Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.

Содержание

Кіріспе.
І Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.
1.3.Сынып сабақтарында бастауыш сынып
оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі
негізгі бағыт бағдарлылық.
1.4. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгерім.docx

— 106.71 Кб (Скачать документ)

Патриоттық  сезімді  тәрбиелеуде  тарихи  білім  өте  маңызды.  Оқушыларға  Совет  өкіметін  орнатуда,  революция  кезінде;  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  адамдардың  өшпес  ерлігі  туралы  әңгімелерді  оқып,  түсіндіру  қажет.  Өз  ісіне  деген,  Отанға  деген  шексіз  берілгендіктің  шынайы  мысалдары  оқушылар  үшін  патриотизм  мектебі  болып  саналады.  

Отанымыздың  кәзіргі  тыныс – тіршілігін  де  оқушылар  білуі  керек.  Бұл – бейбітшілік  үшін  күреске  оқушылардың  атсалысуы  мен  еліміздің  гүлденуіне  бағытталған  ерен  еңбек.  

Оқушыларға  еліміздің  болашағы  туралы  да,  әңгімелеу  керек;  қандай  үйлер  тұрғызылады,  қандай  машиналар  жыйналады.  Мұндай  білімдер  оларды  армандауға  үйретеді,  өз  елінің  белсенді  азаматы  (қиялында  болса  да)  екенін  сезіндіреді.  

Осындай  алғы  шарттарға  сүйене  отырып,  бастауыш  сынып  оқушыларына  еліміз  туралы  мағлұмат  берерде  жоспар  құрып  алуымыз  керек.  Қазақстанның  көптеген  ұлттар  мен  ұлыстардың  мекені  екенін,  олармен  әрдайым  бейбіт  қатар  өмір  сүру  керектігін  білулері  шарт.  

Ұстаз  оқушыларға  жеріміздің  алуан  түрлілігін  айтады:  жасыл  арман,  көгілдір  өзен  мен  көлдер,  сары  шөлейттер  мен  қоңыр  бетпақ  дала.  Еліміз  өте  бай:  көмір  мен  алтын,  мұнай  мен  мақта,  бидай  мен  темір  де  бар.  Қаншама  заводтар  мен  фабрикалар,  жұмыс  өндірістері  бар.  Космосқа  ұшатын  «Байқоңыр»  космодромы  да  біздің  жерімізде  орналасқан.  Балаларға  арналған  ойыншықтар  да  бізде  жасалынып,  кітаптар  да  өзімізде  басылады.  

Бүкіл  адамзат – үлкендер  мен  балалар  да – жақсы  өмір  сүрулері  үшін,  еліміз  ештеңеге  мұқтаж  болмауы  үшін  өте  көп  және  жақсы  еңбек  ету  керек.  Еліміздің  барлық  еңбеккерлері  жұмысшылар  қызметкерлер,  ғалымдар,  ауыл  тұрғындары  жеріміздің  гүлденіп,  күннен – күнге  баий  түсуі  үшін  қажырлы  еңбек  етуде.  Балалар  ержеткенде  олар  да  үлкендерге  ұқсап  жақсы  еңбек  етеді.  

Біздің  елеміз  көпұлтты.  Бір  жанұяның  баласындай  қазақтар  мен  орыстар,  украиндықтар,  грузиндер,  қырғыздар,  армяндар,  ұйғырлар  бірігіп  өмір  сүріп  жатыр.  Олар  бірге  жұмыс  істеп  еліміздің  байлығын  бірге  сақтап,  Отанымызды  жаудан  бірге  қорғайды.  Еліміз  әрдайым  осындай  бейбіт  заманда  өмір  сүрген  жоқ,  ел  басынан  небір  жылдар  құлмат  өтті,  бірақ  еңбекші  халық  бәріне  төтеп  берді.  

Бұл  білімдерді  оқушылар  біртіндеп  сабақ  уақытында  ойындарда,  еңбекке  баулу  кезінде  алады.   Оқушыларға  еліміз  туралы  қажетті  білім  алу  мен  патриоттық  сезмді  қатар  тәрбиелеу  үшін  педагогикалық  процесті  қалай  ұйымдастырса  болады?  

