Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.

Содержание

Кіріспе.
І Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.
1.3.Сынып сабақтарында бастауыш сынып
оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі
негізгі бағыт бағдарлылық.
1.4. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгерім.docx

— 106.71 Кб (Скачать документ)

Аспанды  жамылғы,  жерді  төсек  етіп  ұланғайыр  дала  төсінде  дархан  пейілмен  көшіп – қонып  жүріп  ұрпақ  өсірген  қазақ  халқының  осы  ұлан – ғайыр  даланың  ақ  білектің  күшімен  ақ  найзаның  ұшымен  ұстап,  қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқыттырмай  бүгінгі  көнімізде  жеткерген  батыр  бабамның  ұрпағысың,  құрметті  балам!

Сен  бүгін  әскерге  шығарып  салып  тұрғанда  айтар  сөзім:  аман  барып,  сау  қайт!  «Малым – жанымның  садағасы,  жан – жаным – арымның  сабағасы  деп  ұл – қыз  өсірген  елдің  ұрпағысың.  Қашанда  жүздерің  жарық,  мәртебелерің  биік  болсын!  Жаратушы  ием  ақ  жол,  сәттілік  берсін. Біздің  халық  батыр  жүректі,  ақын  жанды  болатыны әбден  дәлелденген.  Яғни, сендер  жүйріктігі  ғасырлар  бойы  өшпейтін  аңызға  айналған  арғымақ  жаратып  мінген  арыстан  келбетті,  жолбарыс  жүректі  батырлардың,  елдің  мұңын  жоқтап,  күннің  нүрын,  жердің  гүлін  өмір  бойы  тамсанып жырға  қосқан  ақындардың  ұрпағысың.  Олай  болса  Отан  алдындағы  борыштарынды  сол  «тектілердің  ұрпағы»  деген  атқа  лайықты  абыроймен  атқарып  қайтуыңа  тілектеспін.  Бала  бұл  тілектердің  баталардың  сөздерінің  мәнін  түсінуге  ақылының  әлі  де  болса  толық  жетіспейтінін  сезсе  де,  көрші – қолаңдарды,  дос – туыстарды  шақырып  ұйымдастырылған  кеш,  қимастық,  сыйластық  сезім,  әке – шешенің  тілегі,  қариялардың  ақ  батасы,  жастардың  ел  алдындағы  борышын  ақтауға  берген  жалынды  уәдесі,  осындай  сұлу  сезімдерінің  сана – сезімінде  өшпестей    орын  алады.  

Мағжан  Жұмабаев:  «Сұлулық  сезімдері  адамның  дұрыс,  сұлу,  ләззат  іздеуіне,  сұлу  нәрсені  сүйіне,  көріксіз  нәрседен  жиренуіне,  хатта  жақсылыққа  ұмтылып,  жауыздықтан  құтылуына  көп  көмек  көрсетеді»  деген  тамаша  сөздері  осының  айғағындай.

Баланың  өз  Отанымен  танысуы  табиғатпен  тығыз  байланыста  болады.  Ауладағы  гүлдер,  бақшадағы  жеміс  ағаштары,  шомылатын  көл,  күнге  қыздырынатын  жағажай,  барлығы  баланың  сезімінде  мәңгі  қалыптасып,  сүйіспеншілік  сезімін  оятады.  

Бірақ  үлкендердің  көмегінсіз  елжандылық  сезімін  қалыпастыру  өте  қиын,  себебі  оқушы  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  көп  мәліметтерді  шатастырып  алуы  мүмкін.  Кішкентай,  әлсіз  жер  бетіне  зорға  көтерілген  көшеттің  тамырын  қатайту  үшін  бағбан  қаншама  жылдар  бойы  тер  төксе  ұстаз  да  тап  солай  оқушыларының  сезіміне  шексіз.  Отанын  сүюді  елді  сүюді,  жерді  сүюді,  ана  тілін  сүюді,  елді  басқарып  отырған  Елбасын  құрметтеп,  сүюді,  осындай  байлыққа  кенелтіп  отырған  еңбекшіл  халымызды  сүюді,  Қазақстанды  мекендеген  бүкіл  ұлттар  мен  ұлыстардың  бейбітшілік  жағдайында  өмір  сүруін  көздеген  Елбасымыздың  ұстанып  отырған  салсатын  қолдауды  қалыптастыруы  қажет.  

Осындай  ұлы  сезімдерді  тәрбиелеу  баланың  алғаш  көзін  ашып,  сыртқы  ортамен  танысып,  білуге  құштарлығы  оянғаннан  бастау  алуы керек.  Халқымыздың  ерен  еңбегінің  нәтижесі  жарқын  болашақ  үшін  екенін  күнделікті  көріп  жүрген  ауылы,  қаласы,  орман – тоғайлы,  өзендері  оның  өз  Отаны  екенін,  елінің  Отанының  азаматы  болуы  үлкен  мақтаныш  екенін  оқушылардың  үлкендердің  көмегінсіз  түйсінуі  қиындау.  Мақсатты  бағытталған  педагогикалық  тәрбие  оқушының  сезімін  тәрбиелеп,  сенімін  қалыптастырып  жетілдіреді.  

Ұстаз  оқушы  мен  оны  қоршаған  әлем  аралығындағы  дәнекер,  ол  бала  сезімін  сыртқы  ортаны  сезінуге  бағыттайды  және  реттейді.   

Оқушысының  өмір  тәжірибесінің  аздығынан  және  үлкендерге  сенім  артып,  еліктеу  қабілет  күшінің  жоғарылығынан  бүкіл  оқиғалардың  бағасын  өз  бойына  үлкендерден  тасымалдап  алады;  сенбіліктер,  мерекелік  шерулер,  мейрамдар  т.б.  туарлы  үйде  ата – аналары  не  айтылса,  бала  бойында  өмірге  деген  қарым – қатынас  туындап,  ол  біртіндеп  баланың  сезімін  тәрбиелейді.  

Бастауыш  сынып  оқушыларында  патриоттық  сезімді  қалыптастыруда  ең  маңыздысы:  баланың  қоғам  өмірінің  құбылыстарына  қызығушылығын  қолдап,  қуаттап,  оларды  не  қызықтыратыны  туралы  әңгімелесу.  Мақтаныш  пен  сүйсіну  сезімдерін  тудыратын  халқымыздың  жеткен  жетістіктерін  паш  ететін  оқиғаларды  ұстаз  оқушыларымен  әңгімелесіп,  талқылауы  керек.

«Оқушылар, сендер космоновтардың  космосқа  ұшқандарынан  хабардарсыңдар  ма?  Қазақстандық  космоновтарды  танисыңдар  ма?  Міне,  олардың  суреттері  газет – журналдарға  шығыпты.  Көріңдер,  естеріңе  сақтаңдар.  Олар  еліміздің  мақтаныштары!  Космоновтардың  қандай  тапсырмаларды  орындайтындарын,  олардың  ержүрек  батырлығын  ұстаз  қысқаша  әңгімелеп  беруі  керек.  Космоновтар  ұшқан  кезде  оқушылардың  теледидар  көріп,  радио  тыңдап,  ұшу  процес  қалай  өтіп  жатқанын,  космоновтардың  денсаулығынан  мәліметтер  алып  тұруларына  кеңес  берілу  керек.  Балаларда  патриоттық  сезімді  қалыптастыру  мынадай  бірізділікпен  жүзеге  асады:  алдымен  ата – анасын,  жанұясын,  бауырларын,  сыныптастарын,  көршілерін  және  бүкіл  адамзатты  сүюге,  сосын  отбасын,  балалар  бақшасын,  мектебін,  ауылын,  қаласын,  бүкіл  елді  сүюге  тәрбиелеу.  

Бірақ  та,  ата – анаға  сүйіспеншілікті  тәрбиелеу  кезінде  Отанға  деген  сүйіспеншілікті  де  қоса  тәрбиелеп  жатырмыз  деу,  қате  пікір.  Өкінішке  орай, отбасына,  жанұясына  адалдық  Отанның  тағдырына  деген  салғырлықпен  кейде  сатқындықпен  астасып  жататын  оқиғалар  белгілі.  

Біз  балаларды  басынан  бастап – ақ  ата – аналарын  сүюді,  оларға  қолғабыс  етуді  үйретеміз.  Қымбат  адамына  берілген  ізгі  сезімі  мен  онымен  рухани  және  көңіл – күйінің  жақындастығының  қажеттілігі,  осының  бәрі  баланың  қорғанышты  екеніне,  тұлға  ретінде  қалыптасуына  маңызды.  Осы  сезімдердің,  Отанға  деген  сүйіспеншіліктің  бастамасы  болуы  үшін,  балалар  неғұрлым  ерте  өз  ата – аналарының  азаматтық  келбетін  көріп,  олардың  ортақ  мүддеге  үлес  қосушы  еңбеккерлер  екендерін  сезінулері  керек.  Анасы  сыйақы  алды.  Әкесі  оны  құттықтап,  баласына  анасының  бұл  сыйақыға  қажырлы  еңбегінің  арқасында,  басқа  да  жұмысшылармен  бірігіп  барлық  қыздардың,  тәрбиешілердің,  ұстаздардың,  аналардың  көйлектеріне  жетердей  тоқыған  маталары  үшін  жеткенін  түсіндіреді.  Анасы  қандай  ғажап!  Баланың  анасына  деген  мақтаныш  сезімі  туды,  енді  ол  тек  сүйкімді  анасын  ғана  емес,  өзін  соншама  ынтық еткен,  қызықтырған  үлкен  өмірдегі  азаматты  көреді.  Көптеген  оқушылардың  аталары  мен  әжелері  бар.  Балалар  оларды  сүйіп,  бауыр басқан.  Бірақ  немересі  атасының  ордендері  мен  медальдарының  бар  екенін  біледі  ме?  Оларды  не  үшін  алған?  Әрбір  орден  мен  медаль  әр  адамның  ерлігі  туралы  әңгіме.  

Бір  мектепте  8 – март – Халықаралық  әйелдер  күні – мерекесінің  қарсаңында  оқушыларға  әжелерінің  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  не  жұмыс  атқарғандарын  сұрап  келуге  тапсырма  беріледі.  Сондағы   оқушылардың  әжелері  туралы  әңгімелеріндегі  шексіз  таңғалыс – қуаныштарын  көрседегі  шексіз  таңғалыс – қуаныштарын  көрсеңіз:  «Менің  әжем  соғыс  кезінде,  ақ – дәрішығаратын  қорғасын  заводында  жұмыс  жасады»,  «Ал,  менің  әжем  соғыста  жауынгерлердің  қол – аяқтары,  таңбасын деп  жүннен  киімдер  тоқып,  майданға  жіберген.  Енді  олар  ата - әжелеріне  басқаша  көзқараспен  қарап,  олардың  қалай  соғысып,  қалай  еңбек  еткендері  жайлы  жиі  сұрайтын  болды.  

Балалардың  қызығушылығын  кеңейтіп  оларды  өздеріне  тән  тар  әлемінен  шығарып,  кіші  (аз)  арқылы  үлкенді  көрсетіп,  бір  адаммен  бүкіл  адамзаттың  өмірінің  байланыста  екенін  көрсетудің  патриоттық  сезімді  тәрбиелеуде  маңызды  өте  зор.  Осы  мақсаттағы  ұйымдастырылған  жұмыс  ата – анаға  деген,  еліне  деген  сүйіспеншілікті  арттыруға  ықпал  етеді.  

Өз  қаласы,  не  ауылына  деген  сүйіспеншілікті  тәрбиелеуде – кішіден  үлкенге  өту – принципін  сақтап  қолдану  қажет.  Оқушылар  қаласының,  ауылының  орманының,  көлкөлінің,  даласының – Отанның  бір  бөлшегі  екенін түсінулері керек . Оқушылардың, қалада қандай заводтар, фабрикалар бар екенін, қаланың немесе еліміздің атағын ерең еңбектерімен шығарған құрметті қандай азаматтар бар екенін білгендері жөн. Оқушыларды туған қаласымен, ауылымен таныстыру кезінде олардың назарын қаланың қонақжай жерлеріне, ескерткіштерге, музейге аудару керек, осы кезде бұл музейлерде болуға, тарихи ескерткіштерді көруге, құрбан болған ерлерге тағзым етуге адамдардың басқа қалалар мен  ауылдардан келетіндерін айта кету керек. Туған қаласының, ауылының бәріне қызықты және қымбатты екенін сезіну, өз өлкесі үшін мақтаныш сезімін тудырады.

Патриоттық сезімді тәрбиелеуде балаларды халқымыздың әдет-ғұрпына араластырудың үлкен  мәні  бар. Қазіргі заман талабына сай әдет-ғұрыптар  да  аз  емес. Олар  мемлекетіміздің  құрылысының маңызын,  халқымыздың  психологиясын  көрсетеді.  Мысалы,  еңбек ерлерін құрметтеу,  әр кәсіптің иелерінің мерекесін тойлау,  құрбан болған ерлерді еске алу, әскерге шақырылғандарды  шығарып салу,  еңбек және  соғыс ардаргерлерімен  кездесулер.

Осы дәстүрлерге балаларды қатыстырумен  біз  оларды  ел  өміріне,  бүкіл халықтың өміріне  бейімдейміз.  Дәстүрге  бейімдеу  біртіндеп  жүргізіледі.  Алғашында  бала жеке  деректерді  қабылдайды  да,  соңынан  үлкендердің  көмегімен  талдап қорытады.

Әр  жыл  сайын көктем мен  күзде  әскерге  шақырылғандарды  шығарып  салу  рәсімі болады. Әнмен,  жақсы  тілектермен  шығарып салу  дәстүрге  айналды.  Үлкендер  балаларға  жастарды  қайда  және  не үшін  шығарып  салу керектігін,  қандай  қызмет  атқаратындарын,  Отан  қорғаушысы  болуға  қалай  дайындалуға  болатындарын   айтулары  керек.  Біздің  елімізде  әскерилерге  ілтипат  ерекше:  әскери  киімдегі  құрметке ие,  батырлық пен  абыройға  бөленген.  Сондықтан  да балалардың  ең алғашқы  және  көп  ойнайтындары -  әскери  ойындар.  Балалар солар сияқты  батыр,  батыл және  епті  болғылары келеді.  Әскерге  шығарып салуды  бақылау  балалардың  елміздегі  адамдардың  өмірі  туралы  білімдерін  жетілдіріп,  ойындарын  қызықты  мазмұнмен  толықтырады.

Халқымыздың  дәстүрінде  құрбан  болған  ерлерді  еске алу  ешқашан  өзгермейді.  Біздің  жерімізде  көптеген  ескерткіштер  мен  обелискілеу  бар.  Адамдар  Пискарев  моласында  кімдердің  жатқандарын,  Хатыньда  кімдердің  өртелгендерін  Краснодон  мен  Красный  Лучта тірідей  кімдердің  тасталғандарын  мыңдаған  бауырластар  қабірінде  кімдердің  көмілгендерін  біздің  халық  ұмыта  алмайды.  Біздің  тарихымыздағы  о сындай  ақтандақтарды  балаларымыздың  білулері  шарт.  Бастауыш  сынып  оқушылары  тек  өз  басының  ғана  емес  басқаның  да өкінішін,  қасіретін  сезінеді.  Анасының   көз  алдында  баласын   фашистердің  дарға  асқаны  туралы,  соңғы  гранатасымен  жауынгердің  фашист  танкісінің астына  түскені  туралы  әңгімелерді  естіп  бала  жылап  та  алсын.  Балаларды  күшті  эмоциялардан  қорғаштауға  болмайды (сонда  да  асыра  сілтеуге  де  жол  берілмесін).  Мұндай  көңіл -  күй   нерв  жүйесін  босатпайды,  керісінше  патриоттық  сезімнің  бастамасы  болады.

Сынып  жетекшісі  ата -  аналарға  Жеңіс  күнінде,  әскери  мейрамдарда  немесе  жанұялық  мерекелерде (үлкен  ағасын  әскер  қатарына  шығарып  салу,  туылған  күн,  мектепке  бару,  мектеп  бітіру).  Мәңгілік  алауға,  біздің  бейбіт  өміріміз  үшін   жанын  қиған  ерлердің  ескерткіштеріне  тағзым  етуге  баласымен  баруларына  ұсыныс  айта  алады.

Патриотизмнің  бір  қыры  - еңбеккерлерді  құрметтеу.  Барлық  нәрсе  еңбекпен,  қолдың  күшімен  келетіні,  еңбектің  қуаныш,  бақыт  және  елге  байлық  әкелетіні  туралы  пікір  баланың  санасында  ертерек  туылуы  керек.  Оған  көрсетілген  еңбектегі  ерлік  адамгершілікке  тәрбиелеуде,  соғыс  кезіндегі  ерліктен  кем  түспейді.  Ұстаз,  ата – аналардың  қандай  кәсіппен,  қай  мақсатта  шұғылданатындарын  балаларына  түсіндірулерін  сұранады.

Балаларды  үлкендердің  еңбегімен  таныстыруда  бұл  еңбектің  әлеуметтік  мәнін,  жеке  бастың  мүддесі  үшін  ғана  емес,  бүкіл  елге  маңыздылығын  көрсету  керек.  Астық  жиюшылардың  еңбегі,  мұның  нағыз  мысалы  бола  алады. Бала ата -  анасымен  наубайханаға   көп  келеді.  Нанның  түр – түрі;  ақ  нан,  қара  нан,  тоқаштар... Бұларды  кім  және  қалай  даярлаған?  Кім  пісірген  ?  Дүкенге  кім    әкелген?  Міне  осыдан  ұстаз   әңгімесін  бастай  алады. Дастарханымызға  нанның  қандай  бағамен  келетінін,  ауа  -  райының  келеңсіз  уақыттарында  астықты  жинаудың  қиындықтарын,  бұл  еңбекке  біршама  кәсіпкерлердің  жұмылдырылғандарын  жеңіл  және  түсінікті  түрде  ұстаз  балаларға әңгімелеп  беруі  қажет:  қаланың  жұмыскерлері  комбаинды  жасайды,  оған  жанармайды  мұнайшылар  шығарады,  наубайшылар  нанды  пісіреді,  жүргізушілер  оны  дүкенге  тасымалдайды,  сатушылар  оны  сатады.  Бастауыш  сыныптың  оқушылары  осы  «тізбекті»,  нанның  дастарханға  қалай  келетінін  білулері  керек.  Осы  біліммен  еңбеккер  халыққа  деген  құрмет туындайды.

Салыстыру  арқылы ,  бастауыш  сынып  оқушыларына  көптеген  елдерде  еңбеккерлердің  жұмысы  ескерілмей,  еңбегі  еленбей  өте  ауыр  халде  өмір  сүріп  жатқандарын  тілге  тиек  ету  керек.  Мұндай  әңгімелерде  ұқыпты,  әдепті  және  сезімтал  болу  керек.  Деректерге  кішкене  безендірулердің  берілуі,  бала  қай  елде  тұрса  да  өз  еліне  еңбеккер  халқына  деген  мақтанышы  туады.

Сонымен,  айналамыздағы  ақиқатты  (болмысты)  үлкендердің  мақсатты  бағдарланған  басшылығымен  балалардың  қабылдауы,  олардың  патриоттық  сезімдерін  тәрбиелеу  әдісі  бола алады.  Отанға  деген  сүйіспеншілік ті  аадамгершілікті  тәрбиелеудің  тағы  да  бір  пәрменді  әдісі  -  көркем  әдебиет пен  көркемөнер.

Бізде  балаларға  арналған әртүрлі  жанрдағы  көркем  шығармалар:  өлеңдер,  әңгімелер,  очерктер  жазылған.

Патриоттық  сезімге  тәрбиелеуде,  адамгершілікке  тәрбиелеу  кезіндегідей  оқылған  кітаптардың  саны  емес,  оларды  дұрыс  таңдау  мен  соңынан  талқылау.  

Бастауыш  сынып  оқушыларында  Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезімінің  нық  және  жете  түсінушілікпен  орнығуына  қандай  білім  қажет,  елі  туралы  қандай   мағлұмат  білуі  тиіс.  

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері