Казіргі заманғы білім беру технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 08:12, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Наушенова Альмира КиЛ-410 педагогика.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

-Нәтижелі технологиялар;

-Тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В. Шаталов);

-Өзіндік жұмыс әдістері;

-Бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);

-Оқытудың коммуникативтік әдісі (қарым-қатынастық);

-Пікірталас әдісі;

-Дидактикалық ойындар;

Жоғары сыныптар:

-Оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;

-өзіндік жұмыстың әдістемесі;

-іздену, зерттеу әдістері;

-нәтижелі технология, жобалау әдісі;

-даралап (жекеше) оқыту, «мектеп-парк» моделін қабылдау (М. Балабан);

-Оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;

-«өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы» әдістемесі (ТРИЗ) (Г. Альпшулер);

-Бағдарламалап оқыту;

-әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;

-профилді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;

-тірек конспектісін қолдану;

-диалогтік әдістеме, пікірталас негізінде оқыту;

-модултдік технология;

-семинар-сынақ түрлері;

-өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).

Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді  оқытуда топтарды «жылдамдар», «орташалар» және «баяулар» деп атайды.

Германияда топқа бөлу ЖОТ жүйесінде жүреді. Жоғары (ж), орташа (о), төмен (т). Топтарға сәйкес әр түрлі бағдарламалар жасайды. Жапонияның мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмыс сайыс түрінде жүргізіледі. Сыныптағы топтар  сайыс кезінде ағылшын сөзін , эроглифтерді, тақпақтарды және т.б. кім біледі деген сұрақтарға жауап береді.

      Білімді даралап, саралап берудің басты бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикада қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғары қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоциацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау мен мадақтау.

             1.2  Инновациялық технологияларды қолдану уақыт талабы

      Заман талабына сай тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Тәрбие үрдісінде әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Қазіргі тәрбие технологиясы кешенді бағыт мәселесін  шеше отырып мынадай талаптарды орындайды.

-Тәрбиелеушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.

-Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.

-Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі – тәрбиеге кешенді түрде қараудың кезек күттірмес шарты.

-Тұлғаға берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл істер бір арнаға бағытталып, үрдістегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезетте орын  алуын талап ететін нақты кешенді сипатта болуы қажет.

-Тәрбиеге кешенді қарау тәрбие үрдісінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың  өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың  әсер ету сипаты туралы педагогтің айқын түсінігі болуы шарт.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған  Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы  болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күні – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

 

1.3 Жаңа технологиялардың тиімді жақтары

         Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін  өтілген материал сияқты.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

-І кезең – оқып үйрену

-ІІ кезең – меңгеру

-ІІІ кезең - өмірге ендіру

-ІҮ кезең – дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

-Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

-Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет. Жалпы технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді:

-Білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни, жоғары оқу орындарының несиелік оқу жүйесіне көшуі және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;

-Білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;

-Мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни, оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.

Оқушылардың сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен  айқындалады. Ал оқушы білімнің сапасы – мұғалімнің біліктілігі мен білімділігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін  оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына білім мен білік негіздерін  меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі.

Бүгінгі таңда біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуде. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас ғылым саласында пайда болуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы орайда халқымыздың  рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген.

Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны.

Қазіргі кезеңде «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы кең ауқымда дамуда.

Сыни тұрғыдан ойлау деген не? Сыни тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу? Сонымен қатар басқалардың  пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт  тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

СТО-ның маңыздылығының нәтижесі:

-әдіс түрлері

-белсенді практикалық іс-әрекетте болу

-басқалармен қарым-қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу

-қажет болса, өз көзқарасыңды өзгерту

-топтық тұжырымға келе білу

-топ алдында шығып өз тұжырымын айта білу.

 Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс әрекеті тиімді болатыны әр кезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.

   Оқытуды және педагогикалық қызметті «технологияландыру» талпыныстары ХХ ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің  критерийлері анықталды.

Оқу орнында жаңа педагогикалық  технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық  әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізу құлықсыздығы, т.б. ең алдымен оның себебін мұғалімдердің жаңа педагогикалық  технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үрдісіне ендіру белгілі бір шарттарды қажет етеді. Олар:

-мұғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлығының жеткілікті деңгейі;

-оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал.

-оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;

-оқу бағдарламасының қамтамасыз  етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.

-Мұғалімнің педагогикалық  қызметін технологяландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. Олар:

-Мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бет бұруы, ынта қоюы;

-Қолда бар технологиялық  ресурстарға талдау жасауы;

-Басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;

-Жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы,

-Мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілетті;

-Іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;

-Өз тәжірибесін рефлекция арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;

-Технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын  туғызу, оның базалық қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады. Осы орайда: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар  оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һәм салы болуы;Үшінші – мектепке керегі белгіленген программа», деген ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқаймыз.

Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың  шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі – оқушылар бұл оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды. Ғалымдардың төмендегі пікірлері осы тұжырымды дәлелдейді: «Озоснав поставленную проблему, ученики сами намечают план поиска, строят предположения (гипотезу), проводят наблюдения, опыты, фиксируют факты, сравнивают, доказывают, делают выводы». Ал Г.Ю. Ксензова «Основной ситуацией, порождающей процесс творческого мышления, является проблемная ситуация» дейді.

Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу – шығармашылық үдеріс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бірнәрсе жасап шығаруы немес өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық – ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі мен маңызын поляк ғалымы В. Оконь төмендегідей саралайды: «Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций, формулирование проблемы (постепенно к этому привлекаются сами ученики), оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знаний».

Проблемалық оқытудың тиімділігі – оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылық өнімге қол жеткізуі.

Информация о работе Казіргі заманғы білім беру технологиялары