Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 20:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген қолайлы әдістермен оқыту қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі.doc

— 1.05 Мб (Скачать документ)

Бастауыш сыныптарда негізінен  комбинацияланған сабақтар өткізілетіні белгілі, сондықтан оқулықтағы бір  сабаққа арналған материалға сол  сабақта немесе келесі сабақтарда қарастырылатын жаңа материалды өтуге дайындық жұмыстары  үшін. жаңа материалмен таныстыру үшін және жаңа ғана өтілген материалды пысықтау үшін арналған жаттығулар енгізіледі. жаңа материал сабақтарға шағын бөліктер түрінде енгізілген. Тәжірибе көрсеткендей, бұл оның жақсы игерілуіне көмектеседі. Кейбір жағдайларда оқулық материалы сабақтардың басқаша құрылысын анықтайды: оқушылардың бұрын алған бідімдері пысыкталатын сабақтар түгелдей жаңа материалды оқып үйренуге арналған сабақтар, білімдерін тексеруге арналған сабақтар бар. сабаққа дайындалғанда мұғалім тек оқулықты ғана пайдаланып қоймай, басқа да оқу құралдарын пайдаланып, материалды мұқият таңдап алуы керек [12].

Оқулықта курсты оқып үйренуге бөлінген сабақтардың көпшілігінде өтілетін материал жеке сабақтарға бөлініп берілген. басқа сабақтар үшін материалды өз сыныпының ерекшелікгерін ескере отырып, мұғалім өзі тандап алады. бұл сабақтар оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын пысықтауға арналады. оқулықтарда осы сабақтарға арналған: материал бар, ол «Қосымша жаттығулар деп аталатын арнайы бөлімдер» де тарауларда) берілген. Ол бөлімдердің материалдары дифференциалданған тапсырмалар үшін пайдаланылуы мүмкін.

Әрбір сыныптық оқулығына арнап  мұғалімге көмекші методикалық  құралдар шығарылып отырады, оларда: курстың әр бөлі-мінің тақырыптық жоспары; тақырып бойынша және бір  жыл бойына өткізілетін материал жөніңен талаптар; ауызша жаттығулар үшін материал және сабақтардың көпшілігіне нұскаулар берілген. Сабақтарды жоспарлау үлгі ретінде беріледі, яғни мұғалім өз сыныпына лайықтап, мәселелердің енгізілу тәртібін өзгертуіне, кандай да бір тақырыптарды оқып үйренуге бөлінетін уақытты өзгертуіне де болады. Алай да мұндай бағдарлама бойынша әрбір оқу жылына арналған материал міндетті түрде өтілетін және тиісті дәрежеде оқып үйренілетін болуы керек. оқулықтан басха, оқушыларға, сондай-ак. мұғалімдерге арналып та қосымша оқу құралдары шығарылып отырады. Бұлар - жаттығулар жинақтары, оларды мұғалім сабақ кезінде ауызша жаттығулар жүргізгенде, өзіндік және бақылау жұмыс- тарын өткізгенде, сондай-ак оқушыларға жеке тапсырмалар бергенде пайдаланады. Сонымен бірге дифференциалданған оқытуды жүзеге асыруда мұғалімге үлкен көмегі тиетін кейбір оқушылармен жеке жұмыс өткізу кезінде пайдаланылатын ма-териалдар басып шығарылып отырады [13]. Бұл - бағдарлама тақы-рыптары бойынша жүйеге түсірілген жаттығулар түріндегі түрліше дидактикалық материалдар бұл жаттығулар, мұғалім балалардың дайындық дәрежесінің бірдей еместігін ескере отырып, кейбір балалармен жеке жұмыс өткізгенде пайдаланылуы үшін жеке карточкалар түрінде беріледі. 

Сондай-ак, бастауыш сыныптар оқушыларымен математикадан сыныптан тыс жұмыс өткізуге арналған әдебиет те шығарылады. Жас мұғалімге «Бастауыш мектеп» деген әдістемелік журналда басылып отыратын математикадан сабақ беріп жүргең алдынғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысып отырғаны пайдалы [14].

Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге  көрнекі құралдардың дайындап алуына мүмкіндік береді.

Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөліп қабылданған.

Математика сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, кубиктер т. с. с. жатады.

Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер-суреттер, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері, нәрселердің немесе фигуралардың кескіндері салынған кестелер. Суретті көрнекі құралдардың екінші бір түрі шартты (символдық) құралдар болып табылады: математикалық символдардың (цифрлар, амалдар таңбалары. «>», «<», « = » қатынастары таңбалары), схемалық суреттер, чертеждер. Суреттік көрнекі құралдарға сондай-ақ экрандық көрнекі құралдар да жатады, олар: оқу фильмдері, диафильмдер, диапозитівтер (Делман И. Я.) [15].

Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы сыныптық және жекелік  деп бөледі. Жаллы сыныптық көрнекі  кұралдарды бүкіл сынып болып  пайдаланады (кейде оларды демонстрациялық  деп атайды), жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады [16]. Көбінесе жалпы сыныптық және жекелік кұралдар мазмұны жөнінен бірдей және айырмашылығы тек үлкен-кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, чертеждік инструменттер т. с. с. Жалпы сыныптық құралды да, сондай жекелік құралдарды да, сабақта пайдалану ынғайлы болуы үшін дұрыс орындастырудың маңызы бар. Мысалы, цифрларды жалпы сыныптық және жекелік кассаларда, фигуралардың модельдерін конвертте сақтайды. т. с. с.

Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі  құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі кұралдар деп бөлінеді [17].

Қолдан жасалған құралдар дайын  көрнекі құралдарды толықтырады: бұлар - есептер кұрастыру үшін әр түрлі  суреттер мен чертеждер құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын кестелер, көбейту мен қосудың электрлендірілген кестелер т. б. [18].

Көрнекі құралдарды жасауға балаларды  қатыстырып отырған пайдалы мұнын  білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде және берік меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдыларына төселдіруге көмектеседі. Мысалы қағаздан тік бұрыштың моделін жасағанда және жылжымалы бұрыш-тың пластилинмен бекітілген екі шыбықтан моделін жасағанда, оқушылар бұрыштар жөнінде түсінік алады; сызықтық және квадрат сантиметрдің, дециметрдің, метрдің модельдерін дайындағанда, оқушылар ұзындық бірліктері және аудан жөнінде көрнекі түсінік алады. Екі таңбалы сандарды иллюстрациялауға арналған құрал, бала еңбекті құрметтей білуді үйренеді. Қолдан жасалатын қүралдарды дайындау күрделі болмауы эстетика әрі мектеп гигиенасының нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс [19].

Оқыту процесінде көрнекі құралдар, әр түрлі мақсаттармен пайдаланылады: жаңа материалмен таныстыру үшін, білімдерін біліктерін, дағдыларын бекіту үшін, материалдың қаншалықты игерілгенін тексеру үшін.

Көрнекі құрал білім көзі ретінде  қолданылғанда, ол елеулі мәселеде - жалпылама  қорытынды жасауда - негіз болып  табылатының атап көрсетіп, негізгі емес қосалкы мәнін көрсетіп отыруы тиіс [19]. Мысалы, тік төртбұрыштардың модельдерінің өлшемдерін (үлкен - кішілігін) түрліше етіп алу керек-бұл қарама-қарсы қабырғаларының тең болуы кез келген тік төртбұ рыштардың ортақ қасиеті екендігін оның қабырғаларының ұзындығына байланысты болмайтының балалардың көруіне мүмкіндік береді. Сөз болса қабылдауды күшейтеді, сондықтан мұғалім оқушының байқағандарын бағыттап отыратындай дәл сұрақтар қойып отыруы керек [20].

Жаңа материалмен таныстырғанда  мұғалім көбінесе берілетін білімдерді нақтылау мақсатымен көрнекі құрал пайдаланады. Бұл жағдайда көрнекі құрал сөзбен берілген түсініктеме лерді иллюстрациялау қызметін атқарады. Мысалы, есептін шығару жолын балалардың іздеп табуына көмектесе отырып мұғалім есепке схемалық сурет немесе чертёж салады: есептеу әдісін түсіндіргенде түсініктемесін нәрселермен іс-әрекет жасап және тиісті жазуларды жазып көрсетеді т. с. с. Мұнда түсініктеменің өз мәнісін көрнекі құралмен істелетін жұмысқа және түсіндіруге оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, иллюстрациялап, көрнекі құралды дер кезінде пайдалану маңызды [21].

Есептер шығару т.б. әдісін ашып айқындауда қозғалысты әсіресе айқын көрсетіп отыру керек, (қосу - жылжытып қосып  қою, азайту - алып қою, жылжытып бөліп  қою т.б.) түсініктемені суретпен (чертёжбен) және тақтаға математикалық жазулармен жазып көрсете отырып, мұғалім тек балалардың материалды қабылдауын ғана жеңілдетіп қоймай, соңымен бірге жұмыс дәптерлеріне орындау үлгісін де көрсетеді. мысалы: дәптерге чертежі мен шешуін қалай орналастыру керектігін, әріптердің көмегімен периметрді (ауданды) қалай белгілеу керектігін т.б. көрсетеді. Сондықтан чертёждер мен жазуларды тақтаға сауатты орындау, оларды тақтаға әдемілеп орналастыру және олар барлық балаларға жақсы көрінетін болу жағын қадағалап отыру қажет [22].

Жаңа материалмен таныстыруда  және әсіресе білімдері мен біліктерін бекітуде көрнекі құралмен істелетін  жұмысты, оқу шылардың өздері алып көрсетіп, іс-әрекеттеріне тиісті түсінік темелерді  беріп отыратындай етіп (қосуды өткенде нәрселер жиындарын біріктіріп, шыбықтарды пайдаланып, тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтарды модельдеуді т. с. с.) ұйымдастыру керек [23]. Материалдың игерілуі бұндай жағдайда едәуір жоғарылайды, өйткені жұмысқа түрліше анализаторлар (көру, қозғалу, сөйлеу, есту) қатысады. Мұнда балалар тек математикалық білімдерді ғана меңгеріп қоймай, көрнекі кұралдарды өздігінен пайдалану білігін де игереді. Мұғалім балалардың көрнекі құралдарды өзіндік жұмыста пайдалануын мейлінше мадақтап отыруы керек [24].

Білімдер мен біліктерді бекіту кезеніңде алуан түрлі  жаттығулар ушін анықтағыш кестелер, ауызша есептеу кестелер суреттер, схемалар, балалардың есептер құруына  қажетті чертеждер кең түрде  қолданылады. Өлшеу дағдыларын қалыптастыру үшін, чертеждік-өлшеу аспаптарын пайдаланып, сы зуға және өлшеуге берілген жаттығулар енгізіледі. Көрнекі түрде қабылданғанды модельдеу, сурет салу, сөзбен сипаттау жолымен суреттеп көрсетуді қолдану ұсынылады [25].

Көркені құралдарды кейде  оқушылардың білімдері мен біліктерін тексеру үшін пайдаланады. Мысалы, балалардың көпбұрыш ұғымын қалай игергендігін тексеру үшін, оларға көрсетілген түрдегі көпбұрышты шыбықтардан құрастыруды ұсынуға болады. Таратып берілетін дидактикалық материалды пайдаланып (кесінділер, көпбұрыштар сызылған карточкалар т. б.), мұғалім кесінділердің ұзындығын өлшейді көпбұрыштын ауданың және периметрін өлшеуді т. б. білетін-білмейтінің тексереді. Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігінің негізгі шарты сабақта көрнекі материалды жеткілікті және қажетті мөлшерде қолдану болып табылады (қажетінше, шамадан тыс емес). Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған- міндеттен басқаға ауып оның зияны тиеді [26]. Практикада осындай фактілер кездеседі: мысалы, бірінші сынып оқушысы арифметикалық есептерді шығарғанда арифметикалық амалды (қосуды немесе азайтуды) тандап алуға үйретіледі. Мұғалім бұл мақсат үшін бұтаға конып отырған құстар мен оған ұшып келіп қонған құстардың (немесе керісінше, одан ұшып кетіп бара жатқан құстардың) суретін пайдаланады, оқушы осы суретке қарап сандарға ешбір арифметикалық амалдар қолданбастан есептің жауабын құстарды жай санап шығып-ақ табады. Бұл жағдайда пайдаланылған көрнекіліктін көмегі тимейді, қайта керісінше, есеп шығара білуін, яғни есеп шартында берілген сандарға қолданылатын. амалды тандап ала білуін қалыптастыруда бөгет жасайды. Екінші бір мысал: балаларға есепте кездесетін таныс емес нәрселердің (метро, завод, трамвай т. с. с. ауыл балаларына; ферма, көлік, мал т. с. с. - қала балаларына) суретін иллюстрациялап көрсету қажеттігі түсінікті. Алайда таныс нәрселер кескінделген суретті балаларға көрсетудің қажеті жоқ.

Оқыту процесінде нәрселік және бейнелік көрнекі құралдар дан  шартты (символды) көрнекілікке дер  кезінде көшіп отыру дың маңызы бар [27]. Мысалы, егер жаңа түрдегі есепті шешу мен алғаш таныстырған кезде есептің мазмұның нәрселермен іс-әрекет жасау арқылы иллюстрациялайтын болса, кейінірек есепті қысқаша жазу жеткілікті болады. Егер есептеу әдісімен таныстырғанда балалар ең алдымен нәрселермен тиісті іс-әрекет жасауға сүйенетін болса, кейін есептеу әдісін жазуға сүйенсе болғаны т. с. с. символдың көрнекілік ролі балалардың математикалық білімінің артуымен және оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен бірге өсіп отырады, символдық көрнекілік (схем лар, чертеждер, математикалық жазулар т. с. с.) математиканы көрнекі оқытудағы негізгі құрал болып табылады [28].

Қазақстан Республикада бастауыш мектептегі оқыту мазмұны жаңартылды. Жаңа мазмұнды ескі әдістермен енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен жұмыс жасайтын мүғалімдер оқытудың жаңа тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті бүгінгі күні мектеп  мүғалімдерінен жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану қатаң талап етіліп отыр. Осыған орай бұдан ары қарай жұмысымызды мектеп мүғалімдері көпшілік тәжірибесіне ене қоймаған көрнекілікті пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсеңдіру мәселесіне тоқталумен жалғастыруды жөн көрдік.

 

 

1.2 Көрнекілікті пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсеңдіру

 

Оқыту процесіндегі өзгерістерді қоғамдық және педагогикалық сананың  қалыптасуына бағытталған Ж. Пиаже (Швейцария), Б. Блюм,             Д. Бруннер, Г. Ганье, Э. Эриксонның (АҚШ) т.б. еңбектері куә                                  [29, 30, 31, 32, 33]. Ж. Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамай, шығармашыл және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек» [34]. Белсенділік – (қарқындылық, беріктік, төзімділік) білім алушының іс-әрекет пәнімен тікелей араласу дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендіру – бұл оқытушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдану әрекеті.

Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және құлдырауын, енжар және көшірме әрекеттен құтылу үшін, жігерлі, мақсатты оқуға бағытталған тұрақты  күнделікті ағымдағы процесс [35].

Белсенділіктің негізгі  мақсаты – оқушылардың таным белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру.

Қазіргі кезде белсенділіктің мәнін екі тұрғыда белгілі  болып отыр. Кейбір зерттеушілер белсенділікке іс-әрекет ретінде қарайды, ал кейбіреулері – сапа, тұлғалық білім деп ұғады. Бұл мәселені нақтылағанда «танымдық іс-әрекет» және «танымдық белсенділік» ұғымдарын ажыратып жіктеудің теориялық қана емес, тәжірибелік те мақсаты зор. Егер белсенділік пен іс-әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, оқушылардың кез-келген іс-әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес.

Оқушылардың оқу белсенділігінің  мәселесі – терең педагогикалық психологияның зерттеулердің пәні. Бұны зерттеуге М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, И.В.Харламов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, К.К.Абдрахманова А.Х.Аренова және т.б. үлестерін қосты [36, 37, 38, 39, 40, 41, 42].

Информация о работе Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі