Дарынды баламен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылсы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................
І ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТАНУ БАҒДАРЫ.................
Дарындылық ұғымының мән-мағынасы,алғышарттары..................................................
Дарынды балаларды анықтау әдістемесі....................
ІІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖҰМЫС БАҒДАРЫ.................................................................
2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері....................................................................................
2.2 Дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу..........................
ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛА.docx

— 139.17 Кб (Скачать документ)

Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп  аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлеуметтік дарындылық.

      Дарынды балаларды анықтау - өте күрделі, жан-жақты мәселе. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі кезқарас бар. Бірі  "...кез келген бала дарынды, тек уакытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек" десе, ал қарсы көзқарастағылар "... дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйінді іздеумен бірдей" дейді. Ал, шындығында адами ойлау - ізденімпаздықтың, табиғаттың адамға берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бермегені де анық.

Дарынды балалар қабілетін анықтауды  ғалымдар үш деңгейде қарастырады. Олар: теориялық, әдістемелік, педагогикалық - ұйымдастыру.

1. Теориялық-  дарындылықты анықтау.

   Әр оқушының дамуы мен келешекте  оқыту аспектілерін ұйымдастыру  және  оның  зерттеу жұмысының  нәтижесі негіз бола алады.

2. Әдістемелік-  қабылданған анықтау әдісі мен   дарынды оқушының  білімін дамыту  бағдарламасының сәйкестігі.

3.Педагогикалық-ұйымдастыру-дарынды  балалармен диагностикалық жұмысты  таңдау түрі мен ұйымдастыру  әдісінің болжамы.

Дарынды балаға тән  қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған  әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі  және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала  көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы  керек. Қабілетті балаларды оқыту  топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ  уақытында көрсете білген, жақсы  көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым  мен мәдениетті   шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.

Міндеттері:

-оқу процесін  тиімді ұйымдастыру;

-өзін өзі  бақылау мен өз білімін жетілдіру;

-жеке тапсырмалар  беру арқылы оқыту;

-жеке тұлғаның  қасиеттерін,қабілетін анықтау.

Осы міндеттерді  орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:

1.Шығармашылық:

-ойлау;

-қабілет.

2.Мотивация  (жеке-мотивациялы ерекшелік).

  • күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;
  • пәнге қызықтыру.

3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:

  • сөйлесуде;
  • тәртібінде.

Тест  немесе сауалнама арқылы анықталады.

Оқушының қабілеттілік белгілері:

1.  Тұлғаның  ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке  тән /вундеркинд/.

Оларды жылдамдатып  оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады.

2. Ғылымның  немесе пәннің жеке түрінен  қабілеттілік. Мысалы: гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.        

3. Дарындылық  белгілері кең түрде дамыған  оқушы.                                                                                                                                                                           Олар қабілетімен, өз беттілік  әдісімен, өз көзқарасын айтумен  ерекшеленеді. Күнделікті сабақ  уақытында дарынды оқушыға жеке  тапсырма беру арқылы өз бетімен  жұмыс орындау кең тараған.  Алайда, осы типтегі оқушыларды  үнемі бағыт-бағдар беру арқылы  шығармашылық жолға жетектеп  отыру керек.

Бала  өзінің дарындылық қасиетін іс-әрекет барысында көрсете алады. Сонымен  бірге, іс-әрекеттің бір түрінен  әр түрлі дарындылықтың аспектілері  көрінуі мүмкін. Дарындылықтың әр қилы түрі, формалары оқушының психологиялық  мүмкіндігі мен даму кезеңдерінде жақсы  болып келеді және ол баланың ортасына да тікелей байланысты болады. Балалар  кішкентай кезінен белгілібір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Осы қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырған  жағдайда ғана ол қасиет баланың бойына дарып, болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар береді.

Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, терендіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.

Дарындылық  ұғымының мәнін тусінуде маңызды  болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атап көрсеткен ғалым Елеупаева Ж.К. Олар: 1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет -барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3. Қабілет - нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. Ғалым Елеупаева Ж.К «Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-эрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы ләзім» - деп, қабілеттің даму үрдісіндегі оқытушылардың да өзіндік ролін ашып көрсеткен өз ғылыми еңбегінде..

      Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күнінен қалыптаса бастайды және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Дарындылық "оқу" және "шығармашылық" болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу, әдетте, оқып-үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін "шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. "Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында" деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек.

Бала  дарындылығының байқалмайтын жақтары  да кездеседі. Кейде тіпті баланың  есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің  жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады.

    Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Ерте кезден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыка-лық құралда ойнайды, т.б.). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата-аналардың мұғалімдердің алдында жаңа міндет - балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру түр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Н.С. Лейтес дарынды баланың ойы дамуын жай оқушылармен салыстыра келе, жалпы дарындылықты жалпы қабілеттердің жиынтығы деп түсіндіреді (жеке қабілетке қарағанда, мысалы, музыкаға, бейнелеу өнеріне), бірақ, олар іс-әрекеттің әр түрінде кең көрінеді. деп, айқындай түскен. Ғалым осы ойын дарындылықтың ақыл-ой теориясына байланысты дарынды балаларды үш санатқа бөлу арқылы түйіндейді: 1) кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар); 2) арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар); 3) әлеует және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсенділігі және ой-ерісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар).

Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар  бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай  көрсеткен:

- арнайы  психометриялық тест;

- баланы  бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу  және оқудан тыс әрекеттерінде,  зертханалық жағдайларды)

- арнайы  бағдарлама аясында сынақ сабақтарын  өткізу;

- педагог  тарапынан оқушының іс - әрекеті  мен мінез - құлқын эксперттік  бағалау;

- әр  түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар,  олимпиадалар т.б. өткізу;

- оқушы  шығармасының туындыларын эксперттік  бағалау;

- арнай  психодиогностикалық тренинг;

     Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.         

 Дарындылықты  анықтау әдістемелері баланың  қабілеттеріне жасалған ұзақ  уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін  растай түсу үшін, сондай-ақ күшті  және әлсіз психологиялық сапаларын  дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық  көмекті ұйымдастыру үшін қажет.  Дарынды баланың психикасын анықтауда  кең ауқымды түрлі әдістер  қолданылады:

-         арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;

-         баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;

-         балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

-         түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;

-         белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз  бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік  беретін қызметті атқарады. Сондықтан  балалар  дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтсе де, дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностикалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алынады. Ол - ұйымдастыру кезеңінен тұрады. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері.     Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б.    

 Мұғалімдер үшін баланың  бейімділігін анықтауға арналған  әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының  картасы», «интеллектуалдық портрет». Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.

Келесі кезең - бағалаушылық болып  табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті  диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

Өзін бағалау кезеңінде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ереғкше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады. Қорытынды іріктеу кезеңінде жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.

          Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде дарынды баланы дамыту мен тұлғалық болмысын қалыптастыру үшін дарынды балаларды оқыту үрдісін жүргізүдің өзіндік ерекшелігі болуы шарт. Оның негізінде дарын ерекшеліктеріне қарай өмірлік бағыт-бағдарын қалыптастыра отырып, оқыту үрдісін жүргізу қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мәселенің өзектілігіне қарай    мынадай сұрақтар туындады.

1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек?  Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.

2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.

     Дарындылықтың психо-физиологиялық  ерекшеліктерін айқындаудағы педагог-психологтардың  ұйғарымында дарындылық дегеніміз–  оқушының жоғары нәтижеге жетудегі  ерекше қабілеттілігі, жасампаздық  мүмкіндігі.  Осы ұйғарым бойынша  Д.Ж.Резнули дарындылыққа былай түсінік береді: дарындылық үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. С.И.Ожеговтың түсіндірмелік сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндіріледі.Ал, ғалым А.Матюшкин дарындылықтың психологиялық құрылымы – шығармашылықтың негізгі құрылымдық элементтерімен және адамның шығармашылық дамуымен сәйкес келеді деп түсіндірген.

Информация о работе Дарынды баламен жумыс