Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 11:06, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде шетел тілін ана тіліне сүйене отырып, ана тілмен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда.
Зерттеу жұмысының тақырыбы. «Ағылшын және қазақ тілдеріңдегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі»
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл зерттеу қазіргі заманның талабы ретінде ағылшын тілінің етістік шақтары мен қазақ тілінің етістік шақтары арасындағы ерекшеліктерді табу, салыстырмалы талдау жасауды талап етеді.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ………………………….31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гузя Дипломная.doc

— 519.00 Кб (Скачать документ)

   3. The Future Indefinite (Simple) Tense - Жалпы (белгісіз) келер шақ.

II. Progressive (Continious) Tenses - Созылыңқы шақтар тобы үш шаққа     бөлінеді:

  1. The Present Progressive Tense – Созылыңқы (Нақ) осы шақ.
  2. The Past Progressive Tense - Созылыңқы өткен шақ. 
  3. The Future Progressive Tense - Созылыңқы келер шақ. 

III. Perfect Tenses - Аяқталған шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:

  1. The Present Perfect Tense – Аяқталған осы шақ.
  2. The Past Perfect Tense – Аяқталған өткен шақ. 
  3. The Future Perfect Tense – Аяқталған келер шақ.

IV. Perfect progressive (Continiuos) Tenses - Аяқталған созылыңқы шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:

  1. The Present Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы осы шақ.
  2. The Past Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы өткен шақ.
  3. The Future Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы келер шақ. [12, 79]   

Қазақ тіліндегі етістік шақтарын жеке - жеке қарастырайық. Ағылшын тілімен салыстырғандағы өзгешеліктерін қарастырайық:

  1. Өткен шақ.

  Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің  сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Базаралы жағынан жамандық күткен кісінің бірі осы Әзімбай болған (Әуезов). Орыс - Қазақ  балаларының арасындағы ырың - жырың ит - жығыстары аяқталғанша айлар өтіп кетіп еді (Мүсірепов). Сол жайды жанкүйер, жақындар арасында күйзеліп айтқан шақтарында еңкілдеп жылап та жіберетін (Ауезов). 

     Берілген мысалдардағы болған, өтіп кетіп еді, жылап та жіберетін деген етістіктер болу, өту, беру, жылау қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр. Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасымен мағыналық ерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.

    а) Жедел өткен шақ. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне – ды, - ді, - ты, - ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып , жіктеліп қолданылады. Нәргүл қолындағы көйлегін тастай беріп, шар айна алдында ұршықтай үйірілді (Райымқұлов). Қалмақтың қақты қара жорғасына, Айналды ақ алмастар қорғасынға (Жансүгіров). Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман (Абай).

     Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің тұлғаларына тікелей жалғанады. Әнші үш қайырмасын айтып тоқтайын деп еді, Базаралы тоқтаттырмады (Әуезов). Күрсініп сұлу бұрын көз тайғызды, Асықтық әлсіретті, лебі тартып (Байзақов).   Жедел өткен шақтың болымсыз түрі етістіктің   -ма, - ме, -ба, - бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жасалады.

Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп

бермедім (Абай).

     Төмендегі 3- кестеден көрінетіндей жіктік жалғаулары жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке ерекше түрде жалғанады:

Кесте – 3

Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі

жақ

жекеше

көпше

Ι

- м 

- қ, - к  

ΙΙ

- ң/ анайы  түрі

ңыз/ - іңіз/ сыпайы түрі 

-ндар, - ңдер/ анайы  түрі /

-ңыздар, -ңіздер /сыпайы түрі/   

ΙΙΙ

Жұрнағы жоқ, нөлдік тұлға

 - 


 

 ә) Бұрынғы өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді. Жортар осы ортаның қолбасы, батыры болған. Тыныштықты білмеген, барымта соғыс десе қолды- аяққа  тұрмайтын қызулы жас болыпты (Әуезов). Аттардың төртеуі де тұмарлаған, Мен айтқан сөзге шыдап тұра алмаған (Әзірбаев).

    Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.

     а)  Бұрынғы өткен шақ - ған,- ген, -қан, - кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Ту ұстап, тұлпар мініп, ел қорғауға, Азамат азамат па аттанбаған (Тоқмағанбетов). Ашынбай топқа енбеген, Алысқан сайын өрлеген, Айбынды бауырым Төлеген (Әбілев).[ 20, 18]

    Төмендегі 4- кестеде бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісінің бірінші жолы көрсетілген:

Кесте - 4

а) Бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің бірінші үлгісі.

жақ

жекеше

көпше

Ι

- мын/ -мін, -бын/ -бін, -пын/ -пін      

- быз/ біз,- мыз/- міз,- пыз/- піз

    

ΙΙ

- сың/ -сің

- сыз/ - сіз   

- сындар/- сіндер

- сыздар/- сіздер   

ΙΙΙ

 Жұрнағы жоқ, нөлдік тұлға

 

     ә) Бұрынғы өткен шақ етістікке көсемшенің – ып, - іп, - п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Ауылынан аттанып кеткен соң сыртымнан мені сұрапты (Жансүгіров). Баяғыда Мысыр елінің әрі ақылды, әрі әділ кедей- кепшікке қамқоршы бір сұлтаны дәурен кешіпті («Мың бір түн»).

       5- кестеге қарайтын болсақ, бұрынғы  өткен шақтың жіктелуінің екінші  түрін көруге болады: 

   Кесте - 5

  ә) Бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің екінші үлгісі

жақ

жекеше

көпше

Ι

- пын/- пін  

-пыз/ -піз 

ΙΙ

-сың/ -сің  

  - сындар/- сіндер

 

- сыз/ - сіз  

- сыздар/- сіздер   

ΙΙΙ

- ты, -ті 

-


 

     Бұрынғы өткен  шақтың күрделі түрі – ған/ - ген, - қан/  - кен тұлғалы есімшеге немесе  - ып, - іп, - п тұлғалы көсемшеге (еді) көмекші етістігінің  тіркесуі арқылы жасалады.Есімше түрінде  көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде ( еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі.Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен (Әуезов).Кеше кешқұрым едәуір қар жауып, таңға жақын басылған еді (Сәрсенбаев).Жиреншенің қайда екенін Ұлжан білмеп еді (Әуезов).

     6 – кестеде бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің күрделі түрінің үлгісі көрсетілген:

     Кесте  - 6 

       Бұрынғы өткен шақ күрделі  түрінің жіктелу үлгісі

жақ

жекеше 

көпше

Ι

оқыған едім (екенмін)

оқып едім

оқыған едік (екенбіз)

оқып едік

ΙΙ

оқыған едің (екенсін)

 

оқыған едініз

оқып едің

оқып едініз

оқыған едіңдер/

екеңсіндер

оқыған едіңіздер

оқып едіңдер

оқып едіңіздер

ΙΙΙ

оқыған еді/ екен/

оқып еді

оқыған еді/ екен/

оқып еді


 

      б) Ауыспалы өткен шақ. Ауыспалы өткен шақ есімшенің - атын/ - етін,

-йтын / - йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақтық, бірде келер шақтық мағынада қолданылады. Ол күйдің себепшісі  - бұл екеуінің аңшы інісі Шәке болатын(Әуезов). Есеней малымен, билігімен ғана айналысып жүре беретін (Нұршайықов).

      Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Бұдан бұрынғы кештерде сиырлардың алдынан әндеткен қыз - келіншектер де шығатын еді (Мұқанов).

     Ауыспалы  өткен шақтың болымсыз түрі  етістікке -ма,- ме, -ба, - бе, - па,

- пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: Олардың көпшілігі қала ішінде жөнін тауып жүре алмайтын (Мұқанов).

     Ал  ауыспалы келер шақ тікелей  жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады. Жадағай болған соң панасы болмайтын еді (Әуезов). Құдалыққа бүгін кешке баратын едік (« Ана тілі»).

      Ауыспалы өткен шақтың жіктелуін төмендегі 7 – кестеде көресетілген:

      Кесте - 7 

Ауыспалы  өткен шақтың жіктелу үлгісі.

