Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 13:24, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бері бағдарламасында мазмұндық әдістемелік өзгерістер болғанын барлық бастауыш мектеп мамандары білеміз. Дамыта оқыту мақсатына орай бастауыш сынып «математика» оқулықтарында елеулі мазмұндық өзгерістер болды. Мәселен, геометриялық фигуралардың көп мөлшерде қамтылуы, деформацияланған жаттығулардың болуы, кері есептер құрастыру және шығару, шығармашылық тапсырмалардың мол болуы. Осындай өзгерістер болуы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көп іздеуде қажет етеді. Ғылымда кері есептерді шығарудың әдістемесі дәлелденгенмен, өзіміздің тәжірибемізде оны жүзеге асыруда қиыншылықтар кездесетіндіктен, мәселенің тиімді тәсілдерін іздестіру мақсатында осы тақырыпты таңдап және бұл тақырып өзекті деп ойлаймыз.
Кіріспе...............................................................................3-5
І тарау. Оқушылардың логикалық ойлауын кері есептер
арқылы дамытудың теориялық негіздері................6
Екінші сынып оқушыларының логикалық ойлауын кері
есептер арқылы дамытудың зерттелуі.......................6-14
Екінші сынып оқушыларының логикалық ойлауын кері
есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдері...........15-21
Тұжырым........................................................................22-24
ІІ тарау. Екінші сынып оқушыларының логикалық ойлауын
кері есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдеріне бағытталған эксперимент жұмыстары...................25
Анықтау эксперименті материалдарын даярлау, өткізу,
талдау жасау.............................................................25-41
Қалыптастыру экспериментін даярлау, тәжірибеден өткізу, талдау жасау..................................................42-46
Тұжырым.............................................................................47
Қорытынды.....................................................................48-49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................50-52
Кері есеп шығару қиын сияқты болып көрінгенмен, кейін бұл онша қиынға соқпайды. Себебі сандармен операция жасау дағдыға айналып, оқушы көбіне кейбір операцияларды аяқтамай, есепті кенеттен шығаратын болады. Міне, осы жайтты Л.С.Выготский қорытынды жасаудың «қысқарылуы» деген болатын. Солай деп атаса да, ой операцияларының бәрі бірдей қысқартылмайды.
Өйткені ой дегеніміз ассоциациялардың тізбектерінен тұратындығын, осы кезде тізбектің бірі не бірнешеуі ғана есте түгел жаңғыртылмайды.
Сонымен азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.
Л.Н.Толстой «Есте сақтау арқылы емес, өз ойлауының күшімен меңгерген білім ғана шын білім болмақ» деген болатын.
И.Гетенің: «Біз де «ақылсыз», ойының жоқ дерегі,
Зарығудан шығар күн де келеді.
Жылдар өте ісмер миы ойшылдың
Әлі-ақ қолдан ойшыл жасап береді.
(аударған Ұ.Асылов)
деп жазған сәуегейлік сөзін жүзеге асыру үшін адам өз білімін кеңейтіп, зердесін байытуға үнемі көңіл бөлуі керек.
Оқушының ой-өрісін дамыту мектеп пен мұғалімнің міндеті.
Тура және оған кері есеп шығарған кезде тура есептегі сөздер ғана қолданылады. Егер осы үш есеп орнына әр түрлі үш есеп алынса, олардағы қолданылатын сөздер саны, сандар түрі көбейеді. Бұл деген уақыт үнемдеу және бала ойының бір бағытқа, атап айтсақ, қарапайым ақпарат беретін сандар арасындағы байланысты түсінуге бағытталады. Яғни, қысқа мерзімде көп білім алуды қамтамасыз етеді. Сызба арқылы шығару – тиімді тәсілдердің бірі. Кері есеп шығару барысында баланың байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу сияқты қасиеттері де дамитыны сөзсіз.
Сонымен, оқушылардың логикалық ойлауын кері есептер арқылы дамытудың тиімділігіне мына тәсілдер арқылы көз жәткізуге болады: П.М.Эрдниевтің ДБІ әдістемесіндегі кері есептерді суретті көрнекіліктер арқылы құрастыру және шығару тәсілі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР