Дарынды баламен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылсы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................
І ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТАНУ БАҒДАРЫ.................
Дарындылық ұғымының мән-мағынасы,алғышарттары..................................................
Дарынды балаларды анықтау әдістемесі....................
ІІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖҰМЫС БАҒДАРЫ.................................................................
2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері....................................................................................
2.2 Дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу..........................
ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛА.docx

— 139.17 Кб (Скачать документ)

      ХІХ ғасырдағы қазақ халық  ағартушылары да халықты сауттандыру,  жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты  дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» деп, бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған.

Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлының поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған.

А.Құнанбаев  адам бойындағы мінезді  сынай отырып, оған ерекше түсінік  беріп өткен. «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. ХХ ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қайраткерлер еңбектерінде бала тәрбиесі мен ерекшелігін қабілетіне қарай қалыптастыру жайттары сөз болған. Жалпы, ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын. Осы кезеңде қазақтың көрнекті қайраткерлері болашақтың дамуы білім берудің дұрыстығы екендігін ұығынып, халықты білімге шақырған болатын.

  Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М. Дулатов «Туысында қанша зеректік болса да  - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзін табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезініп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда – көріп тұрғандай боласын»- деп, дарындылықтың бір қырын зеректік екендігін ашып көрсеткен болатын. 

Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет». Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интеллектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан «Педагогика» еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жан-жақты сараланған.

Елімізде психология және педагогика саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды бірқатар зерттеулер орындалған: оқу процесін жетілдіруде ұлттық дүниетаным, қазақ халқының тәлім-тәрбиелік  тағылымдарын пайдаланудың өзекті мәселелері, оқыту қызметін тәрбиелік іс-шаралармен сабақтастырудың жаңаша сипаты С. Ж. Пралиев, Л.К.Керимов,  Р.К.Төлеубекова; Қ.Б.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Қ.Шалғынбаева, С.Ғаббасов  сынды  ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.

Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.

Бірінші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші  категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші  категория – дарындылық күш –  қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында  бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл  жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар  мен мұғалімдердің және ата-аналардың  біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне жолдау беріп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Дарынды оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Кейбіреуі дарындылықтан қашады, еңбектеніп, оны жетілдіруге күш салмайды, ешнәрсеге қызығушылық танытпайды. Өздерін дарынсыз деп есептейтіндерде жетерлік. Алған бетінен қайтпай еңбектеніп, шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын дарынды балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. Міне, дарынды баламен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың біріге жасаған жұмысының мәні зор.Олар балаларды рухани рухани азықтандырып, өз-өзіне деген сенімін оятып, оны нақты бір шығармашылық салаға дер кезінде бағыттау бағыттау керек.  Айтылған зерттеулер негізінде баланың өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті шыңдау жұмыстарымен айналысады.

«Қабілетті дарын  иесі арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғышарттары – дарын иелерін таңдай білу қоғамның аз ғана бөлігін құрайтын дарын иелерін таңдаумен бірге, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы және мұқтаждығын қорғаудың басты мақсаты болып табылады.

Дарынды балаларды даралау-бұл  дарынды баланың бойындағы даралығы. Оны қабілетіне және ерекшеліктерін ескере отырып, нағыз дарындыны үшке бөлуге болады.

  1. Шығармашылық дарындылық.
  2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық.

3. Лидерлік  дарындылық – деп,   Отырар ауданының «Шеңгелді» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Ұлсерік Арыстан Жұматқызы өз тәжірбиесімен бөліскен. Осы тұрғыда Дарындылық – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы анықталатын, интеллектуалды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғары деңгейінен көрінуіне әсер ететін интеллектуалды-тұлғалық білім көрсеткіші.

Дарынды баламен жұмыс жасауда  білім ордасының мақсаты - оқушыларға өз қабілеттерін, өзіндік  қызығушылығы мен қоғам  мүддесіне  сәйкес толық іске асыра  алатындай жағдай жасау, олардың қабілеттерін,ерекшеліктерін  ашып, дамыту. Ол үшін:

1. оқушылардың  ғылыми қоғамының   құрылуы оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылығын  арттыру үшін жағдай жасау;

2.  ғылыми – зерттеу проблемаларын шешу барысында  қоғам   мүшелерін өз бетімен жұмыс жасауға  дағдыландыру;

3.ғылым,  техника, өнер саласындағы жетістіктерін  танымал ету;

4. шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту;

5. ғылыми ізденудің әдістерін үйрету;

6. шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу     жұмыстарын жүргізу;

7. ғылыми білімнің әр адам үшін және жалпы қоғам үшін маңыздылығын ұғындыру.

      Дарындылық ұғымының бүгінгі  білім беру үрдісіндегі мәні  мен маңызы өте зор. Білім  мен ғылымның даму сипатында  елімізге өзіндік көзқарасы қалыптасқан  тұлғаларды даярлауда интеллектуалды  дамыған шығармашыл білім алушылардың  ролі айқын. Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озат технологиялар арқылы оқушылардың дарындылығын дамытуды басты назар етіп алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт.

Қазақстан Республикасында қазіргі білім  беру жүйесіне тек педагогикалық  және философиялық идеиялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен  жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның  бірі дарындылықты әлеуметтік мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор. Бүгінгі таңда мұғалім құзіретіне арнайы білім бағдарламаларын оқытып қана қоймай, баланың шығармашылық қабілетіне қарай бала бойындағы дарындылықты дамыту жолдарын да іске асыру жұмыстары да тиесілі. Бұл арнайы бір бағытта жұмыс жасай отырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өмірлік жағдаяттарға пікірін айта білетін, адамгершілік тұлғасы қалыптасқан, интеллектуалды тұлға тәрбиелеу деген сөз. Баланың рухани өсуіне, оның әр түрлі әлеуметтік ортада өзін жайлы және қалыпты сезінуіне психологиялық-педагогикалық  жағымды жағдай жасау арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу жұмыстары дарынды баланы анықтауға бағытталуы қажет. Әрине, осы уақытқа дейін дарынды балалармен жұмыстар жасалынып келді. Алдағы уақытта дарынды баламен жұмыс түрін жандандыра отырып, қоғамдық мәселелерге үн қосуға бейімдеу және мектеп қабырғасынан инновациялық ғылыми сипатқа бейімдеу сынды мәселелерді жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Міне, дарынды баламен жұмыс түрлері осы тұрғыда жүзеге асқаны дұрыс. Ал, ол жұмысты жүзеге асыру ең алдымен дарынды баланы анықтау  мәселесімен тығыз байланысты. 

Дарындылықты  қандай  да нақты бір әдіспен анықтау мүмкін  емес. Дарынды  баланы  тәрбие  беру  мен  оқыту  барысында  біртіндеп, сатылып  анықтау  қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне  барынша сәйкес келетін қызмет  аясында баланың іс-әрекетіне  талдау жүргізу. Бұл дегеніміз  пән мұғалімдері нақты бағыттар  бойынша сынау тапсырмаларымен  деңгейлік тапсырмалар арқылы  оқушының бағытын анықтау деген  сөз.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін  жоюға мүмкіндік беретін тренингтік  әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным  барысында дарынды оқушының қандай  да бір бағыттағы іс-әрекетінің  жетістігі анықталады.

3. Баланың дарындылық белгісін  оның психикалық дамуының нақты  деңгейінде ғана емес, сондай-ақ  оның болашақтағы даму мүмкіндігін  де есепке ала отырып бағалау. Дарынды оқушының болмыс-бітімі анықталып, жанына жақын мамандыққа үлкен дайындық жұмысына жағдай жасау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау,  әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың  сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным  мектеп психологымен мұғалімімен  және ата-аналармен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге  жетуге мүмкіндігі бар екені  анықталады.

5. Түрлі ақпарат алу көздерін  пайдаланып, бала қабілеттерін кең  көлемде қамтуға мүмкіндік беретін  баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін  жан-жақты бағалаудың кешенді  сипаты. Білім беру жүйесінде  жаңаша мазмұн беру арқылы  жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани  ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу  міндеті тұр.

Осы ұстаным  негізінде мектеп ғылыми қоғамына төмендегідей бағдарды негізге алу қажет:

  1. Мектеп оқушыларының интелектуалды деңгейінің дамуына жағдай жасау;
  2. Дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу;
  3. Мектеп ішілік әртүрлі  шығармашылық жұмыстарды дамыту.

      Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделген кезеңде дарынды баламен жұмыс іс-әрекетінің жетісітігін байқауға болады.                                                                                  

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелі болуы жоғарыда айтылған жұмыстардың  жүйелілігінде. Сапалы да жүйелі ұйымдастырылған  жұмыс – ұстаз қауымының төккен терінің қайтарымы болса, оқушының қабілеті мен дарынының шыңдауы.

Дарындылықтың қалыптасу деңгейлерін  ғалымдар екі топта қарастырылады: 1. Актуальді дарындылық - бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады.   2. Потенциалдық дарындылық -  баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды, сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады.

 «Бұлақ  көрсең  көзін  аш» деген  ұлағатты  сөзге  сүйеніп, бар  мүмкіндікті  пайдаланып, баланың  қабілетін  дарынын  ашу - мұғалім  міндеті,  бала  бойындағы  ерекшелікті, қабілетті  танып,  соған  бағыттап  дарынды  баланың  болашағының  ірге тасы  дұрыс  қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет.  Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат - заман  талабына  сай  бәсекеге  қабілетті, білімді, іскер, ойлау  жүйесі  дамыған, адамгершілігі  жоғары, логикалық   тұжырым жасауға бейім, еркін  ойлай  алатын  жеке   тұлғаны  қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.

Информация о работе Дарынды баламен жумыс