Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 20:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген қолайлы әдістермен оқыту қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі.doc

— 1.05 Мб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Зерттеудің  өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген қолайлы әдістермен оқыту қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасында білім берудің  мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты «Білім беру туралы» ҚР заңында алға қойылып отыр [1].

Білім беру және оқыту  теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі  талаптарының бастылары – танымдық белсенділік, саналылық пен қызығушылық. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі – білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған «білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады» [2].

Бүгінгі таңда оқушылардың  пәнге қызығушылығы мен оқу белсенділігін  қалыптастырудың маңызы зор. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қoзғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен oқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бoла бастайды. Танымды қызығу oқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде oны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.

Біріншісі – oқытудың мазмұны мұндағы oқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қoлданылуы, бұрыннан білетін мағлуматтың жаңа қырының ашылуы.

Екіншісі – oқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру; танымдық oйындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету; оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

Үшіншісі – мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Oқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды. Oқушылыр өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.

Оқу сапасын, оқушылардың  танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын  дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі  әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай  түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Педагогикалық ғылым мен практикада танымдық қызығушылықты арттыру бойынша мәнді тәжірибелер жинақталған. Біздің зерттеу мәселеміз XVII-XIX ғасырдың педагогтары Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т.б. еңбектерінде көрініс тапты.

Қазақтын ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин қоғам қайраткерлері және педагогтар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекетінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған.

Кеңес кезеңдегі дидактылары мен психологтары: Л. С. Выготский, Б. Г. Есипов, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Р. Г. Лемберг, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин және т.б. көрнекілікті танымдық әрекетін белсендіру құралы ретінде қарастырған. 

Профессор Ж. А. Қараев және көптеген ғалымдар М. Б. Есбoсынов,     С. В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарoва, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. К. Төлбасова, Б. Абыканова, О. К. Ахметoва және т.б ақпараттық-қатынастық технoлогияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында оқу құралдарды қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді. Баймаханова Л. А. бастауыш мектепте педагогикалық құралдарды пайдалану әдістемесі, Байдыбекова А.О. бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану мәселелерін қарастырған.

Ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк  әдебиеттердi және мектеп жұмысының  тәжiрибесiн талдау нәтижелерi қазiргi кезде  көрнекіліктерді пайдалану  әдістемесін бастауыш мектепте бiлiм  беру мiндеттерiн шешу мүмкiндiктерiнің ғылыми жетiстiктерге негiзделмей қолданылып отырғаны және оның iске асырылуының ойдағыдай емес екенiн көрсеттi. Бастауыш мектепте математика сабағында көрнекілікті пайдалануға болатыны анықталмаған және оны тиiмдi ұйымдастыруда сәйкес келетiн керi байланыс құралы ретінде қажеттiлiгi қарасырылмаған. Жоғарыда жасалған талдаулар дипломдық зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгiн көрсетедi.

Қазіргі кезеңде көрнекілікті пайдалану үшін кіші мектеп жасындағы  балалардың жас ерекшеліктері мен бастауыш мектептің оқу үрдісінің ерекшеліктері туралы білім жүйесі ретіндегі педагогикалық инструментарияны талап ететіні байқалып oтыр. Жoғарыда аталған мәселелерге орай бастауыш мектепте көрнекілікті пайдалану әдістемесін жузеге асыру қажеттiлiгi мен есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдiстемесiнiң жасалмағандығы арасында қарама-қайшылық бар екендігі анықталды.

Осы қайшылық негiзiнде бастауыш мектепте есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдiстемесiн жузеге асыру қажеттілігі, оны мұғалімдердің қолдана білу, мәселелері туындайды.

Осыған орай, біз зерттеу  жұмысымыздың тақырыбын: «Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі» - деп анықтадық.

Зерттеу мақсаты: бастауыш мектепте есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және оның тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу объектісі: бастауыш мектептін оқу-тәрбие үдерісі

Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану жолдары

Болжамы: егер бастауыш мектеп мұғалімі есеп шығару оқытуда көрнекілікті жүйелі түрде қолданылса, онда оқушылардың математика есептерін шығару біліктіліктері, математика пәніне қызығушылығы, білім деңгейі, логикалық ойлау арта түседі арта түседі.

Зерттеу объектісіне, пәніне, болжам мен мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталды:

  1. төменгі сынып оқушыларының есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану мәселесінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  2. есеп шығаруда көрнекілікті пайдалануға бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талаптарын айқындау;
  3. бастауыш мектепте есеп шығаруда көрнекілікті пайдаланудың әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу тақырыбы бойынша  ғылыми-педагогикалық және әдістемелік  әдебиеттерді талдау, модельдеу. Мектепішілік құжаттарды талдау (жоспарлар, оқулықтары, есеп берулер, конспекттер). Педагогикалық эксперимент (тест, сауалнама, бақылау, әңгіме).

Зерттеудің  теориялық және әдіснамалық негіздері:

Тұлғаны дамытудағы іс-әрекеттің  жетекші ролі туралы философиялық концепция, құндылық бағдарлар теориясы, бастауыш білім беру дидактикасының жетістіктері, бастауыш мектепте оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, білім беруді ақпараттандыру концепциясы.

Зерттеудің  практикалық маңыздылығы: төменгі сынып оқушыларының құзығушылықтарының арту деңгейін анықтау әдістемесін құрастыру және бастауыш сынып оқушыларына арналған арнайы курс бағдарламасы.

Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперименталды жұмыс Павлодар облысы Кашыр ауыданы, Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінде өткізілді. Зерттеуге бастауыш сыныптарыдың 45 оқушылары қатысты.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен және қосымшалардан құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бастауыш  мектепте есеп шығаруда көрнекілікті  пайдаланудың теориялық негіздері

 

1.1 Бастауыш  меткептегі математика сабағында  көрнекілікті пайдалану ерекшеліктері

 

Математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын  кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайында мектептің ролі бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, мектептің - басты міндеті оқушыларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың жоғары сана-сезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде мамандық таңдап ала білуге дайындау екендігі және орта білім беруді жетілдіре түсу мақсатымен мектепте берілетін білім мазмұнын қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет жетістіктері мен талаптарына сәйкес ғылыми негізделген оқу жоспарын және бағдарламасын енгізу керек – деп орыс ғалымы Н. О. Вербицкая дәлелдеді [3].

Алға қойылған осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен соңғы жылдары мектепте білім беруді қайта құру жөнінде үлкен жұмыс істелді, соның нәтижесінде барлық пәндерден дерлік, оның ішінде математикадан да, жаңа бағдарлама енгізіліп, оқыту әдістері жетілдіре түсті. 1995 жылдан бастап мектептін бастауыш сыныптарында оқыту ісі жаңа бағдарламалар бойынша жүргізіле бастады.

Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі сынып оқушыларына  математиканы оқыту міндетін жалпы  оқу және тәрбие жүйесімен бірге  қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан бастауыш сыныптарда қандай материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі бастауыш сыныптарда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағүрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені (мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау) оқып үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларда берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады. Сондай-ақ әдістемесінде математиканы оқытуда зор нәтижеге жету үшін балалардың оқу ісін қалай ұйымдастыру керектігі жөніндегі мәселелер айқындалады. Оқыту тәрбие беру сипатты екендігі белгілі, олай болса, методиканың міндеті - жаңа адамды тәрбиелеуге оқушылардың ақыл-ойының жетіліп дамуына көмектесетін оларды математикаға қызықтырып ынталандыратын мінез-құлқынын жақсы болып қалыптасуына көмектесетін оқыту әдістерімен мұғалімді қаруландыру.

Қазақстандағы белгілі әдіскер  Әбілқасымова А. Е. бойынша: «Мектепте математиканы оқыту, кез келген басқа пәндерді оқыту сияқты, білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс» [4].

Математиканы оқып үйрену процесінде оқушылар бәрінен бұрын  теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген  бірқатар біліктермен дағдыларды игерулері  қажет. Оқыту ісі оқушылардын  саналы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта білуін қамтамасыз ететін болуы керек. Егер оқыту ісі жетілдіріліп отырса, яғни оқушылардың интеллектуалдық даму дәрежесі, олардың танымдылық қабілеті және ынтасының дамуы жеткілікті қамтамасыз етілсе, жоғарыда айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік болады.

Математиканы оқыту кезінде  оқушыларда материалистік көз қарастын бастамасы қалыптаса бастайды. Сан  арифметикалық амалдар, санау системасы, геометриялық фигура т.с.с. математикалық  алғашқы ұғымдар берілетін бастауыш сыныптардың өзінде-ақ оқушы «математиканын объектісі - шын дүниенін кеңістік формалары мен сандық қатынастары екенін, демек, мұнын өзі реалдық материал екенің» сол сияқты «сан мен фигура ұғымдары біржақтан алынбағаның нақты дүниеден алынғанын» оқушы түсініп білуге тиіс. Сондықтан математиканы оқытудың өмірмен байланысын жүзеге дұрыс асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан, Әбілқасымова А. Е. пікірі бойынша, мектеп оқушыларын бізді қоршаған өмір құбылыстарынан математикалық фактілерді (абстракцияларды) тани білуге үйрету, екінші жағынан, математиканы нақтылы практикалық есептерді шешу үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдермен оқушыларды қаруландыру мысалы: есептеуді немесе өлшеуді орындау, онша күрделі емес есеп-қисапты шығару т. с. с. [5].

Математиканы оқыту ісі  өз Отанын (елін) сүйетін біздін қоғамымыздың игі мақсаттарын сезіне білетін  өз білімін коғамдық мұраттарды жүзеге асыру үшін сарып етуге дайын  қоғам адамдарын тәрбиелеу міндетін жүзеге асыруға көмектесуі тиіс.

Математиканы оқыту жеке адамның енбек сүйгіштігі, ұқыптылығы сияқты ерекшеліктерін қалыптастару міндетін шешіп, оқушылардың еркін, зейінің, қиялын қамтуға барынша мүмкіндік  жасауы тиіс математикаға деген ынтасын  арттыруға көмектесуі тиіс. Балаларды  оқи білуге төселдіру, оларды белгілі бір материалмен жұмыс істей білуге үйрету және өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру қажет – деп Бантова М. А. математика пәні бойынша әдістемесінде көрсетті [6].

Математиканы  бастауыш сыныптарда оқыту оны әрі  қарай 9-11 сыныптарда оқып білу үшін оқушылардың білімі мен дағдысына, сол сияқты ой-өрісінің дамуына сенімді негіз болуы тиіс.

Информация о работе Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі