Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 11:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік қызметінің өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық – стильдік жақтан саралану үрдісі тереңдей түсті. Жалпыхалықтық тілдің өзге түрлеріне қарағанда әдеби тіл жетекші сипатқа ие болды. Осымен байланысты әдеби тілдің дәстүрлі нормалары беки түсті.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................3-15
І. ЛЕКСИКАЛЫҚ ДИАЛЕКТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАРҒА ҚАТЫСЫ .............................................................................................................16-24
1.1. Түбірлі диалектизмдер
1.2. Тіркесті диалектизмдер
1.3. Семантикалық диалектизмдер
1.4. Лексика – фонетикалық диалектизмдер
1.5. Сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер
ІІ. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР............................................................25-50
2.1. Заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер.
2.1.1. Үй – жай, қора – қопсы, бау – шарбаққа байланысты сөздер.
2.1.1.1. Үй – жай, баспана түрлері, оның бөлшектері.
2.1.1.2. Киіз үй, оның түрлері, жабдықтары.
2.1.1.3. Қора – қопсы, бау – шарбақ түрлері.
2.1.2. Көрпе – төсек, киім – кешекке байланысты сөздер.
2.1.3. Ыдыс – аяқ атауларына байланысты сөздер.
2.1.4. Тағам атауларына байланысты сөздер.
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................51-53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................53-56
ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН АТАУЛАР..............................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.раб. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР.doc

— 349.00 Кб (Скачать документ)

Белбеу матадан жасалған түрі. Мұны Оралда белбуар дейді.

Кемер белдік күмістеген, әшекейленген жалпақ белдік.

Белдік қайыстан жасалған түрі.

Мойынорағыш мойын орайтын орағыш. Мұның бөкебай (Қар., Көкш., Қост.), мойынша (Қост.), мойыншалғы (Қ.Орда), мойыншарқай (Орын.), мойыншұлық (Орал.), шалма (Ақт.), тәрізді баламалары бар.

Қолғап қолға киетін киім. Мұны Гурьев, Қостанайда қолбақ, биалай деп атайды.

Мәсі бір-ақ ұлтанды аяқ киім.

Четік мәсінің түрі. Мәсі құсап тігіледі. Четік ішінде ішке тартар ұлтаны, сыртында ұлтаны болады. Четік сыртына бір қабат ұлтан салады.

Балдақ шымылдықтың бауын өткізетін жер. Семей, Шығыс Қазақстанда қашаға сөзі қолданылады.

Желбірек шымылдықтың желбіршегі, жоғарғы бөлігі. Мұның желбіреуік (Көкш., Қ.Орда, МХР), желбіршек (±ост.), жалпылдақ (Жамб.)

Терезе перде бұны Оралда жабын, Жамбылда желпілшек, Орынборда шаршау деп атайды.

Қарақасқа асыл мата. Келген қонақтарына қарақасқадан сарпай кигізіпті.

 

3.3. Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер

 

Жетісуда қолданылатын ыдыс-аяқ атауларының біразы әдеби тілдегідей, соған сай болып келумен қатар, ол сөздерді қазақ тілінің кейбір сөйленістерімен салыстырғанда, ол жерде өзгеше айтылып, ерекшелік болып танылатынын атауға болады. Мысалы: Жетісуда шелектің тұтқасы деп атаса, Қызылордада баулық, Гурьевте сулық; шелектің түп жағындағы шығып тұрған жерін жиек десе, оның орнына Оралда қазиек; ыдыс-аяқ орнына Қарағандыда аяқ-шанақ, Қарақалпақстанда қазан-табақ сөздері қолданылады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Ыдыс-аяқтардың жасалатын материалына қарағанда түрлі-түрлі болып келеді. Олардың темірден, ағаштан, тал т.б. тоқып жасалған түрі, жіптен, матадан, теріден, қыштан, балшықтан, мал терісі мен қарнынан жасалған түрлері бар. Олардың кейбіреуі сұйық заттар құюға, кейбіреуі құрғақ заттар салуға, ал қалғандары ыдыс-аяқ т.б. салуға арналған. Лексиканың бұл тобындағы сөздер қап, аяқ-табақ, кесе, шыны, қазан, таба, шелек, ожау, шөміш, шәугім, шәйнек, құмған, шылапшын, елек, самаурын, шамның түрлері және олардың бөліктерінің атаулары бойынша баяндалады.

Ыдыстардың ішінде құрғақ нәрселер салатындары да бар. Ондай зат атаулары төмендегіше:

Абдыра үлкен ағаш сандық. Мұны кей жерлерде әбдіре кеусандық (Қ-Орда, Қарақ.) тайсандық (Ақт.) дейдї.

Кебете ыдыс-аяқ қоятын жәшік.

Қапшық ақша салатын ыдыс. Бұның бүктеме (Сем.), күмәжнік (Көкш.), әмшен (Қ.Орда, Ш.Қаз., Қар., Орал) демілше екі үш пұттық қап. Бұны Жамбылда делше деп атайды.

Кірқалта жуған кір т.б. заттар салатын қалта.

Қолдорба сырты шүберекпен безендірілген іші киіз, айна, тарақ, шүберек т.б. салатын ыдыс. Оның құсқалта (Қ.Орда), текше (Орын.) керме (Гур., Орын.), кереғап (Сем.), кереқап (Ақт.), керқалта (Жамб.), кербақша (Қ.Орда, Қост.).

Сабет // сәбет талдан тоқылған ыдыс. Оны кей жерлерде қорап (Көкш.), себет (Түрікм., Қарақ., Қ.Орда, Ақт.) деп атайды.

Аяққап ыдыс-аяқ салатын қап.

Қанар он пудтық үлкен қап. Түрікменстанда шуал деп атайды.

Қап қанардан кішілеу қап. Оны кей жерлерде қалта.

Екенше кіші-гірім қап. Мұны кей жерлерде күдәй (Ш.Қаз.), тайшұнақ (Ш.Қаз.).

Шанаш теріден жасалған ыдыс.

Жарғақ жұқа теріден жасалған ыдыс.

Сыпыра ұн елегенде, нан жайғанда астына төселетін теріден, клеенкадан жасаған дастарқан.

Дастарқан үстіне ас, тағам қою үшін жайылатын мата. Бұны кей жерде асжаулық (Көкш., Cем., МХР), жайма (Қост.) деп атайды.

Сүлгі қол сүртетін орамал.

Зерттеліп отырған үңірде аяқ-табақтың түрлерінен астау (ас салатын ағаштан ойып жасаған үлкен табақ), тегеш (ас, су құятын үлкен шұңғыл ыдыс), тегене (қымыз, сүт құятын, тағам салатын үлкен шұңғыл ыдыс), тақсы (құм тектес заттан жасалған табақ), табақ оның жайпақ табақ, шұңғыл табақ деген түрлері, шара (үлкен ағаш ыдыс), тостаған (ағаштан ойып жасаған кішілеу дөңгелек ыдыс), кіші тостаған т.б. Осы келтірілген атаулардың қазақ сөйленістерінде әр түрлі аталатынына мысал ретінде кейбір сөздерді салыстырып көрейік. Табақ орнына жам (Шымк.), тегене орнына керсен (Шымк., Қ.Орда, Қост.), сама (Қ.Орда, Түр.), кішкене тостаған орнына көзгелдек (Орал, Гур., Түрікм., МХР), көзгентай (Қара.), көзей (Ақт.), көзе (Қ.Орда, Шымк.), көзенек (Гур.), көзілдірік (Түркм.); жайпақ табақ орнына ләккі табақ (Қарақ.), тегеш орнына тепен (Қост.) сөздерінің қолданылуын айтуға болады.

Шай ішетін ыдыстардан шыны (шай ішетін кесе), ақпар (үлкен кесе), шыныаяқ қолданылады. Бұлардың аттары да әр жерде әр түрлі. Шыныны пиала (Жамб.), кәсе (Сем., Ш.Қаз., МХР), сапал (Шымк., Қост.) ақпарды жанан (Жамб.), аяқ шыны (МХР), кәрден кесе (Жезқ.), кілә кесе (Түрікм.), летр кесе (Көкш.), лауабы кесе (Түрікм.), тай кесе (Ақт.), сапар кесе (Қ.Орда), түйе кесе (Орын.), шыныаяқты тікаяқ (Түрікм.), тастабақ (түр.), құлынды шыныаяқ (Ш.Қаз.), құлақшын (Сем.) деп атайды.

Дас кір жуатын леген, шылапшын.

Елеген кір жуатын шылапшын. Басқа жерлерде бұны жам (Шым., Қ.Орда), керсен (Шымк.) деп атайды.

Кірлен кір жуатын шылапшын.

Кірші кір жуатын шылапшын, леген. Бұны қалбыр (Жамб., Қ.Орда) деп те атайды.

Дегер кір жуатын ыдыс, шылапшын.

Шылапшын қол жуатын, кір жуатын ыдыс. Бұның ләген (С.Қаз), ләгөн (Тәж., Ақт., Орын.), чылаужын // чіләужін (Жамб.) деген баламалары бар.

Елгезер ұн елейтін елеуіш. Мұны елен (Жамб., Орал, Ақт., Шымк.), елемен (Түр.), елеуіш деп те атайды.

Шайқауыш ұн елейтін елеуіш.

Кәспен електің, емеуіштің дөңгелек шеңбері.

Өшірткі // төңкерме самаурынның түтін өшіргіші. Қазақ тілінің сөйленістерінде мұның бұқтырма, бүркеншек, қақпақ, қалпақ тәрізді толып жатқан баламалары бар.

Пәтнос самаурынның астына қоятын поднос. Мұны жезтаба (Көкш., Ақт., Орал), лаги (Орын.), таған (Қ.Орда) деп әртүрлі атайды.

Кемпірке аққұман қою үшін самаурынның оттығына кигізетін бөлігі.

Керней самаурынның оттығына кигізетін труба.

Шынтақ керней иіні. Мұны қисық керней (Жамб.) деп те атайды.

Чиша май шамның шынысы, лампасы. Мұның да қурай, қуық, қағанақ, пөзір тәрізді баламалары бар.

Соқыр шам лампасыз шам. Мұның жайдақ шам, сыңсима, жайдақ шыра тәрізді аттары кездеседі.

Бақауыз шамның шілтері, лампаны кигізетін жері.

Тәпкі темір кепсер, тесік ожау.

Кепсер тесік ожау, нан сүзгіш, бауырсаІ сүзгіш, темірден жайпақтау етіп жасаған ожау.

Чөміш ожау. Мұның бақыраш (Орал, Ақт.) деген аты да бар.

Чөміш қабақ қабақты қайнатып, содан жасаған ожау.

Қолбақыр темірден жасалған үлкен ожау. Оның бақыраш, қолбақыраш (Өзб.), түйетабан (Қост.) тәрізді атаулары да бар. Қасықтың ас қасық, шай қасық, бас қасық (бұл Гурьевте ши қасық) тәрізді аттары айтылады.

Тапа // көмбеш // көмбе қазан нан пісіретін таба.

Ақшәйнек шай шығаратын ыдыс, аққұман.

Шәйнек шай шығаратын аққұман.

Шәрім су қайнататын сиымдылығы екі-үш литрлік ыдыс.

Қасқаша мойны ұзын жез құман.

Етір құмыра, құмған.

Құмыра қыштан жасалған ыдыс.

Құмғ¦ан шойын құман.

Кіреңке саз балшықтан істелген құмыра.

 

3.4. Тағам атауларына байланысты сөздер

 

Тағам атауларын тақырыпшада майдың түрлері, сусындар, сүт тағамдары, еттен жасалған тағамдар, көже түрлері, нанның түрлері беріледі.

Су май өсімдік майы.

Қайырған май тортасын айырған май. Жамбылда - тұшытқан май.

Торта майды қайнатқаннан қалған қоқымы. Жамбылда – шөбере.

Атала ұннан жасалған көже түрі.

Ашымал бидай, тарыдан ашытып жасаған сусын тамақ. Жамбылда - ашымық, Гурьевте - қымыран.

Шалап айранға су қосып сұйылтып жасаған сусын.

Ботқа тары, талқаннан жасаған қою тамақ.

Нан көже қамырды жайып, үлкендеу етіп кесіп немесе шетінен жұлып-жұлып алып салып жасаған тамақ.

Кеспе // кеспе көже қамырды жайып, әдемілеп кесіп жасаған тамақ. Бұны кей жерлерде салма көже (Жезқ.) деп атайды.

Сүт көже сүтке пісірілген тамақ, көже. Қостанайда – төп көже. Гурьев пен Қостанайда сүмесін, Көкшетауда қымыран дейді.

Тары көже тарыдан жасалған көже. Шымкентте - мас көже.

Жүгері көже жүгеріден жасалған көже, тағам. Шымкентте - мекей көже.

Қара көже талқанды суға қайнатып жасаған көже. Бұдан басқа да көженің бидай көже, арпа көже, күріш көже тәрізді түрлері бар.

Еріп 1. қымыздың мес түбінде қалған қоюы, іртігі. 2. сарымайды қайнатқанда түбінде қалған қалдығы.

Көпіршік сүтке сүт құйғанда пайда болатын көпіріндісі. Мұны епіршік (Қ.Орда, Түрікм.) деп те атайды.

Қою сүт иінді сүт, сиырдың екінші сауған с¤ті.

Көк сүт бұзаулаған сиырдың алғашқы сүті я майы ажыратылған сүт.

Жібінді сүт ақырғы рет иіріп сауып алған сүт, қою сүт.

Кілегей шикі сүттің бетінде тұрған маңызы.

Қатық айранның сүзбесі, дорбаға салып сүзгенде, суы кетіп қалған қоюы.

Ақ сорпа айран немесе құрт езіндісі қосылған сорпа.

Шұбат түйе қымыз. Бұның шуал (Жамб.), қымыран (Шымк.), қима (Жамб.) аттары бар.

Ақ құрт майын алмаған сүттен жасаған құрт.

Ежігей ірімшік пен қатықты қосып илеп жасаған т¤рі.

Сықпа құрт қолмен сығып жасаған құрт түрі.

Күлпе құрт дөңгелек құрт.

Малта езген құрттың езілмей қалған ұсағы.

өркіт көбіге май піскен соң содан қалған сұйығы.

Сарысу ірімшікті қайнатқандағы қалған суы. Сарысуды қатырады.

Қазан-жаппа қазанға пісірген нан.

Көмбеқазан табаға пісірілген нан.

Тапа нан табаға пісірілген нан.

Көмбе отқа көміп пісірген нан.

Күлше 1. тандырға пісірген күлше нан; 2. дөңгелектеу етіп пісірген кішкене қалыңдау нан; 3. отқа көміп пісірген нан.

Зуала жаю үшін не нан пісіруге дайындалған қамырдың бөлігі.

Жайма нан етке салатын нан. Еттің жайма нанын дайында.

Тоқаш бауырсақ.

Қиықша жұқалап жайып қиықша кесіп майға пісірген нан.

Ақсаулақ қауыннан істелген тамақ.

Жиде сықпа жидені қайнатып жасаған сықпа.

Біраз сөздер еттен жасалған тағам атауларына байланысты.

Бүрме сойған малдың кеудесі мен екі санынан басқа бүріп сақтап, жылқының қарнына салып сақтаған ет. Монғол қазақтарында малдың қарнына бауыр, жүрек, пиязды салып қайнатып пісірген тағамды да осылай атайды (ҚТДС, 1-том, 140).

Сірне жас төлдің қуырдағы. Қошағаш қазақтары тілінде сірне деп шұжықты айтады (ҚТДС, 1964, 311).

Қатырма турап, қуырып қарынға салып сақтаған ет. Түрікменстанда - тықпа.

Үлпершек мал сойғанда бүйенге, ішекке еттің майлысынан салып тұздап қойған ет, шұжық.

Кеуеп шашлық. Кеуеп жасайтын жігіт бар.

Атала ұннан жасаған көже. Атала сұйық болады.

Тұшпара ішіне тартылған ет салып қамырын бүріп пісірген тағам, пельмен.

Келімдәрі тамаққа салатын қызыл бұрыш. Шымкентте мұны қызылдәрі, ал Ташкент қазақтары герімдәрә деп атайды.

У жуа чеснок. Кәрістер у жуаны көп егеді.

Қағанақ қойдың шуын жармай жуып, қой уызын ішіне құйып отты жағып, соның ыстық күліне пісірген уыз.

Ақ түймен қойдың құйрығын немесе сарымайды тарыға араластырып келіге түйіп жасаған тағам.

Қор қымыздың түбінде қалған ірімшігі.

Жетісу тұрғындары тілінде қант атауларына байланысты да кейбір өзгеше айтылатын сөздер кездесіп қалады. Қант сөзі әдеби тілде де, Жетісуда да бірдей айтылса, мұның орнына Түркістан төнірегіндегі тұрғындар тәтті сөзін жиірек қолданады. Құмқант деп бұл өңірде ұсақ қантты айтады. Бұның орнына қазақ сөйленістерінде құмшекер (Жамб.), құмсекер (Гур.), құмқант (Қост.) сөздері қолданылады. Кесілген қантты мұнда шақпа қант деп атайды. Бұның да басқа жерлерде кеспе шекер (Орын.), шақпақ қант (Көкш.) тәрізді баламалары кездеседі. Тұтас үлкен қантты мұнда бас қант деп атайды. Оның орнына кей жерлерде бас секер (Гур.), қойбас қант (Қост.), құйма қант Көкш.) сөздері жұмсалады.

Бұл өңірде шайдың түйнек шәй (50 грамдық қағаз шай), үкпе шәй (плита шай), Іўм шєй (плита шай) тєрїздї атаулары кездеседї. Шайдыґ қайнағаннан соң қалған қалдығын сама деп атаса, қазақ тілінде оның шамба (Ақт), шамбе (Қ.Орда), шар (Тау.Қож.) тәрізді түрлері айтылады.

Жетісу тұрғындары жарты ғасырдан астам Корей халқымен аралас-құралас болғандықтан, осы өңірде кейбір кәріс тіліне тән тағам атаулары да кездесіп қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Лингво-географиялық, тарихи-салыстыру т.б. әдістерді қолдану арқылы Жетісу қазақтары тіліне тән лексикалық ерекшеліктер жайында мынадай қорытынды жасауға болады:

Информация о работе Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер