Казіргі заманғы білім беру технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 08:12, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Наушенова Альмира КиЛ-410 педагогика.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

Мұндай оқыту технологиялары қоғамға жаңаша ойлайтын, әрекеттеніп танып білуші проблемаларды өз бетінше құрып және оларды іс жүзінде шеше білетін шығармашыл адамды қалыптастырумен бірге, оқыту үрдісін демократияландыруға жол ашады [13, 93].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойылған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.

Жаңа технологияның негізгі мақсаты – баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.Жоғарыда көрсетілген жаңа технология түрлерінің баланың ой қабілетін дамытуға, өздігінен іздендіруге көп септігін тигізетіні дәлелденді.

Жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізу оқытудың жаңа ұйымдастырушылық түрлерінің пайда болуына алып келеді. Ол оқу барысындағы білімді ашық басқару мен дербестікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

                                               ҚОСЫМША

10 «а» - сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыс мәнері

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушыларға қарым-қатынаста әсерлі сөйлеудің тілге тікелей қатысты шарты туралы мағлұмат беру;

ә) Дамытушылық: ауызша сөйлеудің шарттары мен тілдік нормаларды сөйлеу барысында дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті алғышарт жасау, жауап алу арқылы тілдік қорын молайту, таза сөйлеуге жаттықтыру.

б) Тәрбиелік: Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеу; тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдерді пайдалана отырып, оқушыларды сыйластыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөзжұмбақ, сұрақ-жауап, түсіндіру, математикалық әдіс бойынша талдау, мәнерлеп, интонациямен  оқу.

Сабақта қолданылатын принцип: жүйелі принципі, теорияны практикамен байланыстыру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципі.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика

 

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.

Сыныпты түгендеу

Сыныптың тазалығын, оқушылардың дайындығын, көңіл күйлерін сұрау

 

Үй тапсырмасын сұрау. Үйге не берілді? Үй тапсырмасын орындадық па?

/38 бетте 19, 20-жаттығулар мен  Дауыс мәнері деген тақырыпты оқып келу/.

 

  1. Жаңа сабақ.

1.Жаңа сабаққа кіріспе.

  • Балалар, дауыс мәнері дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Дауыс мәнері мен дауыс ырғағының айырмашылығын қалай түсінесіңдер?

 

Сөзжұмбақ арқылы қасиетті жеті санын ескере отырып, тәлім – тәрбиеге байланысты 7 мақал-мәтелді  қолданып, бүгінгі сабақтың тақырыбына тікелей қатысты,  тігінен оқығанда «сөз сазы» деген сөз тіркесі шығуы керек. Мұқият тыңдап, шешуін табайық!

 

            

 

С

А

Б

Ы

Р

          2                                            

К

Ө

М

Е

К

 

3

А

У

Ы

З

 
 

4

С

Ө

Й

Л

Е

5

6

А

Д

А

М

 

С

Ө

З

   

7

Д

Ы

М


 



   1. ...  түбі – сары алтын.

   2. Сіз деген - әдеп, біз деген ....

  

3. Ақыл – ...дан,

      Мейір – көзден.

  

4. Көп тыңда, аз ....

  

5. Асырауын тапса, ... болар,

                                                               Оқуын тапса, білім қонар.

 

                                                            6. Жанған от тәнді жылытады.

                                                                Жақсы ... жанды жылытады.

        7. Ымға түсінбеген, ...ға түсінбейді.

 
2. Түсіндіру әдісі.

Яғни әсерлі сөйлеудің тілге тікелей қатысты шарты – сөзді сазына келтіріп айту немесе дауыс мәнерінің жағымдылығы.

Сөз сазы дегеніміз – сөйлеу актісінде сөз ігінде немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы.

Сөз сазы айтылған сөз тыңдаушы құлағына жұмсақ тиіп,  сөзге әуенді үн береді. Ондайды ауызша жеткізудің екі типі бар:

    • Сөздерді толық әуенмен айту
    • Әдеттегі сөйлесу әуенінде айту

 

Өмірде сөздерді сөйлесу әуенінде айту жиі қолданылады. Бұл мәнерде дауыс ырғағы жағынан топтастырыла айтылады. Оның көтеріңкі, салтанатты үнмен айтылуы бар. Сөздердің сөйлеу актісіндегі бір-біріне ететін әсері, дыбыстардың бір-бірінің ыңғайына қарай үндесіп, үйлесіп айтылуы қатаң сақталуға тиіс.

Сөздегі ассонанс (біркелкі дауысты дыбыстан басталуы) мен аллитерация (дауыссыз дыбыстардың басталуы) өлеңде, мақал-мәтелдерде, тұрақты сөз тіркестерінде, шешендік сөзде, мононгтерде, мақала аттарында, тақырып аттарында көп қолданылады.  Мысалы: «Құлан құдыққа құласа, құлағынада құрбақа ойнар» (мақал), «Сыбдыр сөзбен шығарып сап,  сынайын деп кепсің ғой» (М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Абыздың сөзі) т.с.с. осы мақалдардан көргеніміздей, дұрысайту, дұрыс оқудың маңызы ерекше.

Тілдік заңдылықтарды бұзып айту құлаққа түрпідей тиеді. Қазақ тіліндегі дауыстылардың үндесуін, дауыссыздардың бір-біріне ықпалын сақтамасаң, сөзіміздің сазы бұзылады.өлең (өлөң), жайғасу (жәйғасу), бара алмады (баралмады) сөздерін жазылуы бойынша айту дұрыс емес. Кейде әр аймақтың  диалектісіне сәйкес шаң дегенді чан, келген жоқ дегенді кеген жоқ, ие болды дегенді еге болды деу орфоэпиялық норманы бұзу деп есептеледі.

Тілдік мына нормалар сақталғанда, дауыс мәнері құлаққа жағымды болады:

    1. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сәйкес  орфоэпиялық норманың сақталуы;
    2. Сөздегі ассонанс, аллитерация болуы;
    3. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздерді дұрыс айту.
    4. Екпін мен сөздегі бунақтарды дұрыс айту.

Ал енді ассонанс пен аллитерацияны Венн диаграммасы арқылы салыстырып көрейік:

 

Ассонанстың ерекшелігі

Ұқсастығы

Аллитерацияның ерекшелігі

     

 

Қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтарын, оның ішінде шаршы топтың алдында сөйлеу, дұрыс сөйлеу нормаларын пайдалану, оны көпшілікке үйрету қоғам мүшелерінің өз ана тілі алдындағы парызы. Солардың бірі – қоғамда орыс, араб және парсы тілдері арқылы енген басқа тілдерден енген сөздер мен терминдерді дұрыс айту және орынды қолдану бюджет, аукцион,  диалог, монолог,  маркетинг, сұхбат сияқты сөздерді дұрыс айтумен бірге түсініп қолдану керек.

Тағы бір тілдік норманы бұзу – екпінді және сөйлемдегі сөздердің жігін ажырата алмаудан сөйлеушінің сөзі кедір-бұдыр шығады.

Үлкен жиындарда көп адамға дауысты көтере сөйлеу керек болса, тар бөлмедегі 5-6 адамға айғайлап сөйлеу - әбестік. Сөйлеушінің даусы құбылмалы, әрі жайдары болса,  тыңдаушы бар ынтасымен тыңдауы сөзсіз.

 

  1. Оқулықпен жұмыс.

І. Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік  дағдылар қандай?

2. Пантомимо өнері жайлы не  білесіңдер? Ол өнердің сөйлеуге  қатысы бар ма?

3. Өздерің ұнатқан ақын өлеңін  не кейіпкер монологін жатқа айтыңдар. Шешендік сөздерді оқып, не мақсатпен айтылғанына ой жүгіртіңдер? /26 - жаттығу/.

ІІ. Жаттығумен жұмыс.

21 – жаттығу ауызша.

 

ІІІ. Дауысты  дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берудің үлгісі

Берілгені: Көкшетаудың - ? (сөзде неше дыбыс бар олар іштей қалай жіктеледі). Шартты белгілерді түсіндіріп, оқушыларға оқытып, шолу жасату. Яғни тек дауысты дыбыстарға шартты таңбалар бойынша талдау жасау, дауысты дыбыстардың жіктелуіне байланысты /жақтың қатысына қарай неше дауысты дыбыс бар, ерін мен езудің қатысына қарай неше дауысты дыбыс бар және тілдің қатысына қарай неше дауысты дыбыс бар/ түрлерін ажыратын жазу.

Тіліміздегі дауыстылар немесе вокализмдер (лат. Bokalis – дауысты), «сөздің жаны» немесе «сөздің жанды тамыры».

Дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа бөлінеді:

  1. Тілдің  қатысына қарай:

А) Жуан (гуттураль) дауыстылар.

Ә) Жіңішке (палаталь) дауыстылар.

Жуан дауыстыларды айтқанда, тіл сәл артқа қарай тартылады, жіңішкелерді айтқанда  тіл сәл ілгері жылжиды.

2. Еріннің қатысына қарай:

А) Еріндік (лабиаль) дауыстылар

Ә) Езулік  дауыстылар

Еріндік дауыстыларды айтқанда, ерін дөңгеленіп, сүйірмеленеді де, езуліктерді айтқанда ерін 2 жаққа қарай тартылып, езу жиырылады.

3. Жақтың қатысына  қарай:

А) ашық

Ә) қысаң

Ашық дауыстыларды айтқанда, астыңғы жақ барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі.

 

ІҮ. 23-жаттығу ауызша – сөз мәйегі тақырыбы бойынша мақал-мәтелдерді мәнерлеп, интонациямен оқып, мағынасын ашу;  25 – жаттығу жазбаша -  Берілген өлең жолдарын кезекпен оқу және әдептілік байланысты жолдарды теріп жазып, қарайтылған сөздерге математикалық үлгі бойынша дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру.

 

  1. Бекіту. Ал, енді балалар бүгін сабақта бе білдік, не меңгердік? Осы сұрақтарға жауап беру үшін төмендегі сұрақтарға жауап береміз:
    • Сөз сазы дегеніміз не?
    • Ассонанс, аллитерация денеді қалай түсінеміз?
    • Қандай нормаларды сақтағанда, дауыс мәнері құлаққа жағымды болады? «Басқаны тыңдай білу де өнер» ұғымын қалай түсінесіңдер?
    • Бір оқушыға сабақты қорытындылату!
    • Жалпы сабақ қалай өтті? Кім бүгінгі сабақты түсінбеді, сұрауларыңа болады, түсінбеген оқушылар ұялмаңдар, қажет болса, тағы түсіндіремін!

 

  1. Үйге тапсырма

41-бетте 4-тапсырма мен 22 – жаттығуды математикалық үлгі бойынша талдау, 24-жаттығу ауызша. Үй тапсырмасын түсіндіретін болсам,              4 –тапсырма бойынша көркем шығармадан монолог пен диологтан үзіндіні дәптерлеріңе жазып, келесі сабақта мәнерлеп оқып бересіңдер, дауыс мәнері мен интонацияға байланысты қорытындылаймын, келесі – 22-жаттығуда берілген сөздерге бүгінгі сабақтағыдай үлгі бойынша талдау жасаймыз, ал 24 – жаттығуда «Магнит» тақырыбындағы мәтіндлі оқып, мазмұнын айтасыңдар және магнит сөзінің мағынасын сөздіктен жазып келу, міндетті түрде қандай сөздік, қай беттен алынғанын толық жазу. Интернеттен қосымша ретінде қарауға болады.

 

  1. Бағалау.

Информация о работе Казіргі заманғы білім беру технологиялары