Осындай  педагогикалық  процесті  құрудың  маңызды  әдістерінің  бірі  танымдық  мәліметті  тақырыппен  жоспарлау.  Әр  тақырыпқа  белгілі  бір  уақыт  бөлініп,  көбіне  елеулі  күнге  сәйкестендіріледі. Тақырыптар  жыл  бойында  қайталанады,  жалғасады,  араларында  қисынды  байланыс  орнатылады.  Тақырыптың  жоспарлау  білімді  терең  меңгерумен  қатар,  біртиптік  жаныашудың  қайталануына  жағдай  тууына  байланысты  сезімді  де  тәрбиелейді.  Мұндай  қайталанулар  баланың  жаныашуын  тереңдете,  нығыздай  түседі.  Сонымен  қатар  көңіл – күйінің  бейімделуінен  яғни  қабылдаудың  үйреншіктілігінен  сақтану  керек,  ол  қызығушылықтың  бәсеңдеуін,  сезімнің  өшуіне  әкеліп  соқтырады.  Сол  үшін,  жұмысқа  кірісер  алдында  ұстаз  деректер  мен  оқиғаларды  сұрыптап,  қандай  мысалдарға  балалардың  назарын  аударып,  қайсысына  жәй  ілікпе  сөз,  ескертпе  айтып  кетумен  шектелу  керектігін  ойланады.  «Кішкентай  балаларды  тәрбиелейтін  жас  педагогқа  кеңес  бергім  келеді,- деп  жазады  В. А. Сухомлинский, - туған  жеріміздің  құдыреттілігі,  ұлылығы  туралы  алғашқы,  сөзіңізді  айтарда  баланы  бұл  сәтке  терең  оймен,  тиянақты  даярлаңыз.  Бұл  сөз  шабытты,  рухты,  игілікті  сезімде  болуы  керек...»

Түрлі  тақырыптарды  оқушылар  әр  түрлі  қабылдайды,  бірақ  мәліметтерді  тану  кезіндегі  туындайтын  көңілк – күймен  сезімдер  бір  үлкен  сезімге  тоғысады – Отанға  деген  сүйіспеншілікке.  Яғни,  мазмұны  жағынан,  көңіл – күй  жағынан  бағыты  әртүрлі  тақырыптар:  «Біздің  еліміздің  табиғаты,  «Еліміздің  туылған  күні»  «Әскери  адам - қорғаныш»,  және  т.б.  

«Отан»  деген  бір  түсінікке  шоғырланып,  патриоттық  сезімнің  тууына  ықпал  етеді.  Сонымен  туған  жер  туралы  білімді  жетілдіруде,  оқушының  сезімін  тәрбиелеуде  әр  тақырыптың  көңіл – күйінің  бағдарламасын  дұрыс  анықтау  алғашқы  шарт  болып  табылады,  және  сабақ,  сабақтан  тыс  жұмыстарды  ұстаздардың  қолданатын  нақты,  әдістемелері,  педагогикалық  тәсілдері  осыған  байланысты.  Мысалы,  «Отанымыздың  туылған  күні»  тақырыбын  меңгергенде,  оқушылардың  сезіміне  Отанымызды  қорғаушыларға  деген  мақтаныш  сезімін  оятуымыз  қажет.  Осы  мақсатпен  ұстаз  оларға,  Отты  жылдардағы  Қазақстан   тақырыбындағы  әңгіме  оқып  береді,  иллюстрациялар  дайынлдап,  неміс  фашис  басқыншыларымен,  отанды  қорғауға  аттанған  бүкіл   қазақстандықтарға  өз  көзқарасын  білдіреді.  Оқушылардың  эмоциясына  күштірек  әсер  ету  үшін  ұстаз  соғыстың  көріністері  бейнеленген  суреттер  көзретіп:  «Қараңдаршы,  жауынгерлерді шаршаған,  қажыған,  жолдастарынан  айрылған.  Оның  дем  алып,  тамақтанып  күш  жыйнағысы  келеді.  Бірақ,  оған  уақыты  жоқ.  Жау  таяп  қалды.  Шегінуге  жер  жоқ».  Фашистер  Кеңес  Мемлекетінің  астанасы  Мәскеуді  басып  алуға  бар  күшін  салды.  Мәскеуді  қорғауға  Қазақстаннан  барған  316 – атқыштар  дивизиясы  қатысты.  Мәскеу  үшін  айқаста  Б.  Момышұлы  басқарған  батальон  жауынгерлері  асқан  ерлік  көрсетті.  Өздерінен  күшті  төрт  есе  басым  жаумен  бір  ай  бойы  кескілескен  ұрыс  жүргізе  отырып  дұшпанды  шығынға  ұшыратты  және  едәуір  қашыққа  қуып  тастауы.  

Осы  әңгімені  талқылау  барысында  оқушылар  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Отан  қорғаушы  жауынгерлердің  жанқиярлық  ерлігімен  танысып  мақтаныш,  сүйіспеншілік  сезімдері  туындап,  Отан  дастарына  таңырқап,  таңданады.  Оқушыларды  қиялдағы  жағдайға  қатыстыру  әдісімен:  («Өздеріңді  Каспий   теңізінде  саяхаттап  жүрміз  деп  ойлаңдар.  Біз  онда  не  көреміз? »,  «Біздің  қаламызда  ешуақытта  болмаған  үйімізге  қонақ  келді.  Біз  оған  не  көрсетеміз,  қайда  апарамыз?»)  сабақтың  эмоциялық  әсерін  тереңдетуге  болады.  

«Астана – республикамыздың  астанасы»  деген  сабақты  былай  жүргізуге  болады:  

Тақырыптық  жоспар.  Астана  - бас  қала  екенін  оқушының  санасында  бекіту;  Астана  туралы  білімдерін  таразылау;  Астана  туралы  көбірек  мәлімет  жинақтауға  ықыласын  арттыру;  сонынан  суреттер  салу,  Астананы  құрылыс  материалдарымен  құрастыру.  

Дайындық  жұмысы.  Ұстаздың  тапсырмасы  оқушылар  үйлерінен  Астана  туралы  открыткалар,  суреттер  әкеліп  бірге  қарап  кітап  бұрышында  кішірек  көрме  ұйымдастырады.  Астана  қаласында  тұратын  оқушылар  ата – аналарымен,  ұстаздарымен  бірге  қаланы  тамашалап,  көркем  жерлерінде  суретке  түссе  болады.  

Сабақтың  материалдары.  Астана  туралы  қала  келбеті,  «Бәйтерек»,  Мәңгілік  алау,  Есіл  өзенінің  жағалауы,  Океанариум  «Думан»  туралы  слайдтар  немесе  картиналар  вазамен  гүл,  еліміздің  жалауы,  елтаңбасы.  Әр  слайт  немесе  картиналар  жеке – жеке  қызыл  жұлдызшалы  конверттерге  салынған.  

Сабақтың  барысы.  Диафильмдер  көрсетілетін  бөлмеде  оқушылар  экранға  жарты  шеңбер  бойымен  отырғызылады.  Бұрыштағы  үстелде  ваза  мен  гүл,  еліміздің  рәміздері  қойылған.  Үстел  үстенде  тағы  да  жұлдызшалы  конверттермен    мен  слайд,  салынған  конверт  жатыр.  Ұстаз  сабақты  бастайды.   

  • Оқушылар,  сендер  қалай  ойлайсыңдар,  бүгін  біз  қай  тақырыпта  

сабақ  өтеміз?  Менің  үстеліме  қараңдаршы,  мүмкін  ол  сендерге  көмектесер...  Біз  бүгін  біздің  Отанымыз  туралы,  басқаламыз  - Астана  туралы  айтамыз.  Астана  қандай  қала?  (бірнеше  оқушылар  жауап  береді) 

  • Астана  өте  үлкен  және  әсем  қала, - деп  жалғастырады  ұстаз  

әңгімесін.  Келіңдер,  бәріміз  бірге  қызықты  саяхатқа  шығайық.  Әрқайсысын  Астаналық  та,  қала  қонағы  да  боласыңдар.  Міне  үстел  үстінде  конверттер,  олардың  ішінде  жұмбақ – слайдтар.  Бір  жұмбақ – слайдты  алып  диапроеторға  қоямыз  да  Астананың  бір  керемет  жерінен  табыламыз.  Біз  бәріміз  қонақпыз,  ал  «жұмбақты»  алған оқушы – астаналық,  яғни  ол  бізге  сол  көрініс  туралы  тұжырымды  және қызықты  етіп  әңгімелеп  береді.  Қонақтар  сұрақтар  қойып,  әңгімеге  толықтырулар  еңгізіп  отырады.  Кім  Астана  туралы  керемет  мағлұматтар  беріп  қызықты  әңгімелеп  берсе  соның  кеудесіне  қызыл  жұлдызшаны  тағамыз.  Қане,  қайсың  біздің  алғашқы  экскурсовадымыз,  боласыңдар?

Егер  ықылас  білдіргендер  болмаса,  ұстаз  оқушыларды  кезеңмен  шақырады.  Ұстаз  оқушылардың  әңгіме  құрауына  көмектесіп,  демеп  отырады.  Әңгіме  құрауға  оқушылар  тегіс  жұмылдырылады.  Сабақтың  соңында  «Астана»  өленің  оқылып,  «Менің  Қазақстаным»  гимні  шырқалады.

«Біздің  еліміздегі  халықтар»  тақырыбындағы  сабақта  оқушылардың  сезімдеріне  кеңірек  әсер  ету  үшін,  жағдайлар  ойын  түрінде  беріледі,  яғни  дидактикалық  ойындар  қолданылады,  ұлттық  киімдегі  қуыршақтардың  шеруі  ұйымдастырылады  және  т.б.  Оқушыларға  қолөнер  шеберлері  теріден,  жүннен,  балшықтан  жасаған  қолданбалы  бұйымдары  ұнайды.  Елемізді  мекендеген  әртүрлі  ұлттар  туралы,  әңгімесінде  ұстаз  орыстың  ұлттық  ойыншықтарын,  украинның  тоқымасын,  грузиннің  темір  құймасын,  қазақтың  киіз  үйін  көрсетеді.  Халық  шеберлерінің  қолдарынан  шыққан  бұйымдар  ұлттар  достығы  бұрышынан  орын  алады,  кейіннен  оларды  «Кәде – сый  дүкені  дидактикалық  ойынында  қолдануға  болады.  Бұл  ойынның  іс - әрекетін  де  дүкеннен  ойыншық  сатылып  алынады,  ал  ойынның  тәртібі  бойынша  оқушы  бұл  заттың  қай  ұлтқа  тиесілі  екенін,  қандай  материалдан  жасалғанын,  қандай  ерекшеліктері  бар  екенін  дәл  анықтауға  тиіс,  сонда  ғана  оқушы  оны  сатып  алуына  болады. Осындай  дидактикалық  ойындар  халық  шеберлері  туралы  әңгімелерден  соң  әр  ұлттың  қолданбалы  өнері  туралы  білімді  тиянақтауға  көмектеседі.  оқушыларды  ұлттық  киімдермен  де  таныстырып,  олардың  кейбіреуінің  суретін  салуды  ұсынады.  Ұстаз  білімді  бекіту  үшін  келесі  ойынды  жүргізеді:  оқушыларға  ұлттық  киімдер  көрсетіліп,  оның  қай  халықтың  киімі,  қандай  бөліктерден  құралғанын  киімде  қандай  түс  басым,  екенін  баскиімнің  қандай  ерешеліктері  барын  анықтау  тапсырылады. Сұрақтарға  дұрыс  жауап  берген  оқушы  қуыршаққа  ұлттық  киімді  кигізіп,  сыныптастарының  ортасында  ұлттыз  биді  билеу  құқығына  ие  болады.  

Осындай  тақырыптағы  сабақтарда  көрнекті  құралдар,  оқушылардың  тәжірибесі  қолданылып,  ұстазға  сұрақ  беруге  оқушыларды  ұйымдастыру  қажет.  Осының  бәрі  сабақтың  есте  қалуына  ықпал  етеді.  

Ән  сабағында  оқушылар  әр  ұлттың  музыкасын  тыңдап,  билерін  үйреніп,  ұлттық  ойындарын  ойнайды.  Ән  сабағының  ұстазы,  сынып  жетекшісімен  тығыз  байланыста  болып  өз  жұмысын  жоспарлағанда  басқа  сабақтарда  оқушылардың  қандай  тақырыптарды  меңгеріп жатқандарынан  хабардар  болуы  керек.

Негізгі  эмоционалдық  жүкті  ұстаздың  сөзі,  көркемдік  әдістер – музыка,  картиналар,  көркем  әдебиеттер  алады.  «Жан  дүниесі  бай  адам  өз  халқының  тарихын,  мәдениетін  біледі.  Сонымен  қатар  бауырлас  халықтың  мәдениетімен,  тарихымен  таныс  болып,  сыйлай  білсе,  ол  екі  есе  байи  түспек»   деген  Абай  сөзіне  құлақ  салсақ  оқушылардың  жан  дүниесін  байыту,  яғни  азаматтың  сезімін  тәрбиелеудің,  патриоттық  сезімін  қалыптастырудың  маңызы  өте  зор.

Отанға  деген  сүйіспеншіліктің нағыз  терең  сезімге  айналуы  үшін,  ол  туралы  көп  білуге  ықыластық  артуы  ғана  емес,  Отан  үшін  еңбек  етудің  қажеттілігі;  оның  байлығына  ұқыпты  қарау.  Болашақ  азаматты  тәрбиелеуде  өз  еркімен  еңбек  етудің  ролі  маңызды.  Бастауыш  сынып  оқушыларының   істері жеңіл  және  күрделі  емес,  сонда  да  олар  оның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  әсер  етеді.  Оқушылардың  ұжым  үшін,  сыныбы  үшін  өз  еркімен  жасаған  жұмыстарын  мадақтап  отыру  керек.  Балалар  әрдайым  не,  қалай  жасау  керектігін  өздері  сезіне  бермейді.  Міне  осы  кезде  үлкендердің  көмегі,  тілегі,  тәжірибесі  керек.  

Көктемде  оқушы  тұратын  ауланы  көгалдандыру,  көшені  тазалау  сенбіліктері  ұйымдастырылады.  «Күрегіңді  алып,  менімен  бірге  жүр, - дейді  әкесі  баласына.  Ертесіне  сыныпқа  келе  сала  оқушы  сыныптастырына  мақтанышпен:  Кеше  біз  әкем  екеуіміз  ауланы  жинастырып,  көшеге  ағаштар  ектік, - дейді».  

Жалпыхалықтық  істерге  оқушыларды  араластыру  баланың  өз  Отанының  иесі  ретінде  тәрбиелейді.  Отанын  сүйетін,  қамқоршы  ие.  Жалпықоғамдық  түрткідегі  еңбегі  сыныпта  да,  үйде  де  бір  оқиғадан  екінші  оқиға  дейін  емесе,  жүйелі  түрде  ұйымдастырылғаны  абзал.  7 – 8  жастағы  балада  өзіне - өзі  қызмет  көрсетуде  ғана емес,  ұжым  үшін,  басқалардың  пайдасы  үшін  де  тұрақты  тапсырмалары  болуы  тиіс.  Бұл  еңбек  айналадағылар  үшін  ойластырылған  болмай,  шынайылықты  көрсеткені  ғана  маңызды.  Өкінішке  орай  мектепте  де,  үйде  де  тапсырылған  жұмыстардың  сипаты  қажетсіз  міндетсіз  болып  келеді.  Үлкендер  балалардың  жұмыстарын  орындауға  даяр  тұрады,  бұл  олардың  еңбегінің  нәтижесімен  сапасына   жауапкершілігінің  төмендеуіне,  алға  қойған  мақсатына  жетуге  талпынбауына  әкеліп  соғады.  

Осы  айтылғандардың  барлығы  патриоттық  сезімді  тәрбиелеуге  жатады.  Егер  адам  жауапсыз,  егер  ол  шығарылған  өнімнің  сапасына  құлықсыз  болса,  онда  оны  өз  отанын  сүйеді  деп  айта  аламыз  ба?  Бастауыш  сынып  оқушыларында  жұмысқа  деген  жауапты,  салиқалы  қарым – қатынас  олардың  жұмыс  тапсырмаларын  орындау  кезінде  тәрбиеленеді.  

Егер  оқушыларға  мектеп  ауласындағы  гүлдерді  күту  тапсырылса,  немесе  тәртіпті  бақылау  жүктелсе,  онда  олардан  тапсырманың  таза  орындалуын  көріп  өздері  жою  керек,  өсімдіктерді  суарып  жерді  қопсыту  керек,  яғни  үлкендердің  көмегінсіз  не  қажет  барлығын  өздері  атқарулары  керек.  Әрине  ұстаз  көмектеседі,  жөн  сілтейді,  сонымен  қатар  балалардың  белсенділігін,  бастамасын  қолдап  отырады.  Еңбекпен  тәрбиелеудің  ұтымды  әдісі  мақтау  мен  көтермелеу.  Оқтын – оқтын  оқушылармен тапсырмалардың  орындалу  барысын  талқылап,  ортақ  іске  жауапкершілігі  және  белсенділігі  төуенқушыларды  қалай  қызықтыру  жолдарын  іздеп  оытру  керек.  

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері