Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 11:06, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде шетел тілін ана тіліне сүйене отырып, ана тілмен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда.
Зерттеу жұмысының тақырыбы. «Ағылшын және қазақ тілдеріңдегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі»
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл зерттеу қазіргі заманның талабы ретінде ағылшын тілінің етістік шақтары мен қазақ тілінің етістік шақтары арасындағы ерекшеліктерді табу, салыстырмалы талдау жасауды талап етеді.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ………………………….31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гузя Дипломная.doc

— 519.00 Кб (Скачать документ)

 

The Future Progressive (Continious) шағын салыстыру

Созылыңқы іс әрекеттің келешекте белгілі бір уақытта басталып, сол көрсетілген кезеңге дейін болатындығын білдіру үшін мына мезгіл пысықтауыштар қолданылады: at 5 o’clock – сағат 5 – те, at that moment – сол сәтте, at midnight – түн ортасында т.б. Бұл кезең былай анықталуы мүмкін:

  1. дәл уақытты көрсетумен. I shall be doing home tasks at 5 o’clock - Мен  сағат 5 - те үй тапсырмасын орындап жатамын. She will be reading telexes and cables at 10 in the morning - Ол телекстер мен жедел хаттарды

 таңертеңгі сағат 10 - да оқып жатар.                                              

  1. Басқа болашақ іс – қимыл арқылы, бұл қимылды білдіретін етістік жалпы осы шақта тұрады: Мысалы, She will be reаding telexes ans cables when the manager comes to the office – Басшы кеңсеге келгенде ол телекстермен жеделхаттарды оқып отырар. Қазақ тілімен салыстырғанда бұл келер шақпен сәйкес келеді.
  2. Егер іс - қимыл белгілі бір кесімді уақыт аралығында тоқтаусыз жүріп жатса, етістік созылыңқы осы шақта қолданылады: Мысалы, She will be reаding telexes and cables from 10 till 11 - Ол телекстер мен жеделхаттарды сағат 10  - нан  11 - ге  дейін оқып отырмақшы. Бұл қазақ тіліндегі мақсатты келер шаққа сәйкес келуі мүмкін.
  3. Егер болашақта істелетін іс -қимылдың жақын арада міндетті түрде істелетіндігіне күмән болмаса: Мысалы, I shall be visiting him tomorrow - Мен ертең оған кіріп шығамын. He will be leaving for france tonight – Ол бүгін түнде Францияға жүрмекші (жоспарлы түрде). Бұл сөйлем мақсатты келер шаққа сәйкес. We will be working tonight – Біз бүгін түнде жұмыс істемекпіз. (Мақсатты келер шақ) We won’t be sleeping  - біз ұйықтамаймыз. Бұл сөйлем қазақ тіліндегі ауыспалы келер шаққа сәйкес. Ағылшын тілінен аударғанда сөйлем мағынасына қарай қазақ тіліндегі мақсатты келер шақ және ауспалы келер шақ формасында жасалуын төмендегі 16- кестеден байқай аламыз:

Кесте – 16

The Future Progressive (Continious) шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. I shall still be working at five o’clock

1.Мен сағат  бесте жұмыс істеп отырамын

Мақсатты келер  шақ

2. If you come after eleven o’clock, I shall be sleeping

2. Егер сіз он бірден кейін келсеңіз, мен ұйықтап жатамын.

Ауыспалы келер  шақ

3. I shall be preparing for my examination in May.

3. Мен емтиханға  мамыр айында дайындаламын.

Мақсатты келер  шақ

4. He will be meeting us at the station

4. Ол бізді  вокзалда қарсы алады.

Мақсатты келер  шақ


 

      The Present Perfect шағын салыстыру

  1. Етістіктің бұл шағы бұрын басталған істің, жай –күйдің, қалыптың сөйлеушінің сөйлеп тұрған кезіне дейін созылғанын, болып жатқандығын аяқталмағандығын көрсетілетіндігін білдіріп for … - дан бері, since – содан бері сөздері қолданылуы арқылы жасалады: I have been teacher for 20 years - Мен  жиырма жылдан бері мұғалім болып істеймін.We have known the Omirzhanovs for 40 years – Біз Өміржановтар отбасын 40 жылдан бері білеміз.The Alimbekovs have lived in Almaty since 1960 – Алимбековтар

 отбасы Алматыда 1960 жылдан бері тұрады.

  1. Етістіктің бұл шағы бұрынғы кезден, осы уақытқа дейінгі іс – қимылды көрсету үшін созылыңқы шақтарда қолданылмайтын to hear, to see, to forget т.б. етістіктермен қолданылады: He has heard about his arrivial in London - Ол оның Лондонға келгендігін естіді.  I haven’t seen my family for 2 days - Мен отбасымды көрмегеніме 2 күн болды. [ 35, 125]
  2. Етістіктің бұл шағы мына мезгіл үстеулермен қолданылады: already – әлдеқашан, never – ешқашан, ever – қашан болса да, often – жиі, seldom – сирек, always – әрқашан, hardly ever – ешқашан, so far – өте алыс, just – қазір ғана, yet – әлі (болымсыз сөйлемде) – әлдеқашан, содан бері (сұраулы сөйлемде), lately – кейінгі кезде, соңғы уақытта, жақында,  recently – жақында. Бұлар негізгі етістіктердің алдында, ал yet, lately, recently сөздері сөйлемнің соңында келеді. Мысалы, We have just come in – Біз қазір ғана кірдік. He has not finished reading yet – Ол әлі оқып біткен жоқ. We have heard much about him recently – Біз ол жайында соңғы кезде көп естідік. Yet – сұраулы және болымсыз сөйлемдерде, ал ever сұраулы сөйлемде қолданылады: I haven’t seen the Tower of London yet - Мен Лондондағы Тауэрді әлі көрген жоқпын. Has he bought a ticket yet? – Ол билетті әлі сатып алған жоқ па? Have you ever filled in the card? – Сіз мына карточканы бұрын соңды толтырып па едіңіз?
  3. Бұл шақ бұрын болған іс – әрекет нәтижесін қазіргі кезбен байланыстырғанда қолданылады:  Мысалы, She has broken her arm, that is why she can’t work – Ол қолын сындырып алғандықтан, жұмыс істей алмайды. I have opened the window, that is why it is cool  - Мен терезені ашқандықтан ауа тазарды.
  4. Жаңа хабар, жаңалық осы кезбен байланысты іске асырылғанда қолданылады: Мысалы, Have you heard? We have received an order from White and C0 lately – Eстідіңіздер ме…? Біз жақында Уайт және оның компаниясынан тапсырыс алдық. Егер бұл жаңалық болған уақыт дәл көрсетілсе, оны білдіретін етістіктің шағы өзгереді:  We received an order from White and C0 at 5 in the evening – Біз Уайт және компания тапсырысын кешкі сағат 5 – те алдық.  Қазақ тіліне аударғанда екі сөйлем де өткен шақта тұр, ал 17- кестеден Аяқталған осы шақ формасын қазқ тіліне аударғанда үш түрлі шақ категориясында қолданылуын салыстырмалы түрде байқай аламыз:

Кесте - 17

     The Present Perfect  шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. I have written me exercises, here they are.

1. Мен жаттығуды  жаздым. Олар міне

Нақ осы шақ

2. I have known him for three years

2. Мен оны үш жылдан бері білемін

Бұрынғы өткен  шақ

3. After I have read the book, I’ll give it to you.

3. Кітапты оқып болған соң, саған беремін.

Мақсатты келер  шақ


 

The Past Perfect  шағын салыстыру

  1. Бұрын аяқталған іс – әрекеттің дәл уақытын көрсету үшін мына мезгіл пысықтауыштармен  by предлогы тіркесіп қолданылады: by Saturday – сенбіге қарай, by tһat time – осы уақытқа дейін,  by the end of the year – жыл

аяғына дейін, by 5 o’clock – сағат 5 –ке дейін т.б. Мысалы, I had looked

  1. through the report by 12 o’clock - Мен сағат 12 -ге дейін баяндаманы қарап шықтым.
  2. Бұрын болған іс – әрекеттің орындалуы кезінде, екінші бір іс – әрекеттің нәтижелі аяқталғанын білдіру үшін қолданылады: By the time I came to the office they had signed the contract - Мен  кеңсеге келгенше, олар келісім шартқа қол қойыпты. Бұрын болған іс – әрекет, жалпы өткен шақта қолданылады.
  3. Бұл шақ сабақтас бағыныңқылы сөйлемдерде after – содан кейін, содан соң сөзінен кейін қолданылады: Мысалы, After they had signed the contract the left better - Олар өздері келісім шартқа қол қойғаннан кейін, иықтарынан

 ауыр жүк  түскендей сезінді. 

  1. Сабақтас бағыныңқылы құрмалас сөйлемде, бағыныңқы сөйлем before – оған дейін , соның алдында деген сөзбен тіркесе келсе, The Past Perfect басыңқы сөйлемде тұрады: I had already answered the telex before I came to the office - Мен кеңсеге келгенше, ол телекске жауап беріп қойыпты.

Төмендегі 18 – кестеге қарайтын болсақ,  The Past Perfect  шағында берілген шақ формасын қазақ тіліне аудара отырып жедел өткен шақ және ауыспалы өткен шақ формаларында берілгенін байқаймыз.

Кесте – 18

The Past Perfect  шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. I had translated the article by five o’clock

1.  Мен мақаланы сағат бестерде аудардым

Жедел өткен  шақ

2. We sent hi a telegram yesterday as we had not received any letters from him for a long time.

2.  Біз одан көп уақыт хат алмағандықтан, кеше телеграмма салдық.

Ауыспалы өткен  шақ


 

The Future Perfect шағының қолданылуы

  1. Келешектегі болатын нәтижелі іс – әрекеттің белгілі бір кезеңде болатындығын білдіргенде қолданылады: а) егер болашақта болатын іс – әрекеттің іске асуы, нәтижесі белгілі уақыт арқылы берілсе, by предлогы мезгіл пысықтауыштармен тіркесе қолданылады: We shall have cleaned the rooms by 7 o’clock – Біз бөлмелерді сағат 7 – ге дейін тазалап қоямыз. ә) бізге белгілі іс – әрекет басқа бір болатын іс - әрекеттің басталуына дейін, нәтижелі іске асса: We shall have cleaned the rooms when you come – Сіздер келгенше, біз бөлмелерді тазалап қоямыз.
  2. Жалпы осы шақта тұрған, келешекте болатын басқа бір іс – әрекет  мезгіл, шартты бағыныңқылы сөйлемдерге before, met сөздермен келсе, Future Perfect қолданылады: When we met next time, you’ll have produced the new model – Келесі кездескенімізде, сіздер жаңа модельді шығарасыздар. He will have sent a telegram to his family before goes sightseeing around London – Ол Лондон төңірегіндегі көрікті жерлерге барарда, отбасына жеделхат жібереді. Егер бұл шақта already – әлдеқашан үстеуі тағы басқа пысықтауыштарымен қолданылса, онда олар shall, will көмекші етістігінен кейін келеді: By the end of the year we’ll already have produced the new model – Осы жылдың соңына қарай, біз жаңа модельді шығара бастаймыз.    

The Future Perfect шағындағы сөйлемдерді қазақ тіліне аударғанда, қазақ тіліндегі келер шақ және өткен шақ түрлеріне өзгерген мысалдарды  19 – кестеден көре аламыз.

 Кесте – 19

 The Future Perfect шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. I shall have finished this work before you return.

1. Сіз келгенше, мен осы жұмысты аяқтап тастаймын.

Болжалды келер  шақ

2. They will have shipped the goods when your telegram arrives.

2.Олар сіздің телеграммаңыз келісімен, тауарларды тиеп жіберді.

Мақсатты келер  шақ

3. You will have read in the newspapers about the conclusion of this agreement?

3. Бұл келісімнің нәтижесін сіз газеттерден оқыған боларсыз.

Бұрыңғы өткен  шақ


 

     The Present Perfect Progressive шағын салыстыру

  1. Етістіктің бұл шағы бұрын басталған іс әрекеттің қазіргі кездегі созылыңқылығын білдіру үшін for, since (бойы, бері) предлогтарымен қолданылады: Мысалы, My husband has been working for the same plant for 25 years - Менің күйеуім бұл зауытта 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді.I have been learning the irregular verbs almost since 2 hours -  Мен екі сағат бойы бұрыс етістіктерді оқып отырмын.    
  2. Бұл шақтағы іс - әрекеттің  болып жатқаны, белгілі бір уақытқа дейін, созылып аяқталатынын for предлогты сөз тіркестері мен мезгіл пысықтауыштары көрсетеді: for all day long – күні бойы, for the whole month – бір ай бойы т.б. Мұндай мезгіл пысықтауыштар  how long? қанша уақыттан бері?, қашаннан бері? Сұрақтарына жауап береді.  She has been preparing for the exam all day long  - Ол емтиханға күні бойы дайындалып жатыр.        Ағылшын тіліндегі аяқталған – созылыңқы осы шақтағы сөйлемдерді қазақ тіліне аударғанда 20 – кестеде көрсетілгендей кейбір кезде жедел өткен шақ мағынасына сай келетінін көре аласыздар.

Кесте - 20

The Present Perfect Progressive шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. I have been waiting for my brother for a long time.

1. Мен ағамды күткеніме көп уақыт болды.

Жедел өткен  шақ

2. I have been reading the newspaper since six o’clock.

2. Мен газетті сағат алтыдан бері оқып отырмын.

Ауыспалы осы  шақ

3. Although the sun is shining, it is still cold as it has been raining hard.

3. Күн жарқырап тұрғанымен, қатты жаңбыр жауғандықтан, күн әлі суық.

Ауыспалы осы  шақ


 

The Past  Perfect Progressive шағын салыстыру

  1. Бұл шақта іс – әрекеттің қанша уақытқа дейін созыла аяқталғаны  for some time – біраз уақыт бойы, біршама уақыттан бері,  for 2 hours – екі сағат бойы т.б. мезгіл пысықтауыштары арқылы қолданылады: The students had been working for some time when the teacher came in - Мұғалім келгенде, студенттер біршама уақыт бойы жұмыс істеуді мұғалім кірместен бұрын бастап, ал ол класқа кіргенде, олар жұмыстарын әрі қарай жалғастыра берді. When my father returned, we had been watching TV for an hour -  Әкем қайтып келгенде, біз бір сағаттан бері теледидар қарап отырғанбыз. The mother thought we had been playing the piano since 3 o’clock - Шешем  бізді сағат үштен бері күйсандық тартып отыр екен деп ойлады. She had been sleeping for three hours when we returned – Біз қайтып келген кезде, оның ұйықтап жатқанына үш сағат болған. Бұл сөйлемдерде  for предлогы болған іс - әрекеттің созылыңқылығын көрсетсе, since іс – әрекеттің қай кезден бастап іске асқандығын көрсетеді.
  2. Етістіктің бұл шағы белгілі  бір іс – әрекеттің, тағы бір өткен шақтағы іс – әрекеттің басталар кезінде болғанын, созыла аяқталғанын көрсету үшін қолданылады: Мысалы, My son looked very tired when he came home as he had been playing football - Ұлым үйге келгенде өте шаршап, тұрған еді, өйткені ол футбол ойнап келген болатын. (ол үйге келгенше, біршама уақыт бойы, футбол ойнаған еді).   

21 - кестеге сүйенетін болсақ, ағылшын тіліндегі өткен шақ формасын қазақ тіліне аударғанда, мағынасы өзгермей өткен шақ мағынасында қалғанын байқай аласыздар.

Кесте – 21

The Past  Perfect Progressive шағын қазақ тілі шақ формасымен

салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. I had been working for two hours, when my brother came.

1. Ағам келгенде, жұмыс істегеніме екі сағат болған (болды)

Жедел өткен  шақ

2. He felt tired as he had been playing football for several hours.

2. Ол бірнеше сағат футбол ойнағандвқтан, қатты шаршағанын сезінді.

Ауыспалы өткен  шақ

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі