Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 13:55, дипломная работа
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылсы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
КІРІСПЕ..............................................................................
І ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТАНУ БАҒДАРЫ.................
Дарындылық ұғымының мән-мағынасы,алғышарттары..................................................
Дарынды балаларды анықтау әдістемесі....................
ІІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖҰМЫС БАҒДАРЫ.................................................................
2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері....................................................................................
2.2 Дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу..........................
ӘДЕБИЕТТЕР
Оқушының шығармашылық (дарындылық) әлеуетіне, психологиялық негізіне түрткілердің басқа түріне қарағанда басым болатын танымдық түрткіні құрайтын танымдық қажеттілік жатады.
Дарынды оқушыда басым болатын танымдық түрткі жаңалыққа ынталанудың, жаңалықты жағдайды туындатудың, жай нәрседен жаңалықты байқаудың төменгі баспалдағында пайда болатын ізденушілікке, зерттеушілікке белсенділік формасында көрінеді
Осы аталған белгілерге қарай мынадай негізгі қасиеттерді атап көрсетуге болады: а) басым танымдық қажеттілік; ә) шешім табуда,жаңалықты байқауда көрінетін зерттеушілік белсенділік; 6) ерекше шешім табуға мүмкіндік: в) болжам жасауға, тапқырлық көрсетуге мүмкіндік; д) жоғары деңгейдегі "үлгілер" жасауға қабілеттілік.
Шығармашылық - бұрын болмаған жаңа, соны өнім өндірудегі адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты іс-әрекеті, онда шығармашылықты ізденушілікпен, зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға болады,
Осы анықтамалардан мынадай тұжырым жасалынды: «Жоғары қабілетті, шығармашылық мүмкіндіктері бар оқушы – дарынды, яғни шығармашылыққа қабілетті оқушы - дарынды" деп есептеледі.
Адам
дайын қабілеттермен туылмайды,
өмірге қабілеттіліктің анатомиялық-
Әрқандай іс-әрекетке байланысты бала қандай қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижемен қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілетідеп аталады. Адамның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі-психологиялық қүбылыс емес, екіншісі-баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тез меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған, әрі оларға тәуелді күрделі жүйе. Адамның психологиялық сипаты білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағалағаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жэйттерге тәуелді. Мысалы балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ ол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес
Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі жүргізілуі тиіс. Мұны оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, іс - әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі - логикалық ойлау операциялары -оқыту технологисының негізіне алынған. Сондықтан оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі қарастырылған. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылған.
Оқыту технологиясының мақсаты - оқу үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау. Осы мақсатқа жету үшін ғалымдар мынадай міндеттер белгілеген.
1. Оқу үрдісінің барысында
- шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалык операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу;
- логикалық ойлау операцияларын
сабақ барысының әрбір кезеңдерінде,
оқу материалдарының тақырыптары бойынша
шығармашылық
тапсырмаларды,
сұрақтарды кұруда, тәжірибелік-зерттеулік
жұмыстарды жүргізуде қолдануды енгізу;
- оқыту үрдісіндегі
пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын
және онда логикалық ойлау операцияларын
қолданудың әдістемесін
жасау,
2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында:
- сабақта игерген шығармашылық іс-әрекет
дағдылары бойынша
өз бетінше шығармашылық тапсырмалар
орындау;
3.Оқушылардың ғылыми-
- өз бетінше материалдарды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру;
- өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалык заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет.
Оқыту үрдісінің мазмұнындағы бейімді оқыту үрдісін орындау технологияның ішкі құрылымында қарастырылады. Бейімді оқытудың талаптары бойынша әр пән белгілі мамандықтарға негіз болады. Пән бойынша оқушылардың болмысын жасай отырып, онда сабақ барысында игеруге мамандыққа қажетті дағды, іскерліктері мен қабілеттері бойға сіңіріледі.
Мектеп оқушыларын мақсатты деңгейге жеткізу үшін мектепті бітірушілердің болмысы белгіленген. Болмыста дарынды оқушылардың да болуға тиісті құнды сапалық қасиеттер көрсетілген. Олар тәрбие берудің барысында міндетті түрде басшылыққа алынып отырылады.
Оқушылардың білімдері
мен өзіндік шығармашылық
Дарынды баламен дұмыс барысы
оқытудың жаңаша
Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс.
Деңгейлеу – оқушының игеруге тиісті білім мен білік жүйелерінің сатылай топтастырылған белгілері. Жалпы орта білім берудегі салалық стандартқа сай үш деңгей белгіленген.
Оқушының оқу материалдарын меңгерудегі ой іс-әрекетінің екі деңгейі бар: а) өнімсіз (міндетті деңгейге сәйкес келеді); ә) өнімді (лайықты және жоғары деңгейге сәйкес келеді), яғни эвристикалық және шығармашылық деңгей.
Деңгейлеудің қажеттілігі: оқушы өз іс-әрекетінің деңгейін салыстыра отырып жүйелеуі керек.
Жай сабақтардағы бағалаудың өзі деңгейлік белгілер арқылы атқарылады, бірақ онда оқушының танымдық іс-әрекеті бағаланады.
Орта білім берудің салалық жалпыға міндетті стандартының үш деңгейіне негізделіп, қисынды ойлау операциялары күрделілігіне қарай үш деңгейге топтастырылған.
1. Міндегті деңгей - минимум ҚР ОББ стандарт деңгейі. Қарапайым ойландыратын операциялар белгіленген.
2. Лайықты деңгей - лицей, гимназия оқушыларының деңгейі. Күрделі ойлау операциялары белгіленген.
3. Жоғары деңгей - дарынды балалар мектебі деңгейі.
Күрделілігі жоғары ойлау операциялары белгіленген (шығармашылыққа бағытталған). Балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттері, іскерліктері мен сезім ерекшеліктері оку-тәрбие үрдісінің өн бойындағы барлық жоспарлауларда басшылыққа алынады.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез көлген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда, Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек дел ойлаймыз:
- "сенің қолыңнаи бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің, түрткінің болуы. "Шығармашылық" деген сөздің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу" дегенге саяды.
Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер "жаза алмаймын, қолымнан келмейді" деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу - жасқаншақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі – жалқаулыққа жеңдіреді. Міне, осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты болып келеді.
Шығармашылық оқушыға шын
Мұғалім оқушыда шығармашылық көңіл күйдің тууына себепкер бола білуі керек. Оқушыларға алуан түрлі тапсырмалар беру, оқушы назарын шығармашылық арнаға бұру үшін тиімді. Сол себепті үйірме мүшелері арасында түрлі байқаулар өткізіліп түрады. Байқау жеңімпаздарының жұмыстары мектепішілік газетте, одан әрі түрлі баспа редакцияларына жіберіледі. Түрлі көлемде мектепішілік оқушылардың өлең, шығарма, әңгімелер жинақтары шығарылады. Бұл әдіс оқушыларды әрдайым ынталандырып, қызықтырып отырады және қалалық байқауларға әрдайым дайын болуға көмөктеседі.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.