Дарынды баламен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылсы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................
І ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТАНУ БАҒДАРЫ.................
Дарындылық ұғымының мән-мағынасы,алғышарттары..................................................
Дарынды балаларды анықтау әдістемесі....................
ІІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖҰМЫС БАҒДАРЫ.................................................................
2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері....................................................................................
2.2 Дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу..........................
ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛА.docx

— 139.17 Кб (Скачать документ)

Жекелеген психикалық процестерді  дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де (оларда көру мен есту қабілеті жоғары екені байқалады), олар түрлі формалар мен түстерді жақсы бағдарлайды, олардың оқу ісіндегі қабылдауы формалар мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі.

Бала  қабылдау жұмысын дербес жоспарлау  мен бастысын көмекшілерінен ажырата, қабылдаған белгілерінің иерархиясын  бекіте, оларды ортақ шамасына қарай  саралай отырып және т.б. бұл жұмысты  түпкі ойлауға сәйкес алдын-ала  ойластырып іске асыра алады. Мұндай бақылау танымдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен (зейінмен, ойлаумен) біріге отырып, мақсатқа бағытталған және еркін бақылау формасына ие болады. Жеткілікті дәрежеде дамыған бақылауда жеке адамның ерекше қасиеті ретінде баланың байқағыштығы туралы сөз қозғауға болады. Бастапқы оқытуда барлық бастауыш сынып оқушыларының осы маңызды қасиетін дамытуға болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.

Адам  қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің  нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда объекті не жан-жақты танып білуге ұмтылуынан туындайды. Ал, бейімділік нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімдік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салада өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

Г.С.Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдердің қалыптасуын  былай сатылап көрсетеді: 1-3 жаста  заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана-сезім; 3-6 жаста  символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету, бірлескен  мотивтер, шартты-диалогтық бағыт; 6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексия (іштей өзіне-өзі  сынмен қарау); 11-15 жаста өзін ересек сезіну "достық кодексі" дағдылану, іштеллектуалық нормалардың әлеуметтік және жасөспірімділігінен хабардар ету; 15-18 жаста өзіндік сана-сезім, өмірлік жоспарлары, дүниетанымы қалыптасады. Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп қарауға болмайды.

Егер  мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі  әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рөлді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы өзгерістерге ұшырайды. Себебі ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкіндік жасаймыз.

Жапонияда оқыту мен тәрбиелеу  негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда: "Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды" - деп айтпайды, "Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың", "сенің қабілетің жетеді" т.б. осындай мақтауларды пайдаланады. Бұл оқушының ішкі танымдық іс-әрекеттерімен сыртқы даулы жағдайларды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.

Екінші  тәсіл, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу, дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Тереңдетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуге көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып, баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығушылығы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.

Өз ерекшеліктерімен қатар, бұл тәсілдің кемшіліктері де бар:

- біріншіден, бұл бастапқы оқыту сатыларында толық жүзеге аспайды;

- екіншіден, математиканы оқуды жеңіл меңгеретін кіші жастағы балаларды сол пән бойынша тереңдетіліп оқытылатын мектептерге жиі әкеліп жатады, ал кей жағдайда пәнді тез меңгеру баланың бейімділігімен сәйкес келмеуі мүмкін;

- үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларына «өзін-өзі танып білуіне» мүмкіндік берілмейді.

Сонымен, терендете және жеделдете  оқыту кезінде баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына арнайы көңіл бөлінуі қажет.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, баланың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуы дарынды балаларды оқыту бағдарламасының ең басты мәселесі. Сол себепті, баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесін - барлық бағдарламалар өз алдына негіз етіп қоюы керек деп есептейміз. Оқыту мақсатына сәйкес бағдарламаларды екі түрге бөлуге болады:

  • бірінші тобына, жоғарғы ойлау үрдісін, яғни шығармашылық, логикалық ойлау,   мәселені   шеше   білу   қабілетін   дамытуға   бағытталған   барлық бағдарламалар жатады.  Мұндай бағдарламалар баланың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға әсерін тигізеді. Оларды кез келген мәселелерді шеше білу қабілеттілігімен «қаруландырады»;
  • екінші тобына, өз мәселелері ретінде жеке-эмоционалды даму саласын қарастыратын бағдарламаларды жатқызуға болады. Жеке-эмоционалды даму жоспарының қиындықтары: өзін-өзі төмен бағалау, сескену, өз-өзіне сенімсіздік білдіру. Осы қасиеттер баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Сондықтан, өзін-өзі тану қабілетінің дамуына ерекше назар аударылу қажет. Мұндай бағдарламалардың тиімділігі көп жылдық шетел тэжірибелерінде дэлелденген. Соңғы онжылдықта осындай бағдарламалар біздің елімізге де келіп жетті.

Шығармашылық  ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды   балалар   пәндерді   оқу   барысында   өздерінің   «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Демек, жеделдете  дамыту да, мектеп курсын тереңдету  де, тренингтік бағдарламалар да барлық оқыту мәселелерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені, бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.

Оқу пәндерінің көбеюі, қазіргі кездегі ақпараттық-технологиялық өзгерістердің пайда болуы бізге оқыту мазмұнын кіріктіру керек деген ой салады. Біз жоғарыда көп пәнділіктен және пәнаралық мазмұнның тұтастығы болмауынан қандай қосымша мәселелер пайда болатындығын айтып кеттік. Сондықтан соңғы 7-8 жыл ішінде елімізде кіріктірілген бағдарламалардың саны күрт өсті десек, таңқаларлық жай емес.

Кіріктірілген бағдарламалар - тақырыптарды, бөлімдерді кіріктіру принципімен құрылған оқыту мен дамыту бағдарламалары. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады:

  1. пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру;
  2. пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру. 
    Аталған мазмұндық ортаның ерекшелігіне және тақырыптар арасындағы байланысқа қарай жай және жанама кіріктірулер деп бөліп айтуға   айтуға болады.

Шығармашыл тұлға тәрбиелеу ісінде мына бағыттар нәтижелі деп саналады:

- Оқушылардың қызығушылық, әлеуметтік, психофизиологиялық ерекшеліктерінің, жеке тұлғалық сферасының даму деңгейінің, кәсіптік құпия сақтау, ақпараттарды тәрбиеленушіге немесе ата - анасына жеткізу қажеттілігі бар осы жағдайлардың біреуінің доминанттылығының комплексті диагностикасын өткізу.

- Өзін - өзі тану және диагностикалау тәсілдерінің көп екендігімен таныстыру.

- Оқыту бағдарламаларына «Өз - өзінді таны», «Адамның құпия мүмкіндіктері», «Адамтану» тәрізді т.б. курстар енгізу.

- Өзіндік презентациялар, рефлексивті ойлаудың креативті сипаттамалары, эмоционалды - еркін сферасы туралы тренингтер өткізу.

- Сабақтағы және сабақтан тыс шығармашыл іс - әрекеттерді дамыту, ойындар, жаттығулар өткізу.

- Отандық және әлемдік тарихта танымал тұлғалардың өмірімен таныстыру.

- Ата - аналарымен, қатар құрбыларымен, ұстаздарымен бірге шығармашыл іс әрекетінің жақсы, жарқын жақтарын көрсетуге және ұжымдық, топтық, жеке (фестивальдар, мектеп театрларындағы, студиялардағы жұмыс, ансамбльге, үйірмелерге   қатынасу,   тақырыптық   кештер,   көрмелер,   олимпиадалар,

Бұл міндетті шешу барысында дарынды баланың  өзге балалармен өзара қарым - қатынасы да біршама мәнді болып келеді. Табиғи теңдік заңдылықтарының бірі ортаның дарынды және талантты балаға тең бағытта әсер етуін, керісінше талантты баланың ортаға тең бағытта әсерін сипаттайды. Нақ осы әр алуан ортаның өзара әсерлесуі барлық шығармашылық әлеуетінің ашылуын қамтамасыз ете отырып, таланттың бір орында қалып қоймай, әрі дамуына көмектесетін шығармашылық ойдың сыни жүйесін дамытады.

      Дарынды оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқытудың дамыту функциясы оқыту технологиясында, әдістерде жүзеге асырылады. Мысалы: бүігініг таңда білім беру үрдісінде қазақ тілін дарынды балаларға оқытудың американдық үлгілері /дебат, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, пікір айту/ көрнекілік арқылы ізденіске жетелейтін, шығармашылық тұрғыдан зерттеуге қызықтыратын Power Point арқылы, Hand – outs білім тірегі етіп беріледі. Ақпараттық технологияны пайдаланып интернет арқылы жобаларға қатысу немесе интернет арқылы өз пікірлестерін табу. Жалпы оқушыға берілетін қосымша материал оны қызықтыратындай болуы керек. Әрине, дарындылық табандылық пен бәсекелестікті, қызығушылық пен ізденісті қажет етеді. Сол себепті дебіз баланы қызықтыруда жан-жақтылықты қамтамасыз етуіміз қажет.

      Білім алушының дарындылығын анықтауда ең алдымен оқушының отбасы жағдайы зерттеулінуі тиіс. Ата-анасымен танысып, отбасы деңгейі анықтауған жағдайда баланың табиғатына жақын шығармашылық қабілеті анықталады. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете біледі. Осы тұрғыда ата-ананың көмегімен баланың білімін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік жасалынады.. Ата-анасымен баланың табиғатындағы ерекше қасиеттері туралы, шығармашылық қабілетінің даму сипатын талқылау оқушыны жете тануға септігін тигізеді. Дарындылықты анықтау мақсатында арнайы сауалнамалар және психодиагностикалық тренингтер жүргізу қажет. Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарға баланы дайындау дарындылықты дамыта түседі. Дарынды оқушымен жұмыс жасау барысында оқыту сипатын мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау қажет. Дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаға деген қызығушылығын оятуға болады. Аталмыш жұмыстар мұғалімді инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен дамытуымен қатар білім беру үрдісіне жаңа тұрпат ендіруіне көмегін тигізеді. Осы тұрғыда жаңашыл идеяны ұстанған педагог оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, бағытталған ізгіліктік ерекшелігімен сипатталады. Сонымен, дарынды оқушымен жаңа тұрпатта жұмыс жасауда инновациялық тәжірибені тұлғаны дамытудағы ізгілік пен шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйе негізінде қарағанымыз орынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН  ЖҰМЫС БАҒДАРЫ

 

2.1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

 

      Нәтижеге бағдарланған білім  берудің негізі оқушының дара  тұлғалық, дарындылық қабілеттерін  дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда  білім беруде оқушыға тек қана  білім, білік дағдыларын ғана  қалыптастырып қоймай, алған білімін  өмірлік қажеттілігіне жарата  алып, оны шығармашылықпен іске  асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық  қабілетін арттырып, өз білімін  әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.

Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына  өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. 
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық  қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін  зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі –  өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты  білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық  көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі  мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы  шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған  тиімді жұмыс жоспарын  құрып аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша  жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.

     Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында  әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды: 
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; 
2.Жан-жақты ақпараттандыру;

Информация о работе Дарынды баламен жумыс