Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 16:14, курсовая работа
Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың мақсаты: дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
I-тарау. Дарындылық психологиясының теориялық
қағидалары
Дарындылық туралы жалпы түсінік......................................5
1.2Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан………….…..6
Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы.
Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері…21
II-тарау. Бастауыш сынып оқушылары дарындылығын
эксперименталды зерттеу
Зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері…………….33
Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары………………. 44
Қорытынды……………………………………………………………….50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………
Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен бөтен, бұл феноменнің даралығы басқа критерийлер бойынша да болуы мүмкін. Ресейлік психологтар (Ю.А. Бабаева, Д. Богоявленская, А.В. Брушлинский, В.Н. Дружинин, И.И. Ильясов, Н.С. Лейтес, А.М. Шумакова, А.Н. Панов, И.В. Клиш, М.А. Холодная, В.Д. Шадриков, Н.Б. шумакова, В.С. Юркевич): “дарындылықтың жұмысшы, жиі қолданылатын концепциясы” деп берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен классификациясын бөледі:
· психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері
· дарындылықтың қалыптастырушы деңгейі
· дарындылықтың көорініс беру формасы
· дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде көрініс беруінің ауқымдылығы, дамудың жас ерекшелігі.
Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін (жанұялық қиын жағдаймен, квалификацияланған мұғалім - кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа).
Потенциалды дарындылықты анықтау, кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы мүмкін. Өйткені әрі қарай дамуы туралы, тек кейбір белгілер бойынша айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.
Ерте дарындылық мысалы ретінде “вундеркиндтер” (“таңқаларлық бала” мағынасында) деп аталатын балалар бола алады. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер, қандай да бір іс-әрекет түрінде тамаша табыстарғ жетеді (музыкада, суретте, ән айтуда тағы басқа). Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етді (ерте әріп танып, оқу, хат, санау тағы басқа). Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей, дарындылық музыкада ерте көрінеді. Ал одан кешқұрым, сурет өнерінде көрінеді. Ал математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды. Ғылым жетістігінде мәнді нәтжелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы клетірілген дарындылық классификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:
· интеллектуалды, оның түрі - академиялық
· көркемдік, шығармашылық (креативтілік)
· модерлік немесе әлеуметтік
психомоторлы немесе спорттық.
II-тарау. Бастауыш сынып оқушылары
дарындылығын эксперименталды зерттеу
Эксперименталды зерттеу мақсаты: бастауыш мектеп оқушылары дарындылығының психологиялық ерекшеліктерін бейімделген өңделген әдістемелер көмегімен анықтап айқындау.
Эксперимент бөлімінің міндеттері:
№1 әдістеме
Әдістеме атауы: Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі.
Мақсаты: Шығармашылық ойлаудың түрлі көрсеткіштерін - сөздік-шығармашылық ойлау, көрнекі-бейнелік ойлауды бағалау, дарындылықтың негізін анықтау.
Шығармашылық ойлау бағасының көрсеткіштері:
· ой жүйріктігі (жеңілдігі, өнімділігі) - бұл шығармашылық ойлаудың жүйріктігін сипаттайды.
· ой икемділігі - тез ойлауға көшуге сипаттайды.
· ой ерекшелігі - ойдың даралығын білдіреді.
· ойдың нақтылығы - шығармашылық ойлаудың логикалылығын, бірдйлігін, дұрыс шешімге келуді білдіреді.
Алынған нәтижелер сандық және сапалы талдауға, математикалық-статистикалық өңдеуге дайындалды.
Әдістемелік зерттеу нәтижелері.
Зерттеу зорлық-зомбылықсыз, ішкі қалау ниеті жағдайында өтті. Көптеген балалар өте үлкен ниетпен жауап берді.
1-ші субтест. Газетті қолдану. (вербалды сала).
Бұл тест бойынша кейбір балалар қиналды. Жиі кездесетін жауатар мынандай болды: «шапка, ұшақ жасау, газетті жамылу, астыға төсеу, оған бірнәрсе орау тағы басқа ерекше болған жауаптар: «палатка етіп, ойынға қолдану және газет коллекциялау пакеттерді жапсыруда қолдану».
Өте көп ұпайлар санын Марат (35), Гүлнәр (33) жинады.
2-ші субтест. Қорытынды.
Бұл тестке де көп балалар қиналды орташа алғанда 3 минут ішінде 3 жауап берілді. 0-ден 5 жауапқа дейін берді. 75 жауап берілді.
Жиі кездесетін жауаптар: «адамдар мен аңдар бір-бірін түсініп, әңгімелесетін болады. Бір-біріне қонаққа барып, көмектесетін болады».
Ал ерекше деп танылған жауаптар: «Аңдар олимпиадаларға қатысатын болады, ғылымды алға жылжытатын болады, теледидар құрайды, адамдармен бірге оқып - өмір сүретін болады».
Жоғары нәтижені Алмас пен Ринат көрсетті.
3-ші субтест. Бейнелеу. (бейнелік сала).
Балалар түрлі өз қалауы бойынша суреттерді салуы тиіс болады. Көптеген балалар адам, клоуы, үй суреттерін салды.
Ал ерекше суреттер еркін тақырыпта болды. Олар: түнгі теңіз, шаршаған өзге планеталық адам, бассейндегі қайық, жемістері бар тәрелке.
4-ші субтест. Жасырылған форма.
Мұнда балаларға заттар жасырылып сипатталады. Олар сол зат сипатына орай жауап беруге тырысады. Жиі берілген жауаптар: шелек, адам, күн, тышқан.
Ерекше сирек жауаптар: тиын (ақша), көйлек, стақандағы шыбын, молекула, су перісі, шанышқы.
Алынған зерттеу нәтижелері арқылы балалардың шығармашылық ойлау табиғатын зерттеуге, әрі педагог-психологтар өз қызметтерінде қолдануға, ерекше дарынды, талантты адамдарды іріктеуде кеңінен пайдалануға болады.
№2 әдістеме.
Екі аса ерекше дарынды балалардың интеллект құрылымын зерттеу үшін Р. Амтхауердің тестісі қолданылды. Бұл тест кәдімгі топтық интеллектуалды тест болып табылады. Тест тапсырмалары вербалды және сандық материал әрі бейнелерден тұрады.
Әдістеме атауы: Р. Амтхауердің интеллект құрылымын зерттеу тестісі.
Әдістеме мақсаты: оқушылардың жалпы ақыл-ой деңгейін анықтауға мүмкнідік береді және жекелеген субтестілерді орындаудағы нәтижелілік - оқушылардың интеллектісінің жекелеген құрылымын бағалауға мүмкіндік туғызады.
Сынауға алынған балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктрі жайлы толық білу үшін, психогеометриялық тест қолдануды ұйғардық.
№3 әдістеме атауы: Психогеометриялық тест.
Әдістеме мақсаты: бес фигураны қалау бойынша жеке психологиялық мінездеме беру.
Әдістеменің жабдықталуы: 5 фигура (квадрат, шеңбер, ирек сызық) бейнелері салынған үлестірмелі бланк.
Әдістеме барысы:
Әдістеме келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.
«Балалар алдарыңдағы, фигураларды ұнату ретімен алдарыңызға тізіп қойыңыздар.
Балалардың психогеометриялық типтерінің мінездемесі.
Балалардың көпшілігі ирек сызықты қалаған. Бұл фигура креативтілікті, шығармашылықты, интуитивтілікті, интегративтілікті, мозайкалылықты, бейнелілікті білдіреді. Ойлаудағы үстемдік еткен синтетикалық стиль болып табылады. Иректі ұнатқандарға түрлі идеяларды тудыру және соның негізінде ерекше бір жаңа нәрсені құру тән болады. Мұндай ойлау түрі иректі ұнатқандарға тұтас, үйлесімді бейнелер мен тұжырымдар құрастыруға мүмкіндік береді.
Иректі ұнатқандар - креативтілік символы шеңбер топты тұрақты етіп біріктіреді. Бұл балалар өте жақсы коммуникаторлар, өте жоғары сезімталдықпен, жетілген эмпатиямен ерекшеленіп, дараланады. Шеңбер де ирек сызық сияқты «оң жақ жарты шар» ойшылдары. «Оң жақ жартышар» ойлауы - өте бейнелі, интуитивті, эмоционалды боялған, талдағыштан гөрі интегративті болып табылады.
Линейлі формаларды (төртбұрыш, үшбұрыш, тік төртбұрыш) аз балалар таңдаған. Бұл психогеометриялық типтер талдағыштық «сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең әрі тез талдауға қабілеттілігімен сипатталады.
№4 әдістеме.
Әдістеме атауы: Ньюттеннің мазасыздануды және қажеттіліктерді зерттеу әдістемесі.
Әдістеме мақсаты: Оқушылардың мазасыздануы мен қажеттіліктерін зерттеу және тұлғааралық және оқу іс-әрекетіндегі мазасыздануды анықтау.
№5 әдістеме.
Әдістеме атауы: Дарынды балалардың танымдық белсенділіктеріне зерттеу әдістемесі.
Әдістеме мақсаты: Дарынды балалар, олардың ата-аналарымен спонтанды әңгімелесу арқылы оның танымдық белсенділіктерін анықтау.
Әдістеме барысы:
Әдістеме негізінде мына идея жатыр: бала іс-әрекетінің басым бөлігінде танымдық қызығулар үлесі неғұрлым басым болса, соғұрлым ол шығармашылық тұрғыдан дарынды, әңгіме дарынды (2 бала) балалармен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері.
Бір баламен ( 11 жастағы) әңгімелесу барысында оның бір апта бойына орындаған іс-әрекеттері жайлы жалпы, спонтанды мәліметтерге ие болдық. Ол мәліметтер төмендегілер:
Осы аталған тізімде достармен қарым-қатынастың жоқтығы осы баланың шынайы өмірін толық бейнелейді. Дәл осындай анасының баласының іс-әрекеті жайлы спонтанды әңгімесі де шамамен жоғарыдағыдай нәтижелер береді.
Әдістеменің мақсаты: Сөз-мағыналық ойлауды бағалау.
Жабдықталуы: “Ерекше сөз” әдістемесінің бланкісі сыналушылардың заттың мәнді белгілерін бөліп, талдап қорыту қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Әдістеме 15 сериядан тұрады, әр серияда - 4 сөз бар (қосымша А.1) Зерттеушінің сыналушы жауабын тіркейтін хаттама (қосымша А.2) және секундомер қажет.
Жүргізілетін жолы: жұмыс баламен жеке-дара жүргізіледі. Ең алдымен баланың жұмысты орындауға ынтасы бар ма, көңіл-күйі қандай дәрежеде екенін біліп алу өте маңызды. Сыналушылардың орындайтын ісі келесі нұсқау бойынша түсіндіріледі.
“Берілген әр сериядағы 4 сөздің үшеуі қандай-да бір шамада бір түбірлес ұғымдар және оларға тән жалпы сипаттарына орай бірігуі мүмкін, ал бір сөз бұл талаптарға көнбейді. Берілген қатарға мазмұны сәйкес келмейтін сөзді тығып тастаңыздар. Тапсырманы тез және қатесіз орындау керек”.
Егер сыналушы нұсқауды түсінбесе, бір-екі мысалды орындап көрсетуге болады, бірақ эксперимент бланкісін өзгесін алу керек. Бала жұмыс барысын толығымен түсінгеннен кейін, өз бетінше ерекше сөзді тауып сызады. Зерттеуші баланың тапсырманы орындау барысын және уақытын хаттамаға тіркеп отырады.
Нәтижені өңдеу.
Сыналушы М.А., 1 к сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 796 секунд уақыт жіберген. - оны (таблица) кесте бойынша балға теңелткеде - 10 балды алған, ал дұрыс жауабы 20 бал. А=10-6=4б, А=4б өлшеулік көрсеткіш: 2 балдық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін бұл сынаушының жұмысы 9 балдық бағалауды көрсетеді.
Сыналушы И.К., 2 к сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 514 секунд уақыт жіберген. - оны кесте бойынша балға теңелткеде - 12 балдық бағалауды берген, А=12-6=6, А=6б өлшеулік көрсеткіші: 4 балдық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін, бұл сыналушының жұмысы 10 балдық бағалауды көрсетеді.