жақ

жекеше

көпше

Ι

білетінмін

білетінбіз

ΙΙ

айтатынмын, айтатын  едім

білетінсің, айтатынсың, айтатын едің

білетінсіз, айтатынсыз, айтатын едіңіз

айтатынбыз, айтатын  едік

білетінсіңдер, айтатынсыңдар, айтатын едіңдер

білетінсіздер, айтатынсыздар,

айтатын едіңіздер

ΙΙΙ

білетін, айтатын, айтатын еді


 

     Есімшенің -атын/ -етін,- йтін/ - йтын түрінде тіркесіп, жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған етістіктің күрделі түрі бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсала береді. Оның шақтық мағынасы көбінесе ол етістікпен тіркескен басқа сөзден айқындалып тұрады.Бейсенбі жай сөйлесе де, үнемі қапысыз есеппен сөйлейтін (Әуезов). Олар тау басына бүгін шығатын (ауызекі тілден) Бірінші сөйлемде үнемі сөзінің негізінде сөйлеу қимылының болып кеткені байқалады (ауыспалы өткен шақ). Екінші сөйлемде бүгін сөзі арқылы шығу қимылының әлі болмағаны аңғарылады (ауыспалы келер шақ).

     Осы шақ

     Осы  шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты  қимылдың, іс - әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді. 

      Қыр басынан етекке қарай болат арқан тартып, он шақты жұмысшы жүр (Мұстафин). Ол төрт шананы үйіре тастап, үстіне қамыс жапқан, уақытша күркенің астында отырмыз (Сәрсенбаев). Елу басылар сары шымылдырықтың ар жағына қол созып жатыр (Әуезов).

      Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:

  1. Сөйлеп тұрған кездегі іс - әрекетті білдіреді. Жұрт ойынмен болып жатыр (Майлин).[26, 84]
  2.   Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс - әрекетті  көрсетеді. Арсыздық - ашыққаннан, ақсыздық - асыққаннан, пәмсіздік - масыққаннан шығады. («Аяз би»).

Басқа шақ түрлеріне  қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар. Ол қалып етістіктернің көмекші отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуын да, бұлар грамматикалаларда нақ осы шақ деп беріледі. Осыдан анық көрінетіндей, осы шақтың бұл түрі қазіргі кезде арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалмай, қалып етістіктерінің негізінде немесе көмекші етістік мәнінде жіктеліп келуінен (жіктелу шақ көрсеткіші емес) жасалады. Шақтық мән отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің өз семантикасында бар.

   Көне  кезде отыр – олтұрұр, тұр – тұрұр, жүр – жүрүр, жат – жатыр. Осы тұлғасын тек жатыр етістігі сақтап қалған. Сөз соңындағы - ұр, -үр қосымшасы процессуальдық мәнді, болып тұрған қимылды білдірген.

   Сөйтіп  қосымша түсіп қалса да, қосымша  білдіретін мағына түбірге ауысқан  қалып етістіктері (отыр, тұр, жатыр, жүр) осы күйінде шақ көрсеткіші де болып қалыптасқан. Сондықтан да қалып етістіктері тіліміздегі барлық етістіктерден өзгеше болып келеді. Әрі түбір етістіктер сияқты бұйрық райдың екінші жақ анайы жекеше түрімен сәйкес келеді: сен отыр, сен жүр, сен тұр, бірақ сен (жатыр емес) жат, әрі тікелей ешбір есімше, көсемше, шақ рай тұлғаларсыз - ақ қалып етістіктерінен жасалады да, ал тарихи тұрғыдан грамматикалық тұлғалары болған деген тұжырым жасауға болады.

   Осы шақтың түрлері. Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ немесе ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.

а)Нақ  осы шақ. Нақ осы шақ қимылдың, іс- әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.

Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Жарғақ шалбарының ызба бауы салбырап, жүресінен отыр (Мүсірепов). Оң жағымда ер жүрек комиссарым Мадияр жатыр (Момышұлы). Көрінгенді қарғап, ауылға бүйідей тиіп бәйбіше жүр (Майлин).[26, 56]

Белгілі жұрнақтардың жалғануымен жасалған нақ осы  шақтың жіктелуін төмендегі 8 - кестеден  көруге болады:

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі