Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 08:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.
Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін былай тұжырымдауға болады: 1) оқу материалының мазмұнын талдау, саралау; 2) проблеманы ашу, өнім жасау, шығармашылық еңбекке қол жеткізу; 3) қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.
Технология талаптарына сай тіл дамыту үрдісінде оқушылардың өзіндік ізденісінің, яғни зерттеуші, ізденуші ретінде әрекет етуінің маңызы зор. Ал мұғалім тіл дамытудың өнім деген басқа да әдіс-тәсілдеріне оқушыларды дағдыландырып, меңгеруге жетелуі тиіс. Басқаша айтқанда, тіл дамыту – мұғалім мен оқушы арасындағы қызу да ойлы, жаңа ізденістерге толы әрі қызықты, әрі күрделі, түрлі іс-әрекеттермен жүзеге асатын үрдіс.
Тұжырымдай келгенде, тіл дамыту – баланың қалыптасқан сөздік қорларын ары қарай байыту; ауызекі сөйлеу тілінде де, жазба тілінде де әдеби нормативтерді сақтау; ойын нақты, тұжырымды, айқын жеткізу; мәнерлі де жатық сөйлеуге жаттықтыру; шешендік оралымдар мен даналық сөздерді тереңтүсіне отырып, керегінде оларды пайдалану; сөйлеу, жазу мәдениетінің талаптарын меңгерту; сауаттыққа баулу іс-әректттерінің жиынтығы. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту – ең өнімді жол. Оның басты ұстанымдары төмендегідей:
-Тілдік ережелер, тіл ғылымының негізінде оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту;
-Әдеби тіл нормаларын көркем әдебиетпен байланыстыра отырып меңгерту;
-Әдеби тіл нормаларын көркем әдебиетпен байланыстыра отырып меңгерту;
-Сөздерді нақты, мәнерлі, айқын айта және жаза білу дағдыларын жетілдіру, яғни, орфография ережелерін меңгерту;
-Әр сөздің мән-мағынасын жете түсіну;
-Сөйлеу тілі мен жазба тілін ұштастыра отырып дамыту. Тыңдау-сөйлеу-оқу үрдістерін қарастыра отырып жүргізу;
-Тіл сабақтарында көркем туындыны негізге ала отырып, авторы, кейіпкерлері тілін түсіну, қабылдау, оған еліктеу, оларды тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру;
-Әдеби тілде қарым-қатынас жасауға жетелеу;
-Тапқыр, әдемі, ұтымды, ойлы, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
-Сөз өнеріне баулу, оны қадірлеуге, оның қыры мен сырын меңгеруге, дарынын, қабілетін дамытуға әрекеттену.
Тіл дамытудың сабқтар жүйесінде жүзеге асатынын ескере келе, қазіргі тіл дамытуды негіз еткен технологиялық сабақтардың басты мақсатын төмендегідей саралауға болады:
-тіл үйренудің бұрыннан қалыптасқан ережелері мен талаптарына қоса, оның жаңа инновациялық жолдарын меңгерту;
-тілдік нормаларды сөйлеу, жазу тілінде қолдана білуге дағдыландыру;
-оқушыларды бір-бірімен тілдік қатысым әрекетіне баулу;
-таным, ойлау белсенділіктерін дамыту, білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге, яғни, анализ, синтез, бағаға қарай жетелеу.
Тіл дамытудың өнімді бір жолы – модельдеу технологиясы. Модельдеу оқушылардың болжамы, көзге елестетуі, алған білімді бір нәрсеге ұқсатуы, абстрактілі ойлауынан туындайды. Танымдық іс-әркеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі – алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдына келтіру, немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады.
Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, макет не сұлба арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Дегенмен, модельдеуді ғалымдар жазғандай тек сызба, графика, макеттер арқылы жүргізу мүмкін емес. Сызу бейнелеу өнеріне қабілетті бала оның тек жобасын бейнелеуге, көбінде ауызекі не жазба тілде берулеріне болады.
Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады.
Дамыта оқытудың пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізудегі ең басты тиімділігін төмендегідей көрсетуге болады:
-оқушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы;
-оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіруі;олардың қабілеті, дарынын, шығармашылық бейімін дамытуға түрткі жасауы;
-шығармашылық тұлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан-жақты дамытуы;
-ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы.
Біздің пайымдауымызша, оқу процесін жобалаудың технологиялық дәрежеге шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу процесіндегі рөлін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады. Ал бұл оқытушының жаңа рөлі мен қызметі болып табылады.
АҚШ пен Батыс Европада ХХ ғасырдың жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50-жылдары оқыту үрдісінде техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында техникалық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралық конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың
бас кезінде көптеген елдерде
(АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Жапония
т.б.) оқытудың технологиясын жасау,
дамыту жұмыстарымен
Қазіргі бағыттағы педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «an educational technology» ұғымы қолданылады, оны дәстүр бойынша «білім беру технологиясы» деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесінде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны сипаттай алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданса дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқу үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
Сондықтан бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын – мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз.
Білім берудің технологиясына – оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Әрбір нақты жағдайда білім беру технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлі ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз. Бұл ережеден тыс тұрған тек «педагогикалық технология» ұғымы ғана. Бұл бұрын оқу үрдісінің «педагогикалық үрдіс» деп аталуына байланысты. Кей жағдайда бұл екі ұғымды синоним ретінде қолдануға болар еді. Бірақ, әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты «білім беру технологиясы» ұғымына тоқталуға тиіспіз.
Сырт көзге оқу үрдісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» ұғымы «білім беру технологиясы» ұғымынан әлдеқайда кең.
Әдетте, әдістеменің пәні – білім берудің мақсатын, мазмұнын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді.
Әдістемелік жүйе.Кесте 1.1
Бір қарағанда, техникалық әдіс жеке әдістемелр ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттық ұстанымдары әр түрлі.
Әдістеме мен технологияда қолданылатын оқу процесін сипаттайтын тілдік құрал да әр түрлі. Нәтижеде көптеген әдістемелік жүйелер (В.Ф.Шаталов, В.К.Дьяченко т.б.) іске асырылар дейгейге келген кезде қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайда жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды.
А.Кушнир:«Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтылығымен, тез қайта қалпына келетіндігімен, көптеген «егерлердің» жоқтығымен (егер оқушылар талантты болса; егер оқытушы талантты болса; егер мектеп бай болса т.б.) ерекшеленеді. Әдістеменің тәжірибені қорытындылаудан білімді үйренудің жаңа әдістері ойлап табылғанда ғана дүниеге келетіні үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес, берілген бастапқы нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады [3, 36]».
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғындаоқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды (М.М.Жанпейісова).
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағдайындағы әдістемелік жүйеге қойылатын талаптар:
1. Әдістемелік жүйені
- оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;
- оқытуды ұйымдастыруды
2. Оқыту мотивациясы мен
- оқушылардың танымдық
- оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығын қалыптастыру;
3. Оқу іс-әрекетін басқару
- оқушының өзін-өзі басқаруы;
- оқушының өз әрекетіне өзіндік баға беру.(А.Т.)
Педагогикалық технологияның басты белгісі мыналар:
Педагогикалық талаптың басты белгілері.Кесте 1.2
Жаңа оқыту үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіруде жаңашыл-педагогтардың озық дидактикалық идеяларында «Нені оқыту?» «Сапасы қандай?» деген сияқты мәселелерді шешуге бағытталған көптеген жаңаша жұмыстарын көруге болады: В.Ф.Шататлов (тірек сигналдары), Р.Штейнер (ерік таңдау идеясы), С.Н.Лысенко (оза оқыту), П.Эрдниев (ірі блоктар идеясы), Л.С.Выготский (жақын даму аймағы), т.б. Аталған дидактиктердің біліміне сүйене отырып, қазіргі таңда оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары қарастырылып, оны қолдануды жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін беріп те үлгерді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары Ресейде жаңашыл мұғалімдер топтары қалыптаса бастады, олардың әрқайсысында баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік ерекшеліктер болады да, олар жоғары нәтиже береді. Жаңашыл педагогтардың негізгі мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның жеке тұлға болып қалыптасуына негіз салу. Осы орайда жаңашыл педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады. Ғалымдардың еңбектерін зерттей отырып, педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне және олардың іс-әрекетіне қарай жүйелеп былай жіктеуге болады.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльдконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал. (Өстеміров)
Қазақстанда Ж.А.Қараевттың, Ә.Жүнісбековтің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттерінен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жеткізу деген сөз. (Оразбаева, Рахметова)
Модуль дегеніміз – міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді қарастырудың негізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы – модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі-бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Қазақстанда осындай технология үлгісін М.Жанпейісова ұсынды.
Қазақ тілі пәнінен мектептерде «Кірме сөздер» тақырыбы өтіледі. Төменде осы тақырыпты модульдік технология арқылы қалай оқытуға болатындығы көрсетілген.
Информация о работе Казіргі заманғы білім беру технологиялары