Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.

Содержание

Кіріспе.
І Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.
1.3.Сынып сабақтарында бастауыш сынып
оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі
негізгі бағыт бағдарлылық.
1.4. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгерім.docx

— 106.71 Кб (Скачать документ)

Жоспар: 

Кіріспе.    

І  Негізгі бөлім.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  патриоттық  сезімдерін  қалыптастыру        мәселелері. 

1.1.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  патриоттық  сезімдерін  қалыптастырудың  педагогикалық  тұрғысы.  

1.2. Бастауыш  сынып  оқушыларының  патриоттық  сезімдерін  қалыптастырудың  психологиялық

тұрғысы.  

1.3.Сынып  сабақтарында  бастауыш  сынып  

оқушысының  патриоттық  сезімдерін  тәрбиелеудегі  

негізгі  бағыт  бағдарлылық.  

1.4.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  бастауыш  

сынып  оқушысының  патриоттық  сезімін  

қалыптастыру  жолдары.

Қорытынды.

Пайдаланылған  әдебиеттер.

 
Кіріспе

Зерттеудің  көкейкестілігі. Бастауыш  буын – қайталанбайтын  кезең,  ақиқаты  сол,  білім  негізі  бастауыштан  басталады.  Бастауыш  білім  беру  сатысы  оның  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  басқа  буындармен  тек  сабақтас  болуымен  ғана  емес,  ең  алдымен  оқушы  тұлғасы  ұйытқысының  қалыптасуы  мен  дамуы  қуатты  жүретін  аса  маңызды,  құнды,  қайталанбайтын  буын  екендігімен  ерекшеленеді.  Бастауыш  сатыдағы  білім  берудің  бағдарлы  мақсаты – оқу  әрекетін  қалыптастыру;  айналадағы  дүниемен  белсенді  әрекеттестік  тәрбие  түрлеріне  сай  сезім  қатынас  қарым – қатынасқа  дайындау;  өзін  қоршаған  және  өмір  сүрген  жаңа  табиғи  және  әлеуметтік  ортаны  тануға,  сүюге,  қорғауға,  өзін  ұстай  білуге  үйрету  болып  табылады.   Оны  оқу,  ойын,  еңбек,  қарым – қатынас  сияқты  түрлерін  меңгерумен  қамтамасыз  етуге  болады.  

Басты  назар  аударатын  мәселелердің  бірі – патриотизм.  Патриотизм  патриоттық  тәрбие  құндылықтары  арқылы  жүзеге  асатыны  белгілі.    

Бастауыш  сынып  оқушылары  оқу  сабағы,  тәрбие  сағаттары,  сыныптан,  мектептен  тыс  жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік  әрекеттерін  қалыптастырады.  

Оқу  адамның  жеке  басы  танынымының  ерекше  түрі.  Оқи  жүріп  оқушылар  өздерін  қоршаған  дүниені,  елін,  жерін,  ұлтын,  мәдениетін,  тілін  таниды.  

Өмір  ағымы  талап  етіп  отырған  жаңа  қоғамға  лайықты  саналы,  білімді,  жетілген  жеке  тұлғаны  дайындау  бүгінгі  мектеп  алдында  тұрған  негізгі  міндет.  Сондықтан  мектептің  бастауыш  оқыту  сатысындағы  оқу – тәрбие  жұмыстарын  жан – жақты  толықтырып,  халықтық  тәлім- тәрбиенің  озық  үлгілерімен  сабақтастырып,  бойында  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілік  сезімі  дамыған  азамат  тәрбиелеу  бүгінгі  күн  талабының  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр.  

Отаншылдыққа,  туған  жерін  қорғауға  баулу  мектептің  тәрбиелік  жұмыстарының  аса  маңызды  бөлігін  құрайтындықтан,  өмірде  болып  жатқан  бетбұрыстар,  қоғамдағы  саяси  көзқарастар,  әлеуметтік – экономикалық  өзгерістер – еліміздің  тарихына,  ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасқан  салт – дәстүріне  құрметпен  қараумен  қатар,  оны  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне  пайдалануға  жол  ашып  отыр.  

«Қазақстан – 2030 бағдарламасына  қатысты  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Оқушыларды  қазақстандық  патриотизмге,  шығармашылық  жағынан  дамыған  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  қажет.  Бүгіннен  бастап  ұлттық  мінез – құлық,  биік  талғампаздық,  тәкаппарлық,  тектілік,  білімділік,  биік  талғам,  ұлттық  намыс  қасиеттерін  сіңіріп  қалыптастыруымыз  керек», - делінген.  

Отан  сүю,  патриотизм  деген  ұғымдар  мектепке,  үйге  жақынына,  туған  қаласына  (ауылына)  деген  сүйіспеншіліктен  басталады.  

Әрбір  халық  ел  мен  жер  қадірін,  ата – баба  дәстүрін,  ұрпағының  құлағына  кішкентайынан  құюға  тырысады.  Бұл  тұрғыда,  қазақ  халқының  жаңа  туған  нәрестені  бесікке   салып,  шілдехана  тойынан  бастау  алып,  тұсау  кесу,  қыз  ұзату,  үйлену  тойы,  тіпті  адамды  соңғы  ақтық  сапарға  шығарып  салу  секілді  сан – қилы  ырымдар  мен  кәделерге  толы  салт - дәстүрлерінің  маңызы  ерекше.  

Ұрпақты  ата – салтымызбен  ұлтжанды  етіп  тәрбиелеу  ұстаздар  қауымына  үлкен  талап  қоюда.  Себебі  бала  мектеп  табалдырығынан  көрсем – білсем  деген  алып – ұшпа  құмарлық  сезіммен  келеді.  Осы  сәтті  ұтымды  пайдаланып, білімді  ұлттық  тәрбиемен  ұштастыра  білген  мұғалім  ғана  жемісті  жетістіктерге  қол  жеткізеді.  Жас  ұрпақты  халқымыздың  әдет – ғұрып,  салт – санасымен  сусындату  ел  ертеңін  ойлайтын  саналы  азамат  қалыптасуының  бірден – бір  кепілі.  

Мектепке  келген  баланың  отбасында  бойына  сіңірген  мейірімділік,  сүйіспеншілік,  бауырмалдық  секілді  қасиеттерін  одан  әрі  шыңдап,  соның  негізінде  патриоттық  сезімді  аша білу  үшін  әрбір  мұғалім  жүйе  бойынша  белгіленген  нақты  іс-  шараларды  аса  шеберлікпен  үйлестіріп  жүргізуі  тиіс.  

«Елдің  елдігін  оның  тарихы,  әдебиеті,  салт – дәстүрі  сақтайды»   деген  ұғымды  бастау  етіп  алатын  болсақ,  патриотизмге  тәрбиелеу  үрдісін  шартты  түрде  мынандай  іс – шараларға  бөлуге  болады:   

  • тілді  құрметтеу; 
  • ұлттық  салт – дәстүрді  зерделеу;   
  • елдің  тарихы  мен  мәдениетін  оқып  зерттеу; 
  • ата – бабалар  өсиетін  орындау; 
  • жер  байлығы  мен  табиғатты  қастерлеу.

Яғни,  патриоттық  тәрбие  беруде,  ең  алдымен  ана  тілі,  табиғаттану,  әліппе  сияқты  пәндер  едәуір  үлес  қосады.  Тарихты  оқу  үйрену,  әсіресе  Отанымыздың  тарихын  оқу  еліміздің  қаһармандық  өткені  мен  теңдік  алған  қазіргі  күніне  сүйіспеншілік  сезімдері  нығаяды.  Халқымыздың  әдебиеті  мен  тіл  өнері – бабаларымыздың  бізге  қалдырған  бай  мұрасы.  Ана  тілімен  Отан  деген  ұғымдар – бір – біріне  ажыратуға  келмейтін  түсініктер.  Ана  тілінің  бүгіні  мен  болашағына  немқұрайлы  қарайтын  кісі  өз  Отанының  мүддесіне  де  дәл  солай  салғырт  қарамақ.  

Табиғаттану  сабақтары  еліміздің  жер  байлығы  мен әсем  табиғаты  туралы  түсінік  беріп  қана  қоймай,  оқушылардың  елі  үшін  мақтаныш  сезімін  оятып,  мұндай  байлықты  қорғау  қажеттігін  көрсетуі  тиіс.  

«Ел  болам  десең,  бесігінді  түзе», - дейді  ұлы  жазушымыз  Мұхтар  Әуезов.  Халқымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт – дәрсүр,  әдет – ғұрып  үлгілері  мен  өнегелері  соның  айғағы.  Елін  сүйген  адам  сол  елдің  салт – санасын,  мәдени  мұрасын  қастерлеп,  өнеге  тұтуы  тиіс.  

Оқушыларды  өз  елін,  туған  жерін  қорғауға  және  оны  сүюге  баулып,  оларға  сонау  Абылай  бабамыздан  бастап  кешегі  желтоқсанға  дейін  азаттық  үшін  алысқан  ұлы  тұлғалардың  ел  тәуелсіздігі  жолындағы  ерлік  істерін  ұғындыру  мақсатында  ел  тану  материалдарын,  белгілі  қоғам  қайреткерлерінің  өмір  деректерін  көптеп  қолдану  ел  жандық  сезімдерін  тереңдетені  сөзсіз.

Жастарымыздың  бойында  елжандылық,  азаматтық,  жоғары  ізгілік  пен  адамгершілік  сезімдері  жан  жақты  жетілгенде  ғана  Қазақстандық  патриотизм  сезімі  асқақтай  түседі.  

Негізгі  білім  бастауышта  болғандықтан,  жастайынан  халықтың  тарихи – этникалық  мұрасын,  ұлтының  әдет – ғұрып  өнегесін,  салтын  сақтауға,  саналы  көз  қарасын  қалыптастыруға,  ұлттық  мақтаныш  туғызуға  оқушыларды  жасынан  тәрбиелеу  бастауыш  мектеп  саласымен  айналысатын  педагогтардың  міндеті  болмақ.        

Елдің  елдігін  сақтап,  ұрпақтан  ұрпаққа  мирас  етіп  қалдыратын  құндылықтарына  деген  жан – ашырлық  танытуда  патриотизмнің  рөлі  ерекше.  Сондықтан  дипломдық  зерттеу  тақырыбымды  «Бастауыш  сынып  оқушыларының   патриоттық  сезімдерін  қалыптастыру»  деп  таңдауыма  негіз  болды. 

Зерттеу  мақсаты:  бастауыш  сынып  оқушыларының  патриоттық  сезімін  қалыптасырудың  мазмұнын,  формасын,  әдістерін  негіздеу.  

Зерттеу  объектісі:  оқушыларды  патриоттық  сезімдерін  қалыптастыру.

Зерттеу  пәні:  патриоттық  сезімді  жетілдірудің  жолдарын  педагогикалық  процесте  қалыптастыру.  

Зерттеу  міндеттері:  

1. Патриотизм  туралы  қазіргі  кезде  қалыптасып  отырған  ой – пікірлерді  анықтау;

2. Патриоттық  тәрбие  жөніндегі  теориялық,  тәжірибелік  ой - пікірлерді  айқындау;

3. Бастауыш  сынып  оқушыларының  патриоттық  сезімін  тәрбиелеу  құндылықтарын  белгілеу;  

4. Бастауыш  сынып  оқушыларының  патриоттық  сезімін  педагогикалық  процесте  қалыптастырудың  мүмкіндіктерін  қарастыру.

Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  егер  патриоттық  тәрбиенің  кіші  мектеп  жасы  кезеңіндегі  мазмұны  белгіленіп,  оқушының  патриоттық  сезімі  қалыптастырылса  Егеменді  Қазақстан  Республикасының  өркендеуіне,  оның  құндылықтарын  сақтауға,  құрметтеуге,  сүюге,  қызмет  көрсетуге  және  т.б.  сияқты  сезімдерінің  арқасында  өздерінің  патриоттық  мүмкіндіктерін  қосуды  меңгереді.  

Зерттеу  әдістері:  педегогикалық,  психологиялық,  этно – педагогикалық,  тарихи – этнографиялық,  фольклорлық,  бастауыш  әдістемелік,  әдеби,  әлеуметтік  әдебиеттерге  тақырып  бойынша  теориялық  талдау  жасау;  бастауыш  педагогикасы  мен  әдістемесі,  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  инновациялық  жұмыстарына  талдау;  педагогикалық  тәжірибелерді  жинақтап  қорыту.

Дипломның  құрылымы.  Диплом  кіріспеден,  екі  бөлімнен,  әр  бөлім  екі  бөлімшеден,  қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен,  қосымшадан  тұрады.     

1.1. Бастауыш  сынып  оқушыларының  патриоттық  сезімдерін  қалыптастырудың  педагогикалық  тұрғысы.

«Адамға  ең  бірінші  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім – азаматтың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық  барлық  өміріне  апат  әкеледі», - депті  әл – Фараби  бабамыз.  Мұнан  өз  тағдырын  өзін  шешуге  қолы  жеткен  халқымызға  ұлттық  рухани  болмысты  дұрыс  қалыптастыру  аса  қажет  екенін  байқаймыз.

Отаннына  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыру  мәселесі – бүгінгі  күннің  білім  беру  жүйесі  алдында  тұрған  маңызды  міндеттерінің  бірі.  

Отан  дегеніміз – халық.  Халық  дегеніміз – адам.  Адамды  сүю – оған  жақсылық  жасау.  Ендеше  отаншылдық – сонау  ерте  заманнан  қалыптасып  келе  жатқан  қасиетті  сезім.  Халықтық  құндылықтарға  сүйене  отырып,  елдікке,  ерлікке,  азаматтыққа  тәрбиелеудегі  өлең  - жырлар,  мақал – мәтелдердің  әсері  ұтымды  болатындығы  туралы  танымал  педагогтарымыз  айтып  та,  жазып  та  жүр.  

Патриотизм  мәселесі  қай  халықтың  болмасын  басты  тәрбие  бағдары  болады.  Патриоттық  сезімді  тәрбиелеуде  түрлі  құралдар  пайдаланылады.  Патриоттық  сезімдер  құралдарына:   

  1. Ұлттық  құндылықтары – жер,  ел,  тіл  жатады.   
  2. Ұлттық  нышандары  - Ел  таңба,  Ту,  Әнұран. 
  3. Ұлттық  мәдениеті – сөз,  бейнелеу,  саз,  дене  тәрбие  және  т.б.   
  4. Қазақ  зиялыларының  өнегелі  іс - әрекеттері  мен  сөздері.  

Халқымыздың  отан  сүйгіштік,  патриоттық  туралы,  ұлттық  мұрасының  даму  тарихына  үгілетін  болсақ, ХҮ – ХҮІІІ  ғасырлардағы  Асан  Қайғы  бастаған,  Ақтамберді,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Бұхар,  Махамбет  т.б.  ақын – жыраулардың  поэзияларындағы  тәлімгерлік  ой  пікірлерінен  көреміз.  

Жас  ұрпақтың  оның  ішінде  төменгі  сынып  оқушыларының  төл  мәдениетінен  нәр  алуы  ұлттық  фольклорымен  тығыз  байланысты.  Қазақ  халқының  өте  әрідегі  ата – бабаларының  өмір  сүрген  кезінен  (ҮІ  ғасыр,  Түрік  қағанаты)  бастау  алып,  күні  бүгінге  дейін  кәдесіне  жарап  келе  жатқан  рухани  мұраның  бірі – халықтық  педагогика. Халық  педагогикасының  басты  мәселелерінің  бірі – ұлттық  үрдістер  тұтастығын  сақтай  отырып  азаматтық,  адамгершілік,  патриотизмге  тәрбиелеу  болды. Қазақ  халқының  тәлімдік  мәні  зор  ой – толғаныстары  бесік  жырымен  батырлық  эпостарда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс -  термелерде,  жұмбақ  - жаңылтпаштар  мен  мақал – мәтелдерде  көптеп  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні – адамгершілік – имандылық,  ақыл – ой,  еңбек,  эстетика,  дене,  патриоттық  тәрбиесіне  байланысты  мәселелерге  келіп  тіреледі. Қазақ  халқы  бала  тәрбиесімен  арнайы  айналысатын  қоғамдық  орындар  (балалар  бақшасы  т.б.)  ашпаса  да,  өз  ұрпағын  бесікте  жатқан  кезіннен  бастап  - ақ  өлең – жыр  мен  әңгіме,  ертегі,  тақпақ  тәрізді  мәтіндік  ұлағаттармен  санамақ,  жаңылтпаш  сияқты  ойындар  арқылы  тәрбиелеп  отырған.  Ауыз  әдебиетінің  басқа  түрлеріне  қарағанда,  мақал – мәтелдердің  өзіне  тән  ерекшеліктері  мен  өзгешеліктері  бар.  Ол  адам  өмірінде,  тұрмыс – тіршілікте,  қоғамдық  жайларда  кездесетін  әр  түрлі  құбылыстарға,  тарихи  мәні  бар  оқиғаларға  берілген  даналық  баға,  тұжырымды  түйін  есебінде  қолданылады.

Отансүйгіштікке  тәрбиелейтін  мақал – мәтелдердің  алатын  орны  өз  алдына  бір  төбе.  Мақал – мәтел  ойды  қысқа  да  ұтымды  жеткізетін,  өмір  тәжірибесін  қолдана  айтатын  сөздер.  Онда  ел,  жер,  халық,  Отан  жайында  айтылған  өнегелі  сөздер  өте  көп.  Мысалы,  «Өз  елім  өрен  төсегім»,  «Ел – жұрты  бардың  жұтамы  жоқ»,  «Туған  жердің  күні  де,  күлі  де  ыстық»,  «Туған  жер – тұғырың,  туған  ел -  қыдырың»,  т.б.  мән  мағынасына  зер  салатын  болсақ,  ешқандай  дәлелдеуді  қажет  етпейтін,  жас  ұрпақтың  отансүйгіштік,  патриоттық  сезімін  жетілдіру  үшін  қажетті  қағидалар,  бұлардың  тәрбиелік  мәнін  түсіндіре  отырып,  бала  тәрбиесінде  кең  пайдаланылды. Өзінің  мақалдарында  туған  жер,  ел – отанды  аса  жоғары  бағалап  ардақтаған  халық  енді  оларды  қорғау  әрбір  ер – азаматтың  басты  борышы  деп  біледі.  Ел  талап,  ойран  салуды  көздеген  шапқыншы  жау  болса,  оған қарсы  аттану,  қасықтай  қаны  қалғанша,  ақтық  демі  біткенше  алысу,  сөйтіп  дұшпаннан  Отанды  қорғап  қалу  халқын  сүйген  әрбір  ер  жігіттің  азаматтық  борышы  болатындығын  көрсетеді.  «Жат  елдің  жақсысы  болғанша,  өз  еліңнің  сақшысы  бол»,  «Елін  сүйген  ер  болар»  деген  мақалдар  осының  айғағы. Халық  мақалдары  ел  қорғау,  басқыншы  жауды  талқандап  жену  жолында  ерлік  жасаған,  қара қылды  қақ  жарған,  қиядан  тартып  жол  салған,  жау  қамалын  қиратқан,  табан  тірескен  айқастарда  тайсалып  тартынбаған  жігіттерді  ардақтайды,  абыройлы  атақ  пен  даңққа  бөлейді.  Олардың  халық  сүйсінген  ерлік  істерін  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етеді.  

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері