Казіргі заманғы білім беру технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 08:12, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Наушенова Альмира КиЛ-410 педагогика.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

 

                                                                       КІРІСПЕ

          Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі.  Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.Осы уақытқа дейін арнаулы оқу орындарында оқу процесі жаңаша педагогикалық ойлауға орай ұйымдастырылмады, оқу процесінде субъект – субъектілік қатынас жүзеге аспады. Өйткені, оқу процесі дәстүрлі оқытуға негізделді. Модульдік оқытудың өзегі — оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

          Курстық жұмыстың нысаны. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту үрдісі.

         Курстық жұмыстың  пәні. Жалпы білім беретін оқу орындарында қазақ тілі пәнінен өтілетін тақырыптарды жаңа технология көмегімен меңгерту.

          Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ тілін жаңа педагогикалық технология арқылы меңгертудің ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну; сабақты мазмұнды игертудің тиімді амал-тәсілдерін айқындау. Осы мақсаттарға жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу;
  • технология арқылы оқытудың тиімді жолдарын ұсыну;
  • педагогикалық эксперимент арқылы жаңа педагогикалық технологияның тиімділігін дәлелдеу.

           Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы.

  • Жаңа педагогикалық технология арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды;
  • жаңа технологияның мазмұны, құрылымы және өзіндік ерекшелігі анықталып, оларды оқытудың жолдары көрсетілді;
  • қазақ тілін оқытудың технология арқылы оқытудың ұтымдылығы тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Курстық  жұмыстың теориялық маңызы. Қазақ тілін жаңа технология арқылы меңгертуге байланысты тұжырымдалған ғылыми қағидалар қазақ тілі әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады және әдістеме ғылымының ғылыми-теориялық жағынан дамуына септігін тигізеді.

  

Курстық жұмыстың әдістері. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының өзіндік ерекшелігін, қызметін анықтау барысында ғылыми-теориялық әдістер, баяндау, талдау, сұрыптау, салыстыру, ойын элементтерін пайдалану, эксперимент, қорытындылау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе және негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ҚАЗІРГІ ЖАҢА ПЕДАДОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1 Технология туралы жалпы  түсінік

        «Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы, т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ [1, 7].

Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, тұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.

«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне» - өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да, кез келген нақты технологияның мәнін анықтаймыз.

Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:

1. Өндірістің белгілі бір саласындағы  өндірістік операциялардың, әдістер  мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ  белгілі бір істе немесе шеберлікте  қолданылатын тәсілдер.

2. Белгілі бір өндірістік процесті  іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.

Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.

Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:

Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.

ЮНЕСКО-ның құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз – бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.

Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.

Қазақ тілі саналы және сапалы меңгерту жаңа технологияларды ұтымды пайдалануымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде білім беру жүйесінің мақсаты мен міндетіне қарай оқытудың Проблемалап Оқыту (Махмутов), программалап оқыту (Самарин,Ильина), саралап-жекелеп оқыту (Унт), дамыта оқыту (Эльконин), ұжымдық оқыту (Дядченко), дистанциялық оқыту (Нұрғалиева, Жүсіпәлиева) түрлері оқу процесінде қолданылып жүр. Технология грек сөзі - шеберлік технологиясы ғылым деген ұғымды білдіреді.Беспалько: Оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Жалпы, жаңа технология дегеніміз – педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген қорытынды жасауға болады. Қазіргі кезде оқу процесінде мынадай технологиялар қолдануда.

Дебат технологиясы негізін салған - Карл Поппер. Дебат технологиясы тілдік тұлғаның дамуына көмектеседі. Бұл технология оқушының белсенділігін арттырады. Тарихи құжаттармен, статистикалық мәліметтермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыланады. Компьютерлік технология қазақ тілі сабағында қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Осының негізінде нашар оқитын оқушының өзі де компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Тілдің салаларын өтуде тест тапсырмаларын компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеруге болады. Компьютер оқушының өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.Топтастыру технологиясы.Әдіскер В.К.Дьяченконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне катысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ үйымы, лекция-семинарлық жүйе, белл-ланкестерлік жүйе, зертханалық-топталған эдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл-ланкестерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші мүғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. Трамп жүйесіи пайдаланған кезде мүғалім оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін сыньшты топтарға бөледі. Әр топтың басшысы сайланады. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы орындауға катысқандары сараланады.

Ұжымдық оқыту технологиясы.Бұл технологияның негізгі әдісі - тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты-жеті адамнан тұратын топ құрылады. Мүғалім әр топқа дайындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір-бірімен тапсырма алмасады. Сонда әр топтағы оқушы алты-жеті тапсырма орындайды. Тапсырмаларды орындап болған соң топ ішінде талқылайды. Тапсырмаларды келесі топқа беріп, олардың тапсырмасын алады. Мысалы, бір сыныпта 15 оқушы бар делік.Осы он бес оқушыны мұғалім үш топқа бөлуіне болады.Сабақ соңында бұл технология бойынша әр оқушы он бес тапсырманы орындаған болып шығады. Мұғалім бақылау жұмыстарын сынақ немесе тест түрінде қабылдайды.

 Қазіргі кезде егемен елімізде  білім берудің жаңа жүйесі  жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне  енуге бағыт алуда. Бұл педагогика  теориясы мен оқу-тәрбие  үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:

-Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылауымен байи түсуде;

-Ақпараттық дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы копьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

-Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

-Мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол  елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.

1960 жылдары шетел зерттеушілері  оқыту технологиясы педагогикалық  әдістерге негізделген «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның бөлігі ғана» (В. Беспалько).

Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:

-Қатар отыратын сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;

-әдістеме мен технологияның  сабақтастығы;

-оқушының өз бетінше іс-әркете жасау тәсілдерін  меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

-қатар сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін білу;

-мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б.

Демек, Х-ХІ сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық  технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жаопарлауды ұсынуға болады.

Бастауыш мектеп:

-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репкин, В. Левин, т.б.);

-дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П. Эрдниев);

-нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;

-іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И. Волков);

-Оқулықсыз оқыту (В. Агеев);

-Ойын әдістемесі және оны қабылдау;

-М. Монтессори, Р. Штейнердің жүйесін қабылдау.

      Орта буын:

-Мәселелік оқыту;

-Іздену, зерттеу әдістері;

-Топпен оқыту тәсілі (В. Дьяченко);

Информация о работе Казіргі заманғы білім беру технологиялары