Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.

Содержание

Кіріспе.
І Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.
1.3.Сынып сабақтарында бастауыш сынып
оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі
негізгі бағыт бағдарлылық.
1.4. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгерім.docx

— 106.71 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық  мүлікке,  туған  жердің  табиғатына  ұқыпты  қарауды  әңгіме  арқылы,  көркем  әдебиеттерді  оқу  арқылы,  бәрінен  бұрын  оқушыларды  тәжірибелік  жұмысқа  тарту  арқылы  тәрбиелеуге  болады.  Әрине  балаға  мысалы  нанды  қалай  өсіретінін  көрсетіп  және  әңгімелеп  беру  қажет.  Бұл  еңбектің  күрделілігін,  нанды  қадірлеуді  ол  нанды  өзі  өсіре  ғана  толығымен  түсінеді.  Лқушылар  өз  бақшаларының  бір  бөлігіне  бидай  сеуіп,  оны  баптап,  өсіріп,  жемісін  жинап  алуына  болады.  Сонда  нанды  қадірлеу  туралы  әңгіме  тез  түсінікті  болады.  Мектеп  асханаларында  қатал  ереже  сақталынуы  тиіс:  нанды  тастауға  болмайды.  Бірақта  әрдайым  тамақтанғаннан  кейін  нана  артығымен  қалып  қояды  да  оқушылардың  көз  алдында  тасталынады.  Бұған  жол  беруге  болмайды.  

Бірде  мұғалім  түскі  астан  кейін  қалған  нандарды  ыдысқа  жиып  алды да  оқушыларға  көрсетті:  «Қараңдар,  бүгін  қанша  нанды  тастауымыз  керек,  себебі  сендер  оны  ұқыпсыз  қолданып,  тістеп – тістеп  тастай  салдыңдар.  Енді  мұны  кім  жейді?  Мұқият  тыңдаңдар,  мен  сендерге  болған  оқиғаны  әңгімелеп  берейін.

Бұл  Ленинградта  болған.  Фашистер  қаланы  басып  алғылары  келді.  Бірақ  ленинградтықтар  жанқиярлық  пен  қалаларын  қорғады.  Сонда  фашистер  қалаға  кіретін  бүкіл  жолдарды  бекітіп  тастады,  басқа  қалалардан  азық – түлік  жеткізілетін  бүкіл  жолдар  жабылды.  Олар  ленинградтықтарды  аштықпен  жеңгілері  келді.  Өте  қиын  болды.  жеуге  ештеңе  қалмады.  Қаланың  әр  тұрғынына  күніне  125  грамм  қара  нан  берілді.  Бұл  өте  аз,  мынандай  ғана  бөлі.  Осы  қымбат  бөлікті  аяу  үшін  өте  ерте  оянып  кезекте  тұру  қажет  еді.  Үлкендер  ерте  жұмысқа  кететін  де,  нанға  балалар  баратын.  Олар  осы  бөліктерді  үйлеріне  әкеліп,  аналарын  тағатсыз  күтетін,  сосын  бәрі  бірігіп,  нанның  бірде  бір  қиыршығын  түсірмей,  берілген  бөлікті  жейтін.  Бұл – нан!  Бұл - өмір!  

Соғыс  әлдеқашан  бітті.  Советтік  әскерлер  жеңіске  жетті.  Ленинградтықтар да  барлық  адамзат  сияқты  молшылыққа  кенелді.  Бірақ,  бірде  бір  ленинградтықтың  есінен,  соғыстың  125  грамм  нанның  қандай  қымбатшылықпен  келгенін  естерінде  қалды.  

Осы  әңгіме  туралы  ойланыңыдар.  Қалай  түсінгендеріңді  ертең  тамақтанға  байқармыз.  Қазір  сендер  тістеп  тастаған  нандарды  кесіп  құстарға  жем  дайындайсыңдар,  ол  таза  бөліктерді  кептіріп,  соңынан  оларды  өзіміз  жеп  қоямыз.  

Табиғатты  қорғау  жұмыстарын  оқушылар  белсеніп  қатыса  алады.  Оларға  көп  нәрсе  қолайлы:  жануарларды  күту  (әсіресе  ауылдық  жерлерде),  құстарға  жем  беру,  ағаштар,  талдар  отырғызу,  «Жасыл  ел  ұйымына  қолғабыс  ету.  табиғатқа  ұыпты  қарым – қатынас  туған  елге  сүйіспеншілікке  тәрбиелейді.  

Бастауыш  сынып  оқушыларын  патриоттық  сезімде  тәрбиелеуде – ойын  маңызды  рөл  атқарады.  Балалардың  өздігінше  ойнау  қабілеті  қоршаған  ортаны  танып  білгісі,  оның  белгілі  бір  бөлшегі  болғысы  келгенінен  тұрады. Жауынгерлердің,  шекарашылдардың,  жұмысшылардың,  дәрігерлердің,  оқушылардың  рөлін  ойнап  оқушылар  елімізде  болып  жатқан  оқиғаларға  қатыса  алады. Шығармашылық  ойындардың  мәні  ұжымдық  сипатта  болғандықтан  тәрбиелік  маңызы  арта  түседі.  Балалар  ортақ  қызығушылықтың,  ортақ  жанашырлықтың  арқасында  бірігеді. Ойын  балаларды  тәрбиелеу  әдісімен  қатар,  сезімдерінің  түсінігін  көрсетеді.  Өмірден,  көркем  әдебиеттен,  көркем  өнерден  алған  әсерлері  балалар  ойындарының  қайнар  көзі  болып  табылады.  Осындай  әсерлер  бірден  ойындарында  көрініс  табады.  Баланың  көргенін  немесе  есіткенін  анық  ұғынуы,  үйренгендеріне  жете  түсінікпен  эмоциялық  қатынас  орнатуы,  көркемәдебиеттегі,  байқаған  көріністегі  кейіпкеріне  ұқсауына  талпынуы  өте  маңызды  мәселе.  Мұндай  жағдайда  педагог  үлкен  рөл  атқарады.  Ойынның  тәрбиеленудегі  маңызын  ашу  үшін,  ол  балаға  көрген  деректері  мен  оқиғаларының  негізгісін  көрсетіп,  ойынды  жайлап  басқарып  отыруы  керек. Ойынды  балалардың  патриоттық  сезімін  тәрбиелеуге  қолданатын  әдіс  ретінде  санайтын  ұстаз,  оқушылардың  ойын  өмірде  орын  алып  отырған  құбылыстарға  аударып,  көркем  әдебиеттерді  таңдап,  олардың  мазмұнын  балалардың  сезіміне  жеткізіп,  олардың  ойынға  деген  құлшынысын  арттырып  қажетті  эмоциялық  үндесуіне  жағдай  жасау  керек;  ұстаз  сонымен  қатар  ойынның  мазмұнын  сұрыптап,  оқушыларға  лайықты  рөлдерді  таңдауы  керек.  Бұдан  басқа,  ұстаз  балаларды  ойынға  қажетті  құралдармен,  ойыншықтармен  қамтамасыз  етіп,  оларға  ұсыныстарымен,  ақыл – кеңестерімен  көмектеседі. Шығармашылықты, ойластыруды,  қатысушылардың  қызығушылығына,  қажеттілігіне,  жеке  тәжірибесіне  байланысты  белсенділікті  талап  ететін – ойын  балалардың  өз  бетінше  еңбегі  екенін  (сабақтан  бір  ерекшелігі)  ұмытпауымыз  керек. Ұжымдық  ойындарда  сынып  оқушылары  достасып,  әңгімелері  мазмұнды  бала  түседі:  білуге  құмарлықтары  артады,  үлкендер  әлеміне  қосылу  қажеттілігі  қанағаттандырылады.  Оқушылар  Отан  туралы  көп  мағлұмат  алып,  халқымыздың  салт – дәстүрлерімен  танысады.  Қоғамдық  тақырыптағы  ойындардың  тәрбиелік  мәнінің  маңыздылығы  сонда,  балалардың  көңіл – күйін  шарықтатып,  өмірмен  тереңірек  тансуға,  өзін - өзі  жетілдіруге  итермелейтін,  бірте – бірте  руханиізгілік  сезіміне  әсіресе  әскери  тақырыптағы  ойындарда  ерекше  көрінеді.  Оқу  үстінде  әскерилерді  бейнелеп  оқушылар  терірек  жүгіруге,  жоғары  секіруге,  нысананы  дәл  көздеуге,  дене  жаттығуларын  дұрыс  жасауға  тырысады.  

Оқушылар  бір  затқа,  көрініске,  оқиғаға  байланысты  өз  сезімдерін  сурет  салу,  апликция  арқылы  көрсеткілері  келеді.  Сондықтан  сныптың  бір  бұрышынан  бояулар,  қарындаштар,  түрлі- түсті  қағаздар  қойылған  көрме  сурет  бұрышын  дайындап  қою  керек.  Оқушылардың  сабақтарының  тақырыптарына  байланысты,  мемлекетіміздің  рәміздерімен  (ту,  Елтаңба),  халық  өнерімен,  басқа  республикалардың  ұлттық  киімдерімен,  тұрмыстық  заттарымен  танысқанда  көркемсурет  бұрышына  қағаздан,  бояшықтан  жасалған  осы  заттарды  орналастырып,  оқушылардың  қалауына  қарай  бояуларына,  жағдай  жасау  керек.  Ұстаздар  Оқушыларды  бірелестіретін  көптеген  қызықты  жұмыстарды  ойластырады.  Мысалы,  тақырыптық  көмелер  ұйымдастыру,  ата – аналар  бұрышын  безендіру,  мейрамдарға  зал  дайындау  және  т.б.  ата – аналарға,  басқа  оқушыларға  мектеп  ұжымына  көрме  ұйымдастырғанда  оқушылар  белсенділік  танытып,  ерекше  көрмеге  лайықты  мәліметтерді  кеңесіп  дайындап,  экспонанттарды  стендке  жайғасрыды,  өздері  экскурсовод  болады.  Көрмеге  қойылатын  заттарға  картиналар,  балалардың  салған  суреттері  мен  қолдан  жасалған  заттары,  тұрмыстық  заттар,  ұлттық  киімдер  жатады.  

9  мамыр  Жеңіс  күні  қарсаңында  сыныпқа  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлері  шақырылды.  Осы  оқиғаға  барлық  бала  қатысты:  біреулері  әскери  машиналар  әкліп,  біреулері  жұлдызшаларды  қырқып,  бояп  әзірледі,  қалғандары  «Жеңіс  күніне»  арналған  кітап  пен  сурет  көрмесін  ұйымдастырып,  концерттік  бағдарлама  дайындады.  Бүкіл  бала  жұмысқа  тартылды.  Мереке  күні  балалардың  көңіл – күйі  көтерңкі  болды,  олар  өлең  айтып,  би  билеп,  сыныптың  әсем  безендірілгенін  көріп  өте  қуанды.  

Балалардың  әңгімелеріне  құлақ  салып,  ұстаз  соғыс  ардагерлерінің  батыр,  ержүрек,  көп  оқып,  көп  білгендерін,  көп  көргендерін  айта  келе,  соларға  ұқсап,  сондай  болу  керектіктерін  айтты.  Мерекеге  дайындық  барысында,  ұстаз  сыныпта  жыл  бойындағы  жиналған  жақсы  жұмыстардың  көрмесі  ұйымдастыруды  ұсынды.  Әркім  өзінің  жақсы  жұмыстарын  таңдап,  басқалары  оның  көрмеге  лайықтығын  шешті.  Талқылау  кезінде  оқушылар  бір – бірімен  татулықта  болып,  ортақ  істі  бітіруге  зор  ықыласпен  кірісті.  Ұстаздарының  көмегімен  ардагерлер  өмірі жайлы  альбом  жасап,  кітап  бұрышын  жасады.  Оқушылардың  іс – қимылы,  мінез – құлқы  осы  мерекені  қалай  күткендерін  көрсеткілері  келді.  

Әртүрлі  көрмелер  ұйымдастыру,  мерекелерге  дайындалу  оқушыларды  жалықтырмайды,  керісінше  олардың  мінез – құлықтарының  жақсаруына  әсер  етеді.  Олар  оқуда  да  ойында  да  белсенділік  танытады.  

Жұмысшылардың  қолымен  не  жасалады,  ауыл  еңбеккерлеріне  не  өсіреді?»  деген  тақырыптағы  көрмеде  өндіріс  құралдарын,  тұрмыстық  заттарды,  ойыншықтырды,  маталарды,  азық – түліктерді,  жемістерді,  сәндік  бұйымдарды  көрсетуге  болады.  Бұл  заттар  балаларға  өте  таныс,  бірақ  олар  оны  кім  және  қай  жерде,  қалай  жасағандарын  ойлана  бермейді.  Бастауыш  сынып  оқушылары,  жас  ерекшелігіне  байланысты  әр  заттың  тарихы  туралы   көп  ойлануларына,  көп  талқылауларына  тура  келеді.  Олар  жұмысшылар  мен  ауыл  еңбеккерлерінің  еңбегінің  маңыздылығын,  қажеттілігін  түсінеді.  Осылайша  олар  еңбек  адамдарын,  қадірлеп,  өздері  де  үлкендерге  көмектесіп,  кітаптарын.  Ойыншықтарын  ұқыпты  ұстап  және  т.б.  пайдалы  істермен  шұғылдануға  кіріседі.  Мысалы,  бала  партаны  бүлдіреді,  ұстаз  оған  ескерту  жасайды,  ол  оқушылар  болса:  «Міне,  сен  партаны  бүлдірдің,  ал  жұмысшылар  болса  бізді  оқысын  деп,  осы  партаны  жасады», - деп  дүрс  қояды.  

Меркелерге  арналған  көрмелер,  әр  ұлттың  тұрмыстық  заттарымен  танысу  сыныптағы  әр  оқушының  өз  қабілетін  білдіруіне,  еңбегінің  қажеттілігін  сезінуіне  және  қоғамдық  өмірге  араласып  жақсы  түсінуіне  жағдай  жасайды.  Жұмыстың  осындай  тәсілі  оқушылардың  сабақта  алған  білімдерін  бекітіп,  адамгершілікке,  рухани  ізгілікке   тәрбиелейді.  Оқушылар  мерекенің  мәнін  дұрыс  түсініп,  әртүрлі  оқиғалар  туралы  әңгімелеп,  өз  сезімдерін  жеткізуге  үйренеді.  Осы  тәсіл  оқушылардың  бос  уақыттарын  қызықты  өткізуге  көмектесіп,  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі  шарттарын  игеруге  бағыттайды.  

Бір  бөліммен  патриттық  сезімді  тәрбиелеудің  бүкіл  қыр – сырын  көрсету  мүмкін  емес.  Сонда да  бастауыш  сынып  оқушыларының  ұстаздары  балаларды  алғашқы  боп  Отанмен,  қоршаған  ортамен  таныстыратындарын  ұмытпаулары  тиіс.  Патриоттық  сезімге  тәрбиелеудің  жолдары  әр  түрлі  болады,  ең  бастысы оқушыларда  Қазақстан  Республикасының  азаматығына  деген,  ең  керемет  сезімді қалыптастыру.                      

 
2.1.Сынып  сабақтарында  бастауыш  сынып  оқушысының  патриоттық  сезімдерін  тәрбиелеудегі  негізгі  бағыт  бағдарлылық.

Көркем  шығарма  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  беруде  оқытудың  әдістерінің  түрлері  сан  алуан.  Жалпы  айтқанда,  оқыту  әдісі  дидактиканың  негізгі  бір  құрамды  бөлігі  болып  табылады.  

Кез  келген  педагогикалық  оқулықты  талдасақ,  онда  оқыту  әдісі  ұғымына  сан  алуан  анықтама  берген.  Мәселен,  Ж. Әбиев,  С. Бабаев, А.Құдиярова:  «Оқыту  әдістері – оқытудың  мақсаты – міндеттеріне  сай  оның  мазмұнын  оқушыларға  меңгертуде  мұғалім  мен  оқушылардың  қолданатын  амал – тәсілдері  мен  құралдарының  жиынтығы  болып  табылады» - дейді.  Ал,  Ресей  профессоры  П. И. Пидкасистый:  «Оқыту  әдістері  - диадактикалық  міндеттерді  шешуге  бағытталған  мұғалім  мен  оқушының  бірлескен  іс-әрекеті,  - деген  анықтама  береді.  Педагог  ғалымдардың  оқыту  әдістеріне  берген  анықтамаларын  саралай  отырып,  оқыту  әдістері  дегеніміз  оқыту  процесінде  мұғаліммен  оқушының  белгілі  бір  мақсатқа  жетуге  бағытталған  бірлескен  іс - әрекеті  деген  анықтамаға  қосыламын.  

Бастауыш  сынып  оқушыларына  көркем  шығарма  арқылы  патриоттық  сезімін  тәрбиелеуде  осы  аталған  дәстүрлі  оқыту  әдістерінен  басқа  проблемалық  әдіс  пайдаланудың  маңызы  ерекше.  Сонымен  қоса,  оқу – тәрбие  үрдісінде  бастауыш  сынып  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  беруде  оқытудың  формалары  мен  түрлерінің  әсері  айрықша.  Көркем  шығарма  әдебиет  үлгілерін  пайдалану  нәтижелі  болу  үшін  мұғалім  оқытудың  формаларын  (сабақ,  үй  тапсырмасы,  сыныптан  тыс  жұмыстар,  факультатив  сабақтар  т.б.)  түрлендіріп  алмастырып  отырады.  

Көркем  шығарма  мазмұны  оқушыларға  проблемалық  оқыту  (тақырыпқа  сай  оқушы  алдына  проблема  туғызу),  дәсүрлі  оқыту  (сыныптық – сабақтық  жүйе),  бағдарламалық  (берілген  оқу  материалы  бөліктерге  бөлініп,  оқушыларға  олардың  жас  және  дербес  ерекшеліктеріне  сай  беріледі),  дамыта  оқыту  (мүмкіндік  деңгейдегі  қиын  тапсырмалар  беру)  арқылы  меңгертіледі.  

Көркем  шығарма  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  беруде  оқу – тәрбие  үрдісінде  дамыта  оқытуды  жүзеге  асырудың  маңызы  ерекше.  Дамыта  оқыту  технологиясын  қазіргі  уақытта  жаңа  технологиялардың  бірі  деп  келеді.  Дамыта  оқытудың  негізін  Ян  Амос  Коменский  өзінің  ХҮІІ  ғасырда  «Ұлы  дидактикасында»  айтып,  талдап  берген.  Содан  кейін  орыс  ғалымдары  К. Д. Уминский  Л. С. Выготский  еңбектерінде  қарастырылып,  1969  жылдары  Ресей  ғалымдары:  Л. В. Занков,  Д. Б. Эльконин,  В. В.  Давыдов  көтерді. Д.  Эльконин  мен В. В. Давыдовтың  зерттеулері  оқушыны  «субъекті»  ретінде  тануға  бағытталады.  Бастауыш  сыныптарда  ана – тілі  сабағында  дамыта  оқытуды  жүзеге  асырудың  бағыттарын  С. Рахметова,  Б. Қабатай,  Ә.Әмірованың  жіктеуін  қосымшадағы №    кестеден   көруге  болады.

Дамыта  оқытуды  жүзеге  асырудың  аталған  бағыттарына  жеке – жеке  тоқталып,  оны  бастауыш  сынып  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  беруде  мұғалім  жұмыс  жүргізу  барысында  басшылыққа  алады.  

Деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқыту  төрт  деңгейді  көздейді:  міндетті  деңгей,  алгоритмдік  деңгей,  эвристикалық  деңгей  және  шығармашылық  деңгейі.  Бірінші,  міндетті  деңгей  тапсырмалары:   

  • шығарманы  қабылдауға,  түсінуге,  ұғынуға  бағытталады;   
  • жаттап  алуға  лайықты  келеді.  

Екінші,  алгоритмдік  деңгейдегі  тапсырмаларға  оқып  отырған  шығарманы  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген  сұрақтар  жатады.  Үшінші,  эвристикалық  деңгейдің  тапсырмалары  оқушы  пәннен  алған  білімдерін  тиісті  жерде  қолдана  алуға  бағыттайды.  Төртінші  деңгей,  шығармашылықтың  тапсырмалары  оқушыны  өзіндік  әрекет  жасауға  бағыттайды.  Бала  шығармашылықпен  айналысады.  Мұнда  оқушының  қиялының  орны  ерекше.  Оқушы  шығармашылығының  түрлеріне  өлең  құрастыру,  әңгіме  құрастыру,  мысалдарды,  ертегілерді  сахналау  жатады.  

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері