Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 13:24, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бері бағдарламасында мазмұндық әдістемелік өзгерістер болғанын барлық бастауыш мектеп мамандары білеміз. Дамыта оқыту мақсатына орай бастауыш сынып «математика» оқулықтарында елеулі мазмұндық өзгерістер болды. Мәселен, геометриялық фигуралардың көп мөлшерде қамтылуы, деформацияланған жаттығулардың болуы, кері есептер құрастыру және шығару, шығармашылық тапсырмалардың мол болуы. Осындай өзгерістер болуы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көп іздеуде қажет етеді. Ғылымда кері есептерді шығарудың әдістемесі дәлелденгенмен, өзіміздің тәжірибемізде оны жүзеге асыруда қиыншылықтар кездесетіндіктен, мәселенің тиімді тәсілдерін іздестіру мақсатында осы тақырыпты таңдап және бұл тақырып өзекті деп ойлаймыз.
Кіріспе...............................................................................3-5
І тарау. Оқушылардың логикалық ойлауын кері есептер
арқылы дамытудың теориялық негіздері................6
Екінші сынып оқушыларының логикалық ойлауын кері
есептер арқылы дамытудың зерттелуі.......................6-14
Екінші сынып оқушыларының логикалық ойлауын кері
есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдері...........15-21
Тұжырым........................................................................22-24
ІІ тарау. Екінші сынып оқушыларының логикалық ойлауын
кері есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдеріне бағытталған эксперимент жұмыстары...................25
Анықтау эксперименті материалдарын даярлау, өткізу,
талдау жасау.............................................................25-41
Қалыптастыру экспериментін даярлау, тәжірибеден өткізу, талдау жасау..................................................42-46
Тұжырым.............................................................................47
Қорытынды.....................................................................48-49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................50-52
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын кері есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдері (2-сынып материалы негізінде)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
І тарау. Оқушылардың логикалық ойлауын кері есептер
арқылы дамытудың теориялық негіздері................6
есептер арқылы
дамытудың зерттелуі.....................
есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдері...........15-21
Тұжырым.......................
ІІ тарау. Екінші сынып оқушыларының логикалық ойлауын
кері есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдеріне бағытталған эксперимент жұмыстары...................25
талдау жасау.........................
Тұжырым.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Қосымшалар....................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бері бағдарламасында мазмұндық әдістемелік өзгерістер болғанын барлық бастауыш мектеп мамандары білеміз. Дамыта оқыту мақсатына орай бастауыш сынып «математика» оқулықтарында елеулі мазмұндық өзгерістер болды. Мәселен, геометриялық фигуралардың көп мөлшерде қамтылуы, деформацияланған жаттығулардың болуы, кері есептер құрастыру және шығару, шығармашылық тапсырмалардың мол болуы. Осындай өзгерістер болуы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көп іздеуде қажет етеді. Ғылымда кері есептерді шығарудың әдістемесі дәлелденгенмен, өзіміздің тәжірибемізде оны жүзеге асыруда қиыншылықтар кездесетіндіктен, мәселенің тиімді тәсілдерін іздестіру мақсатында осы тақырыпты таңдап және бұл тақырып өзекті деп ойлаймыз.
Тура есепке кері есеп ойлап табу және шығару бұл ДБІ технологиясының екінші қағидасы /22,35/. Бұл технология дамыта оқытуға құрылғандықтан, кері есептер оқушылардың логикалық ойлауын дамытпайды деп қалай айтуға болады?
«Ой – өріс» деген сөз ойлану процесінің дамуы. «Даму» ұғымы философиялық сөздікте «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы»,-деп түсіндіріледі. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. /5,150/
И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, ауқымды, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта оқытуды ұйымдастыруды балаға ақыл-ой әрекетін меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру керек.
ХҮІІ ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зеттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Осындай өзгерістерге Ресей Федерациясы педагогикалық Ғылым Академиясының мүшесі, Ресей және Қалмақ еңбек сіңірген қайраткері, профессор П.М.Эрдениевтің 30 жылдық зерттеуінің нәтижесін жатқызуға болады. Ол диалектикалық бірліктерді ірілендіру арқылы жоғары нәтиже беретін оқытудың әдістемелік жүйесі (ДБІ). Бұл жүйе негізінен ұқсас бөлімдерді тура және бір мезгілде оқытуға құрылған. Бұлай оқыту баланың ойлау әрекетін Шведтің нейробиолог Хапер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы клеткаларды бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай алмайтындығын, содан барып олардың қызметі төмендеп, бара-бара сене беретініне көзімізді жеткіземіз.
Сондықтан, ДБІ әдістемесін қолдана отырып, жеке тұлғанынң логикалық ойын дамыту үшін кері есеп шығарудың тиімді тәсілдерін қарастырмақпыз.
Зерттеу мақсаты: 2-сынып оқушыларының логикалық ойлауын кері есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжірибеде байқау.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектепті оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: 2-сынып оқушыларының логикалық ойлауын кері есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдері.
Зерттеу міндеттері: ДБІ (дидактикалық бірліктерді ірілендіру) әдістемесін қолдана отырып, жеке тұлғаның логикалық ойлауын дамыту үшін
кері есептерді құра білуге және шығаруға үйретудің тиімді тәсілдерін анықтау;
Зерттеу болжамы: Оқушылардың логикалық ойлауын кері есептер арқылы дамыту тиімді. Ол үшін мынадай шарттарды орындау қажет.
Зерттеу әдістері: Әдебиеттерді зерттеу, талдау жасау, эксперимент жүргізу, сандық-сапалық сараптама жасау, оқу бағдарламалары мен оқулықтарына талдау, сауалнама жүргізу, қорытындылау.
Зерттеу жұмысының жүргізілу кезеңдері:
1-ші кезеңде әдебиеттермен танысып, материалдар жинақталады, талдау жасалынады.
2-ші кезеңде оқушылардың логикалық ойлауын кері есептер арқылы дамытудың тиімді тәсілдерін анықтау жүргізіліп, эксперимент материалдары даярланады.
3-ші кезеңде эксперимент жүргізіліп, нәтижесі талданып қорытылады.
І ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН КЕРІ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ЕКІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ
ОЙЛАУЫН КЕРІ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ
ЗЕРТТЕЛУІ
Қазіргі қоғам дамуына математиканың идеялары мен әдістерінің де ықпалы зор. Оның бұл ғылымның дамуы мен ролі және тағы басқа көптеген сұрақтарды туғызуы таңғаларлық жәйт емес. Бұл сұрақтар теориялық танымнан бастап, оның әлеуметтік қолданылуы мен рухани байлыққа дейінгі мәселелерді түгел қамтиды.
Математикаға тән басты ерекшелік – бұлжымас логикалық дәлелдеулер арқылы бір пайымдаудан екіншіге біртіндеп өту.
Математика – шын дүниенің мөлшерлік қатынастары мен кеңістік формаларын зерттейді. Математиканы оқыту әдістемесі білім мазмұны мен көлемін, оны оқытып үйретудің өзіндік ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін, оның бағдарлама талаптарына сай болуын қарастырады. Мектепте өтілетін пәндер арасында бөлінетін сағат санының көптігі жөнінен математика, ана тілі мен әдебиеттен кейінгі екінші орында тұр. Сондықтан да ол аса маңызды пәндердің бірі ретінде жан-жақта дамыған, білімді және тәрбиелі жас жеткіншектер дайындауда жалпы білім беруін жалпы міндеттерді орындауға үлкен үлес қосуға міндетті.
Математиканы оқыту бүкіл мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді:
Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нйтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды.
Дидактиканың талабы бойынша математиканы үйрету жалаң білім жүйесін берумен ғана шектеліп қалмай тәрбиелік оқу болуы шарт. Математиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат – математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады.
Тәрбиенің кейбір негізгі түрлерін көрсете кетейік. Олар:
а) оқушыларда ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
ә) шәкірттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыру;
б) эстетикаылқ тәрбие.
Математиканы оқытудың бір мақсаты - өмірлік-пракатикалық мақсат болып табылады. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:
а) Математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге, физика, химия, сызу, ақпараттану (информатика) және есептеу техникасы негіздерін т.б. пәндерді оқып үйренуге пайдалана білу.
ә) математикалық құралдар мен аспаптарды пайдалана алу.
б) шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.
в) политехникалық оқуды жүзеге асыруға қолқабыс тигізу.
Бұл пәнді оқыту оқушыларды ғылыми ойлау әдістерімен қаруландырады. Мектепте логика айрықша пән ретінде өтілмейді, оның бірсыпыра функциясы математика пәнінің еншісіне тиеді.
Қазіргі негіздегі математикалық білім баланың интелектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз еткелі отырған технологияның алар орны ерекше. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалық білім технологиясы 1964 – 1996 жылдар арасында академик П.М.Эрдениевтің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәрбиелік ізденістердің, практикалық жұмысының нәтижесінде өмірге келді.
П.М.Эрдениев «дидактикалық бірліктер» деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген. Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады.
Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.
Академиктер В.Журавлев, А.Маркушевич т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп «ғасыр идеясы» деп таныған.
Жоғарыда апталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады. Оқушының білімінің сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулырдың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің ролі зор.
Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әртүрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда. Мысалы: Қалмақ автономиялық Республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск т.б. қалаларының тәжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т.Қ.Оспановтың жетекшілігімен жазылған «Математика» оқулықтары осы теорияға негізделген. Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар.
ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
Осы қағидалардың әрқайсысына оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы «қосу мен азайту» бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылуының тиімділігін көрсетіп отыр. Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20%-ке дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуде өте қажет. Екіншіден ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді. Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптеріне сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады. Мысалы:
5 + 1 = 6 |
1 + 5 = 6 |
6 – 1 = 5 |
6 – 5 = 1 |
түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрекетінің ішкі потенциалды резервтерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас жаңдылықтарының бірі «кері байланыс» заңының іске қосылуымен тиімді.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару «кері есеп» ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П.К.Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты. Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белсенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.