Дарынды баламен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылсы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................
І ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТАНУ БАҒДАРЫ.................
Дарындылық ұғымының мән-мағынасы,алғышарттары..................................................
Дарынды балаларды анықтау әдістемесі....................
ІІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖҰМЫС БАҒДАРЫ.................................................................
2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері....................................................................................
2.2 Дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу..........................
ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛА.docx

— 139.17 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Алматы  облыстық мамандар кәсібін дамыту институты

 

Ж.А.Сейсенбаева

Л.Ж. Орманбекова

 

 

 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

 

 

Оқу-әдістемелік құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

УДК 373

ББК 74.26

С31

 

Рецензент: Сүлейменова Ж.Н., п.ғ.д., ҚызМПУ

 

 

 

 

 

 

Сейсенбаева Ж.А.

         Орманбекова Л.Ж.

 

ISBN 978-601-276-194-8

 

Бұл оқу-әдістемелік құралында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың алғышарттары, мән-мағынасы, ғылыми мазмұны жан-жақты сараланған. Дарынды балалармен жұмыстың бүгінгі таңдағы даму сипаты мен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері сараланған.

Оқу-әдістемелік  құралы мектеп мұғалімдеріне, білім беру саласындағы қызметкерлерге арналған.

 

 

 

УДК  373

ББК 74.26

 

 

           ІSBN 978-601-276-194-8    

 

 

      

   ©     Сейсенбаева Ж.А., 2011

                       ©  Орманбекова Л.Ж  

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ

 

КІРІСПЕ..............................................................................

І ДАРЫНДЫ  БАЛАЛАРДЫ ТАНУ БАҒДАРЫ.................

    1. Дарындылық ұғымының мән-мағынасы,алғышарттары..................................................
    2. Дарынды балаларды анықтау әдістемесі....................

ІІ ДАРЫНДЫ  ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖҰМЫС  БАҒДАРЫ.................................................................

2.1 Дарынды  балалармен жүргізілетін жұмыстардың  әдістері мен түрлері....................................................................................

2.2 Дарынды  оқушыларды ғылымға бейімдеу..........................

ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан  Республикасының   2030 жылға  дейінгі  стратегиялық  даму                                               бағдарламасында  білім  беруді  инновацияландыруға  сай  икемдеу  үшін  білім   беру  жүйесін  ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту  талабы  қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім  беруде  жеке    тұлғаны  дамыту,  дана  және  дара  ойлай алатын  дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.

Қай елдің  болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім  жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылсы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

«Жалпы  орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан  Республикасының әлеуметтік және саяси  өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті  тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы  орта білім берудің негізгі міндеттеріңбірі  – жеке және қоғам өміріне қажетті  әрі қарай кәсіби білім алуы менжұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік  беру болып табылады» - деп, көрсетілген  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Жалпыға Міндетті Білім Беру стандартында.

Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым  мен білім беру саласындағы жетістіктерге  негізделген жаңа жүйе еліміздің  білім беру саласына терең енгізіліп  отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде  болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың  кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы  идеясына «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған.Олар:

  1. Білім беру үрдісіндегі инновациялық даму; 
  2. Ақпараттық даму;
  3. Жастарды рухани тәрбиелеу. 

       Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.

Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз - бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де - тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі - ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» дейді. «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллекталды түрде дамыту жолдары негізге алынады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің ең маңызды ерекшеліктерін көрсетер болсақ: оның сараланып жіктелген көпсатылы  үздіксіз білім беру (мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары білім беру, магистратура және докторантура) жүйесі адамның  білімі мен әдет-дағдыларын үзіліссіз  жаңартып және жетілдіріп отыруына мүмкіндік  береді, адамның жеке тұлғасына зор  әсер етеді. Сондықтан, жаңа бағдарлама бойынша білім берудің балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі барлық саласы толық үйлесімді дамуына баса назар аударылуы - отандық білім беру саласын жаңа сапалы деңгейге көтеретіні сөзсіз. Ал, бұл өз кезегінде халықтың болашағы - жастардың жан-жақты білім алуына тың серпін береді.

Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі  қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс  жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп  тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты  дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің  ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны  қалыптастыруды талап етіп отыр. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің басты нысаны әлемдік  білім кеңістігіне кірігу болып  отырған қазіргі уақыттағы білім  мәніне ерекше назар аударылады: «Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат  легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім  берудің жеткілікті нысаны болып  табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам  өміріне пайдалы түрді қатысу үшін (құзіреттілік) ақпаратты өз бетінше  табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану  дағдысын бойына сіңіру әдеқайда маңызды  да күрделі» - делінген Қазақстан Республикасының  білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында. Осы мақсатқа сай бүгінгі білім  беру жолында оқытушы білім алушыға  білім алудың жолын көрсетіп бағдар беруші ретінде, ал оқушы өздігінен  ізденіп, ақпарат көздерін, ақпараттық технологияны пайдаланып,  білімін  дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастырған тұлға ретінде дамуы тиіс.

