Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:27, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.
Кіріспе.
І Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.
1.3.Сынып сабақтарында бастауыш сынып
оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі
негізгі бағыт бағдарлылық.
1.4. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Сонымен, ағартушылар қазақ халқының тарихы мен тіршілігіндегі ең күрделі мәселелеріне көңіл бөлген, елдің өркендегі өмірін тарихи тұрғыдан түсінуге тырысқан, сол дәуірдегі құбылыстар мен оқиғаларды әлеуметтік тұрғыдан қарастырған, халықты, елін, жерін, Отанын сақтауға, мәдениетін аялай білуге, жоғары адамгершілікке шақырған. Қазақ халқының рухани көсемі, қазақ тілі білімінің атасы, мемлекет және саяси қайраткер, халқымыздың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынов «Атадан балаға мирас болып екі – ақ нәрсе қалады: біріншісі – бай тіл, екіншісі – байтақ жер», - деген еді. Біз, бүгінгі ұрпақ, осы екі нәрсені көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Ол үшін бізге отансүйгіштік, патриоттық, ұлттық сана – сезім қажет. Бұл қасиеттер ұарпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен бітеді. Ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын ұстаз, ата – ана, тәрбиеші, қоршаған ортасы екені дау туғызбайды. Патриотизмнің шынайы үлгісі – ұстаз.
«Ерлік тәрбиден туады» деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту – тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой – пікірлерін қалыптастырып, ұлт – мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі – қоғам қайраткері, белгілі жазушы, тамаша аудармашы, ағартушы – демократ С. Көбеевтің жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды елжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз. С. Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуді табиғаттану пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени - әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді. С. Көбеевтің пікірінше, елжандылыққа баулу ұзақ уақыт бойына үзбей, қажымай – талмай мектеп пен ата – ана бірлесе, ойласа жүргізгенде ғана сәтті болады. С. Көбеев оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеу жұмысы тек мектеп ішінде, тек сыныпта, тек сабақ үстінде ғана жүргізіледі деп ұғынудың қате екенін ескертеді. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуына ата – ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалады. «Ата – ана өзінің баласына», - дейді ол, - ұдайы ақыл айтып, кеңес беріп, оны үйретіп отырады. Жақсы оқы, шыншыл бол, әділ бол, халыққа адал қызмет ет дейді олар. Бұл өте жақсы, бірақ жеткіліксіз. Баланың ата – ана, туған – туысқаны, ең алдымен, өздері үлгі болулары ерек. Үй ішінде үлкен адамдар бос уақыттарында газет, журнал, кітап оқитын болса немесе үйде істейтін белгілі бір жұмыспен шұғылданатын болса, бұл да балаға үлгі... Айталық баланың ата – ана, не басқа туысқандары өзара дос, бірін – бірі сыйлайды екен, дос адамдарды да сыпайы, саналы адал адамдар екен, ата – ана бұлармен тату – тәтті екен. Солар қуанса баланың әке – шешесі де қуанады. Сонда бала мұны да үлгі етеді, еліктейді. Демек, бұл күнбе – күн үздықсыз жүргізіліп отыратын ең жақсы тәрбие болып табылады. С. Көббев отансүйгіштік тәрбие негізі ана – тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Педагогикалық қызметінің алғашқы кезінде – ақ С. Көбеев қазақ балаларын ана – тілінде оқытудың тиімді де бірден – бір дұрыс жол екенін қуаттайды. Ұлт мектептерінде жастар, ең алдымен, өз ана тілінде сауатын ашуы қажет. Сабақты өзінің ақыл – ой дүниесіне, сезіміне, қиялына күшті әсер етеді. Көркем сөз зергерінің бояулы да сырлы, асқақ та әсем, кестелі де айшықты, мағыналы сөз бедерлері оқушыларға өмір құбылыстарын, табиғат көріністерін, адамдар арасындағы түрлі қарым – қатынастарды дұрыс түсініп, баланың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушыны ана – тілінде жазылған әңгіме, өлеңдер арқылы рухани өмірмен, халқының арман - мүддесімен таныстырып, ана тіліне, сол арқылы халқына, еліне, сүйіспеншілік сезімін оятса, балада елжандылық қасиет қалыптасады. Сондықтан мектептерде сабақты ана – тілінде қазақ тілінде жүргізу қажет деп есептейді. С. Көбеев саналы өмірін жас ұрпаққа саналы және тәлімді тәрбие мен сапалы білім беруге жұмсады. Оқушыларды адамзат қауымын сүйетін интернационалист азамат етіп қалыптастырудың да елжандылыққа әсері зор екенін ұғынып, осы жолда да күш – жігерін, өнерін, білімін алмады. «Бала», - деп жазды ол, - өз елін, жерін, халқын сүйе отырып, барлық елдердің қарапайым халқын, правалары мен тәуелсіздігін құрметтеу рухында тәрбиеленуі тиіс.
Интерноционалдық достықтың жаршысы А. Герцен, «Көршінің мойнына құрақ салып, қылқындырып отырып, өз еліңе еркіндік дәуірін бастауға болмайды деген еді. Барлық ақыл – ойнын, күш жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген. С. Көбеев хылықтар достығы жолынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Б. Момышұлы Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының он бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ердүрек қолбасшы, жазушы. Батыр Қазақстанның Халық Қаһарманы Б. Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дефін әскери – патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. Екінші дүиежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И. Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк кейін дивизия командирі қызметін атқарып, неміс фашист басқыншылырына соққы бері, батальон ды бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты. Бұл жөніндегі өлең жырлары арқылы жауынгерлерге рух беріп ерлік істерге шақырады. Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы. «Волокаламск тас жолы» атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды.
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауыпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды көркейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет туралы ұғымды жекеадаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасты білдіреді.
«Ерлік дегеніміз - табиғат сыйы емес, ең алдымен өзінің ар – намысында және азаматтық қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық жасап масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп – қатерінде бөлісіп, жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп – қатерге бас тігу». «Батылдық – қимыл - әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. «Табандылық – батырлардың қалқаны». «Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс».
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық тұрғысы.
Елжандылық адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім нәресте дүниеге келгенде мейірімділік пен шындықты, батылдықты, жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті, пайда күнемдікті кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан даланы ненің жақсы - жаман қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы елжандылық рухта қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып әрі қарай бастауыш сыныптан жан – жақты жүзеге асатын үрдіс.
Бастауыш сынып оқушылары айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің - көру, есту, түйсіну, иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс жасап, одан әрі даму қарқынды түрде дамып отырады. Өйткені алуан түрлі іс - әрекеттер арқылы балалар қоршаған орта мен ондағы түрлі заттардың ерекшеліктерін сол мүшелер арқылы зерттеп, оны сезініп сараптама жасайды. Сезім – бұл, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей керіп тұратын күрделі психикалық процес.
Психология ғылымында ғалымдар сезімнің бірнеше түрлерін қарастырған: сезім тәрбиелеудің құралдарын қазақ халқының үш құндылық, үш бірлігі арқылы қарастырамыз:
Адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым- қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас және Отанға, достыққа, намыс – борышқа деген көзқарасы.
Интеллктуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл - ой процесінде пайда болған жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, юмыр, ирония және жаңалыққа ұмтылуы.
Эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған рахатты, Отанға сүйіспеншілік сезімін жатқызады.
Патриоттық сезім – адамгершілік сезімінің бір қомақты саласы болып табылады. Сенім. Ел басшылығы, Үкімет орындағы халқының бейбіт, тынышта өмір сүруі мен жарқын болашағы үшін қызмет етуде. Осыған орай норма.
Тәрбиеге ең қиын нәрсе – сезе білуге үйрету. Балаларды сезе білуге үйрету, оларға өзінің эмоциялық – адамгершілік мәдениетін бере білу. Баланы сезе білуге жақын адамдарының көздерінен рухани дүниесін көре білуге үйрету үшін тәрбиелеуші бала бойындағы сезімін бүкіл сезімдік қасиетін аялай білу керек.
Сонымен баланы елжандылық рухта дамытуда айналамен таныстыру – бұл, әлеуметтік орта жөнінде мағлұмат беру болып табылады. Әлеуметтік орта күрделі, қыр сыры көп, көп жағдайда қайшылықты дүние. Осы жағдайда қоғамда белсенді әрекет, әрине психолог – педагог қауымдарының екіншісіне бөлінеді. Патриотизм сезімі мазмұны жағынан көпқұрлы, бірнеше сөздермен айту жеткіліксіз. Бұл туған жерге деген сүйіспеншілік, өз халқы үшін мақтаныш, және өзінің қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін сезіну мен өз елінің байлығын сақтап, молайту ниетінің болуы. Патриотизм тек күрделі ауыр жағдайларда ғана емес, күнделікті халықтың еңбегімен рухани өмірінде байқалады. Патриотизм сезімі осыншама күрделі болса, онда бастауыш сыныптың оқушыларын осы сезімде тәрбиелеу жөнінде сөз қозғауға болар ма екен? Жас ерекшелігінің өзгешеліктерін ескеріп, балаларды зор ықыласпен бақыласақ, мынадай қорытынды жасауға болады. Бастауыш сыныптың оқушыларында білім көрсеткіші едәуір көбейген деуге болады және тек қазіргі жағдайды ғана емес, болашақ туралы мәселе қызықтырады. Олардың әңгімелерінен, сұрақтарынан мейірімділік пен жауыздық, әлеуметтік әділетсіздік туралы байымдауларын есітуге болады: «Неге жер шарында халықтар бейбіт жағдайда өмір сүрмейді?
Неге басқа елдерге біздің еліміздегідей ынтымақтастық жоқ? Біздің елдің халқы бірліктен болғандықтан, біз ешкімнен қорықпаймыз. Соғыс жүріп жатқан елдердің жетім бүлдіршіндеріне кітап, ойыншықтарымызды жіберейік». Үлкен өмірдегі бүткіл орын алып отырған оқиғаларға қызығушылық танытқан өз оқушыларының осындай пікірлерінің тізімін әрбір ұстаз жалғастыра алады. Балаларда үлкендердің ортасына үлкендердің ортасына деген қызығушылықтары – сұрақтарында, адамдардың еңектегі ерлігі туралы, соғыс батырлары туралы, түрлі елдер туралы мұғалімдердің әңгімелерін құштарлықпен тыңдауында байқалады. Мұны оқушылардың ойнаған ойын түрлерінен де көреміз. Бұл ойындарда елде болып жатқан айшықты оқиғалар бейнеленеді. Мысалы олар Бауыржан Момыш – ұлы аталарындай батыр және жаужүрек жауынгерлер болып ойнайды, космонавт болып ойнағанды да тәуір көреді.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы халықтық мүдде үшін еңбек етуге, табиғат байлығын қорғауға толыққанды қатынасқылары келеді. Ұлы Отан соғысы жылдары балалар соғысқа суреттерін, өздері жасаған заттарын жіберді, жаралы жауынгерлердің алдында концерттер қойды.
А. И. Герцен: «бүкіл ақыл – ой болмысының негіздері балаң жаста қаланады», - деген. Яғни, патриоттық сезімді тәрбиелеу балалардың жас кезінен бастап, мектеп табалдырығын аттаған жылдары қарқынды, тереңдетіліп қолға алынуы тиіс.
Ел жандылық сезімінің бастапқы кездерін еске алғанымызда, алдымен балалық шағымыздағы әсерлерге жүгінеміз: бұл тереземіздің түбінде өскен ағаштар, атамыздың жайқалған бау – бақшасы, ауылдастардың дастарған бастағы таусылмас әңгімелері, қосыла шырқаған тамаша әндері.
Бала туылғаннан ана тілін есітеді. Анасының бесік жыры, айтқан ертегілері беймәлім өмірдің есігін ашады, дүниені құлпыртып, айналаны нұрға бөлейді, болашаққа үміт пен үлкен сенім арттырады. Ертегілер балаға ой салады, түрлі сезімдерге жетелеп бірде жылатып, бірде күлдіреді ең негізгісі халықтың бағасы жоқ байлығы достық, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, өзара көмек екенін көрсетеді. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отыратын адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтін әр халықтың өз ертегілері бар. Ертегіні тыңдай отырып бала өз халқы нені сүйсе соны сүйеді, неден жиренсе содан жиренеді. Халқымыздың асылы – жұмбақтарды балалар жеңіл де зор ынтамен қабылдайды. Онда әзіл де, наз да, адамға деген, Отанға деген терең сүйіспеншілік те бар. Ертегілер, мақал – мәтелдер елге деген, жерге деген, тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің кәусар бұлағы.
Балалық шақтағы әсерлер кейде үлкен оқиғаларға байланысты өрбейді. Мысалы үлкен ағасын әскерге шығарып салу кешін оқушының қалай қабылдағанына зер салсақ, көптеген сезімдердің тоғысуын байқаймыз. Бала мұндай кештің алғаш куәгері болғандықтан және де арқа сүйер бауыр басқан ағасын бірнеше жыл көре алмайтындығынан оның басында сансыз сұрақтар туындайды, оларға жауап іздеп мазасызданады. Да ағасын сұрақтың астына алады.
Ағасын әскерге шығарып салу кешіндегі әкесінің, анасының айтқан тілектерінің, берген ақ баталарының, кереметтілігін айтсаңызшы!
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері