Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 16:14, курсовая работа

Краткое описание

Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың мақсаты: дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3

I-тарау. Дарындылық психологиясының теориялық
қағидалары
Дарындылық туралы жалпы түсінік......................................5
1.2Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан………….…..6
Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы.
Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері…21

II-тарау. Бастауыш сынып оқушылары дарындылығын
эксперименталды зерттеу

Зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері…………….33

Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары………………. 44

Қорытынды……………………………………………………………….50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Дарындылық-психологиясы.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер, апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында кіші сіңілі - қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанүядағы балалар санынан тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді.

Жанұя құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және жанұяның эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың мазмұнды жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы жынысты ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды.

Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды.

Р.Хесс және В.Шипман өзара әрекетті ата-аналық стильдері императивті және инструктивті деп бөлді. Императивті стиль үшін мынадай бұйрықтар сәйкес келеді: «Мен айтқан секілді жаса ...», «Тыныш отыр...».  Ата-аналар баласының айтқандарын  бұлжытпай  орындауын күтеді. Олардың қатынасы ересектің беделіне негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және тәуелділік пен конформизмді дамытады.

Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар мынадай болып негізделеді: «ойыншықтарыңды жина, ал мен еденді сыпырамын...». Ата-аналар баласымен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың талаптары, заңдылықтары саналы түрде жүреді. Бұл, балада инициативалықты дамыту (бастау) және қаттылықты тәрбиелейді.

Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор - бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі. Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:

•   теріс

•    ашуландырушы (игнорирующее)

•   дұрыс-оң

•    гиперсоциализация    (ата-аналар    дарындылықты,    өз-өзін    таныту мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы   жасауы немесе өздерінің орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).

Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.

Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және айналадағыларға үлкен талаптар қояды.

Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары).

Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.

Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.

Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшеліколарды толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті алыстағыға алмастыру қиынға соғады.

Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.

Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті - рольдік ойындар. Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-қатынасқа деген қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.Н. Галигузова),

Дарынды балалардың мінез-құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір ерекшеліктері, оларды құрдастырының түсінбеуіне, олардың өзара қарым-қатынасында дау-жанжал кездесуіне және тіпті басқа балалардың оларды шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп болады: серіктесін тыңдай алмау, доминанттылыққа ұмтылу, бірге ойнайтын ойындарда өзіне ұйымдастырушы ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу, ересектердің зейінін өзіне аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу балаларға қатысты шыдамсыздық таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау әдетінің болуы Л.Хоменгуерт дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін болатын себебін көрсетеді: «ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз құрбыларының ойындары қызықсыз болуы мүмкін».

Өз құрбыларымен өзара әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе олардың себептерін түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен достасуға ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда қияндың тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық болады, сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға түседі. Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір нәрсені жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен өзіндік бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар өздерінің жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-қатынасында өзінің мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді. Сондықтан дарынды баланың өз әрекетін іске асыруда «Мен» концепциясы маңызды болып табылады.

Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.

Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.

Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы мектепке дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа қолайлы жағдай туғызу   қажет.

Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес,  қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.

Қазіргі жағдайда дарынды   балалармен жұмыс жасаудың түрі -балалар шығармашылық үйлерін құру болып табылады.

 

Дарындылықтың негізгі түрлері

 

Дарындылық түрлерінің дифференцияциясы сыныпификацияға негізінделген критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады.

Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адампың психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және оладың қандай да бір іс-әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңнейін сипаттауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай, жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы, «ақыл-ой қүндылығы» қажет болады.

Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу өнері, ақындық дарындылық және т.б.).

Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.

Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады.

Мектепте «орташа оқитын» оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект бел^ілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.

Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. "Ақыл-ой» мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі «интеллект» сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне «ақыл-ой дарындылығы» түсінігінің термині ретінде қолданылады.

Интеллект - өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді. Дарындылық - бұл жеке тұлғаның ерекше қүрылымы.

Ақыл-ой дарындылығының арнайы  түрлері, яғни философиялық-теоретиялық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық - Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.

Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда - арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе «жасырынды» дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.

Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен бөтен, бұл феноменнің даралығы басқа критерийлер бойынша да болуы мүмкін. Ресейлік психологтар (Ю.А.Бабаева, Д.Богоявленская, А.В.Брушлинский,         В.Н.Дружинин, И.И.Ильясов, Н.С.Лейтес, А.М.Шумакова, А.Н.Панов,  И.В.Клиш, М.А.Холодная, В.Д.Шадриков, Н.Б.Шумакова,  В.С.Юркевич): «дарындылықтың   жүмысшы,      жиі қолданылатын   концепциясы» деп  берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен сыныпификациясын бөледі:

•  психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері

•   дарындылықтың қалыптастырушы деңгейі

•   дарындылықтың көрініс беру формасы

•   дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде    көрініс  беруінің ауқымдылығы, дамудың жас ерекшелігі.

Дарындылықтың түрлерін келтірілген негіздеу бойынша қарастырайық. Бірінші критерий бойынша, негізгі іс-әрекет түрлеріне практикалық, теориялық оқушыларда оқу-танымдық, көркемдік-эстетикалық, ойындық, спорттық-сауықтыру, коммуникативті, рухани-бағалық жатады.

Іс-әрекетке сәйкес дарындылықтың мынадай түрлерін бөлуге болады: практикалық іс-әрекетте - кәсіптік дарындылық, танымдық іс-әрекетте - түрлі деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдікте - эстетикалық, хореографиялық, сценалық, әдеби-ақындық, сурет салу өнері мен музыкалық, коммуникативті іс-әрекетте-лидерлік дарындылық, рухани - бағалық іс-әрекетте - адамдарға қызмет ету, тағы басқалар.

Дарындылықтың әр түрі барлық психикалық мүмкіндіктерді нақты іс-әрекет түрінде ерекше, маңызды болып табылатын сапалардың басым болуы мен біруақытта қосылуын болжайды.

Іс-әрекеттің басым ететін түрі бойынша дарындылықтың қай түрін анықтасақ та, әр дарындылықта іс-әрекеттің бөтен түрлері де көрінетінін байқауымыз керек. Мысалы: суретші немесе музыкант іс-әрекеттінің сипаттамасы бойынша көркемдік - эстетикалық болып табылады. Бірақ сонымен қатар, онымен танымдық, практикалық, коммуникативті және рухани-бағалық іс-әрекет түрлері қолданылады.

Екінші критерий - «дарындылықтың қалыптасу деңгейі» бойынша потенциалды және көкейтесті дарындылықты бөледі: көкейтесті дарындылық - бұл жас ерекшелігі шамасына сай, нақты бір пән аумағында іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуында байқалатын, баланың қол жеткізген көрсеткіштерімен байланысты болатын психологиялық ерекшелік. Көкейтесті дарынды балалардың ерекше категориясын, талантты балалар қүрайды. Талантты бала обьективті көкейкестілікті және әлеуметтік маңызды талаптарға жауап беретін іс-әрекеттерді орындауда нәтиже береді. Талантты балалар нақты эксперттермен бағаланады (іс-әрекеті аумағында білімі сәйкес келетін жоғары квалификацияланған кәсіпкер).

Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен    бірге         жүруі    мүмкін    (жанұялық    қиын    жағдаймен, квалификацияланған   мұғалім - кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа). Потенциалды     дарындылықты     анықтау,      кезеңмен     жүргізілген диагностика бойынша орындалуы  мүмкін.  Өйткені    әрі  қарай    дамуы туралы, тек кейбір   белгілер бойынша   айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.

Информация о работе Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары