Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2015 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысының міндеттері:
1. Жалпы білім беретін мектептерде эстетикалық білім берудің деңгейін жетілдіру.
2. Мектеп оқушыларының ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғатқа, өнерге көзқарастарын қалыптастыру
3. Жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға көркемдік білім беру және эстетикалық талғам мен эстетикалық тәлім –тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
4. Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................
Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері..............................................................................................
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызын талдау..................................................................................................
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті мен білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі................................................
Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие берудегі маңызы ...............................................................................................
Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы..............................................................................
Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу............................................................................................
Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру............................................................................
Қорытынды.........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

сандош.doc

— 338.00 Кб (Скачать документ)

Осы орайда Б.М.Неменский өз ойын былайша білдіреді: "Адамды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу - сонымен оның ойлау және сезіну эстетикасын қалыптастыру, оның өмірге көңіл бөлуі, өнерге, еңбеккке, отбасына, достыққа, жалпы күресте. Бұл өмірлік ұсыныс әсемдікті заң бойынша қалыптастыру. Ұсыныс және әрекет," - деп адам өміріндегі эстетикалық тәрбиенің маңызды екенін түсіндіреді.

Демек, мұғалімнің өзі эстетикалық тұрғыда тәрбиеленген болуы керек. Себебі ол өзінің дүниетанымы, өнерге деген көзқарасы, сезінуі, түйсінуі, эстетикалық тәрбие туралы түсінігі арқылы, өзінің бойындағы білімін оқушыға кең түрде жеткізіп түсіндіре алады. Оқушыларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда көзделетін мақсат - өмір шындығының сұлулығын көре, дұрыс тани білуге, талғамын дамытуға және білімі мен көркемдік түйсінуін үйлесімді ұштастыра білуге үйрету. Бейнелеу өнеріне деген ынтасын, қызығушылығын арттырып, дүниетанымына жағымды ықпал етумен қатар, оқушыларды еңбек сүйгіштікке баулып тәрбиелеу, күнделікті кездесетін қарапайым және өндірістік заттарға жоғары талғам тұрғысынан қарауға, табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай білуге тәрбиелеп үйрету.

Оқытушы бейнелеу өнері сабағында оқушыға қоршаған ортадағы шындық туралы көптеген мәлеметтер береді.

Мысалы, заттың нақты бейнесін салу барысында оқушы сол заттың пішінімен құрылысына қарап танысу арқылы оның салмағы, алатын орны, мәні, түр- түсі жағынан қандай дегенде де қарап, байқап білуге үйренеді. Осындай мақсатпен көз, ой тоқтатып, зерттеп қараудың нәтижесінде оқушының білім жүйесінің кеңеюіне әсерін тигізеді. Бейнеленуші заттар жөнінде жаңа бір түсінік, ұғым пайда болып, олардың шындығы мен құбылысы туралы сезім пайда болады.

Бұл айтылып отырған бейнелеу өнері пәні бойынша жүргізілетін әрбір жеке сабақтың өзінде тәрбиелік мүмкіндіктің мол екендігі байқалады. Сонымен оқытушының эстетикалық тәрбие туралы түсінігінің жоғары деңгейде қалыптасуының негізінде, табиғат сұлулығын терең сезіну арқылы оқушыларына мәнді етіп жеткізілуінде.Ақын, педагог М.Жұмабаев айтқандай, сұлулық сезімдері адамның табиғат сыйлаған қабілетімен мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Мағжан эстетикалық тәрбиенің тарауларын жан-жақты талдау жасай отырып, бала жаратылыс, табиғат сұлулықтары мен бірге өнерден барынша мол ләззат алып өсуі қажет екендігін айтады.

Бейнелеу өнері пәні бойынша оқу материалдарын жүйелі, бірізді және толық меңгеру Мұғалімнің дұрыс іріктелген, ғылыми негізделген сабақ материалдарына байланысты. Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалімдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, әрбір сабақтың мазмұнына көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар оқу жылына толық сабақ жоспары жасалғаны жөн. Бастауыш сыныптардағы тақырыптық сурет салу алдын-ала байқау жүргізілгеннен кейін көз алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады. Тақырыптық сурет салу үрдісінде балалардың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, оқушылардың сурет салудағы алғашқы біліктілігі қалыптасады. Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты дұрыс таңдағанына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының құрылымдық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет.Ойлау үрдісінде оқушылар заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылық байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезіммен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына елестету сурет салуға дейінгі үрдіс.

Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау, т.б. үрдістер қатар жүріп отрады. Сонымен бірге, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып қалыптастырады. Аталған қабілеттерді көз алдына елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды.В.В.Алексеева "Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек. Өйткені ол бала маңызды жалпы адамдық негізден құр қалады", - дейді.Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Оның осындай болуына тек болмыс туралы әсерлер ғана емес, сонымен бірге эмоциялық ойлау әсер етеді. Эмоциялық бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қылыптастыру мүмкін емес. Бүдан басқа "Көркемөнерсіз өскен баланың мүмкіншілігі шектеледі, ал мүмкіншілік шектелуі қиялдау үрдісінің тоқтауына әкеледі," - дейді Б.Т.Лихачев. Оның тұжырымдауынша, көз алдына елестету сөйлеу дамуына тәуелді, яғни баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналады.

Қоршаған болмысқа деген байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім өз сабақтарын құрғанда, оқушыларды қоршаған ортаның әсемділігінің, пішіні мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды Мұғалімнің тыңдатқан музыкалық үзінділерінен, есту - бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да астарласып жүріп жатуы керек.

Сондай-ақ, мұғалім әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдануы қажет.

Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың суретке түсіретін бүйымдары эстетикалық қабылдаумен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен тығыз байланысты.Оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс- әрекеттері әдеби шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық құрылым арқылы көрсеткен кезде анық байқалады.Олар туған жердің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері туралы алғашқы білім алады. Бейнелеу өнері мектептегі пәндер мазмұндық  ерекшеліктері  оның  елестеу,   қиялдау, көру,   кеңістікйе,   түске,   пішінге   деген   сезгіштік   сезімді дамытыуға бағытталуында.

Мұғалім оқушыларға әртүрлі пән сабағының эстетикалық тәрбиемен қандай байланысы бар екенін және эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, олардың өнерге деген көзқарасы, түсінігі, түсінуі жалпы бейнелеу өнерінің заңдылықтарын тиянақтап түсшдіру барысында  эстетикаға деген ынтасын қалыптастыруға көмегін тигізеді. Көркем-эстетикалық жағынан дамыған оқушы бейнелеу шығармашылығында сабақтан-сабаққа өткен сайын нақты, айқын, мәнерлі жұмыстар жасаса, керісінше, дамымаған балалар теледидардан көрген кейіпкерлерді: Ұлдар "машина", қыздар ертегі мазмұнында баяндалатын "ханшаларды" салып, салған суреттері кішкене сәбидің деңгейінде қалып отырады.

Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектеме мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кездестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешелігі және оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі де адамдарды қуантпай, таң қалдырмай қоймайды.Бейнелеу әрекеті - жас оқушының көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет етеді. Бала қолына карандаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге тырысады. Бейнелеу әрекетін жақсы меңгерген  сабақтың негізгі мазмұнын қабылдауда кең еркіндік алып, оның бастапқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді.

Бірінші сыныпқа келген оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Алғашқы жұмыстардың арасынан-ақ сурет салумен жүйелі түрде айналасатын оқушының биік деңгейі мен енді сурет салуды бастаған оқушы арасындағы әлсіз дамыған деңгейді айқындау қиынға соғады. Сол себепті окушылардың әртүрлі даму деңгейлерін бірден үстау, яғни білім алу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамыту мен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сабақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатыны мәлім.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, сынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы оқитын қабілеті бар оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырып өткізу тиімді болмақ. Себебі, сабақты жақсы оқитын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып, сабақ орындауын қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді.

Іс жүзіндегі жұмыстар кезінде сыныптағы  оқу процесі барысында төменгі сынып оқушыларының ойын дамытудың жолы болып табылатын бір-бірімен сөлесіп, ой бөлісіп қарым-қатынас жасау да пайдалы. Ойын сынып оқушыларының назарын белсендіруге бейнелерді дұрыс салуға деген эмоциялық көңіл-күйін келтіріп, көркемдік шығармашылығын дамытуға өз кезегінде жақсы нәтижелешереді. Кескіндеме түрін зерделеуде, оқушыны шеберлік орындау тәсілдерінің атауларымен таныстыруда ойын түрлерін пайдалануға болады. Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әртүрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалану, оқушының шығармашылығын белсендіріп, әртүрлі тұрпатта орындау әдіс-тәсілдерін игеруде жаңа шешім қабылдауына көмектеседі.

Бейнелеу өнері оқушының алуан түрлі шығармашылық әрекетінің тууына және эмоциялық, эстетикалық сезімдерінің дамуына жол ашу. Оқушылардың пәндерге, оқуға деген қызығушылығы мен ықыласы тым жоғары. Осындай сәттегі балалардың эстетика өнеріне деген ыстық ықыласы мен сенімін, күш-қайраты мен сезімін жоғалтып алмай, әрі қарай дамыту, жандандыра түсу мұғалімнің ізденушілігі мен ұйымдастырушылық қабілетіне байланысты.

Мұғалімнің мақсаты баланың іскерлік қабілетін арттырып, әсемдікті өз қолымен жасауға үйрету, ұлттық өнердің асыл дүниелермен таныстырып, әсемдікті тани білуге баулу, эстетикалық тәлім-тәрбие беру болып табылады.Мектептер жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беруде, оның ішінде өз халқының тұңғыш қылқалам шебері, 1000-нан астам туынды авторы Әбілхан Қастеевті бейнелеу өнерінің атасы ретінде мектептің оқу бағдарламасына енгізген.Оқушыларға эстетикалык тәлім-тәрбие беру, олардың бойындағы қабілет-дарынды үштау қазіргі жаңарған, бетбұрыс заманымызда ерекше жолға қойылып отыр. Ал, бейнелеу өнері -оқушыларға эстетикалық тәрбие беретін пәндердің   бірі.   Ендеше,   баланың   эстетикалық   талғамын арттыру мақсатында қазақ халқының қолданбалы өнерін мадақтайтын суретшілер мен халық зергерлерінің шығармаларын кеңінен қолдансақ.   Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапасы жоғары білім алуға деген мүдеделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы ролін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның иегеруі.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттық әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанған" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады (қабылданады).

Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.

Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "ата жүрт", "атамекен", "елім-жерім", "туған өлке"жеке ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақылойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне, аялы, көзқарастары қалыптасады.

Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,т.б), шетел психолг-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский,   С.Рубинштейн, А.Бакушинский,т.б) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А.Жүнісбаева, Б.Әлмұхамбетов, Ә.Қамақов, Ж.Балкенов, Е.Асылханов, Қ.Ералин, Қ.Ижанов, Ү.Ибрагимов, З.Ахметова, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген. Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.Алдымен қазақ қолданбалы өнерге эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді.

Эстетикалық талғамы биік сезімтал адам еңбектері "жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі". Яғни, эстетикалық көзқарсты тәрбиелеу - үлттық өнерге мүқият зейін салуды талап ету балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады. Эстетикалық сезім - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеті. Ұлы ақын М.Сүмабаев "Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері... адам жанына бір ләззәт, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды.... Сұлулық сезім адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріп, нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көрсетеді.

Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие беруіне тиісті деп, адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ қолданбалы өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету