Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 16:14, курсовая работа

Краткое описание

Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың мақсаты: дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3

I-тарау. Дарындылық психологиясының теориялық
қағидалары
Дарындылық туралы жалпы түсінік......................................5
1.2Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан………….…..6
Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы.
Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері…21

II-тарау. Бастауыш сынып оқушылары дарындылығын
эксперименталды зерттеу

Зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері…………….33

Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары………………. 44

Қорытынды……………………………………………………………….50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Дарындылық-психологиясы.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

-  8 адам жұмысын 6 күнде  бітіре алады. Ал жүмысты жарты  күнде бітіру үшін неше адам  керек.

4-субтест, ұқсастығын  орнату. Түсіну, классификация, қолдану, абстракциялау, салыстыру қабілетін бағалау. Зерттелуші айтылған мінездеменің, түсініктің арасын байланыстыру керек, бағалау 0-ден 2 балға дейін, олар нақты, функцияға және концепцияға тәуелді. Мәселен, құрылған түсінікке «көйлек-пальто» нақты жауабы болуы мүмкін.

- бір ғана материалдан

- олар жылы, оны бэрі  киеді

- жоғарғы киім

Субтесте 13 жүп түсінік ұсынады.

5-субтест сандық  қатарын қайталайды. Зерттеу оперативті есті және зейінді анықтауға бағытталған, олар екі бөлімнен тұрады: есте сақтау және сандар қатарын оң және кері қарай қайталау. Тапсырма Векслердің ес шкаласына ұқсастықпен сәйкетенеді.

6-субтест, сөздік  субтест. Сөздік мағынасын түсінуге және оны қолданудағы вербалды тәжірибеде меңгеруіне ұсынылған. Бір қатар сөдердің мағынасын түсіндіру керек. Барлық тапсырма 42 сөз, алғашқы 10-ы күнделікті кең қолданылатын сөз; келесі 20-да орташа қиындық бар; үшінші топ 12 сөзден қүралған, олар ең қиындары. Бағалау 0-ден 2-ге дейінгі балл. Мәселен,

 

ІІ ТОП

III топ

Үкім

Соғыс

Микроскоп

Балласт

Мешіт

Идиосинкразия


 

І топ

Алма Стол Зат

Вербалды емес шкала.

7-субтест санды  шифрлау. Карерландердің жаңа іс-әрекетін меңгеру бөлімі. Тапсырма сол ондағы әрбір санның клеткасына әр санның өзінің символын жазып шығу. Өлшеулі уақыт беріледі. Дұрыс жазғандары бағаланады.

8-субтест әрбір суреттің бір бөлшегі жетпейді. Мүнда көрермендердің көріп қабылдауына назар аударуын, жетпейтін бөліктерін таба білу қабілеттерін меңгереді. Зерттелушіге 21 көріп жұмыс жасайтын тапсырма беріледі, онда жетіспейтін белгілерін немесе сәйкес келмейтіндерін табу керек (12 сурет). Дұрыс жауапқа 1 балл (20 сек. уақыт беріледі).

9-субтест Косаның  кубиктері. Мүнда бөліктерді біріктіру қабілетін және сенсомоторлы координациясын меңгеруге үсынылған. Зерттелушіге 10 әртүрлі түсті ағаштан жасалған кубиктер үлгісін береді, ал ол болса тезарада жаңадан сол үлгіні қайталап шығу керек. Әр тапсырманың уақытын белгілеп отырады. Дәл үлгіні жасауы және уақытына қарай бағалайды.

10-субтест картиналардың  жүйелігі. Мұнда ұйымдастыру қабілетін, логикасын,  мәселелерді  түсінуін  және  оқиғаны  талдай  білуін  зерттейді.

Зерттелушіге 8 картина тапсырмасы беріледі. Әр картинада сюжеттері бірігіп кеткен зерттелуші сәйкестендіріп анықталған жүйе бойынша орналастыру қажет. Дұрыс жауабын және жіберген уақытын бағалаймыз.

11-субтест фигуралардың қойылуы. Бұл субтест 9 субтестке ұқсас. Зерттелушіге анықталған белгілерімен 4 фигура беріледі («адам», «профиль», «қол», «піл») бүл бір-бірімен сәйкес қойылуы керек. Бағалауда дұрыс жауабымен жіберген уақытын есепке алады.

1949 жылы Векслер балалар интеллектісінің шкаласын ұсынды. Мұнда зерттеуге 5-тен 15-ке дейінгі балалар алынды.

WAIS шкаласынан WISC-R шкаласының айырмашылығы 12 субтестте, ал альтернативті субтест санды шифрлау. Бұл субтест 9 лабирант көрсетеді (14 сурет). Субтест «лабиринтқа» көп уақыт кетеді, зерттеу барысында оны шифрлауға ауыстыруы мүмкін.

1963 жылы Векслердің мектепке  дейінгі балалардың және кіші мектеп балаларының интеллектуалдық шкаласын көрсетті. Онда 11 субтест, оның 10 IQ-мен анықталады. Мұнда 8 субтест WISC-ң варианттарына бейімделген, қолған үшеуі арнайы мектепке талдама. Субтесттер вербалды және вербалды емес болып көрсетіледі. Субтесттердің келесі WPPSI шкалада жасалды.

 

Вербалды субтест.                         Практикалық субтест.

1). Мәліметті білу                                2). Жануарлар үйі

3). Сөздік қор                                      4). Аяқтау картинасы

5). Арифметика                                   6). Лабиринт

7). Ұқсастық табу                                 8). Геометриялық схема

9). Түсіну

10). Косаның кубигі

11). Сөйлем алтернативасы

 

«Сөйлем»-тесті бүл WISC-ғы қатар саны субтестін алмастырушы, сондықтан есте сақтаймыз. Баладан зерттеушінің айтқан сөзін қайталауын талап етеді. Бүл субтестпен қандай болсын вербалды субтест шкаласын немесе нақты диогностикалау информация алып көрсетуге болады. Субтест «Жануарлар үйі» цифрды шифрлауға сәйкестенеді. Мүнда балаға карта көрсетіледі, онда ит, балапан, мышық және балық суреттер бар. Картаның жоғары жағында әр жануардың өзіне тэн ұясы бар. Балаға тапсырма жануарларды сол үлшықтарына орналастыруын айтады. Уақытына және жіберген қателерін бағалайды.

Векслердің интеллектіні өлшеуіш шкаласынан үш түрін қарастырдық, онда 4-6 субтестін қысқартуға болады. Осылардың ішінен Векслердің қысқа интеллект тестін, гамбурлық редакциясын қысқартуға болады.

Векслердің интеллектуалдық өлшеуіш шкаласының нэтижесін мысалдар арқылы көрсетеміз WAIS-ң анализ жасауымен төмендегі интеллектуалдық функциялар анықталды.

 

 

 

 

 

 

Векслердің интеллект субтесттердің функциясының анықталуы.

Субтест

Меңгерілген функциялар

Нәтижеге әсер ететін фактор

Қарастырылуы

 

 

 

Түсінілуі

 

 

Арифметикалық

 

 

Ұқсастық орнатуы

 

 

Сөздік

 

Қатар саны

 

Қолданылатын

картина

 

Жетпейтің бөлшектер

 

Фигура құру

 

Косаның кубиктері

 

 

Шифрлау

Есте   матердың   ұзақ   сақталуы.

Біріктіру     және     ұйымдастыру

тәжірибесі.

Абстрактылы  ойлау.

Ұйымдастыру    білімі.  Түсінік құру.

Арифметикалық    операцияларды есте сақтауы.

 

Бір-бірімен  байланысын

анализдеу. Вербалды түсінік құру.

Тілдің дамуы.  Вербалды түсінік құру.

Тезарада қабылдауы. Есту арқылы бейнелеуі.

Қарым-қатынаста көріп

қабылдауы (визуалды интициясы)

Көріп қабылдауы, анализ жасауы.

Көріп қабылдауы, біріктіруі. Көру

моторлы интеграциясы

Көлемін       қабылдау.        

Көріп қабылдауы,      анализдеуі      көру моторлы интеграциясы

Тезарада     елестетуі,  көріп

бейнелеуі.        

Көру маторлы интеграциясы.

Мәдениетті  орта, қызығушылығы.

 

 

Араласудағы мәдениеттің керектігі. Шын жағдайдағы реакциясы. Зейін көлемі.

Негізгі  арифметикалық

операцияларды                  сақтау мүмкіндігі.

Мәдениетті қарым-қатынас

мүмкіндігі.

 

Мәдениетті қарым-қатынас

мүмкіндігі.

Зейін көлемі.

 

Мәдениетті қарым-қатынас

мүмкіндігі.

 

Қоршаған ортаны қабылдауы.

 

Белсенді іс-әрекет.

 

Іс-әрекет белсенділігі.

 

 

Іс-әрекет белсенділігі.


 

Экспериментті Векслер үшке бөліп негізгі субтесттер, меңгерген функциялар, нэтижесіне эсер ететін факторларды ашып көрсетті. Субтестің детериорациялық коэффиценті:

OQ=ТНР-ТПР\ТНP 100

Мүнда,     ТНР-субтест     практикада    нэтижесінің     өзгертілмеген    шкала көрсеткіші, ТПР-нәтижесінің өзгертілген көрсеткіші.

Сапалы интерпретация құрылымы аз ғана қызығушылықпен интеллекттің функциясының дамуын анықтайды, сонымен қатар зерттелуші жеке адамның интеллектісің комплекстеудің ерекшелігн бағалайды.

Тестің нәтижесін үш фактор арқылы толықтырды.

1). Вербалды түсіну факторы (субтесттер «сөздік», «қарастырылу», «түсіну», «ұқсастық орнату»).

2).   Перцептивті   ұйымдастыру   факторы   (субтесттер  «Косаның   кубигі», «фигура құру») мүнда қабылдау жылдамдылығы, елестету, есте сақтауы қарастырыл ады.

3). Есте сақтау факторы («арифметикалық», «қатар санын қайталау»).

Векслердің иетеллекті өлшеуіш шкаласы көптеген жетістіктерге жеткен. Оны алғаш рет Ленинградта Бехтеревтің психоневрологиялық ғылыми зерттеу инстутында лангитюдты оқытуда интеллектің дамуына тиімді қолданды. Сондай-ақ балалардың ақыл-ойының артта қалуын және психикасы тоқтап қалған балаларды анықтауға сонымен қатар жасөспірімдердің психологиясын тексеруге пайдаланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.  Дарынды балалармен жеке-дара  жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары

 

 

1.  Практик психологтың дарынды  балалар және мұғалімдермен жұмыс  істеу бағдарламасы.  (Матюшкин  А.М. бойынша)

Бұл  бағдарлама практик психологқа дарынды балалармен түрлі даму кезеңдерінде жұмыс жүргізуде үлкен басшылық рөл атқарады.

Дарынды балалардың жанұяда дамуы.

Мақсаты:  баланың шығармашылық мүмкіндігін дамытуға қажетті ата-ана мен тәрбиешілер үшін психологиялық дайындықты қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру:  ата-аналар үшін дарынды балалар жайлы кеңес беру материалдарын дайындау:  баспа,  теледидар мен радиохабарларда психологиялық материалдарды үнемі жариялап отыру.

Дарынды балалар проблемалары.

Лета Холлингуарт дарынды балалар алдында тұрған бейімдеу проблемаларын түсінуде үлкен елеулі үлес қосты.  Ол проблемалар  төмендегілер:

    • мектепке немқұрайлылық.  Мұндай қарым-қатынас оқу бағдарламасы дарынды балалар үшін қызықсыз әрі жалықтыратын болғандықтан пайда болады.
    • Ойынға қызығу.  Дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды,  ал құрбылары ойнайтын ойындар қызықсыз болады.  Сондықтан да,  дарынды бала оқшауланып, өзіне-өзі терең бойлайды.
    • Философиялық проблемаларға шолу.  Дарынды балаларды өлім,  өлімнен кейінгі өмір,  діни дәстүрлер мен философиялық проблемалар сияқты құбылыстар толғандыратын болады.
    • Дене,  интеллектуалды және әлеуметтік даму арасындағы сәйкессіздік.  Дарынды балалар әдетте өзінен үлкен балалармен араласып,  достасқанды ұнатады.  Сондықтан да,  оларға лидер болу қиындық келтіреді.
    • Жетіліп кемелденуге ұмтылыс.  Дарынды балалар үшін жетіліп кемелденудің ішкі қажеттілігі тән болады.  Осыдан барып,  қанағаттанбаушылық,  өзін-өзі төмен баға беру өріс алады.

Зерттеулер дарынды балалардың жаңа жағдай-ситуацияларға аса сезімтал болады.  Сондықтан да,  дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер келесі қадір-қасиеттерге ие болуы тиіс.

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттер.

( “Astor”  американ бағдарламасының критерийлері).

Мұғалім міндеттері:

    1. қайырымды әрі әділетті болу;
    2. дарынды балалар психологиясының ерекшеліктерін білуі тиіс,  олардың қажеттіліктері мен қызығуларын сезінуі тиіс;
    3. ақыл-ой дамуы жоғары деңгейде болуы тиіс.
    4. Қызығуы мен шеберлік шеңбері кең болуы тиіс;
    5. Педагогикалықтан тыс басқа бір білімі де болғаны абзал;
    6. Дарынды балаларды оқытуға байланысты түрліше міндеттерді орындауға дайын болуы тиіс;
    7. Белсенді әрі өте қозғалғыш болғаны жөн:
    8. әзіл сезімі болғаны дұрыс (бірақ сарказм емес);
    9. икемді,  әрі өзін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс;
    10. шығармашылық,  мүкін болса,  жеке дүние танымы дәстүрлі емес болғаны дұрыс;
    11. денсаулығы балалармен жұмыс істеуге арнайы жоғары білімнен соңғы дайындығы болуы керек және әрі қарай арнайы білім алуға дайын  болуы тиіс.

Дарынды балаларда дамыту керек болатын маңызды қабілеттер мен шеберліктер

    1. танымдық қабілеттер мен дағдылар
    • үлкен ақпарат көлемін меңгеру
    • бай сөздік қор.
    • себеп-салдарлы байланыстарды анықтау.
    • жасырын тәуелділіктер мен байланыстарды табу.
    • қорытындыларды жасай білу.
    • күрделі проблемаларды шешуге қатысу.
    • ақпаратты ұйымдастыру.
    • көзге көрінбейтін айырмашылықтарды байқай білу шеберлігі.
    • ситуацияларды талдай білу.
    • процестің өзі сияқты нәтижені де бағалай білу шеберлігі.
    • болжам құра білу
    • идеяларды практикада қолдана білу.
    • ойлаудағы сыншылдық
    • жоғары дәрежедегі білуге құмарлық.

 

    1. шығармашылық қабілеттер.
    • қатерге қабілеттілік
    • дивергентті ойлау
    • ойлау мен іс-әрекеттегі икемділік
    • ойлау тездігі
    • ерекше идеялар айта білу,  жаңа нәрсе ойлап табу
    • бай қиял
    • жоғары эстетикалық құндылықтар
    • дамыған интуиция
    1. эмоционалды аумақ ерекшеліктері.
    • реалистік  мен -  тұжырымдама
    • өзгелерге сыйластық
    • адамдарға эмпатикалық қарым-қатынас
    • өзге адамдар ерекшеліктеріне шыдамдылық
    • өзін талдауға бейімділік
    • сынға шыдамды көзқарас
    • тапсырманы орындаудағы табандылық
    • жарысқұмарлық
    • ойлаудағы тәуелсіздік
    • әзіл сезімі
    • өз күші мен қабілетіне сенімділік
    • ішкі мотивация

Информация о работе Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары