Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2015 в 20:13, курсовая работа
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Жалпы білім беретін мектептерде эстетикалық білім берудің деңгейін жетілдіру.
2. Мектеп оқушыларының ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғатқа, өнерге көзқарастарын қалыптастыру
3. Жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға көркемдік білім беру және эстетикалық талғам мен эстетикалық тәлім –тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
4. Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.
Кіріспе.................................................................................................
Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері..............................................................................................
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызын талдау..................................................................................................
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті мен білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі................................................
Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие берудегі маңызы ...............................................................................................
Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы..............................................................................
Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу............................................................................................
Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру............................................................................
Қорытынды.........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................
Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай, адам мен жаратылысты жарыстырып, сұлулық шежіресіне айналған өнер ерекшеліктерін жете тану - бүгінгі білімді, парастты да мәдениетті қауымның алдында күн тәртібінде түрған басты ғылыми тақырыптардың бірі.
Оқушының көпшіл болып өсуі үшін де өнерлі болудың маңызы зор. Өнер баланың дүниетанылымында сеніміне, адамгершілік - моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдердің тұрақтай, алдына қойған мақсаттың айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себептен де халық өз ұрпағының өнердің сан алуан саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай, мақал-мәтелдер "Жігітке жетпіс өнер де аз", "Өнер -таусылмас азық, жұтамас байлық", Өнердің ырысы жарқылдап жатыр жолыңда"-деп өнерді құдіретті күш, ол адамның жан серігі, рухани байлық деп білуге болады деп бағалаған.
Сол себептен де оқушылардың өте кішкентай кезінен-ақ, яғни бастауыш сынып оқушыларының өнерге деген құмарлығын сол кезден бастап-ақ дамыту керек. Дәл осы 6-10 дейінгі жастан-ақ балаларда қызығу мен құмарлық пайда болады. Соны сол жастайынан дамытып үйрету қажет. Әрине, кереметтей өнердің шыңы тек еңбек арқылы дамиды. Сол себепті, "Домбыра үйренуге де шыдамдылық керек", "Өнер ұялтпайтын кісіні өзі біледі", "Ерінбеген емер, қажымаған жеңер"деген түйінді сөздің өзі жеткілікті.
Өнер сапасы бала тәрбиелудің ең бір үлкен қүралы. Осы жағдайды жүзеге асырудағы әдіс - тәсілдері мен амал - жолдары, халықтың туған жерге, елге деген дүниетанымдылық көзқарасы бүгінгі күнде мектеп тәрбиесінде, музыка, бейнелеу өнері, ана тілі, хореография сыныптан тыс мүсіндеу, сәндік-қолданбалы өнерді эстетикалық тұрғыдан қабылдау сабақтарында кең көлемде қабылдау керек.Оқушыларды айналадағы табиғатты, қоғамдағы болмысты, әдемі әуенді құлақпен естіп, сүулықты көзбен көріп, жоғарғы эстетикалық негізде қабылдай білуге баулу қажет.
Сонымен қатар, өнер шығармалары арқылы туған халықымыздың жарасымды әдет - ғұрыптарымен, мерекелерімен, халық өнерінің туындыларымен танысу. Әрбір сабақта әртүрлі терминдер мен түсініктемелерді туған халқымыздың көрнекті ақындарының атын, суретшілердің, әншілердің, күйшілердің, аты-жөнін, кейбір шығармалардың шығу тарихымен танысу балалардың ой-өрісін дамытады.Оқушылардың ой-өрісін, рухани байлығын дамыту кез келген ұстаздардың міндеті. Мектепте өтетін өнер сабағын тиімді, ұстамды өткізу, келешек ұрпақтардың сапасын интеллект, эстетикалық көзқарасын үлкен жолға салу деген сөз.
Өнермен жалқау адамдар жолдас бола алмайды. Өмір қызығын қызықтай алмайтын, рухани дүниесі аздығынан, оқушылардың психикасы нашар дамитыны сондықтан да болар.
Халық сөзі: "Жалқаулық жаман ауру", "Отыра берсең, жалқаулық басынар", "Жалқаулық аздырады, еңбек қоздырады" деген қанатты сөздер, өнерді жастайынан оқушыларға үйрету, ерінбей жұмыс жасау келешек жастарды үлкен рухта тәрбиелеу деген сөз.
Оқу мен тәрбие күрделі бір істің екі жағы. Осы істің екеуінің қай жағын ақсатып алсақ та адамды жан-жақты жетілдіру ісін жолға қоя алмайтынымыз белгілі. Ал тәрбиенің қай саласын қарасақ та эстетикалық тәрбие беру ісімен іштей қабысып жатады. Демек, адамгершілікке, инабаттылыққа, елін сүюге, ерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы эстетикалық тәрбие адамды сұлулық әлеміне жетелейді.
"Көзі соқырдың - көңілі соқыр" деген ғой дана хақымыз. Өзін қоршаған табиғат аясынан сұлулықты көріп, оған сүйсіне білмеген, жүрек тербейтін нәзік үнге елжіремеген, зар мен мұңнан көзіне жас келмеген халқына түскен ауыртпалықты өз басына түскендей сезініп қатуланбаған, бояма жалған сұлулықтан шын сұлулықты ажырата білмеген адам оны жоюға, қиратуға жақын түрады.
Ал эстетикалық талғамы дамыған, көз қарасы қалыптасқан адам бұзақылық, қатігездік, зұлымдық, дөрекілік, өтірік, ұрлық, өсек тәрізді жексұрын қылықтардан аулақ болады. Өйткені, ондай адамдар шынайы сұлулық түр мен мазмұнның шебер ұштасуы арқылы болатынын сезе біледі. Адамдардың сыртқы түрі, іс-әрекеті, қимылы, сөзі - барлығы тек формамен мазмұнның қабысуы арқылы көрінетінін, сондай-ақ сұлулық қана шынайы сұлулық болатынын түсінеді.
Тәрбиенің қай саласын жүзеге асыруда болсын оны эстетикалық тәрбиеден бөліп қарауға болмайды дейтін себебіміз де осыдан. Халық шығармашылығы, соның ішінде қазақ халқының ән өнері ұлттық мәдениетіміздің маңызды бөлігі.Халқымыздың ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс-амалы үшан теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақ әндерінің халық өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, жас жеткеншектердің әсемдікті қабылдай білуін, адамгершілікті эстетикалық идеалын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.Қазақтың халық әндерін жинап, зерделі еңбек еткен ғалым-этнограф А.В.Затаевич: "Халық әндері - халық өмірінің барлық жағын көрсететін шындыққа толы, көзі тірі халық тарихы. Ол халықтың ойын-тойын, өткен ғасырдағы рухын, мінез-құлқын, сезімін, жүрек толқуының сырын шертеді" деп таңданады.Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде халқымыздың педагогикалық ой-пікірін оқу-тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни адамгершілікті эстетикалық тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Жеткіншекті дүниежүзілік деңгейге сай тәрбиелеуде негіз бола алатын әрі солардың бойындағы ең асыл қасиеттерді қалыптастыратын, парасатты іс-әрекеттерге баулитын аса пәрменді тәрбие құралы халық шығармашылығымен сусындандырылған эстетикалық тәрбие болып табылады. Ол жүйелі түрде тәрбие қүралы ретінде пайдалануы қажет.Жасыратыны жоқ кейінгі кезде біздің жастарымыз ұлттық мәдениетімізден қол үзіп, батыс сарынындағы жеңілтек даңғаза музыкаға көп әуестенеді. Ендігі жерде ұл - қыздарымыздың музыка-эстетикалық тәрбиесін жандандырып, жағымсыз қаситеттерінің өршіуіне жол бермей, тосқауыл бола алатын халық педагогикасына негізделген ұлттық тәлім-тәрбиенің ширыға түскені абзал.
Басқа да жанрлар сияқты, қазақ халқының ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан. Түркі жанрдағы әндер халықтың эстетикалық көзқарастарын және олардың әсемдік жөніндегі түсінігін білдіре отырып, балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарының бірі болды.
Шетсіз-шексіз қазақ даласында небір майталман күміс көмей әншілер өткен және әр аймақтың қайталанбас әншілік дәстүрлері қалыптасып отырған. Олардың өзіне тән дара қасиеттері, өзіндік әуен сазы, нақышы, мақамы, домбыра тартудағы қағыс ерекшеліктері тайға таңба басқандай анық байқалып тұрады. Халықтың сүйікті әншілеріне "жез таңдай", "қаз дауыс", "күміс көмей", "қоңыр дауыс", "бұлбұл дауыс" деп, әнші әуезінің бірде кең, бірде уайым-қайғысыз, бірде қайғылы да сезімге толы, бірде шапшаң да әзілқой, енді бірде кекесінді де ашулы әндерді дүниеге келтірді. Ән, әуен, саз адамның ішкі жан пернесін дөп басып, халықтың ой-арманы мен тілек-мұратының, бастан кешкен қасіреті мен қуанышын паш етеді.
Қазақ халқы өзінің сан алуан қам-қаракет тіршілігі ішінде балалардың тәрбиелеудің өзіне тән эмпиризмдік тәжірибесін жинақтап, жеткіншек ұрпаққа тәрбие беруге, оның ішінде музыкалық эстетикалық тәрбие беруге өзіндік талаптар қойды.
Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған музыка пәнінің бағдарламасы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде өзінің алдына төмендегідей міндеттер қояды:
- музыкалық таңдау арқылы халық өнерін білу;
- ән айту, би билеу, музыкалық - дидактикалық ойын ойнау, сурет салу, саз аспаптарында ойнау;
- жыр, терме, айтыс өнерінің көркемдік құралдарымен танысу;
- оқушылардың нақыл сөздер
мен өнегелі істері жайлы білім
Бұл бағдарламаның ән репертуары жөнінде айтар болсақ, ол - өте бай. Орындалатын әндер тұрмыстық, отбасылық, әдет-ғұрыптық, лирикалық жанрда болумен қатар балалардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға және олардың әсемдік жөніндегі түсініктерін тереңдетуге әсерін тигізеді.Жалпы, музыка сабағының бағдарламасын алсақ, оның мақсаты - қазақ халқының байырғы ұлттық өнерін, соның ішінде музыкалық мәдениетін терең түсініп, эстетикалық тұрғыдан сезініп, ажырата білетін азамат тәрбиелеу.Өйткені, қазақ халқының ән мұраларында халық дәстүрі, елдің тарихи шежіресі дидактикамен терең үндескен философиялық ой-толғаныстары жүрек тебірентер ғажайып сырлары жатыр.
Әл-Фараби: "Музыканың үш түрі бар...Біріншісі жай ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтымақтықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялымызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады. Музыканың өзінің байсалдылығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды ылғи да бір қалыпты ұстауға қүдіреті әбден жетеді. Музыканың жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиетті болады. Ол бізге жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек етеді.
Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі," - деген еді.
Мектепте оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі бірден - бір құрал-табиғат. Табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қардың жаууы, күннің күркіреуі, ағаштардың бүршік жарып, гүлдердің түрлі түске еніп гүлдеуі, қүұтардың жылы жаққа үшып кетуі, қайта үшып келуі т.б. - мұның бәрі оқушының эстетикалық сезіміне әсер етіп, қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады. Балалардың сезімін тәрбиелеуден табиғаттың рөлі жөнінде К.С.Станиславский: "Табиғаттың өзі теңдесі жоқ әсем дүние, сондықтан оған зер салып, үңіле қараңыз. Алдымен гүлді немесе жапырақтарды, өрмекші торын немесе терезе әйнегіндегі аяз өрнегін алыңыз. Мұның бәрі - ұлы суретші," -дейді.
Мұғалім оқушыларды табиғи құбылыстармен таныстыра отырып, таңертеңгі әсемдікті байқауға, күннің шығуы мен сәулесінің жер бетіне шашқан нұрын көре білуге, сылдырлап аққан су дыбысын, орман шуылын құстардың сайраған үнін, жапырақтар мен шөптің сыбдырын естіп, түсіне білуге баулиды. Оқушыларды табиғатта жұмыс істейтін адамдар еңбегімен таныстыра отырып, олардың қимылы мен еңбек барысындағы әсемдікке көңіл аудартады. Соның нәтижесінде оқушылардың еңбекке, табиғат сұлулығына деген эстетикалық сезімдері оянып, сол әсемдікті аялай білу дағдылары қалыптасады.
Міне, осы мүмкіндіктерді ескере отырып, оқушылармен тиімді ұйымдастырылған мақсатты серуен мен бақылау жұмыстары эстетикалық тәрбие жүйесін қалыптастырып, фольклор жанрларымен таныстыруда өз нәтижесін береді. Мысалы, оқушыларды өзенге саяхатқа апарған кезде мынандай мақсатарды басты назарда ұстау керек.
Балаларды көктем кезіндегі өзен жалғауындағы өзгерістермен таныстыру, өзен жағағалауындағы құстар және өзендегі балықтар жайындағы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортадағы әсемдікке қызығушылғымен өз эмоциясын білдіру дағдысын тәрбиелеу, айтайын деген ойын толық сөйлем мен жеткізе білдіруге дағдыландыру, тілін дамыту. Туған жер табиғаттың әсем келбеті мен нәзік сырларын танытып, оқушы бойына эстетикалық сезім мен рухани қуат беруде табиғат көріністеріне жазылған пейзаждық шығармалардың маңызы ерекше. "Ақсақ киік" (С.Сейфуллин) өлеңі тікелей оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге арналған шығарма. Оқулықтағы қысқартыла отырып іріктеліп алынған өлең шумағы киіктің шөп дала сәні, тұла бойын тұнып тұрған сұлулыққа оқ атқан мейірімсіз мергендерге деген ақын лағынеті осы үш нәрсеге назар аударылады. Ақынның мақсат етіп қойған осы ойларын, оның тәрбиелік қуатын оқушы бойына қалай дарытуға болады.Оқушылардың көз алдына ақын суреттеуіндегі Арқаның бетпақдаласын елестетеміз. "Бетпақ шөлі" деген суретті көрсете отырып, мұғалім: "Бетпақдала. Ел жоқ, жұрт жоқ, не өзен, не көл жоқ, көлденеңі сегіз көштік дала. Бұл далаға жігіттің жігіті, түйенің атаны, аттың тұлпарының да шыдас беруі қиын. Осы шөл далаға көндіккен жалғыз ғана тіршілік иесі, дала кербезі - ак бөкендер" - дейді.
Мұғалімнің осындай кіріспе сөзінен кейін, кіиіктің Бетпақ тіршілігінің сәні екендігін айқындай түсетін өлең шумағын оқып береді.Бұл жерде оқушылардың ойы ақын суреттеген дала кербезінің сыртқы сұлулығына аударылады. Бөкеіңнен сұлу аңды мен көрмедім. Өзге аңға жануарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақбөкенді, Адамның баласынан кем көрмедім.
Нәзік әрі әсем көрініс. Мінсіз жаратылым. Бөкен бойындағы ақын суреттеген сұлулық оқушыны, сөз жоқ, терең сезімге жетелейді. Әдептілікті бағалау қабілетін дамытады.Эстетикалық сезімнің пәрменділігі сол: ол тек сұлулықты сезіндіріп қана қоймай, оның жаманшылыққа, көріксіздікке ұшырауына қарсылық әрекетіне жұмылдыруында.Одан әрі ақынның киікке деген жанашырлық сезімін, күйзелісін танытатын өлең шумақтарын оқи отырып, оқушы бойындағы эстетикалық сезімді адамгершілік сезіміне ұштастыру мүмкіндігі бар. Олардың көз алдына: дамылсыз киік атқан мергендер, "жазасыз неге өлдіңдер - деп ойламайтын жауыздық, мүйізіне бола қырылған киктер, т.б. тізіліп өтіп жатады. Сол мыңдап қырылып жатқан киіктің бірін ақын суреттеп отырған жаралы киік дей келе, Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып, Ақбөкен сахараның ботагөзі, атты екен қандай адам көзі қиып... деген үзіндіні оқып, үн таспадан "Ақсақ киік" әнін тыңдаттыруға болады.
Осы кездегі оқушылардың үнсіз қалуы, жаралы киіктің аянышты халіне ортасқан күйзеліс табының жүздерінен байқалуы сабақтың тәрбиелік күш қуатының оқушыларға әсер ететіндігін байқауға болады.Өлеңді оқу арқылы бөкеннің сұлулығын таныту, мергендер құлқын-құмарлығын көсету, жазықсыз жәбірленіп жан азабын тартуына аяныш сезімін тудыру эстетикалык, адамгершілік сезімдерін қалыптастыра отырып, жануарларға сүйіспеншілігін арттырады. Оларды қорғай білуге бағыттайды. Мұғалімнің міндеті өз шәкірттерін табиғатымыздың сұлулығына тамсандырып, еліктіріп, сезіндіре отырып тәрбиелеу.Бастауыш сынып бағдарламасында берілген материалдар - тікелей табиғатқа қатысты тақырыптар. Мұның өзі оқушының айнала қоршаған бай, көркем табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін оятуға және табиғатта кездесетін сан алуан сұлулық пен көкемдікті көре, түсіне және бағалай білуге жәрдемдесетін шығармалар.
Табиғат - дүниедегі тіршілік атаулының анасы. Табиғатты аялау әр адамның парызы. Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашанда әдеппен аңғартып отырған.Халқымыздың ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі, асыл мұраларының бірі - табиғаттың алуан түрлі құбылыстарын болжау. Ежелден ашық аспан астында көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз, оның бір бөлшегіміз деп, табиғат - барлық тіршіліктің нәрі, өзек тірегі деп білген.Мынау жарық дүниедегі әсерлі әсемдіктер мен қыруар қызықтар, рухани рахаттар, таңғажайып тамашалар Жер-ананың жүзінде өтіп жатады.Қазақта "ер туған жеріне" деген мақал бар. Әрбір адамның туған жері - бәрінен де қымбатты. Өйткені, ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондыктан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.Аяулы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер, жайқалған шалғындар, ормандар, бұлақтар, керіліп жатқан кең дала, аспанмен тірескен ақ таулар, жарық ай, жарқыраған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген Күн-ана -өміріміздің тірегі, қызығы, рахаты. Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті.