Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 08:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-12 минут ішінде) сызба, кесте, т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Мысалы, кірме сөздерді модуль арқылы оқытуда мұғалім модульдің кіріспе бөлімінде таныстырады.
Сөйлесу (әңгімелесу) бөлімінде танымдық процесс негізінен, сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады.
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді сабақ формаларын (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар т.б.) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында, кейіннен – алынған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4-ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.
Оқушылар кез келген деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындай міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдауға ерікті. Жеңілдетілген деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. рольдерді атқара алады.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс[2, 73].
Модуль оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді.
Модульдік оқыту технологиясында оқушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалаудың, өзін-өзі және бірін-бірі бағалаудың мәні зор.
Сонымен талқылауға ұсынылып отырған бұл технология:
- Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
- Таным процесін дамытуға;
- Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;
- Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі белсендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер ететіні сөзсіз.
Модуль танымдық және кәсіптік оқыту бөлімдерінен тұрады.
Бірінші бөлім – теориялық білім береді, екіншісі – алынған білімдер негізінде кәсіби біліктер мен дағдыларды қалыптастырады.
Модуль оқушыда интеллектінің, өз бетімен еңбектену қабілеттерінің, ұжымшылдықтың, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділіктерінің дамуын қамтамасыз етеді [1, 35].
Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде оқушылардың қызығушылығын арттыратын ойынның атқаратын ролі зор. Кезінде А.В.Луначарский «ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады» деп ажзды. Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс-әрекеті. «Ойын» деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек еріккен, еңбексіз жандар ермек сияқты елестейді. Ал шын мәнінде дүниетанымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекеттерді керек етеді.
Дұрыс ұйымдастырылған танымдық мәні бар тілдік ойындар – тілдік білімді оқушыларға саналы жеткізудің бір түрі.
Дидактикалық ойындар – оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ойын оқушының оқуға, білім алуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі. Мектеп практикасында қолданылатын ойын технологиясы мазмұны өтіліп жатқан оқу материалына сай болу керек.
Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертудің педагогикалық негізін айқындауда А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев көптеген пікірлер айтқан. Сонымен қатар Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Ә.Исабаев, Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, С.Рахметова, С.Ғаббасов, Ә.Табылдиев, Ш.Майғаранова, Б.Игенбаевалардың еңбектері баршылық.
5-сыныптың қазақ тілі
Оқыту мен тәрбие екеуі бөлінбес егіз ұғым. Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану – бүгінгі заман мұғалімінің басты міндеті. Оқыту процесінде қазақ халқының дана сөздері мен тәрбиелік маңызы жоғары мұраларын пайдалану оқушылардың рухани дүниесін парасаттылық пен бауырмалдыққа, адалдық пен кішіпейілдікке, ибалылық пен үлкенді сыйлауға баулиды. Сонымен қатар қазақ тілі сабақтарында ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор.
Дидактикалық ойындар арқылы қазақ тілінің дыбыс жүйесін игерту. «Сөзді тап» ойынының жүзеге асуы. Кестедегі торкөздерге алғашқы және соңғы дыбыстары көрсетілген әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерді соңынан оқыса да, оңынан оқыса да бірдей сөздер ойлап табады.
Қ |
Қ | |||
Қ |
Қ | |||
Қ |
Қ | |||
Қ |
Қ | |||
К |
К | |||
К |
К | |||
К |
К | |||
К |
К |
Оқушылар жоғарыдағы сөздерді дұрыс табу арқылы өздері білетін сөздермен де, мағыналары түсініксіз сөздермен де танысады. Бұл ойын оқушының дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін тез түсіну, дыбыстардан сөздерді дұрыс құрай білу дағдысын қалыптастырды. Тапсырмадағы жасырылған сөздер оқушыларға таныс қалыптастырды. Тапсырмадағы жасырылған сөздер оқушыларға таныс болмаса, мұғалім ол сөздердің мағыналарын түсіндіріп, синоним, антоним сөздер арқылы үйретеді.
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесінің тиімділігін атай отырып, төмендегідей қорытынды шығаруға болады:
1. қазақ тілін дидактикалық
2. қазақ тілі сабағында
3. қазақ тілі сабағында
4. қазақ тілі сабағында
«Дамыта оқыту» технологиясының авторлары – белгілі ғалымдар Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов. Олар дамыта оқыту деп «оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды [6, 27].
Ал «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңары процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейде не екінші деңгейге өтіп отырады.
Дамыта оқытудың В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді.
«Дамыта оқыту» деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. Көздеген қағиданы негізге алады. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқыту – сабақтардағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынасы. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекет ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары болып табылады.
Дамыта оқытудың негізгі талаптары: жоғары деңгейді қиындықпен, теориялық білімнің жетекші міндетін ескере отырып, жылдам темппен оқыту. Олай болса, дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті – оқу материалы мазмұнын оқушыға дайын күйінде жеткізу, түсіндіру, іс-әрекет үлгісін дайын түрде көрсету емес, оқушымен бірлесе, жалпы іс-әрекет үлгісін дайын түрде көрсету емес, оқушымен бірлесе, жалпы іс-әрекет қйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіну, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Сонымен бірге, өз ойын, пікірін айтқысы келген оқушыларды таңдау, ой-пікір білдірушінің жағына шығып, оның логикасын түсіну, қате пікірді бірден жоққа шығармай, оқушылардың өзара пікір алысуы барысында елеусіз түзету. Сөйтіп әр оқушыда «Менің ойымша...», «Мен онымен келісер едім егер...», «Мен былай түсінемін» деген сияқты өз ой-пікірі бар тұлға екенін сездіру. Талпыну, ізденіс барысында ортаға түскен пікірдің дұрыстығы не бұрыстығы анықталып, соңында оқушының «көзі жетеді», сенеді.
Дамыта оқытудың технологиясының басты принципі – оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.
Кіріспе кезең |
Негізгі кезең |
Қорытынды кезең-мұғалім |
Ой тастау |
Бағыт қолдану |
Тапсырма, таңдауын бағалау |
Бағыт беру |
Талдау (анализ) |
Дәлдігі |
Проблема қою |
Жинақтау (синтез) |
Шығармашылығы |
Іздену |
Ұсынуы |
Танымдығы |
Өзіндік жұмыстар |
Ізденушілігі | |
Пайымдау |
Айқындығы | |
Бағалау |
Дамыта оқыту технологиясының құрылымы.Кесте 1.6
Дамыта оқыту – бұл дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлі оқыту оқытушының жеке түсіндіру, қойылған сұрақтарға жауап беру, оқушылардың үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын орындату, яғни, дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту оқушыларға сұрақ қоя білуге және олардың көзқарастарымен санасатын, жалпы пікірлесе отырып қорытынды шығаруға ойлануын, танымын дамытуға бағытталған түрі. Дамыта оқытуда Д.Эльконин, В.Давыдов жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.
Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дәстүрлі сабақтың әдістерінің мәні төмендегідей үш құрамдас бөліктермен оқытылады:
1. Үлгіні көрсету;
2. Түсіндіру;
3. Бақылау, бағалау.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа негізделсе, дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға табан тіреген.
Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Дамыта оқыту жайында ойымызды тұжырымдайтын болсақ, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.
Информация о работе Казіргі заманғы білім беру технологиялары