Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 11:06, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде шетел тілін ана тіліне сүйене отырып, ана тілмен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда.
Зерттеу жұмысының тақырыбы. «Ағылшын және қазақ тілдеріңдегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі»
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл зерттеу қазіргі заманның талабы ретінде ағылшын тілінің етістік шақтары мен қазақ тілінің етістік шақтары арасындағы ерекшеліктерді табу, салыстырмалы талдау жасауды талап етеді.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ………………………….31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гузя Дипломная.doc

— 519.00 Кб (Скачать документ)

     Етістіктің лексика – семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексика – семантикалық, лексика – грамматикалық және грамматикалық категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мысалы, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қата, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе - жүйе категориялар  - етістктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс еңгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақтылық және салттық категориялары да бар. Бұлар етістіктің нағыз грамматикалық сипаттарының белгілі көрсеткіштері делініп есептелінеді – деп Ысқақов Ахмеди етістікті сипаттаған болса [38,222] ғалым С. Арпабековтың «фонетика, лексика, морфология, синтаксис» деген оқулығында, «етістік - заттың қимылын, іс - әрекетін күй жайын білдіретін сөз табы» - деп қысқа ереже берсе. [7,45] Ал Қазақ тілі энциклопедиясында Е.М. Арын етістік сөзінің мағынасын тереңінен ашып әрі кең ауқымда зерттеген. Егер осы зерттеуге сүйеніп қарайтын болсақ, онда «етістік -  қазақ тіліндегі негізгі сөз таптарының бірі.  Оның өзіндік ерекшеліктері мол: семантикалық сипаты сан алуан, грамматикалық қасиеті әр жақты, түрлену жүйесі мен грамматикалық категориялары әр қилы, синтаксистік қызметі мен тіркесу, басқа сөзбен байланысу қабілеті өте кең, құрамы мен құрылысы қат – қабат. Семантикалық жағынан етістік табиғат пен жаратылыс шеңберінде, қоғамдық өмірде адамның абстракты ойы мен санасында пайда бола алатын алуан түрлі қимыл, іс – әрекет, қозғалыс, амал, қалып, жай – күй, ойлау, сөйлеу, көру, есту, бағыт - бағдар беру бейнелеу т.б. процестерге қатысты ұғымдарды білдіреді»  -  деп түсінуге болады. [8, 121]

     Ал ағылшын тіліндегі етістік мағынасын қазақ тіліндегі етістікпен салыстырып көрейік:

Сөз таптарының бірі – етістік ( the Verb ) заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөз табын етістік деп  Г. Рысбаеваның Ағылшын тілі грамматикасында осылай деп көрсетілген болса, [ 35, 73]  онда З. Баданбекқызының Ағылшын тілі оқулығына сүйенетін болсақ, Ағылшын тілінің етістігін қазақ тілімен салыстыра отырып, былай деп көрсеткен: «Етістік заттың, құбылыстың – әрекетән білдіретін сөз табы. Етістік ағылшын тілі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі, қолданыс аясы кең, аса бай грамматикалық категория. Етістік қазақ тілінде жақтарға, шақтарға байланысты не істейді? Не істеп жатыр? Не қылды? т.б.  сияқты сұрақтарға жауап берсе, ағылшын тілінде де шақтарға, жақтарға байланысты What does (He, she, it(smb.) do? What do I, we, you, they do? What did I, we, you, they, he, she do? тағы басқа сұрақтарға жауап береді, деп З.Баданбекқызы ашып көрсеткен болатын.Атап айтар болсақ әрине қазақ тілі болсын не ағылшын тілі болсын тілдің негізгі грамматикалық ұғымдары зерттелінген. [ 11, 76]

    Т.М.     Жималенкованың еңбегіне сүйенетін болсақ , онда «етістік – ол іс – қимылды, әрекетті білдіретін сөз таптарының бірі» - деп қысқа әрі нақты етіп көрсетсе[ 15, 89], біз нақты әрі түсінікті етіп айтқанын Ю.С. Масловтың еңбектерінен байқай аламыз. Масловтың айтуы бойынша «етістік сөз таптары ретінде, грамматикалық мағынаны тереңнен аша отырып уақыт немесе мезгіл белгісінің динамикалық түрде, ағып қозғалыста болуын білдіреді» [5, 35] - дегендей, яғни осы айтылған ғалымдарға сүйене отырып, етістік туралы өзімізге мынадай түсінік қалыптасты яғни « етістік -  іс – қимыл, мезгіл, уақыт қозғалысын білдіретін грамматика саласындағы сөз таптарының бірі»  Сол себептен етістік формаларының сыр - сипаттарын бір - біріне байланыстырмай, алды - алдына талдау, қашан да болсын , ағат болмақшы деп түйіндейміз.

 

 

   

 

 

 

 

 

       2.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы.

  Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы деп айтылу себебі , ағылшын тілі етістігі әр шақта өзіне тән ерекшеліктер арқылы ғана қолданылады. Енді біз ағылшын тіліндегі етістік шақтарын жеке – жеке қарастырайық:

    The Present Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Етістіктің жалпы осы шағының болымды түрі to демеулігінсіз үш жақта да жіктелетін негізгі етістіктерден жасалады:

 

 I Speak

You speak

He speaks

She speaks

We speak

You speak

They speak

Мен сөйлеймін

Сіз сөйлейсіз

Ол сөйлейді

Ол сөйлейді

Біз сөйлейміз

Сіздер сөйлейсіздер

Олар сөйлейді

 

The present simple шағында етістікке үшінші жақта, жекеше түрде  - s, - es жалғаулары жалғанады:

     My daughter studies at the University – Менің қызым Университетте оқиды. 

My friend reds cables in the morning – Менің досым жеделхаттарды таңертең оқиды.

- s, - es жалғауларының жазылу тәртібі

3 – жақта жекеше түрдегі етістікке жалғанатын - s, - es жалғауларының жалғануы және жазылуы инфинитивтің (тұйық етістіктің) соңғы әрпіне байланысты болады:

  1. Егер инфинитив у – әрпіне аяқталып, оның алдында дауысты тұрса және сөз ұяң немесе қатаң дауыссызға немесе оқылмайтын –е әрпіне аяқталса, онда – s  - жалғауы жалғанады. to play -  plays, to spend – spends, to meet - meets etc.
  2. Егер дауысты – о немесе дауыссыз – sh, - ss,-x, - ch, - tch әріптерімен,

әріп тіркестеріне аяқталса, онда  - es жалғанады:

to go – goes

 to wash – washes

to pass – passes etc.

  1. Ағылшын тілінде жалпы осы шақта seldom – сирек, often – жиі,   always – әрқашан, ылғи,  sometimes – кейде,  never – ешқашан,  usually – әдетте, generally  - жалпы алғанда, ережеге сай деген сияқты үстеулер қолданылады. Saulet usually comes to school early, She sometimes writes poems.
  2. Етістіктің бұл шағының болымсыз түрі do көмекші етістігінен , ал үшінші жақтың жекеше түрінде does  көмекші етістігінен кейін келетін not болымсыз демеулігімен және to демеулігінсіз негізгі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады:

Do

          not  + V (infinitive)

Does              

 

He does not study at the University – Ол университете оқымайды.

You do not know him – Сіз  оны білмейсіз.

Қысқарған түрі: do not – don’t, does not – doesn’t

Бұл шақтағы сөйлемнің жалпы сұраулы түрі do, ал ΙΙΙ – жақ жекеше түрде does көмекші етістігінің бастауыштың алдында келуі және одан кейін келетін  to демеулігінсіз негізгі етістіктен жасалады: Do you go to the theatre?  - Сіз театрға барасыз ба? Does he recommend you to see a performance at the theatre? – Ол сізге театрдан қойылымды көруге ұсыныс жасай ма?  Do they live here?  - Олар осында тұра ма?

Past Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Бұл шақтағы етістіктердің (regular – дұрыс, irregular – бұрыс) болымды түрінің жасалуының екі жолы бар.

Regular verbs – Дұрыс етістіктер

Дұрыс етістіктің өткен шақ формасында етістікке – ed, - d жұрнағы жалғанады, ол Past Participle, өткен шақ есімшеге де сәйкес келеді. He stayed at home – Ол өткен түнде үйде қалды. My parents arrived in Britain yesterday

– Менің ата – анам Британияға кеше келді.

Етістіктерге – ed, - d жұрнақтары жалғанғанда төмендегі оқу ережесін есте сақтаған жөн:

а) егер сөз  - d - дан  басқа ұяң дауыссызға және дауыстыға аяқталса , онда – ed, - d [d] болып оқылады:

lived  [‘livd]

stayed [steid]

opened [‘oupәnd]

ә) егер сөз – t, - d дауыссыздарыеа аяқталса, онда ed [d] болып оқылады:

lasted [‘la:stid]

wanted [ ‘wontid]

б) егер сөз қатаң дауысызға аяқталса, онда [t] болып оқылады:

worked [‘wә:kt]

helped [‘ helpt]

Етістіктерге – ed, - d жұрнақтары жалғанғанда сөздердің төмендегі жазылу ережесін білу қажет:

а) егер етістік соңы оқылмайтын – е әрпіне аяқталса, оған тек  - d жұрнағы жалғанады:

to live – lived

to love – loved

to like – liked

ә) егер етістік у- әрпіне аяқталып, оның алдында дауысты келсе, у- өзгермейді:

to play – played

to stay – stayed

to enjoy – enjoyed

б) егер етістік  у- әрпіне аяқталып, оның алдында дауыссыз тұрса, у - і  - ға өзгереді:

to study – studied

to defy – defied

to fry - fried          

Irregular verbs – Бұрыс етістіктер 

Кейбір етістіктердің өткен шақ (Past Simple) формасын сөздегі дауыстылардың алмасуы, сөздің түбегейлі өзгеруі арқылы жасалады да, бұлар бұрыс етістіктер деп аталады: 

to see – saw

to go - went 

to write - wrote  

to bring - brought

to eat - ate

 Ағылшын тілінде жалпы өткен шақта етістіктер жаққа, түрге жіктелінгенімен, өзгермейді. Ал қазақ тілінде етістіктер өткен шақта түрленеді, жекеше, көпше түрлерге бөлінеді.

 

I

saw, went

saw, went

saw, went

saw, went

saw, went

saw, went

Мен көрдім, кеттім

You

Сіз көрдіңіз, кеттіңіз

He,she,it

Ол көрді, кетті

We

Біз көрдік, кеттік

You

Сіздер көрдіңіздер, кеттіңіздер

They

Олар көрді, кетті


Сөйлемнің болымсыз түрі көмекші Did және болымсыз not демеулігі жекеше, көпше түрде де, барлық жақтар үшін негізгі етістіктің алдында келуі арқылы жасалады:

Did not + V (infinitive)

I

  did not work

(didn’t work)

does not work

Мен жұмыс істемедім

You

Сіз жұмыс істемедіңіз

He,She, It

Ол жұмыс  істемеді

We

 

did not work

Біз жұмыс істемедік

You

Сіздер жұмыс  істемедіңіздер

They

Олар жұмыс  істемеді


    Сөйлемнің жалпы сұраулы түрі, жекеше, көпше түрде де, барлық жақтар үшін бастауыштың алдынан келетін did көмекші етістігімен, ал бастауыштан кейін келетін негізгі етістк to демеулігінсіз қолданылады:

Did

Did

Did

Did

Did

Did

I

work?

work?

work?

work?

work?

work?

Мен жұмыс істедім  бе?

You

Сіз жұмыс істедіңіз  бе?

He,She, It

Олар жұмыс  істеді ме?

We

Біз жұмыс істедік  пе?

You

Сіздер жұмыс  істедіңіздер ме?

They

Олар жұмыс  істеді ме?


    The Future Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы  түрінде қолданылуы. Ағылшын тіліндегі   The Future Simple, жалпы келер шақ Ι жақтағы жекеше және көпше түрдегі shall көмекші етістігінен, ал басқа жақтар үшін will көмекші етістігі мен негізгі тұйық етістіктің to демеулігінсіз жасалады:

We shall be busy tomorrow – Ертең менің қолым тимейді

The waiter will bring the menu – Даяшы ас мәзірін әкеледі

He will have milk before going to bed – Ол ұйықтар алдында сүт ішеді Қысқарған түрі:  shall/ will =’ll

    Бұл шақтың болымсыз түрі shall, will көмекші етістіктерінен кейін келетін not болымсыз демеулігінен жасалады.

We shall not stay at home on holiday – Біз демалыста үйде болмаймыз

My son will not study at school – Менің ұлым мектепте оқымайды

I shall not go home tomorrow – Мен ертең үйге бармаймын

Қысқарған түрі: shall not = shan’t, will not = won’t

    Етістіктің бұл шағының жалпы сұраулы сөйлемі shall, will көмекші етістіктері бастауыштың алдынан келуі арқылы жасалады:

Shall we stay at home on holiday – Демалыста біз үйде боламыз ба?

Will he go to France – Ол Францияға бара ма?

   The Present Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы 

түрінде қолданылуы. Бұл шақтың болымды түрі көмекші to be етістігінің

 жалпы осы шақ  (Present Simple) түрлері мен негізгі етістіктің осы шақ есімше  (Present Participle) түрінен жасалады:

to be + Present Participle (V + ing) = am, is, are + Present Participle

I am writing – Мен жазып отырмын

You are speaking – Сіздер сөйлесіп отырсыздар

He is standing near the window – Ол терезенің жанында тұр

      Етістіктің бұл шағының болымсыз түрі to be етістігінің жалпы осы шақтағы түрлері мен  not демеулігінің тіркесуі арқылы және негізгі етістіктің осы шақ есімше түрінен жасалады:

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі