Казіргі заманғы білім беру технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 08:12, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Наушенова Альмира КиЛ-410 педагогика.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

 

Бүгінгі сабақта жауап берген, жұмыс істеген балаларға бағалау кестесі арқылы бірігіп, ақылдасып тиісті бағасын  қоямыз.

 

Оқушының аты-жөні

Сыныптың бірігіп қойған бағасы

Оқушының өзіне берген бағасы

Мұғалімнің қорытынды бағасы

       

 

Қоштасу

 

Сынып – 10 «а» сыныбы

 

Сабақтың тақырыбы: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары тақырыбын қайталау

 

Сабақтың мақсаты

А) білімділік: Өткен сабақты қайталай отыра, тілдің табиғи қызметі қарым-қатынас құралы екендігіне көз жеткізу, сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай жұмсай білуге үйрету,  өз мәдениетінің қосалқы құралдарымен таныстыру, тілдік қатынас туралы қосымша мәлімет беру.

Ә) дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті алғышарт жасау, жауап алу арқылы тілдік қорын молайту, таза сөйлеуге жаттықтыру.

Б) тәрбиелік. Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеу, ым-ишараларды орынды қолдана білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, жарыс сабақ.

Сабақтың типі: Күнделікті қайталау сабағы, оқушы білімін бағалау және тексеру сабағы

Сабақтың принципі: саналылық пен белсенділік, көрнекілік,  оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принциптері.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, педагогика, мәдениеттану.

Көрнекілік: смайликтер, Сиқырлы сөздер қоржыны.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Тірек-сызба, Сиквейн әдісі, түсіндіру, ой қорыту, бағалау.

 

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу

Сыныпты түгендеу

Сыныптың тазалығын, оқушылардың дайындығын, көңіл күйлерін сұрау, сабақтың шартын түсіндіре отырып, топқа бөлу. Бірінші топ – тілсіз қатынас, ІІ топ – тілдік қатынас. ІІІ – топта 3 оқушы, яғни олар «қарым-қатынас» осы ІІ топты бақылап, оларға ұпай беріп отырады. Қай топ көп ұпай жинайды. Сол топ жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарға – «5» деген баға, жеңілген  топқа  - «4» деп бағалайды. Ал «саралаушы топ» өз тиісті бағасын алады.

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау

36 бетте – сұрақтар мен тапсырмалардың 3, 4, 5 /сөз мәдениетінің қосалқы құралдары 5 сөйлем ішінде болуы керек, міндетті түрде сөйлем қайдан алынды, авторы, беті/ тапсырмаларын жазбаша орындау, 17-18 жаттығу 37 бет.

 

 

  1. Қайталау сабағы
  2. Тақтамен жұмыс. «Тірек – сызба» сызу. Қай топ тақтаға көп шығады, сол топ көп ұпай жинайды.

 

 

2. Ым-ишара көрсету.

2 топ бір-біріне тілсіз қатынаста ым-ишараларды көрсетеді. Яғни бірінші топ дене қимылдарын көрсетсе, ІІ топ бет-жүз құбылыстарын көрсетеді. Көрген мимиканы тілдік қатынаста жүзеге асыру керек. Саралаушы топ бақылай отыра, олардың ұпайын береді. Әр топтан 3 – 3 мысалдан көрсетіледі.

 

3. «Сиквейн» әдісі бойынша - әр топ өз тобының атына 5 жол өлең жазады.

1. зат есім

2. сын есім

3. етістік

4. 2 сөз тіркесі немесе 1 сөйлем 4 сөзден құралған.

5. синоним

 

4.  Үлестірмемен жұмыс. Сөйлем ішінен ым –ишара тауып, оны түсіндіру керек. Яғни түрі, және қызметі

Үлестірме №1.

І – топқа.

- Ассалаумағалейкум? – деді асығып кірген Амантай. Төрде отырған хан мән-жайды түсінбей, қасындағы уәзіріне таңдана қарап, мына бала қайдан келді? – деп қолындағы қаруымен сілтей сұрады.  Оны көрген бала қолындағы заттарын ұстай алмай, көзін жыпылықтатып тұрды.

 

Үлестірме №2.

ІІ – топқа.

Мектеп келген Айжан қасындағы құрбысына күлімсірей қарап: Сабаққа дайынсың ба? – деп сыбырлады. Құрбысы оған басын изеді де, дәптерін көрсетті. Құрбысына разы болған Айжан өз дәптерін көз жүгіртті.

 

Ү. Бекіту.

«Сиқырлы сөздер қоржыны» ойыны. 2 топ қоржыннан «смайликті» таңдайды оның артында тапсырма болады. Яғни бір сөз не сөз тіркесі болу мүмкін,  сол сөздің не сөз тіркесінің төңірегінде сөйлеу, сол сөздің мағынасын ашу. Тірек сөздер: коммуникация, мимика, бейвербалды амалдар, вербалды амалдар, сөз мәдениетінің қосалқы құралдары, көп алдына шыққан адам.

 

4. Үйге тапсырма. 38 бетте 19, 20-жаттығулар мен  Дауыс мәнері деген тақырыпты оқып келу.

 

5.  Бағалау кестесі арқылы бір топ екінші бағалайды. 

 

Оқушының   аты –жөні

«5»

«4»

«3»

«2»

         
         
         
         
         
         
         

 

Қоштасу

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

 

1.  Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.  – Алматы, 2007. – 144 б.

2. Мұхамеджанова А.Т. Ұлттық мектептерде қазақ тілін оқытудың негізгі  мәселелері: оқу-әдістемелік кешен. – Петропавл: М.Қозыбаев атындағы  СҚМУ, 2009. – 122 б.

3.  Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы  мен технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: Print-S, 2005. – 140 б.

4.  Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. – Алматы, 2004. – 218 б.

5.  Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар. – Алматы:  Атлас баспасы – 2001, 2006. – 176 б.

6.  Баширова Ж.Р., Төлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы  оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру: Оқу- әдістемелік құрал. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 61 б.

7.  Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу  құралы. – Алматы: Print-S, 2005. – 170 б.

8. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: «Мұрагер» баспа  үйі, 2005. – 176 б.

9.  Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық және  әдістемелік негіздері (5-9 сыныптар). Авторефертат.

10.  Нарқұлова Б.А. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану  әдісі. 5-сынып материалдары бойынша. Автореферат.

11.  Иманқұлова С.М. Тілді үйретуде ақпараттық технологияларды енгізудің  тиімділігін арттыру // ҚазҰУ хабаршысы, филология сериясы. 2008. №3  (111), 183-185 бб.

12. Бақтыбаева А.О. Қазақ тілі сабағында жаңа технологияны пайдалану //  Қазақ тілі: әдістеме. 2008. №4, 24-26 бб.

13.  Нәсиқызы Г. Дамыта оқыту технологиясы // Ұлағат. 2009. №3, 92-96 бб.

14.  Махадил З. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі ақпараттық технология // Қазақ  тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. 2009. №8, 17-26 бб.

15.  Бұзаубақова К. Жаңа педтехнологияны меңгеру – міндет // Қазақстан  мектебі. 2005. №9, 26-27 бб.

16.  Кеңшілікқызы Ж. Қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды  қолдану // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2008. №3, 14-17 бб.

17.  Есмалаева Ж.Е. Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды  қолдану мәселелері // Қазақ тілі: әдістеме. 2009. №4, 5-9 бб.

18.  Кенжебаева Г. Диалектілік кірме сөздерді модуль арқылы оқыту // Қазақ  тілі мен әдебиеті. 2008. №1, 100-104 бб.

19.  Сәулеева Э. Жаңа педагогикалық технология // Биология, география және  химия. 2002. №6, 23-24 бб.

20. Смағұлова Қ.Ғ. Жобалау әдісін тұлғаға бағыттау негізінде көпмәдениеттілікті дамыту // Қазақ тілі: әдістеме. 2009. №2, 6-8 бб. 

 

 

 


Информация о работе Казіргі заманғы білім беру технологиялары