Жалпы, біліми сананың дамуына, білім алған оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамуына тек мұғалім ғана емес, олардың кәсіби шеберлігінде, білімі мен білігінде, парызында, халық алдындағы жауапкершілігінде тұр.

Қазіргі дамыған өркениетті қоғамда қазақ  тілін жастарға оқытуда жаңа технологиялар  мен интерактивті әдістерді жиі  қолданған дұрыс. Сонымен бірге қазақ тілінде оқытатын мектептегі қазақ баласын жеке тұлға ретінде және оның сана-сезімін, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға арнаулы кәсіби білімі бар, жоғары білікті, тілді құрметтеп, маңызын түсіне білетін  мұғалім жүргізген дұрыс.

Мектеп  – білім берудегі бар мүмкіншілікті  қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін  сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып  келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық  көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай  ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен  ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында  әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ.Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.

Бүгінгі жаһандану жайлап бара жатқан қоғамның мектепке әлеуметтік сұранысы бүгіндегі  білім беру үрдісінің мақсаты  мен міндетін түбегейлі өзгертуді  қажет етеді. Қоғамдағы адамдар  кез-келген жағдайға дайын, өзіндік  пікірі қалыптасқан проблемалық  әрекеттен жол таба білетін тұлға  болуы қажет. Осы тұрғыда білім  берудегі негізгі мақсат әрбір оқушыға  өзіндік қабілетіне қарай бабын  таба оқута білу мен жеке-дара  көмек көрсету болып табылады. Жеке қабілеттің дамуы әр оқушының тұлғалық қалыптасуына әсер етеді.  Қазіргі білім беру үрдісі бойынша  логикалық ойлау қабілетін дамыту жағын ойластыру қажет. Дәстүрлі оқу үрдісі оқушыға негізінен, дайын, өңделген, оқу материалдарын ұсынады. Оның белсенділігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы жағдай жасала қоймайды. Ал, жаңа талаптар бойынша оқушы  өзінің дербестігінің, соны ойлай білу қызметінің, шығармашылық әрекеттерінің  нәтижесінде біліктілікке қол жеткізуі тиіс. 

         Бүгінгі білім берудегі тәжірбие  оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп  отыр. Білім берушінің алдындағы  басты назар аударатын негізгі  міндеттердің бірі – дарынды  балаарды анықтап, оларға адамгершілік  қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа  үйрете отырып, терең біліммен  қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа  жақын сараптай алатын, байланысын  сезе алатын  өте жақсы дамыған  оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп  тұрады. Олар өздерін қызықтыратын  сұраққа үнемі жауап іздеп,  білімқұмарлықтарымен және өзіндік  ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға  құлышанды, сабақққа барған кезде  осындай дарынды балалармен қиын  жағдайға ата-аналарда оқытушылар  да тап болады. Осындай білімқұмар  балаларға сынып іші жалықтырып  жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі  барлық баламен жұмыс жасауы  үшін тырысып бағады, себебі бір  сыныпта дарынды баламен қатар,  қабылдауы төмен балаларда отырады.  Оқу бағдарламасын барлығына  дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс  жасау мұғалімге қойылатын басты  талап. Ендеше, осындай жағдайлар  дарынды баланы жалықтырып алмау  үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін  көрсетіп отыр.

 

І ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТАНУ БАҒДАРЫ

 

    1. ДАРЫНДЫЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ, АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

     Бүгінгі таңда дарынды бала  сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк. 

Елімізде дарынды балаларды  іздестіру мен олардың қабілетін  дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық «Дарын»  ғылыми – практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды балалармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім  беружүйесін реформалау дарынды  балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін  мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді. Сондықтан, дарынды баланы дамыту мәселесі қоғамдық маңызды проблема болып отыр. 

      Дарындылық – баланың алғырлығы,  зерделігі, қабілетімен дамып  отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен  нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру.  Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын  бағдарын талдаумен  байланысты  ұзақ  процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «"Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда теменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі"

Дарындылық интеллектуалды дамудың  мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі  таңда дарынды балалар мәселесін  зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік  әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталға. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттерді  жөніндегі идеялар ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта  өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы  қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. ХІХ ғасырда  орыс революционер демократтары дүниені  танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік  тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К. Д. Ушинский «ақыл-ой дегеннің өз жақсы ұйымдастырылған  білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі  ең негізгі дидактикалық шарт- мұғалым  мен оқушының оқубарысындағы еңбегінің  дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында» - деп нақтылаған.

Информация о работе Дарынды баламен жумыс