Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 11:06, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде шетел тілін ана тіліне сүйене отырып, ана тілмен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда.
Зерттеу жұмысының тақырыбы. «Ағылшын және қазақ тілдеріңдегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі»
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл зерттеу қазіргі заманның талабы ретінде ағылшын тілінің етістік шақтары мен қазақ тілінің етістік шақтары арасындағы ерекшеліктерді табу, салыстырмалы талдау жасауды талап етеді.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ………………………….31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гузя Дипломная.doc

— 519.00 Кб (Скачать документ)

   Білім және Ғылым министрлігі

Еуразия Гуманитарлық Институты

Шетел тілдер кафедрасы

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

 

 

 

 

 

            Орындаған: Ғылыми жетекші:  

аға оқытушы ҚосжановаА.С.

ИЯСК  3 - 1 тобының студенті

 Байкенова Г.Е.

 

 

 

 

 

 

Астана - 2008 жыл

ЖОСПАР

Кіріспе …………………………………………………………………………....3

Ι  Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны

1.1  Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6

1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10

1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13

ΙΙ  Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28

2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ……………………………………………………………….....31

2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66 
ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  КІРІСПЕ

     Қазіргі кезде шетел тілін ана тіліне сүйене отырып, ана тілмен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда.

 Зерттеу жұмысының тақырыбы. «Ағылшын және қазақ тілдеріңдегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі»

  Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл зерттеу қазіргі заманның талабы ретінде ағылшын тілінің етістік шақтары мен қазақ тілінің етістік шақтары арасындағы ерекшеліктерді табу, салыстырмалы талдау жасауды талап етеді. Салыстырмалы тілдердің практикалық және теориялық денгейін жоғарылату арқылы, осы тілдерді меңгерту әдістерін жеңілдету жолдары зерттеледі. Салыстырмалы тілдердегі етістік шақтарын теориялық және практикалық тұрғыда салыстыру барысында жеке – жеке айырмашылықтарын нақтылап көрсетпеген.Мол себептен ағылшын және қазақ тілднріндегі етістік шақтары тереңнен, кең ауқымды зерттеуді талап етеді. Бұлайша зерттеу ана тіліміздің ағылшын тілдері жүйесіндегі орнын белгілеуге, жекелеген морфологиялық көрсеткіштердің  өзгеру тетігін, сол арқылы тілдің грамматикалық құрылысының даму үрдісін айқындауға себін тигізеді.

Зерттеудің  нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны – ағылшын және қазақ тілдерінің шақ категорияларын салыстырмалы түрде талдау.

Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – ағылшын тіліндегі етістік шақтарының қазақ тіліндегі етістік шақтарымен салыстыру арқылы, олардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарды табу. Етістіктің негізгі тақырыптық түсінігін ағылшын және қазақ тілдерінде салыстыра отырып көрсету.

Зерттеудің  міндеттері. Зерттеудің аталған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

- етістіктердің шығу тарихына, жазған филологиялық ғалымдардың жұмыстарына, зерттеулеріне назар аудару.

-   қазақ тіліндегі етістік мағынасының әр түрлі қалыптасқан тұжырымдарға

шолу жасау  және жеке мәселелерге зерттеу нысанына қатысты өз пікірімізді

білдіру;

-   етістік шақтарының және олардың ағылшын тілі мен айырмашылығын салыстыру арқылы, ерекшеліктеріне тоқталу;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

- «Сөздіктегі» етістік түгелдей дерлік талдауға түсіріліп, олардың лексика – грамматикалық мәні анықталды; 

 -  ағылшын тіліндегі етістік тұлғаларының қазақ тілімен ортақ және айырым белгілері анықталды;

- ағылшын және  қазақ тілдеріндегі морфология  ұғымының шығу тегі, қалыптасу  жолдары анықталды;

- жұмыста тұңғыш  рет ағылшын және қазақ тілдеріндегі  шақ категорияларының морфологиялық  табиғаты, құрылымы арнайы зерттелді;

Зерттеудің  дереккөздері. Е. М. Арын «Қазақ тілі» энциклопедия Алматы, 1998; С. Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар» Алматы, 1992; Г.Рысбаева «Ағылшын тілі грамматикасы» Алматы, 2006 т.б. қазақ және ағылшын тілі грамматикалары.

Зерттеудің әдістері. Зерттеудің негізгі әдісі ретінде ағылшын тілі мен қазақ тілі арасындағы салыстырмалы әдісті таңдау, жұмыстың мақсаты мен міндетіне тікелей байланысты болды. Сондай - ақ, сипаттау қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту әдістері қолданады.

Жұмыстың  теориялық маңызы. Зерттеу материялдарын, ағылшын тілін қазақ тілімен байланыстырып оқытатын  арнаулы жалпы теориялық курстарға, оқулықтарға, салыстырмалы сөздіктер жасауға пайдалануға болады.

Жұмыстың практикалық маңызы.

Ағылшын және қазақ  тілдерінде оқитын арнулы курстарға  практикалық жағынан зерттеу  жұмысының нәтижелерін қазақ және ағылшын тілдерінің грамматикасына байланысты курстар, семинар сабақтары үшін, студенттердің дипломдық, курстық жұмыстары үшін көмекші құрал ретінде

пайдалануға болады. 

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы 60 беттен тұрады. Оның ішіне кіріспе, екі тарау, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша кіреді.

      

               

 

  

    

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының   грамматика саласында алатын орны

    1. Грамматика және оның саласы - морфология

     Тілдің  грамматикалық құрылысын тануда  да, оның негізгі мәселелерін  анықтауда да әрі таяныш, әрі нысана тұтатын негізгі грамматикалық ұғымдар бар. Бұл ұғымдарды ажыратпайынша тілдің грамматикалық құрылысының сыр - сипатын түсіну де,анықтау да қиын болады.

     Адам  өзара сөйлескенде жеке лексикалық  сөз арқылы білдіруге болмайтын  неше алуан мағыналардың бәрін де тек грамматикалық амал – тәсілдердің көмегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады. Ендеше грамматикалық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен қоса – қабат қолданылатын аса қажетті тәсілдер болып саналады.

      Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық әдіс – тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. [38, 10]

       Грамматика ғылымы  ( грек. Grammatike ( techne ) – әуел бастан әріптерді оқи алу және жаза білу өнері, gramma  - әріп деген ұғымды білдіреді. Тілдің грамматикалық құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін грамматикалық тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір – бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрылысын, сөздердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

       Қазақ тілінің алғашқы грамматикалары ХΙХ ғасырдың екінші жартысынан орыс тілінде жарық көрді. Олар: ТерентьевМ.,Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская, СПб.,1875; МелиоранскийП.М., Краткая грамматика казак - киргизского языка, фонетика и этимология, ч. Ι.,1894, ч. ΙΙ., 1897 т.б. еңбектері жарық көрген. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. [8, 83]

 Морфология - сөз  және оның формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы қарым – қатынасқа түседі де, әлденеше қилы өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке - жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топ – топтың әр қайсысына тән жалпы грамматикалық сыр – сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалады, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр – сипаттары ашылады. Осындай талдаулардың нәтижесінде сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелері, сөздің бөлшектнуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады – деп ғалым Ысқақов Ахмеди айтса, [38, 10] М.Ә. Қараевтың еңбектерінде «Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін, олардың мағыналары мен қызметтерін талдайды. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әр - қилы қарым - қатынасқа түседі де, түрлі өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады» -  делінген.    

     Әрбір сөздің өзіне тән тұлғасы бар. Сол тұлға арқасында әр бір сөз бір бүтін жиын ретінде қызмет етеді. Сөздің құрамының әр түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Сөздер кейде түбір қалпында қолданылса, кейде оларға түрлі қосымшалар жалғану арқылы жұмсалады. [22, 71]

     Морфология  сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін  олардың мағыналары мен қызметтерін  талдайды.

     Морфология  сөзді оқшау қарамайды, оны басқа сөздермен байланыстырып  қарастырады, олардың қарым – қатынасын анықтайды. Бірақ морфология сөздерді, олардың қарым – қатынастарын сол тілдің жүйесінің қалыпты бір көрінісі, бөлшегі ретінде талдап, оларды бір – бірімен ұштастырып қарайды. Өйткені сөзден сөз тудыру, сөзді түрлендіріп өзгерту, сөз бен сөзді жалғастыру сияқты амал - тәсілдер - әрі әбден қалыптасып орныққан, әрі үнемі қолданылатын дағдылы, жүйелі құбылыстар. Сол себептен морфология тіліміздегі әрбір жұрнақты, әрбір жалғауды я болмаса басқа бір морфологиялық құбылысты және олардың әрқайсысының формасын тілдің жүйесімен байланысты, сол жүйеден тарайтын және сол жүйеге барып қосылатын заңды құбылыс деп қарайды.

    Морфология  сөздің формасын да тексереді. Ал сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым сөзден сөз тудыратын, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдерді де, сондай - ақ сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды. [38, 11]    

          Егер морфология сөзін тереңнен талдап көретін болсақ , ( грек. Morf – түр, тұлға, logos – сөз, ілім) дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін  тіл ғылымының бір саласы. Морфологияның негізгі материялы – морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық  ( тарихи даму ) – синхрондық ( қазіргі кездегі ) көрінісімен де зерттейді.

Морфология  сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау  мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен  де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында  ғана анықталатын болғандықтан сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика – грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды. Қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық тұрғыдан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер де, күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер.

Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі - сөздерді белгілі бір сөз таптарына  тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30 -  жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А.Ысқақов болған. [8, 280] Ал 40 - 50 - жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми – зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде көптеген көлемді еңбектер жарыққа шығады. І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған «Қазақ тілі грамматикасы» мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған «Қазақ тілі» (1948) және жоғары оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі» (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған М.Балақаевтың «Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері», А.Ысқақовтың «Қазақ тіліндегі үстеулер», Ғ. Мұсабаевтың «Сын есімнің шырайлары», Ә. Хасеновтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер», Р.Әміровтың «Қазақ тіліндегі шылаулар», Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тіліндегі одағайлар» т.б. зерттеулерін айтуға болады.

60 - жылдары мұндай еңбектер  саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағыда, көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер» (1960); Ж. Шакеновтың «Қазақ тіліндегі сын есім категориясы» (1961) т.б. болды. [8, 281]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы

       Етістік - тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика – семантикалық сипатымен, бай лексика -  грамматикалық формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.

      Етістіктің лексика – семантикалық сипатының мейлінше өрісті болатын себебі - ол  семантика тек субъектінің іс – әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракты ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның түр – түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады.

      Етістіктің лексика – грамматикалық формаларының бай болатын себебі – ол формалар амал – әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту сипатын, яғни бағыты, қарқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, демек, етістік формалары осы және олардан өзге әр түрлі құбылыстардың көрсеткіштері есебінде қызмет етеді. Бұлардың үстіне, етістіктен етістік тудыратын, есімнен етістік тудыратын синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі нұсқаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз табы форма жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі. Шынында да, форма байлығы жағынан етістікке өзге бірдебір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай саналатын зат есімнің өзі бара – бара түсе алмайды.

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі