 және 7 сынып оқушыларына тән құбылыс. Оларға қабылдаудың эмоциялығы тән. Олар ең әуелі тікелей эмоциялық реакция туғызатын қасиеттерді, белгілерді, ерекшеліктерді қабылдайды. Сондықтан музыка туындысын тікелей күшті эмоция туғызатын белгілі бір акустикалық немесе оптикалық орта ретінде қарастыруға болады.
Музыканың эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігінің толық пайдаланылмай отырған себебі оқу жұмысының ғылыми негізделген әдістехмесінің болмауында. Мұндай ғылыми әдістеме мынадай үш ілікке негізделген болуы тиіс деп есептейдә-ғалымдар психофизиологиялық (дыбыстың материалдық жекелеген жақтарының тыңдаушыда тікелей эмоциялық әсер туғызды), симптоматиялық (адамның музыкамен үлгіленген эмоция симптомдарын игеруге негізделген), нәрселік - жағдайлық (тыңдаушы психикасында шындықтың рмоциогендік нәрселері мен жағдайлары жөнінде түсіністің тууына негізделген.Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмысының ғылыми негізделген әдістемесінің құрылуы мыналарды анықтаумен байланысты болды: музыкалық материалды игеру үрдісінде оқушыларды гармония жөніндегі түсінікті, кідірістік және эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер, оқушылардың гармония жөніндегі түсінген, кідірістік және эстетикалық қабылдауын қалыптастыру өзгерісі; эстетикалық талғамдарды тәрбиелеуге ықпал ететін педагогикалық жағдайлар.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құрамының бірі -музыкалық білім және тәрбие беру ісінің оқушының жан дүниесін қалыптастыруда ерекше маңызы бар.
"Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,"
- деп данышпан ақын Абай
Музыканың тәрбие саласындағы күшті құдіретін біле тұрсақ та, табиғаттың, адамның жасаған игіліктерін қиратып, бүлдіргеннен басқаны білмейтін оқушылар музыка тілінен мақұрым қалып, көңілі соқыр, рухани мүгедек болып өседі.
Әр дәуір күн тәртібіне өз талабын қояды. Еліміздің егемендік алуы, ана тілімізге, ұлттық дәстүрімізге ерекше мән берілуі нәтижесінде мектептегі музыка пәнінің бұрынғы міндеттерінің үстіне қоса, бүгінде ұлттық сана сезімі оянған, ана тілін, елінің мәдениетін, өнерін білетін, сүйетін және келешекте дамытатын жастарды тәрбиелеу кажеттігі туып отыр. Оқу мазмұнын ізгілендіру бағытында имандылыққа тәрбиелеуге, оқушының жеке басының жан жақты үйлесімді дамуына аса көңіл қоюда музыка бағдарламасы лайықты болуы тиіс.
Біріншіден, баланың психо физиоглогиялық жеке басының ерекшелігін есепке алу. Баланың табиғатына байланысты музыкаға құштарлығын, талпынуын арттыру үшін сабақтың "оңайдан бірте бірте қиынға көшу" принципін сақтап, 10 12 минут сайын қызықты сұрақ, жүмбақ, тапсырмамен түрлендіру. Оқушыларды жалықтырмайтындай музыкалық ырғақты қимыл - қозғалыс сияқты әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану қажет.
Екіншіден, баланы тәрбие негізінде оқыту керек. Оқушыға өз басын және айналасындағы адамдарды сыйлауды үйретіп, селқостықтан аулақ болуға, елін, жерін, дәстүрін, өнерін қадірлей білетін өз елінің азаматы болуға тәрбиелеу, мәдени дағдыларды игеру музыка сабақтарында орындалатын мақсаттар.
Үшіншіден, баланың оқуға қызығушылығын арттыру. Ол үшін оқушылардың көңіл қойып тыңдауына, жасына, түсінігіне лайық шығармалар іріктеп ұсыну, халық аспаптарының біреуін меңгеру қажет. 1-7 ші сынып оқушыларының музыка пәніне қызығушылығын арттыру мақсатымен сабақ барысында түрлі дидактикалық, музыкалық ойындармен ұштастыру керек.
Төртіншіден, бастауыш пен орта мектептің арасындағы сабақтастықты сақтау.
Музыка бағдарламасының мазмұнын жетілдіру үшін музыка сабағын жандандыратын төмендегідей элементтер ескерілуі тиіс.Бағдарламада қазақ халқының төл шығармаларынан іріктеліп алынған материалдар басым болуы керек. Оның ішінде балаларға арналған ойындар, айтыс, фольклорлық әндерден бастап таныстырылғаны абзал. (Мысалы, халық әндері "әлди - әлди", "әй-әй бөпем").Қазақ композиторларының балаларға арналып шығарылған жаңа әндері де бағдарламадан міндетті түрде орын алуы тиіс. Мысалы, "Кім қалай шырқайды?" әні (сөзі -А. Асылбековтікі, әні-ж. Тұрсыновтікі) оқушылардың есту қабілетінің дамуына, музыкалық сауатының ашылуына, дүние тануына, тілі дамуына да әсер ететін әндердің бірі. Сондай-ақ "Биші болам өскенде"(Қ- Бұғыбаева, Т.Тайбекова, "Тәрбиеші" (Ф.Оңғарсынова, Т.Әбдіқадірова), "Дәрігер"(С.Асанов, Ә.Бейсеуов), "Ананың тілі-аяулы үні (Ш.Смаханұлы, Ә. Тінәлиев) әңдерінің де осы орайда мәні зор.Жалпы білім беретін мектептің бірінші сатыларында дидактикалық, музыкалық ертегі, қимыл-қозғалыс жасайтын ойындарды орынды қолдану оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыруға, жалықтырмауға пайдаланатын ұтымды әдістердің бірі. Мысалы, ұлттық ойындардың ішінде, "Жаңылысқан үұылады", "Құрсау-құрсау", "Әжемнің үш қазы бар" ойындары оқушылардың ықылас, көңілдерін аударып, ұғымдарын кеңейтіп, музыканы сезінуіне, дене қимыл-қозғалысына көп әсерін тигізеді. "Балаға ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде жаттығады, жан мен тәнін өсіреді ", - деген педагог А.В.Луначарский.
Әсіресе, төменгі сыныпта музыкалы-дидактикалық ойындарды пайдаланып қана қоймай, оларды бір тақырыптық, сюжеттік жүйеге біріктірген жөн. Музыка сабағын жаңа ойын формалармен (мысалы, спектакль сабақ, ертегі-сабақ, кездесу-сабақ, орманға, хайуанаттар паркіне, филармонияға) жүргізген оңай нәтиже береді.
Зерттеліп, тәжірибеден өткен театр элементтерін енгізу музыка сабағында пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдердің бірі. Музыкалық ойындарды кейіпкерлердің қандай дауыс ырғағымен сөйлейтінін, қандай қимыл жасайтынын балаларға үйретсе, олардың ой-қиялының дамуына, шығармашылық белсенділігінің артуына, дүние танымына, сезімталдығын тәрбиелеуіне әсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар баланы импровизациялауға бейімдеу мақсаты орындалуына бұл әдіс мүмкіншілік береді.